Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет85/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Жүсiпбек Аймауытов
пікірінше 
–“Дидактика мұғалiмге жалпы жол-жоба көрсетiп, жетекшiлiк 
етедi… сыннан өткен тиiмдi деген жолдарды ғана нұсқайды”. 
Дидактиканың негiзгi мiндеттерi В.Ратке заманынан бер-
мен қарай бiрде өзгерместен келе жатыр. Олар: ненi үйрету 
және қалай үйрету мәселеciн шешу; қазiргi заман педагогика-
сы бұларға қоса –қашан, қай жерде, кiмдi және не үшiн оқыту 
қажет деген мәселелердi қарқынды зерттеуде. Дидактиканың 
негiзгi категорияларын танытушы келесi ұғымдар белгiленген: 
оқыту, оқып-үйрену, оқу, бiлiмдену, бiлiм, ептiлiк, дағды, соны-
мен бiрге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, 
формалары, әдістерi, құралдары, жабдықтары, нәтижесi 
(өнiмi). Дидактикалық жүйе және оқу технологиясы да осы 
категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиiс. Осыдан 
қысқа да ауқымды анықтама келiп шығады: 
дидактика – бұл 
оқу және бiлiмдену, олардың мақсаттары, мазмұны, әдістерi, 
құралдары, жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нәтижелерi 
жөнiндегi ғылым. 
Оқыту
- оқудың мақсаттарын (бiлiмдену мiндеттерiн) iске 
асыруға бағытталған, ақпарат беру, тәрбиелеу, бiлiмдi түсiндiру 
және тәжірибелік қолдануды қамтамасыз етушi педагогтың рет-
тестiрiлген iс-әрекетi. 
Оқып үйрену
- таным, дағдылану және игерiлген тәжiрибе 
негiзiнде жаңа мiнез-құлық және iс-әрекет формаларын пай-
да етiп, бұрын қалыптасқанды өзгерiске келтiретiн оқушының 
өзіндік іс-әрекет үдерісі. 
Оқу
– белгiленген мақсатқа жетудi көздеген мұғалiм мен 
оқушы арасындағы өзара ықпалды реттестiрiлген iс-әрекет. 
Бұл ұстаз бен шәкiрттің бiрлiктi қызметiнің екi тарапы. Оқу 


118
– бұл ғылыми бiлiмдер, қажеттi iс-әрекет тәсiлдерi, эмоцио-
налды-құндылықты және қоршаған болмысқа шығармашылық 
қатынас қалыптастыруға бағытталған мұғалiм басшылығында 
оқушылардың арнайы ұйымдастырылған iс-әрекетi. Оқу бары-
сында бала дамиды. Жүйе ретiнде қабылданған оқудың не-
гiзгi құрылым элементтерi: 1) мақсат; 2) мазмұн; 3) әдістер; 4) 
ұйымдастыру формалары; 5) нәтиже. Осы және басқа да кей-
бiр түсiнiктердің мәнiне тоқталайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет