Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет88/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Дидактикалық жүйе 
бұл белгiлi бағамдарға 
негiзделе бөлектенген 
тұтастық құрылым
. Жүйе екiншi 
дәрежелi тетiктерiмен ажыралмай, түбегейлi ерекшелiктерiмен 
дербестенедi. Олар - оқудың мақсаты, ұйымдастыру принцип-
терi, мазмұны, формасы және әдістерi бiрлiгiмен жасалған iшкi 
құрылым тұтастығымен сипатталады. Осы сипат белгiлерiнің 
бiрлiгi негiзiнде өзара принциптерiмен ажыралатын үш 


дидактикалық жүйенi атауға болады: 1) И.Гербарт жүйесi (ди-
дактикасы); 2) Д.Дьюи жүйесi; 3) осы заманғы оқу жүйесi. 
Ұзақ уақыт мектеп оқуын басынан өткiзген әр студенттің 
жадында оқудың сынып-сабақтық формасы сақталған шығар. 
Бұл оқу формасы ежелгi дүниеде қаланып, ұлы 
Ян Амос Ко-
менский
тарапынан жүйелестiрiлдi. Немiс философы және пе-
дагогы 
И.Гербарт
Я.А.Коменскийдің дәстүрлi сынып-сабақтық 
жүйесiн сындарлы түсiнiм тезiне сала отырып, оның кем-
шiлiктерiн көрсеттi, сонымен бiрге этика мен психологияның 
соңғы жетiстiктерiн арқау еткен жаңа дидактикалық жүйе 
түзiп, ұсынды. Гербарттың пiкiрiнше, тәрбиенің ең жоғары 
мақсаты – 
адамгершiлiктi,
моральды, күштi мiнезге ие болған 
тұлға 
қалыптастыру. Оның ойынша, тәрбие келесi этикалық 
идеяларға сүйенуі тиiс: 
– тұлға ұмтылыстарының бағытын, аймағын және күшiн 
анықтаушы кемел жетiстiгi;
– өз еркiн басқалардың еркiне икемдесуi мен бағынуын 
қамтамасыз ететiн тiлектестiк;
– адамдар арасындағы дау-дамайдың өрiстеуiне шек 
қоятын құқықтар;
– басқалар тарапынан болған көңіл қабарту және өкпенi 
қайтаруды мiндетiне алатын әдiлдiк;
– адамның ерiк сезiмiн оның ниеттерi мен наным-сенiм-
дерiне икемдестiруге мүмкіндiк беретiн iшкi рухани еркiндiгi.
Өз заманындағы психологиядан Гербарт екi негiзгi 
тұжырымды пайдаланды: 
– нәсiлдiктен немесе қабылдаудан болатын психикалық 
бейiмдiлiк– жоқ нәрсе;
– психикалық өмiрдің бәрi елестер негiзiнде құралады.
Бiрақ, шынында, бұлай еместiгiн бiз қазiргi күнде ғылым де-
ректерiне сүйене, бiлiп отырмыз. Дегенмен, Гербарт ұсынған 
дидактика мұғалiмдердің қолдауына ие болып, көп заманнан 
берi бастауыш мектептерде де қолданылуда. 
Бұл жүйенің негiзгi ерекшелiктерi келесiдей: мектептің бас-
ты мiндетi – оқушылардың ақыл-ес дамуын қамқорлыққа алу, 
ал тәрбие – отбасының мiндеттi жұмысы. Моральдық тұрғыдан 
күштi мiнез иелерiн қалыптастыруға дұрыс педагогикалық 
жетекшiлiк, тәртiп және онымен байланысты оқу себепшi 


болады. Жетекшiлiк жасаған адамның мiндетi балалардың 
тұрақты iспен шұғылдануын қамтамасыз ету, дене және ақыл-
ес дамуына бақылау қою, тәртiпке үйрету. Гербарт өзiнің 
дидактикалық жүйесiнде тиым салу, шектеулер қою, сонымен 
бiрге “ақырын да жеңiл” қолданылатын тән жазаларын пайда-
лануды ұсынады. Оқудың тәртiппен тығыз байланысқа келуi-
нен, бiлiмнің оқушы сезiмi және ерiгiмен бiрiгуiнен –
 тәрбиелiк 
оқудың мәнi құралады. Бұл түсiнiктi ендiре отырып, Гербарт 
тәрбиенi оқудан бөлектеуге болмайтынына, ерiк және мiнездің 
ақыл-санамен бiрге дамитынына баса назар аударды. 
Гербарттың дидактикаға ендiрген басты жаңалығы – 
оқу сатыларын ажырату болды. Оның дидактикасындағы 
сұлба келесiдей: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет