Өзіңiздi тексеріңiз 1. Тәрбие мақсаты мен мiндеттерi деген не?
2. Тәрбие мақсаты мен мiндеттерiнің негiздемелерi қандай?
3. Тәрбие мақсаттарының өзара ерекшелiктерi қандай?
4. Тәрбиенің мақсат заңының мәнiн түсiндiріңiз.
5. Қазіргі кезең Отандық мектеп мақсаты қандай?
6. Тәрбие мақсатының құрамдық бөлiктерi қандай?
7. Ақыл тәрбиесi деген не? Оның мiндеттерi қандай?
8. Тән-дене тәрбиесi деген не? Оның мiндеттерiн атаңыз.
9. Iзгiлiк, адамгершiлiк тәрбиенің мазмұны қандай? Оның
мiндеттерi қалай өрнектеледi?
10. Еңбек және политехникалық тәрбие мәнi не?
11. Көңіл-күй, әсемдiк (эмоционал-эстетикалық) тәрбиесiнің
сипатын беріңiз. Оның мiндеттерiн айқындаңыз.
12. Оқушыларға экономикалық тәрбие беру мәнi неден
тұрады?
13. Экологиялық тәрбие мәнiн ашыңыз.
14. Құқықтық тәрбие мәнi қандай, оның мiндеттерi қалай орын-
далады?
15. Педагогикалық үдеріс орындайтын мiндет қандай?
16. Педагогикалық үдеріс тұтастығын қалай түсiнесiз?
17. Оқу-тәрбие қызметiн құрайтын үдерiстер ерекшелiгi
қандай?
18. Педагогикалық үдеріс кезеңдерiн айыра сипаттаңыз.
19. Педагогикалық үдерiсті нақтамалау, болжау (прогнозиро-
вание), жобалау (проектирование), жоспарлау (планиро-
вание) қызметтерiнің мәнiн түсiндiріңiз.
20. Педагогикалық үдерiстің қозғалмалылығы (динамика)
заңдылығын түсiндiріңiз.
21. Педагогикалық үдерiстегi сезiмдiк, ой-сана, тәжірибелік
әрекет бiрлiгi заңының мәнiн ашыңыз.
22. Педагогикалық ықпал мен танымдық ұмтылыс бiрлiгi заңын
қалай түсiндiрер едіңiз?
23. Педагогикалық үдеріс заңдылықтарының iске асуына орай
мысалдар келтiріңiз.
5-ТАРАУ
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ МӘНI МЕН МАЗМҰНЫ Жоспар: Оқу үдерiсiнiң мәнi Дидактикалық жүйелер Оқу құрылымы Оқу мазмұны Мазмұн элементтерi Оқу жоспарлары мен бағдарламалары Оқулықтар мен оқу құралдары