92
да адал, жеке бас қамын қоғам талаптарымен үйлестiре бiлген
белгiлi дәрежедегi ұнамды өзімшілдігі бар адамды дайындау.
Тәрбиелi адам – бұл ең алдымен инабатты, iзгiлiктi адам. Бұл
тұрғыдан
К. Д. Ушинский:
“Тәрбиенің басты мiндетi адамгер-
шiлiк ықпал жасау. Бұл ықпал жалпы ақыл дамуынан да, бiлiм
қорын жинақтаудан да маңыздылау” – деп тұжырымдаған.
Жоғарыда келтiрiлген мысалдардан тәрбие мақсатының
жалғыз болмағанын, әлi де болмайтынын байқаймыз. Тәрбие
мақсаты - тәрбиелi адам, ол қандай болуы тиiс деген шексiз
даулы мәселелер тоғысында дүниеге келедi. Жүйелi тәрбие
мақсаты бастауыш мектептің қабырғасынан орындала бас-
тайды. Тәрбиенің қандай сипатта болатыны, оны тәрбиешi
қалай түсiнедi және бағыттайды, ол балалар түсiнiгi мен
қабылдауына қалайынша ендiрiледi – тәрбие нәтижесiн
айқындаушы сұрақтар. Осы сұрақтардың ұтымды шешiлуiне
бiздің қоғамымыздың ертеңгi азаматтарының кейiп-келбетi
тәуелдi келедi.
Тәрбиенің бұлжымас мақсаттарының арасында арман
тектес, тәрбиенің ең жоғарғы мұраты – дүниеге келген
әрбiр
адамды жан-жақты және үйлесiмдi дамумен қамтамасыз
ету.
Бұдан тұлғаның барша тараптарын – дене, ақыл, еңбек
ептiлiктерi мен дағдыларын және с.с. бiрдей қалыптастыру
қажеттiгiн түсiнемiз. Сондай-ақ, бұл сапалардың бәрi үйлесiмдi
қостасып, дамудағы барша адам қасиет сапаларының бiрде-
бiреуiнің кешеуілдемеуiн қамтамасыз етуi қажет. Бұл пiкiр Қайта
тiктелу дәуiрiнің философтары мен педагог гуманистерiнің
еңбектерiнде нақтыланған, бiрақ бұл мақсат түп тамыры ежелгi
философиялық iлiмдерден бастау алады. Әрқилы замандар-
да жан-жақты үйлесiмдi даму түсiнiгi әрқандай мән-мағынаны
аңдататын болған.
Қайта тiктелу заманының педагог-гуманистерi
Достарыңызбен бөлісу: