Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет95/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Қабылдау 
үдерісi – оқып үйренетiн пәннің оқушы санасын-
да бейнелеуiн қамтамасыз етедi. Ол сезiм ағзалары арқылы тi-
келей немесе мұғалiм сөзі арқылы – жанама да болуы мүмкін. 
Қабылдай отырып, оқушы тыңдайды, оқиды, үдерiстерді не 
заттарды бақылайды. Қабылдау – белсендi үдеріс. Бiрақ оның 
белсендiлiгi мұғалiмнің осы қабылдауды қажеттi деңгейде 
ұйымдастыруына, яғни көрсетпе беруiнен, неге назар бөлу ке-
рек екенiн айтуынан, оқушыға сұрақ қоюынан.
Оқу барысында көбiне 
түсiну (ұғыну)
үлкен рөл ой-
найды. Осы түсiнiп, ұғудың арқасында адам танымы нақты 
қабылдаудан дерексiзденген ойлауға және теориялық бiлiм-
дердi игеруге өтедi. Оқушы түсiнбей-ақ көп нәрсенi есiнде 
қалдыруы мүмкін, бiрақ бұл жағдайда ой жұмысы болмай-
ды. Осыдан, қажеттi даму да, алға iлгерiлеуi де тоқтайды. 
Түсiну (ұғыну) белгiлi әрекеттердi орындаудың нәтижесiнде 
қалыптасады. Ол әрекеттер: 
– талдау, бiрiктiру (игерiлетiн нысанды бөлiктерге келтiру, 
бөлiктерден бүтiндi құрау);
– бастыны ажырату, негiзгi ойды бөлiп алу, өзектi сөз табу, 
тақырып өрнектеу, жоспар түзу және т.б.;
– салыстыру, беттестiру, яғни заттар мен жеке элементтер 
арасындағы ұқсастық пен өзгешелiктердi нақты белгiлерiне 
орай анықтау;
– затты не құбылысты нақты белгiлерiнен ажыратып, оны 
дерексiздендiру не нақтылау, сонымен белгiлi жағдай да қажет 
бiр белгiге мән беру, бiр белгiге аса назар аудару – нақтылыққа 
келтiредi;
– қисынды дәлелдер. Бұл әрекеттердің мәнi – жеке тұжырым-
дамаға негiздеме беру, себеп-салдарлы байланыстарды түзу;
– қорытындылау, яғни бөліктерді тұтастыққа келтiру, 
қорытындыланған белгiлерге анықтама беру. 


131
Бастауыш мектепте мұғалiм оқушылардың жаңа бiлiмдердi 
қабылдауын әрқилы формаларда ұйымдастыруы мүмкін: 
ауызша баяндаумен, көрнекiлiкпен, оқушылардың өзбетiнше 
бақылауымен, iзденiс жұмыстарын орындаумен.
Қабылданып, ұғынылған бiлiмдер мен ептiлiктер оқушылар 
тарапынан игерiледi, олардың меншiгiне өтедi. 
Игеру нәтижесi
– сабақта қабылдап, не өзбетiнше iзденiп аңғарған зат, құбылыс, 
үдерiстер мәнi жөнiндегi оқушының өз ұғымын бейнелейтiн 
түсiнiктердің түзiлуi. Дегенмен, бұл түсiнiктер бiрдейiне анық 
әрi дұрыс бола бермейдi. Олар төңірегiндегi жұмыстар келесi 
кезеңдерде жалғаса түседi. Жаңа материалды игеру, жаңа 
бiлiмдер мен ептiлiктер қалыптастыру сандық және сапалық 
ұлғаю мен дамуға жетелейдi. Осыдан, оқушыда бiрте-бiрте 
пiкiр, түсiнiк және бiлiмдер қоры қалыптасады. 
Жаңа түзiлген түсiнiктер мен ұғымдар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет