Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет92/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

жаңа жүйесiн
құрады.
Жаңа бағыттар арасында белгiлi американдық психолог 
және педагог 
Дж. Бруннер
ұсынған 
“жаңалықтар ашумен 
оқыту” 
тұжырымдамасы назар аударарлық. Бұл теорияға 


126
орай оқушылар барлық танымдық күштерiн iске қосуды талап 
ететiн және өнiмдi ойлау қабiлетiнің дамуына ұтымды ықпал 
жасаушы өз белсендiлiгiмен ашқан жаңалықтары негiзiнде 
дүниенi танып, бiлiмдер игеруi қажет. Оқушылар бұған дейiн 
бiлмеген қорытындыларды жасап, оларды өз бетiнше өрнектеп, 
тәжiрибеде қолдану жолдарын да меңгеруі қажет. Мұндай 
шығармашылық оқу “дайын бiлiмдердi” игеруден де, сондай-ақ 
қиыншылықтарды жеңу жолымен жүргізілетін оқудан да өзгеше, 
дегенмен, аталған екi жүйе де Бруннер теориясының негiзi әрi 
қажеттi шарттары ретiнде пайдаланылған. Шығармашыл оқуға 
тән белгi, Бруннердің пайымдауынша, нақты тақырып бойынша 
деректердi жинақтау және бағалау, солардың нәтижесiнде бел-
гiлi қорытынды ғана өрнектеу емес, сонымен бiрге игерiлетiн 
материалдардың шеңберiнен сыртта жатқан заңдылықтарды 
да анықтау. 
Қазіргі заман дидактикасы өзiнің келесiдей ерекшелiктерi-
мен сипатталады: 
1. Бұл жүйе негiзiн шынайы заңдылықтар құрайды. Осының 
арқасында қазiргi заман дидактикасы оқу үдерісін түсiну мен 
талдауда бiр тараптылық көзқарастан құтылды. Дидактиканың 
қазiргi күндегi тұжырымдамасы оқу үдерісiне 
жүйелi бағытта
қатынас жасауға негiзделген, яғни осы жүйелiлiктен сезiмдiк 
қабылдау, бiлiмдердi түсiну және игеру, игерiлген бiлiмдер мен 
ептiлiктердi тексеру танымдық үдерiсте, оқу iс-әрекеттерiнде 
табиғи бiртұтастыққа келтiрiледi. Танымда да осы сезiм, ой-
лау және тәжірибелік iс-әрекеттердің өзара бiрдей уақыттағы 
ықпалдастығына байланысты талаптар да iске асып ба-
рады. Қазіргі дидактикалық жүйе өткендегi дидактикалық 
жүйелерге тән теория мен тәжірибе, бiлiмдер мен ептiлiктер, 
баяндау қабiлеттерi мен болмысты өзгерту, сондай-ақ тiке-
лей мұғалiмнен алынатын бiлiмдер көлемi мен оқушылардың 
өз бетiнше жинақтайтын бiлiмдердің арасындағы қарама-
қарсылықтарды жойды. 
Дидактикалық жүйе түзуде 
кешенді
бағыт-бағдар қажеттiгi 
жөнiндегi түсiнiм бекiдi. Мұғалiмдер де, ғалымдар да бала-
лар жөнiндегi бiлiмдер, оларды оқыту тетіктерi, танымдық iс-
әрекеттерi, мақсаттары мен сеп-түрткілері бiрлiгiне сүйенген 


127
дидактика ғана тұлғаның жан-жақты және үйлесiмдi дамуына 
пайдалы болатынын түсiндi. 
2. Бүгiнгi дидактика жүйесiндегi оқудың мәнi оқушыларға 
дайын бiлiмдердi ұсыну, қиыншылықтарды өз бетiнше жеңу 
және оқушылардың өзiндiк жаңалықтар ашуымен шектел-
мейдi. Оны түбегейлi ажырататын сипат: педагогикалық 
басқарудың нәтижелілігі оқушылардың ынтасымен, дербес-
тiгi және белсендiлiгiмен саналы байланыс, қатынастарынан. 
Бүгiнгi дидактиканың мақсаты – көзделген оқу деңгейiне 
оқушы уақытын, күшiн, оқу құрал-жабдықтарын өз орнымен 
пайдаланып, балалардың оқу жүктемесiн жас сатылары мен 
мүмкіндiктерiне қарай белгiлеп, денсаулығына зиян келтiрмей-
тiндей етiп жеткiзу. 
3. Оқу мазмұнын анықтау бағыты да өзгердi, оқу жоспарла-
рын, бағдарламаларын және оқу пәндерiн құрау принциптерi де 
басқаша. Гербарт заманында мектептiк оқу үшiн қолданылған 
бағдарламалар оқушылардың талаптарын, қажеттерiн және 
қызығуларын тiптi де ескермейтiн едi, ақыл-ес дамуында “кiта-
би бiлiмдердің” маңызын асыра дәрiптедi. Оқудың американдық 
жобасында көбiнесе оқушылардың өзінен-өзi, яғни жағдайға 
байланысты туындайтын қызығулары мен мезеттiк белсендiлiгi-
не аса мән берiлдi. Нәтижеде, бағдарламалар бiлiмнің жалпы 
суреттемесiн берiп, ал жеке оқу пәндерi жоғары сыныптарда 
ғана енгiзiлетiн едi. Мұндай дидактикалық бағыттың ұнамды 
да, сондай-ақ ұнамсыз да тараптары болды. Жақсы болған та-
рапы – оқушы өз бетiнше асықпай еңбектенумен қалаған сала-
сында тиянақты дайындық көрдi. Бiрақ оның қорытынды бiлiмi 
тар шеңбердегi мәселелермен ұсақталып, қажеттi жүйе мен 
деңгейге жеткiзiлмедi. 
Бұрынғы дидактикалық жүйелердің ұнамды сапалары жаңа 
дидактикаға өтiп, толыға түстi. Бүгiнде жiктемелi (дифферен-
цированные) оқу жоспарлары, бағдарламалары, курстерi бүкiл 
әлемге тараған. Сонымен бiрге, оқу пәндерiнің бiрiгу (интег-
рация) үдерістері де өрiс алып, олар оқушылардың әрқилы 
қажеттерi мен қызығуларына икемдестiрiлуде. Сонымен, ежел-
гi заманнан берi балаларды оқыту мен бiлiмдендiрудің жетiл-
ген жолдары iздестiрiлуде. Мұғалiмдер көптеген бағыттарды 


128
өз тәжiрибесiнде тексерiп, сынап көрдi. Ғылым топтаған 
бiлiмдердің аса құндылары, озық тәжiрибе, дидактикалық 
жүйелерге ендi. Бастауыш мектептің қазiргi заман бiлiмдену 
жүйесiне И.Гербарт және Д.Дьюи жүйелерi көп ықпал жаса-
ды. Бiрақ қазiргi заман дидактикасы балаларды оқытудағы бiр 
тараптылық принциптен бас тартып, бала жөнiндегi ғылыми 
бiлiмдердің бар кешенін пайдалану теориясына ден қойды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет