Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерек-шелік



Pdf көрінісі
бет137/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

4.4 Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерек-шелік 
кезеңдері.
Педагогика баланың дамуын 
– 
өте нәзік, күрделі диалектикалық 
үдеріс
деп қарастырады. Баланың ойлау, сөйлеу, сезім, сияқты психикалық 
үдерісінде
бірте
-
бірте өзгерістер пайда болады. Осының нәтижесінде 
баланың ақыл
-
ойы дамудың жаңа кезе
-
ңіне
көшеді.
 
Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік ке
-
зеңдері, 
жастық кезеңдерге сипаттама
беретін болсақ балалардың ана
-
томиялық
-
физиологиялық ерекшеліктеріне қарай балалық шақты тө
-
мендегідей жас 
кезеңдергебөлінеді:
1)
жаңа туған бала (1
-
2 ай);
2)
нәрестелік шақ (1
-
2 айдан 1жасқа дейін);
3)
ерте сәбилік шақ (1
-
3 жастар);
4)
мектеп алды балалық шақ (4
-
5 жастар);


143 
5)
бастауыш мектеп (6 
-
10 жастар);
6)
жеткіншек шағы (11
-
16 жастар);
7)
жасөспірімдік шақ ( 17
-
18 жастар).
Әр
жастағы баланың өсіп
-
жетілу дәрежесін білу мұғалімдерге оқу
-
тәрбие жұмысының әдістерін дұрыс таңдап алуға, оқушылардың ішкі жан 
дүниесін, 
мінез
-
құлқының 
ерекшеліктерін 
жақсы 
түсінуге 
көмектеседі.Мұғалім балалардың жас ерекшеліктерін, типтік сипатын мінез
-
құлқына сәйкес жете білуі қажет. Жеке адамның дүниені
сез
-
гіштігі және 
қабылдағыштығы темпераментке тәуелді. 
Темперамент 
деп жеке адамның қылығы мен түрлі әрекет
-
терінен 
көрінетін дара өзгешелігін атайды. Психология ғылымында темпераментті 
төрт типке бөліп сипаттайды:
 
Холерик 
– 
эмоциялық қызуы шапшаң,
күшті болады. Бірақ сезім 
жүйелері ауытқып тез көтерілетін шыдамсыз, өкпелегіш және ашу
-
ланғыш 
болып келеді.
Сангвиник
– 
эмоциялық қызуы шапшаң, күшті, бірақ көп тұрақ
-
танбайды, ол қызулы, жеңілтек келеді, бір немесе бірнеше іске бірдей 
кіріседі, іс үстінде тез суып, бастаған істі аяқсыз қалдырады. Уәдені көп 
беріп, кейде оны орындаудан бас тартады.
Меланхолик 
– 
эмоциялық қызуы шабан, тұрақты. Ол момақан, тұйық, 
жасқаншақ, мінезі баяу, көңілі жабырқау, кейде үрейленіп жүреді. Өзін 
ұжымнан оқшау ұстайды, іске бірден кіріспейді, бастап кетсе

аяқтап 
шығады.
Флегматик
– 
эмоциялық қозуы әлсіз. Ол байсалды, сылбыр мінезді, 
орнықты, кісімен араласпайды, тыныштықты сүйеді, іске баяу кіріседі, бірақ 
тиянақты орындайды.
Бала денесінің өсіп
-
жетілуінің негізгі көрсеткіштері: бойының өсуі, 
салмағының артуы, бұлшық етінің шынығуы, ұлғаюы. Өсіп, дамып келе 
жатқан организмде болатын барлық өзгерістерді нерв жүйесі мен секреция 
бездерінің қызметі реттеп отырады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы 
– 
орталық нерв жүйесі. Өйткені, адамның психикалық әрекеттері осы орталық 
нерв жүйесіне байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет