107
Үдеріс тиiмдiлiгi аталған элементтердің өзара байланысына
және олардың бағыттары мен іс-әрекеттік мақсатының iске асу
үйлесiмдiлiгiне тәуелдi.
Педагогикалық үдерiстің негiзгi кезеңiнде нақты мезеттiк
басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн тiрек болар керi байланыс
үлкен маңызға ие.
Керi байланыс
үдерiстi сапалы басқарудың
негiзi, сондықтан әрбiр педагог оның дамуы мен бекуiне күштi
назар аударады. Осылайша ғана, педагогикалық басқарым
мен оқушылардың өз iс-әрекетiн басқаруы арасындағы са-
налы сәйкестiктi аңғаруға болады. Осыған байланысты еске
салатынымыз, педагогикалық үдеріс көп жағдайда өзiн-өзi
реттеушi жүйе ретiнде қарастырылады. Себебi оған қатысқан
мұғалiмдер мен оқушылар өз еркiндiгi мен жеке таңдауына ие.
Нақты мезетiнде iске асырылған керi байланыс дәл уақытында
педагогикалық өзара байланысты әрекетке қажеттi икемдiк бе-
ретiн
Достарыңызбен бөлісу: