Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет90/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

“толық ойлау әрекеттерi
(актi)” 
жөнiндегi жаңалық пiкiрi. Осыған байланысты адам өз өмiрiне 
аса күрделi кедергi болған қиыншылықтарды кездестiрген кез-
де ойлау әрекетiне кiрiседi. Әрбiр “толық ойлау актi” келесi 
кезеңдерден құралады: 
– қиыншылықты түйсiну (сезу);
– оны нақ байқап (көрiп), мәнiн анықтау;
– одан құтылудың жолдарын iздестiру (болжам белгiлеу);


124
– болжастырылған шешiмнен қорытындыға келу (гипоте-
заны қисынды тексерiске салу);
– болжамды қабылдау немесе одан бас тартуға мүмкіндiк 
беретiн келесi бақылаулар мен эксперименттерге өту.
Шешiмдерiн ойластырып, жеңу қажет “қиыншылықтар” кейiн 
“мәселе” атауын алды. Дьюидің пiкiрiнше, дұрыс құрылған оқу 
әр уақытта мәселелi (проблемді) болуы тиiс. Оқушылар ал-
дына қойылатын мұндай мәселелердің өзi Гербарт ұсынған 
оқу-тәрбиелiк құндылығы кем, енжар оқу тапсырмаларына 
қарағанда анағұрлым өзгеше. Оқушыларға берiлетiн тапсыр-
малар олардың қызығуларына, өмiр талаптарына сәйкес бо-
луы шарт. 
Мұғалiм оқушылардың қызықсыну қабiлеттерiнің дамуы-
на мұқият назар сала отырып, олардың алдына түсiнiмi және 
шешiлуi жағынан қиналтпайтын мәселелер қойып баруы қажет. 
Оқушылар, өз кезегiнде, осы мәселелердi шешуден өздерiне 
жаңалық әрi пайдалы болған бiлiмдердi игеретiнiне сенiмдi 
болуы тиiс. Сабақтар “толық ойлау акттерi” негiзiнде құрылып, 
одан оқушылардың келесi ептiлiктердi игеруi күтiледi:
нақты қиыншылықты сезу;
– оны (мәселенi) анықтау;
– кезiккен қиыншылықты жеңудің болжамын (гипотезасын) 
түзу;
– толық мәселенi немесе оның бiр бөлiгiн шешудің жолын 
табу;
– болжамды бақылау немесе эксперименттер жәрдемiмен 
тексеру;
“Дәстүрлi” гербарттық жүйемен салыстырғанда, Дьюи 
өте батыл жаңалықтар, күтiлмеген шешiмдер ұсынды. “Кi-
таби оқу” орнына негiзiнде оқушылардың өзiндiк таным 
әрекеттерi болған белсендi оқу мектеп тәжiрибесiне ендi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет