Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет84/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Оқу жоспары 
– мектептің оқу-тәрбие үдерісiне бағыт бе-
рушi құжат.
Мемлекеттiк компонент
(инвариантная часть) – барша 
мектептердi игерiлуi мiндеттi пәндер.
Аймақтық, мектептiк компонент 
(вариативная часть) 
– аймақ, мектеп ұсынысымен енгiзiлетiн пәндер.
Оқу бағдарламасы
(учебная программа) – оқылатын пән 
мазмұнын реттестiрушi құжат.
Оқулық
(учебник) – оқу бағдарламасы негiзiнде түзiлген кi-
тап. 
Оқу құралы
(учебное пособие) – бағдарламаға толық 
сәйкестiгi жоқ, автордың өзiндiк көзқарасы негiзiнде түзiлген 
оқу кiтабы.


116
“Оқу-тәрбие мақсаты – бала-
ны тәрбиешiнің дәл өзiндей қылып 
шығару емес, келешек заманға лайық 
қып шығару”
Мағжан Жұмабаев
Оқу үдерiсiнiң мәнi
Бiртұтас педагогикалық үдерiстi құраушы екi басты бiрлiктің 
бiреуi – оқу үдерісi. Бұл үдеріс өте күрделi, сипаты жағынан 
ол тек тәрбие және даму үдерістерінен кейiн тұруы мүмкін. 
Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға 
соғады. Оқу үдерісi әртектi және табиғаты жағынан әртүрлі 
көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен 
қатынастарын қамтиды. Үдеріс анықтамаларының көптiгi де 
осыдан болар.
Ежелгi және ортағасырлық ойшылдардың шығармаларында 
“оқу”, “оқу үдерісi” ең алдымен мақсаты – оқушы болған оқыту 
қызметiн (преподавание) бiлдiрген. Ғасырымыздың басында 
оқу ұғымы ендi осы үдерiстi құрайтын екi бiрлiктi – оқыту қызметi 
мен оқып үйренудi қамтитын болды. 
Оқыту
– оқу материалын 
игеруге ынталандырушы мұғалiмдердің қызметiн, ал 
оқып 
үйрену
(учение) ұсынылған бiлiмдердi игеруге бағышталған 
оқушылар iс-әрекетiн танытады. Кейiнгi жылдары оқу ұғымы 
оқушылардың танымдық iс-әрекет тәсiлдерiн қалыптастырушы 
мұғалiмнің басқару iс-әрекетiн де, мұғалiмдер мен оқушылардың 
бiрлiктi iс-әрекетiн де аңдататын болды. Мұғалiм мен оқушының 
бiрлiктi iс-әрекетi болған оқу үдерiсiнің мәнi оқыту мен оқып 
үйренудің бiрлiгiн аңдатады. Бүгiнгi түсiнiм тұрғысынан оқу ке-
лесi белгiлерiмен сипатталады: 1) екi тараптылық; 2) мұғалiм 
мен оқушының бiрлiктi әрекетi; 3) басқарым мұғалiм тарапы-
нан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) бiртұтастық және 
бiрлiк; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестiк; 
7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесiне жетекшiлiк.


117
Оқу және бiлiмдену мәселелерi педагогиканың 
дидактика 
деп аталатын бөлiмiнде зерттеледi. “Дидактика” терминi грек 
тiлiнен енген, аудармасы “үйретушi” дегендi бiлдiредi. Алғашқы 
рет бұл сөз немiс педагогы 
Вольфганг Ратке
(1571-1635) 
шығармаларында қолданылып, оқыту өнерi мәнiн аңдатқан. 
Ал Я.А.Коменский дидактиканы “баршаны барлық нәрсеге 
үйретудің әмбебап өнерi” деп түсiндiрген. ХIХ ғасырдың ба-
сында немiс педагогы И.Гербарт дидактиканы тәрбиелеп 
оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретiн-
де таныған. Қазақ арысы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет