113
тәрбиелеу, игерiлген бiлiмдi түсiнiп, қолдана бiлуге үйрету iс-
терiн қамтамасыз ету.
Сауат ашу, сауат көтеру
(учение) – таным, жаттығу және
жинақталған тәжiрибе негiзiнде оқушыда әрекет-қылық пен iс-
әрекеттің жаңа формалары пайда болып, бұрын игерiлгендердi
өзгерiске келтiретiн қосымша үдеріс.
Оқу
– көздеген мақсатты iске асыруға бағытталған мұғалiм
мен оқушы арасындағы жүйелi iс-әрекеттiк байланыс, олардың
бiрлiктi екi тарапты оқыту – оқып үйрену қызметi. Оқу – бұл
оқушының мұғалім тарапынан
арнайы ұйымдастырылған
танымдық iс-әрекетi, осы әрекет
негiзiнде ғылыми бiлiмдер,
қажеттi қызмет тәсiлдерi, қоршаған дүниеге болған көңіл-күй,
құндылықты және шығармашыл қатынастар қалыптасады.
Оқу барысында бала дамиды. Нақты жүйе ретiнде оқу келесi
элементтердi қамтиды: 1) мақсат; 2) мазмұн; 3) әдістер; 4)
ұйымдасу
формалары; 5) нәтиже.
Достарыңызбен бөлісу: