Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет75/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

дайындық, негiзгi, қорытынды
. Үдеріс немесе оның қандай 
да бөлiгi осы кезеңдердің бәрiн басып өтсе, үдеріс бiтедi, ал 
кейiн жаңа үдерiсте бәрi қайтадан басталады. Егер дәрiс өз ал-
дына немесе жалпы үдерiстің бөлiгi ретiнде қабылданса, бұл 
кезеңдердің бәрiнің қалай өтетiнi өзінен-өзi түсiнiктi болады. 
Дайындық кезеңiнде
үдерiстің көзделген бағытта белгiлен-
ген жылдамдықпен өтуiне қажеттi жағдайлар мен шарттар жа-
салады. Осының арқасында келесi маңызды мiндеттер орын-
далады: нақты мiндеттер анықталып, тағайындалады, үдеріс 
дамуына зерттеу (шарттарды анықтау) жүргізіледi, жетiстiктер 
болжастырылады, үдеріс дамуы жобаланып, жоспарланады. 
Мiндеттердің анықталып, тағайындалуының
мәнi: 
халықты бiлiмдендiру жүйесiнің алдында тұрған жалпы 
педагогикалық мақсатты педагогикалық үдерiстiң белгiлi бөлiгi 
мен шартты жағдайларында орындалуы мүмкін нақты мiн-
деттерге ауыстыра, өзгерту. Мұндай өзгерiс педагогикалық 
үдерiсті iске асырудың нақты жүйесiне – мектепке, сыныпқа, 
сабаққа, т.б. тәуелдi келедi. Бұл кезеңде жалпы педагогикалық 
мақсаттар талабы мен нақты оқу орны оқушыларының жеке-
ленген мүмкіндiктерi арасындағы қарама-қарсылықтар келiп 
шығады, сонымен бiрге жобаланып жатқан үдерiсте осы 
қайшылықтардың шешiлу жолдары да белгiленедi. 
Үдерiстің мақсатын дұрыс белгiлеу, мiндеттерiн анықтау 
нақтамасыз мүмкін емес. 
Педагогикалық нақтама
– бұл 
педагогикалық үдеріс өтетiн шарттар мен жағдайларды 
айқындауға бағытталған зерттеу қызметi. Оның басты мақсаты 
– белгiленген нәтижеге жетуде жәрдемдесушi немесе кедер-
гi болатын себептер жөнiнде анық деректердi қолға түсiру. 
Нақтама барысында педагогтар мен оқушылардың нақты 
мүмкіндiктерi, олардың дайындық дәрежесi, үдерiстің өту 
шарттары және көптеген маңызды жағдайлар жөнiнде қажеттi 


106
ақпараттар жинақталады. Атап айту керек алдын-ала белгiлен-
ген мiндеттер анықтау нәтижесiнде реттеледi, өңделедi: көп 
жағдайларда нақты шарттар мiндеттердi қайта қарастыруды
қолда бар мүмкіндiктерге сәйкес өзгертудi талап етедi. 
Нақтамалық жұмыстардан соң 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет