Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет68/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Дене тәрбиесi
– барлық тәрбие жүйелерiнің ажыралмас 
құрамды бөлiгi. Жоғары дамыған өндiрiске негiзделген қазiргi 
қоғам кәсiпкерлiк мекемелерде өнiмдi еңбек етуге, салмақты 
жүктемелердi орындауға, Отан қорғауға дайын мықты да 
шыдамды, денi сау, жарамды адамдарды қажет етедi. 
Оқушылардың тиiмдi ақыл және еңбек әрекетiмен шұғылдануға 
қажет сапаларын қалыптастыру да осы дене тәрбиесiне 
байланысты.
Дене тәрбиесiнің мiндеттерi: 
– денсаулықты нығайту, дұрыс тән-дене дамыту;
– ақыл және iс-әрекет қабiлетiн көтеру;
– табиғи қозғалыс мүмкіндiктерiн дамыту және жетiлдiру;
– қимыл-әрекеттердің жаңа түрлеріне үйрету;


98
– негiзгi қимыл-әрекет сапаларын дамыту (күшiн, ептiлiгiн, 
шыдамдылығын және т.б.);
– гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;
– iзгiлiк қасиеттерiн тәрбиелеу (ержүректiк, табандылық
батылдық, тәртiптiлiк, жауапкершiлiк, ұжымшылдық);
– спорт және денешынықтыру жаттығуларына тұрақты 
және жүйелi қажеттiк қалыптастыру;
– салауатты өмiр сүруге, сергек болуға, өз басы мен 
төңiрегiндегiлерге қуаныш дарытуға ұмтылу.
Жүйелi дене тәрбиесi мектепке дейiнгi жас аралығында бас-
талып, мектепте мiндеттi пән – денешынықтыру сабақтарында 
жалғаса түседi. Денешынықтыру сабақтарын сыныптан және 
мектептен тыс оқу-жұмыс формалары жан-жақты толықтыра 
түседi. Дене тәрбиесi жалпы тәрбиенің басқа да құрылымды 
бөлiктерiмен тығыз байланыста болып, олармен бiрлiкте 
тұлғаның жан-жақты және үйлесiмдi дамуын қамтамасыз 
етедi. 
Еңбек тәрбиесi және политехникалық бiлiм. 
Тәрбиенің 
еңбектен бастау алуы – жан-жақты және үйлесiмдi дамыған 
тұлғаны қалыптастырудың ғасырлар бойы сыналған маңызды 
принциптерiнің бiрi. Еңбек тәрбиесi жалпы тәрбие үдерісiнің: 
еңбек әрекеттерiн қалыптастыру, өндiрiстiк қатынастар түзу, 
еңбек құралдары мен оларды пайдалану тәсiлдерiн үйрету 
тұстарын өз iшiне қамтиды. Тәрбие барысында еңбек тұлға 
дамуының жетекшi жағдаяты, дүниенi шығармашылықпен иге-
ру тәсiлi, әртүрлі салаға орай еңбектiк iс-әрекет тәжiрибесiн ие-
леу және жалпы бiлiмнің ажыралмас бiрлiгi (компонентi) ретiнде 
көрiнедi. Көптеген педагогикалық жүйелерде барша оқу мате-
риалдары осы еңбек тәрбиесi төңірегiнде шоғырландырылады. 
Еңбек – дене және эстетикалық тәрбиенің ажыралмас бөлiгi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет