6) тіл тазалығы сөйлеу әдебінің негізгі шараларының бірі. Кей
-
бір
адамдарда сөйлеу барысында қисынсыз бір сөздерді қыстырып сөйлеу әдетке
айналып кеткен.
Тіл тазалығы сөйлеу барысында қажет
-
сіз артық сөздердің,
бөтен, бөгде элементтердің болмауын талап етеді. Қисынсыз қолданылған
сөздер, немесе қажетсіз болса да қайталана беретін сөздер мұғалімнің тілін
шұбарлап, тыңдаушының көңілін бө
-
ліп, онда жағымсыз әсер қалдырады.
Мысалы,
«яғни», «әрине», «демек», «жалпы», «жаңағы», «мысалы» т.с.с.
сөздердің орынсыз қайталана беруі тыңдаушыларға жақсы әсер береді деп
айту қиын. Керісінше бұндай сөздердің көп қайталануы адамның сөз қоры
-
ның аздығын немесе сөйлеу мәдениетінің төмендігін аңғартады.
Жаһандану салдарынан басқа тілдерді үйрену қажеттілігі туындап,
білім беру жүйесінде үштілділік тұжырымдамасы жүзеге асырылуда, бірақ
сол тілдердің ішінде әр адам
мемлекеттік тілді еркін меңгеріп, оны келер
ұрпаққа жеткізіп отыруы оның азаматтық парызы.
Қазіргі
кезде екі тілді, немесе үш тілді араластырып сөйлеу де көп
кездеседі. Қазақша сөйлеу барысында кейбір адамдар орысша сөздерді
араластырып кететінін өздері де байқамай қалады.
. Тереңірек ойланып
қарасақ, бөтен тілдерден сөз алмастырып, қазақ тіліне қосатындай
қазақ тілі
сондай кедей тіл емес, керісінше әлемдегі ең бай тілдердің бірі.
Осы тұрғыда тіл мәдениетін бұзатын диалект сөздерге де тоқ
-
талып
өтуге болады.
Диалект сөздер әр аймақтың адамына түсінікті болғанымен,
қазақ тілінде сөйлеушілердің барлығына бірдей ұғынық
-
ты болмауы да
мүмкін. Мысалы, көршілес елдермен шекаралас жер
-
лерде (Өзбекстан,
Қырғызстан, Қытай, Ресей, т.с.с.) тұратын адамдар
-
дың да сөйлеу
ерекшеліктері көп байқалады. Мысалы, «қай жақта»
- «
қай
йақта»,
«келсеңші»
-
«келсей» деген сөздерді естігенде өзіміздің ұлттық тіліміздің
біртіндеп бұрмаланып бара жатқанын және тіл мә
-
дениеті деңгейін көтеру
қажеттілігінің сеземіз.