16
Түпнұсқа тілі мен мәдениетін жақсы білу негізінде түпнұсқа
мәтінді
интерпретациялау аудармашының түпнұсқа тілінде мәтінді өзінше түсінуін
білдіреді. Осы ретте аудармашылық түсіру, қосу, сондай-ақ синононим
құралдары мен басқа да тілдік құралдар арқылы жекелеген сөздердің,
кейде
мәтіннің үзінділерін интерпретациялау ауқымын тарылту немесе кеңейту
сияқты үдеріс көрініс табады.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, аудармашылық интерпретацияның
анықтамасы жайлы былайша саралауға болады:
– интерпретация – түсінудің алғышарты, яғни мәтін мен аудармашы
арасында диалог орнатудың алғышарты;
– интерпретация – аудармашылық
сананың елегінен өтіп, байытылған
жасырын мағынаны айқындау;
– интерпретация – шығарманы диалогқа жетелеп, осы диалогты жүзеге
асыруға бағытталған түсіну жолындағы қабылдау, түсіну, талдау,
жетілдіру,
бағалай сияқты бірқатар әрекеттер жиынтығы.
Сонымен, көркем мәтінді интерпретациялау дегеніміз – көркем
шығарманың идеялық-эстетикалық, мағыналық және эмоционалдық ақпаратын
авторлық таным мен көзқарасты қайта жасау арқылы меңгеру деп түйіндейміз.
Достарыңызбен бөлісу: