Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері. Объект
–
осы
ғылым зерттейтін шынайы болмыстың саласы. Пәні
–
объектіні осы ғылым
тұрғысынан көре білу тәсілі. Нысан дегеніміз
–
зерттеу
-
шінің танымдық
әрекеті бағытталған шынайы болмыс, ал пән дегеніміз
-
зерттеудің нысанын
(объектісін) ғылыми тұрғыдан көру тәсілін бей
-
нелейтін зерттеу субъектісі
мен объектісі арасындағы буын.
Ғылымның
пәнін анықтау оның тәрбиелік мәртебесіне бағы
-
нышты.
Егер педагогикада теориялық деңгей бар екені мойындалса, онда оның пәнін
былайша көрсетуге болады: педагогика ғылымының объектісі болып
табылатын әрекеттегі қарым
-
қатынастар жүйесі. Мысалы, педагогикалық
ғылыми пәннің бірі
–
дидактикада оқытудағы қатынастар
жүйесінде
оқушыны оқытудың объектісі мен білім алудың субъектісі деп қарастырады.
Педагогика әрекеттің ерекше түрін зерделейді. Бұл әрекет
–
педагог өз
алдына белгілі бір мақсат қоятын болғандықтан, мақсатты бағытталған
әрекет: белгілі бір нәрсеге (үйренуге) үйрету және тұлға
-
ның адами
қасиеттерін тәрбиелеу, кейде мұны «мәдениет трансля
-
циясы» деп те атайды.
Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені мең
-
геруіне және өзін
-
өзі дамытуына
бағытталған әрекеттің осы түрі педа
-
гогика ғылымының өз пәні
болып
табылады.
Бұл білім беруді өзінің құрамдас бөліктерімен бірлікте қарастырып
зерттейтін, өзінің зерттеу объектісі ретінде санайтын ғылыми пән.
Білім берудің негізгі мақсаттарына
:
оқушыға қоршаған дүниені тануға
үйренуге,
оқушыға еңбек етуге, жұмыс жасауға үйренуге, оқу
-
шыны
адамдармен бірге өмір сүруге үйренугекөмектесу, оқушының өзіне
деген
үйлесімді қарым
-
қатынасын
қалыптастыру.