123
ықпал болмағанда, гербарттық тәрбие тәжiрибесiн сынға са-
лып, қайта қарастырмағанда, бүгiнгi теория мен тәжірибе мек-
теп өмiрiне еш уақытта да енбеген болар едi. Зерделi назар
аударсақ, бүгiнгi мектептің өзiнде
Гербарт қалаған әмiршiл
дидактиканың элементтерiн көптеп кездестiруге болады. Осы-
лайша, өз сыныбына қатаң тәртiп енгiзудi ниеттеген мұғалiм
алдымен ойланғаны жөн – бұлай iстесем бола ма? Гербарт
тәжiрибесiнде бұл тәсiл қолданылған,
бiрақ оқудағы шектен
тыс қаталдықтан ғұламаның кейiнгi шәкiрттерi бас тартты. Бұл
өнеге - құптарлық.
ХIХ ғасырда жасаған американдық философ, психолог және
педагог
Джон Дьюи
дидактикасы қоғам мен мектептің өрелі
дамуына қайшы келген гербартшылардың әмiршiл-әкiмшiл пе-
дагогикасына қарсы тұру мақсатында дүниеге келдi. Гербарт
дидактикасына келесiдей қарсы айыптар тағылды:
– қатаң тәртiп пен жазалауларға негiзделген үстiрт
тәрбие;
– өмiрмен байланыспаған оқудың “кiтабилылығы”;
– оқушыларға тек “дайын” бiлiмдердi ұсыну,
жаттауға
бағытталған “енжар” әдістердi қолдану;
– оқушылардың қызығулары мен қажеттерiн жетiмсiз
ескеру;
– оқу мазмұнының қоғамдық қажеттермен байланыспауы;
– оқушы қабiлеттерiн дамытуға аз көңіл бөлiнуi.
1895 жылы Чикаго мектептерiнің бiрiнде эксперименттерiн
бастап, Дьюи өз зерттеуiнде
оқушылардың белсендiлiгi да-
муына басты назар аударып, оқушылардың қызығуларына,
олардың өмiрлiк қажеттерiне байланысты болған оқудың (құрғақ
сөзді, кiтаби, тек жаттауға негiзделген оқудан гөрi) анағұрлым
жоғары нәтижелер беретiнiне көзiн жеткiздi. Дьюидің оқу теори-
ясына енгiзген негiзгi үлесi –
Достарыңызбен бөлісу: