Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет57/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

даралықты тану
– бала 
тұлғасын және оның өмiр жағдайларын тереңдей бiлiп, мұны 
оқушы дамуын басқаруда орынды қолдана бiлу әр мұғалiмнің 
мiндетi. Даралық бағыттағы педагогика – оқу мен тәрбиенің 
мақсаттары және негiзгi мазмұнының жеке оқушыға икемделуiн 
көзге ұстамай, 
педагогикалық ықпал формалары мен әдістерi 
мүмкіндiгiнше жоғары тұлғалық даму деңгейiн қамтамасыз 
ету үшiн
даралық ерекшелiктерге
сәйкестендiрiлуi қажет. 
Даралық бағыт әр оқушының танымдық күштерiн, белсен-
дiлiгiн, бейiмдiлiгiн және дарынын дамытуға аса 
қолайлы 
мүмкіндiктер
түзуге жәрдем бередi. Мұндай тәрбиелiк бағыт 
“қиын” шәкiрттер, қабiлетi кем оқушылар, сонымен бiрге, да-
муы ауытқулы және кешеуiлдi балаларға мүлде қажет. Жоғары 
деңгейде дамыған балалар, вундеркиндтер де осы бағытта 
тәрбиеленгенi жөн. 
Даралық бағыты тәрбиенi iзгiлендiру идеясымен ұтымды 
ұштасады. Гуманистiк тәрбие үшiн 
басты құндылық
– бар-
ша жақсы және жаман тараптарымен, артықшылығы және 
олқылықтарымен, тұлғалық ерекшелiктерiмен танылған 


83
оқушының өзi
. Гуманист педагог өзiнің тәрбиелiк iстерiн 
баланың жеке қызығуларын ескере отырып, атқарады. 
Балалардың даралық ерекшелiктерiн ескеру – өте маңызды,
тартымды және қажеттi бола тұрса да, сыныпта 20-30 оқушыны 
оқытып, тәрбиелеп жатқан бiр мұғалiмге өте қиын. Мұғалiм 
қызметi өте ауыр. Балалар әрқилы, бiрi жолдасын өкпелетiп, өз 
қылығына қиналады, iстегенiнің қателiк болғанын сезiнедi. Ал 
екiншi бала, тiптi де қылығына ұялмайды, тек жазадан қорқады. 
Ал үшiншi бiреуi өз қылығын ақтап, жазаның әдiлетсiз екенiн 
дәлелдеп бағады. Бiздің тәрбиешiге айтарымыз – баланы түсiн. 
Түсiнсек: әркiмдiкi өзіне жөн. Ендi қайтемiз? Ендi жүгінетiнiмiз 
–шынайылылық. Екi шындық болмайды. Барша бой ұсынатын 
заңды ережелер бар. Тәрбиешi бұл мәселелерде берік, өзіндік 
пiкiр, көзқарас ұстануы тиiс. Гуманизм тек қайырымдылық 
емес, бұл әдiлдiк, шынайлылық.
Қортындыласақ, әр балада оны басқалардан ерекшелейтiн 
даралық болады. Мұндай даралық оқушылардың түйсiгiнде, 
қабылдауында, ойлауында, есiнде, қиялында, қызығуларында, 
икемдiлiгiнде, қабiлеттерiнде, темпераментiнде, мiнезiнде 
көрiнедi. Даралық ерекшелiктер тұлға дамуына ықпал 
жасайды. 


84


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет