Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет91/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Әмiршiл мұғалiм орнын
оқушылар белсендiлiгiн не мазмұн, 
не оқу әдістерiне матамайтын, ал қиыншылықтарды жеңiуге 
көмектесетiн, қажет болса, жәрдем беретiн 
жебеушi мұғалiм 
иеледi.
Жалпыға бiрдей мызғымас оқу бағдарламалары 
мұғалiм тарапынан тек жалпылай мазмұны ғана анықталған 
бағыттау бағдарламаларымен ауыстырылды. Ауызша және 
жазбаша сөздің орнына оқушылардың өзiндiк дербес зерттеу 


125
жұмыстарын ұйымдастыруға бағышталған теориялық және 
тәжірибелік дәрiстер келдi. 
Көптеген кемшiлiктерi бола тұрса да, Д. Дьюи оқу жүйесiмен 
қаруланған американ мектебi өз тарихында үлкен жетiстiктердi 
қолға кiргiздi. Бiрқанша жаңаластырылған әрi соны элемент-
термен толықтырылған бұл жүйе бүгiнгi американ мектебiнде 
де өз беделiн жоғары ұстап тұр. 
Дьюи дидактикасының көп тұрғыдан жаңалықты әрi пайда-
лы болуына қарамастан, оның қазiргi заман талаптарына сай 
келмейтiн кемшiлiк – олқылықтары еленiп, көзге түсуде. Дьюи 
де Гербарт сияқты оқу сатыларын барша пәндер және оқу 
жұмыстарының барша деңгейлерiмен бiрдей байланыстырады, 
осыдан бұл деңгейлер формальдық сипат алады. Ал тәжiрибе 
болса, мұндай әмбебап модельдердi қолдамайды, оқудың, 
Дьюи бойынша –“бүтiндей мәселелi” немесе, Гербарт бойын-
ша – “бүтiндей сөзге негiзделген” болуы мүмкін емес. Дьюи 
дидактикасының және бiр кемшiлiк тарапы – оқушылар бiлiмдi 
бекiту, нақты ептiлiктердi дамыту үдерісiне қатыспайды. Ал 
тұрақты, оқушылардың бәрiне бiрдей ортақ бағдарламалардың 
орнына келген үзiктi, байланыссыз пәндiк “жобалар” оқудың 
сабақтастығын да, жүйелiлiгiн де қамтамасыз ете алмайды. 
Дьюидің 
жаңашыл 
дидактикасы 
дәстүрлi 
Гербарт 
дидактикасының әлсiз тараптарын нығайту мәселелерiмен 
айналысты. Нәтижеде, бiр мәселенің өзiн әрқилы, кейде бiр-
бiрiне тiкелей қарсы жолдармен шешудің тәсiлдерi табылды, 
ол бұл оқудың жеке мезеттерiнде өте жақсы нәтижелер бер-
ген едi. Бiрақ шектен шыққан бiржақтылық шындыққа жанаса 
бермейдi, осыдан екi жүйенің де тез ауыспалы өмiр ағымының 
талаптарына бiрдей сай келе бермейтiнi байқалды. Кейiнгi 
кезеңдерде жүргізілген зерттеулер ежелгiден, дәстүрлi және 
жаңашыл дидактикалық жүйелерден ең құнды болған тарап-
тарын сақтап қалып, күнделiктi маңызды болған мәселелердi 
шешудің жаңа жолдарын табуға бағытталды. Бұл iзденулерден 
кейiн орын иелеген оқу жолдары бүгiнгi заман дидактикасының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет