Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет52/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
106 
Құлыншақ бірер шыны шай ішкенше үндемей, сазара түсіп, бір уақытта 
Абайға оқыс бұрылды да; 
- Уай, балам, әкең осы Бетқұдықтың мәні-жөнін ұғынып, түбін тексерді ме 
екен? Борсақ отырған кезде мен кезек қоныс етуші ем ғой. Көгі болса бұрын да 
орылушы еді. Қақ бөлісуші ек қой. Осыны білді ме? - деді. 
- Оны білген көрінеді. Бірақ тегінде, меншік бар да, келісім бар ғой, 
ақсақал. Даусыз иесі Борсақ еді. Соның меншігі еді. Құлыншақ иелік жөнімен 
емес, келісім ретімен үлес алып келген еді. Келіссе, Ақпердімен де соны істер. 
Тек, меншік Ақпердінікі екенін ойласын деді. 
- Е-е, ат иесі Ақперді десеңші! Ендеше, алдына ат иесі мінет те, артына 
бізді тілесе мінгізіп, тілемесе мінгізбес. Қыстауыңның іргесінде, желі асындай 
жерде тұрса да, Беткұдықтан бетті жу десеңші! - деп, Құлыншақ наразы боп, 
томсарып қалды. 
Абай Құлыншақтың ренжіген жайын ұғады. Өз басы ренжітейін деп те 
ойлаған емес. Басында әке сәлемімен келседе, мұңын арты үп-үлкен шаруа 
жайы екенін онша бағалаган жоқ-ты. Енді мынандай үлкен, нағыз адамның 
амалсыз ренішіне қарай, өзі айтқан жайдың ауырлығын ұқты. 
- Менің әкелгенім осы бір сәлем. Арғысын өзіңіз біліңіз. 
- Қайтпек керек? Ақперді! Ақперді! Ақпердіге құдай бақ берді, - деп, 
Құлыншақ ащы бір мысқылмен күліп қойды. 
Абай Құлыншақтың сабырлы сықағына қызығып, күліп жіберді. Тартысам 
деп келген емес. Және әке қарызынан құтылды. Сондайды шапшаң болжап 
шыққан Абай жаңағы Құлыншақ қалжыңын іле жөнеліп: 
- Бақ берген емей немене. Борсақтан қалған аз жерді менікі деп тап берді 
деңіз! - деді. 
Абайдың бұл мінезіне үйдің іші тегіс күлді. Шай құйып отырған Манастың 
келіншегі, әсіресе, ырза болды білем, қып-қызыл боп, қатты күліп жіберіп, 
Абайға жалт етіп қарап, тамсанып қойды. 
Құлыншақ шалқая беріп, Абайға: 
- Е, балам-ай, мынау лебізің қалай жақсы еді. Тек осыныңды Ақперді 
есіткей етті! - деп, ырза боп қалды. 
Осыдан Құлыншақ Бетқұдық әңгімесін былай қойып: 
- Шырағым, осы анада Бөжейге берген жас бала қалай екен? Айғыз бишара 
жылап қалды деп еді, ол қалай? - деп, Абайдың үй ішін, Зере жайын, Ұлжан 
күйін сұрастыра бастады. Кәмшат туралы Абай ешнәрсе айтқан жоқ. Құлыншақ 
қайта оралып: 
- Айыпқа мал бермеді деп, Бөжей жағы қомсынады білем. Сол кішкене 
қарындасыңның күтімі де келісті емес деп есіттім-ау. Айғыз бақыр соны сезіп 
қайғырады ғой, - деп, қайдағы бір көңілсіз, шетін жайларды қозғай бастады. 
Абай бұл арада ол әңгіменің ешқайсысына сыр беріп ішін ашпақ емес. 
Құлыншақ жетектеген сөздерге басқан жоқ. 
Азырақ үндемей отырып, өзінше бір жөн тауып: 
- Ақсақал, осы сіздің балаларыңыздың «бес қасқа» атанатын себебі не? 
Соның мәнін ұқтырыңызшы? - деді. 
Құлыншақ мына баланың жаңағы сөздерге ілеспегенін түсінді де, ішінен. 


 
107 
«Байыпты бала-ау өзі. Салмақ бар ғой. Сыр ашпайын деп отырғанын 
қарашы. Бұған да үйреткен екен...» - деп ойлады. Алғашқы сөздерін тастап: 
- «Қасқа дегені - батыр деп айтқаны» деп болмайды ғой мыналар түге. 
Жөнін мынаның өзінен сұрасаңшы, - деп Манасты нұсқап қойып: - Батыр боп 
кімді мұқатып жүргенін кім білсін. Әйтеуір қолтыққа дым бүрку ғой. Болмаса, 
анау бір кезде Бөкенші, Борсақ «Қарашоқыны бермеймін, өлісем» деп келгенде, 
әкеңнің жалғыз ауыз сәлемін есітіп, осы бес баламды ертіп барған мен едім. 
Сонда иесі кетіп жатқан иен жерден тым құрыса бір құдық тиер деп ем. Тигені 
мынау ма? Қасқаның тұмсығы тасқа тигені осы да! - деп алғашқы сөздеріне 
тағы бір оралып соқты. 
- Бүлінген елден бүлдіргі алма дегені қайсы? Бөтен болса бір сәрі. Бөгде 
емес, Бөкеншіні қуып алған кімге құт болады дейсіз? Өкініп қайтесіз? - деп, 
Абай аса бір байсалды мәслихат айтты. 
Манас пен келіншегі осыны жақсы ұғып ұнатса да, Құлыншақ көнген жок. 
Ол осыдан соңғы әңгімелерде Құнанбайға өкпелі болған кісінің қабағын 
білдірді. 
Абай ар жағынан байқап кеп, Құлыншақтың ойы: «Бөкенші, Борсақтан жер 
олжа қылмадым» деген арман екенін білді. Соны ұғынумен қатар, жерден 
басқаны, жемнен басқаны тыңдағысы келмеген Құлыншаққа ішінен наразы боп 
аттанды. 
Абай әкесіне Құлыншақтың көнгенін айтса да, өкпесін айтқан жоқ. Істеп 
келген ісін қысқа ғана баян етіп еді. 
Бөлек жерде Құнанбай Қарабастан да сұрастырған. Абайдың айтқан 
сөздерін түгел есітті. Қарабас Абайдың бүгінгі мінездеріне ырза екен. 
- Балаңыз сөзге ысылып қалыпты. Тіпті бір үлкен кісідей орамды жатыр. 
Құлыншақ екен-ау, ұтылады екем-ау - демеді. Қалай болса да тең сөйлеседі! - 
деп, мақтай бастап еді. 
Құнанбай «Жетті, доғар» дегендей ишарат қылды да, Қарабасты тоқтатып 
тастады. Осының ертеңінде Құнанбай Абайды және жұмсады. Қасына тағы сол 
Қарабасты қосып, енді Сүйіндікке жіберді. 
Сүйіндік аулына Абайлар ел орынға отыра келді. Өз қыстауынан айрылып, 
қарауылдың бас жағын - Түйеөркеш деген жерді қыстаған Сүйіндік аулы қазір 
тамда емес, киіз үйде екен. Мал, жан көп, бай ауыл осы орынды қыстауға 
лайықтап алғанмен, әлі жаңа қыстау сала алмай, ескілеу тар қораға сыя алмай, 
күннің көзі жылынысымен киіз үйге шығыпты. 
Сүйіндіктің аппақ үлкен үйі жылы екен, іші тола тірелген жүк, буулы тең 
менен сандықтар. Оның ар жағы екі босағаға шейін текемет, алаша, түскиізбен 
қоршалыпты. 
Саптама мен тиін ішікті әлі тастамаған Абай бұл үйде тоңазитын емес. 
Биылғы көктемде алғашқы рет киіз үйге қонғалы отырғаны осы. Мұнда бір 
жеңіл салқындық, кең тыныс бар. Көктемдегі киіз үй Абайға әрқашан таңсық 
болатын. 
Үлкен үйдің ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам бар. Сүйіндік 
бәйбішесімен және екі баласы - Әділбек, Асылбекпен - бәрі де қонақтармен 
бірге болды. Бұл үйге әсіресе, өзгеше көктем нұрын енгізген бір жан бар. Ол 
Сүйіндіктің қызы - Тоғжан. Абай келгеннен бері Тоғжан үлкен ағасы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет