Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет87/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

оқыту әдістемесi
деп аталады. Ол 
әртүрлі оқу пәндерiнің желiсiн, мазмұнын оқыту формала-
ры мен әдістерiн қарастырады. Әр оқу пәнi өз әдістемесiне 
ие. Бастауыш мектеп дидактикасы да жекеленген, өзіне тән 
ерекшелiктерге ие, себебi ол оқудың жалпы мәселелерiмен 
шұғылдана отырып, кiшi мектеп жасындағы оқушылардың 
ерекшелiктерiн ашады. 
Сонымен дидактикалық үдеріс мәнi оқыту мен оқып үйрену 
бiрлiгiнен құралады. Оқуға тән сипаттар: 1) екi тараптылық; 2) 
мұғалiм мен оқушының бiрлiктi әрекетi; 3) басқарым мұғалiм та-
рапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) бiртұтастық 
және бiрлiк; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына 
сәйкестiк; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесiне жетекшiлiк. 
Оқу және бiлiмдену мәселелерi – дидактика пәнi. Ол келесi 
сұрақтарға жауап бередi: неге, қалай, қашан, қай жерде және 
не үшiн оқыту керек? Дидактиканың басты ұғымдары: оқыту, 
оқып үйрену, оқу, мазмұн, әдістер, формалар, жүйелер, техно-
логия және т.б.
Дидактикалық жүйелер
Балаларды оқытуымыз әртүрлі. Ежелгi заманнан берi пе-
дагогтар осы оқуды ең тиiмдi жолмен iске асырудың жолда-


120
рын тыным таппастан iздестiруде. Оқуды жылдам әрi сапалы 
жүргізуге, мұғалiмдер мен оқушылардың күш-қуатын үнемдi 
де орынды жұмсауға мүмкіндiк беретiн формаларды бел-
гiлеп, тиiмдi әдістер мен технологияны пайдалану мәселелерi 
шешiлуде. 
Студенттi оқытып жатқанда, оған ЖОО оқытушысы бала-
лармен жұмыс iстеудің сыналған және тексерiлген тәсiлдерiн 
хабарлайды. Мұғалiм болып алғаннан соң, ол сыныпта осы 
заман ғылымдарымен барынша құралданып, жұмыс iстей бас-
тайды. Дидактикалық үдерiстің мың бұралған соқпақтарында 
адасып кетпес үшiн, негiзгi тұжырымдарды өте жақсы бiлу әр 
мұғалiмнің мiндетi. Бұл сапалы оқудың кепiлi. Өкiнiшке орай, 
көп мұғалiмдер өз бетiнше iзденiс бастап, өзінен бұрынғы 
ашылған жаңалықтар жөнiнде түк хабары болмастан, қандай 
әдіс-шаралардан бас тарту қажет екенiн бiлместен, балалармен 
эксперимент жүргізе бастайды. Есіңiзде болсын, дидактикаға 
байланысты мәселелердің баршасы сынақтан өтпесе де, бiра-
зы тексерiлген. Осыдан, тек бұрынғы ғылыми және тәжірибе 
жетiстiктерiн тiрек ете отырып, алға қарай iлгерiлеуге болады.
Бұл тұрғыдан көп сынақтар өткен. Талай оқу бағыт-
бағдарлары тексерiлiп, сын бағаларын алды. Дидактиканың 
тиiмдi жүйесiн iздестiру жолында мұғалiмдердің “баспаған 
тауы, араламаған сайы” қалмады. Осыдан өткен алыс, жақын 
дәуiрлерде педагог-мұғалiмдердің аға буыны жинақтаған 
қандай да оқу, тәрбиелiк құны бар ой-пiкiрлерi мен тәжірибелік 
ұсыныстары педагогика қорына өтiп, дидактиканы байыта түстi. 
Бiлiм, ептiлiктер игерудің бiрден-бiр ақылға сай таңдалған, ең 
жылдам да тиiмдi жолы – осы қордағы оқудың классикалық те-
ориясы негiзiнде, оны ғылыми iргетас етiп пайдалана бiлуден 
ғана қалануы мүмкін. 
Аса белгiлi болған дидактикалық жүйелерге назар 
аударайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет