120
рын тыным таппастан iздестiруде. Оқуды жылдам әрi сапалы
жүргізуге, мұғалiмдер мен оқушылардың күш-қуатын үнемдi
де орынды жұмсауға мүмкіндiк беретiн формаларды бел-
гiлеп, тиiмдi әдістер мен технологияны пайдалану мәселелерi
шешiлуде.
Студенттi оқытып жатқанда, оған ЖОО оқытушысы бала-
лармен жұмыс iстеудің сыналған және тексерiлген тәсiлдерiн
хабарлайды. Мұғалiм болып алғаннан соң, ол сыныпта осы
заман ғылымдарымен барынша құралданып, жұмыс iстей бас-
тайды. Дидактикалық үдерiстің мың бұралған соқпақтарында
адасып кетпес үшiн, негiзгi тұжырымдарды өте жақсы бiлу әр
мұғалiмнің мiндетi. Бұл сапалы оқудың кепiлi. Өкiнiшке орай,
көп мұғалiмдер өз бетiнше iзденiс бастап, өзінен бұрынғы
ашылған жаңалықтар жөнiнде түк хабары болмастан, қандай
әдіс-шаралардан бас тарту қажет екенiн бiлместен, балалармен
эксперимент жүргізе бастайды. Есіңiзде болсын, дидактикаға
байланысты мәселелердің баршасы сынақтан өтпесе де, бiра-
зы тексерiлген. Осыдан, тек бұрынғы ғылыми және тәжірибе
жетiстiктерiн тiрек ете отырып, алға қарай iлгерiлеуге болады.
Бұл тұрғыдан көп сынақтар өткен. Талай оқу бағыт-
бағдарлары тексерiлiп, сын бағаларын алды. Дидактиканың
тиiмдi жүйесiн iздестiру жолында мұғалiмдердің “баспаған
тауы, араламаған сайы” қалмады. Осыдан өткен алыс, жақын
дәуiрлерде педагог-мұғалiмдердің аға буыны жинақтаған
қандай да оқу, тәрбиелiк құны бар ой-пiкiрлерi мен тәжірибелік
ұсыныстары педагогика қорына өтiп, дидактиканы байыта түстi.
Бiлiм, ептiлiктер игерудің бiрден-бiр ақылға сай таңдалған, ең
жылдам да тиiмдi жолы – осы қордағы оқудың классикалық те-
ориясы негiзiнде, оны ғылыми iргетас етiп пайдалана бiлуден
ғана қалануы мүмкін.
Аса белгiлi болған дидактикалық жүйелерге назар
аударайық.
Достарыңызбен бөлісу: