119
Дидактика өз пәнi аймағында iске қосылатын заңды-
лықтарды зерттейдi, оқу үдерiсiнің
барысы мен нәтижесiне не-
гiз болар тәуелдiлiктердi талдайды, жоспарланған мақсаттар
мен мiндеттердің орындалуын қамтамасыз етушi әдістер,
ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгiлей-
дi. Осының арқасында ол екi басты функцияны атқарады:
1) теориялық (нақтама және болжастыру); 2) тәжірибелік
(қалыпты iс-әрекет, құралдар дайындау).
Дидактика барша пәндер бойынша
және оқу iс-әрекетiнің
барлық деңгейiне орайластырылған оқу жүйесiн бiрiктiредi.
Зерттелушi болмысты қамту шеңберiне байланысты
дидактика
жалпы
және
жекеленген
болып бөлiнедi. Жалпы дидактиканың
зерттейтiн пәнi: оқыту мен оқып үйренудi оларды туындатқан
жағдаяттарымен әрi оларды орындау шарттары және соның
арқасында жетiлетiн нәтижелерiмен бiрге анықтау. Жекелен-
ген (нақты) дидактика
Достарыңызбен бөлісу: