Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет76/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

педагогикалық үдерiстің 
желiсi мен нәтижесiн болжастыру
кезеңi жүреді. Алдын-ала 
болжастырудың мәнi: үдеріс басталмай тұрып, қолда бар нақты 
жағдайларда күтiлген нәтиженi күнi iлгерi бағалау. Ғылыми 
болжастыруды қолдана отырып, бiз әлi жоқ нәрсенi, уақытынан 
бұрын үдерiстің шектерiн теориялық тұрғыдан өлшестiрiп, 
есептеп бiлуiмiзге болады. Болжастыру өте күрделi әдістермен 
iске асырылады, бiрақ болжам түзуге кеткен шығындар өзiн 
ақтайды, себебi осының арқасында мұғалiмдер педагогикалық 
үдерiстің тиiмсiз болуы мен қажетсiз салдарларға әкелетiнiн 
күтiп отырмастан, оның жобалануы мен желiсiне белсендi 
араласуға мүмкіндiк алады. 
Дайындық кезең нақтама және болжастыру нәтижелерi 
негiзiнде реттестiрiлген әрi ақырғы өңдеуден соң 
жоспарға 
айналған үдерiстi iске асыру жобасын түзумен аяқталады. 
Жоспар да үдерiстің өзi секiлдi нақты жағдайларға байланыс-
ты келедi. Педагогикалық қызметте қолданылатын жоспарлар 
көп түрлі: бұлар мектептегi оқу-тәрбие үдерісiне, сыныптағы 
тәрбие жұмыстарына жетекшiлiк, жеке тәрбиелiк iстердi, 
сабақтарды, т.с.с. басқару жоспарлары. Педагогикалық үдеріс 
жоспарлары нақты мерзiмге түзiледi. Сонымен жоспар – бұл 
кiмге, қай уақытта және не iстеу керектiгi анық белгiлеген 
қорытынды құжат. 
Педагогикалық үдерiстi iске асырудың 
негiзгi кезеңi
өз iшi-
не өзара байланысты болған маңызды элементтердi қамтушы 
салыстырмалы дербес жүйе ретiнде қарастырылады. 
Педагогикалық үдерiстің құрамды элементтерi келесiдей: 
алдағы орындалатын қызметтің мақсаттары мен мiндеттерiн 
белгiлеу және түсiндiру; педагогтар мен оқушылардың өзара 
ықпалдастық әрекеттерi; педагогикалық үдерiстің алдын-ала 
көзделген әдістерiн, жабдықтарын және формаларын пайда-
лану; қолайлы жағдайлар түзу; оқушыларды iс-әрекеттке ын-
таландырушы әрқилы шараларды орындау; педагогикалық 
үдерiстің басқа да үдерiстермен байланысын қамтамасыз ету. 


107
Үдеріс тиiмдiлiгi аталған элементтердің өзара байланысына 
және олардың бағыттары мен іс-әрекеттік мақсатының iске асу 
үйлесiмдiлiгiне тәуелдi. 
Педагогикалық үдерiстің негiзгi кезеңiнде нақты мезеттiк 
басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн тiрек болар керi байланыс 
үлкен маңызға ие. 
Керi байланыс
үдерiстi сапалы басқарудың 
негiзi, сондықтан әрбiр педагог оның дамуы мен бекуiне күштi 
назар аударады. Осылайша ғана, педагогикалық басқарым 
мен оқушылардың өз iс-әрекетiн басқаруы арасындағы са-
налы сәйкестiктi аңғаруға болады. Осыған байланысты еске 
салатынымыз, педагогикалық үдеріс көп жағдайда өзiн-өзi 
реттеушi жүйе ретiнде қарастырылады. Себебi оған қатысқан 
мұғалiмдер мен оқушылар өз еркiндiгi мен жеке таңдауына ие. 
Нақты мезетiнде iске асырылған керi байланыс дәл уақытында
педагогикалық өзара байланысты әрекетке қажеттi икемдiк бе-
ретiн 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет