Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет83/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

И.Гербарт жүйесi
– тәрбиенің ең жоғары мақсаты – адам-
гершiлiктi, мораль тұрғысынан берiк мiнездi тұлға қалыптастыру. 
Мектеп мiндетi – баланың интеллектуал дамуына қамқорлық 
жасау, ал тәрбиелеу – отбасы мiндетi. Оқу мен тәртiп, бiлiм 
мен сезiм, ерiк орайласа байланысып, тәрбиелік оқудың негiзiн 
қалайды. Тәрбие оқумен бiрге ерiк пен мiнез, ақыл негiзiнде 
қаланады. Мұғалiм басты тұлға. 
Дж. Дьюи жүйесi
– оқу бала қызығуына, өмiрлiк 
қажеттерiне негiзделуi тиiс. Оқушының ойлау қабiлетi оқу, бiлiм 
қиыншылықтары мен кедергiлерiн жеңуге орай қалыптасады. 
Оқу проблемді болуы шарт, баланың өзiндiк белсендiлiгi мен 
жеке танымдық әрекетiнің арқасында жүргізілуі қажет. Мұғалiм 
жәрдемшi.
Қазіргі заманғы дидактикалық жүйе 
– 1) шынайы 
заңдылықтарға негiзделедi; 2) оқу педагогикалық басшылық, 
оқушы ұмтылысы мен дербестiгi және белсендiлiгi бiрлiгiнде 
жүргізілуі мiндеттi. Оқу жоспары жалпы бiлiм негiздерiн қамтып, 
ал нақты оқу жағдайға, бала қызығуы мен нақты әрекеттiк бел-
сендiлiк дамытуға, шығармашылық ұмтылысқа байланысты 
қалыптастырылады. Мұғалiм мен оқушы бiлiм игеру үдерiсiнде 
бiрдей жауапты, оқу педагогикалық қызметтестiк (сотрудничес-
тво) принципiмен орындалады.
Оқу кезеңдерi
– 1) оқу сеп-түрткілерiн (мотивация) ояту; 2) 
тiрек бiлiм; 3) ептiлiк, дағдыларды жаңғырту; 4) жаңа материал 
игеруді ұйымдастыру; 5) игерiлгендi жетiлдiру; 6) оқу нәтижесiн 
анықтап бару.
Оқу мазмұнын қалыптастыру негiздерi
– гуманитиа-
ризациялау, ғылыми бiрiгiмге келтiру (интеграция), ғылыми 
жiкке түсiру (дифференциация), тұлғаның жан-жақты дамуын 


115
бағыттау, азамат қалыптастыру, ғылыми және тәжірибелік 
маңызға ие болу, жас мүмкіндiктерiне сәйкестендiру, жаңа 
ақпараттық технологияларды кең пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет