Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет51/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
104 
Құлыншақ аулы алыс емес болатын. Қарашоқының күнбатыс жағы, 
бұрынғы Қодар қыстауының арғы жапсары Торғай руына тиісті. Құлыншақ - 
сол Торғайдың басты кісісінің бірі. 
Қарашоқыны бөктерлеп, Аймаңдай аттың жол жорғасымен жүріп отырып, 
Абай: 
- Шыңғыстың бөктері тегіс көктепті-ау! - деп, айналаға көз жіберіп келе 
жатты. 
Аласа, алкүрең бетеге, даланы да, бөктер, беткейді де тегіс көгертіп, 
жасарта бастаған. Бірақ, аспан ашық емес. 
- Жалғыз-ақ осы бір суық жел мен бұлт айықпайды екен! - деді. 
Екі-үш күннен бері бұл өңірде күн бұлыңғыр болған. Және кыстың соңғы 
салқын тынысы сияқтанып бір суық жел білінуші еді. 
- Е, сәуір жаңа туды ғой. Сәуірдің басы осылай бұлтты суық болатын әдеті 
ғой! - деп, Қарабас қыстыгүні қар болатынын айтқандай, мерзім айтты. 
- Неге? Сәуір қыстың айы емес! Жаздың айы емес пе? Жылда бүйтед 
деймісің? 
- Жылда сүйтеді. Сәуірді, осы, жұлдызша не дейді? 
- Апрель дейді. 
- Ендеше, сол апрелің осы. «Сәуір болмай, тәуір болмас» деп, бұрынғылар 
текке айтпаған. Сәуірдің басындағы суық бітпей, жаз шықпайды дегені, - деп, 
Қарабас Абайға ай-айдың мәнін айта бастады. 
Бұл жөнінде Қарабас атшабарда Абай сезбей жүрген көп білім бар екен. 
Сәуір - бұл айдың арапша аты. Қазақша - мамыр. Одан соң маусым... Абай 
қазақша ай атының бәрін сұрап, қайта-қайта қайырып жаттап алды. 
Бірақ сәуір турасындағы жаңағы сөзді алғаш есіткені осы еді. Жазға 
салымның ең жайсыз кезін әнеугүні әжесі «отамалы» деп атап еді. 
- Осьі «отамалы» немене? Не деген сөз өзі? - деп, Абай соны сұрады. 
- Отамалы көкек айының он бірінде кіріп, он жетісінде шығады. Желсіз, 
борансыз өтпейді. Қыстың ең соңғы зәрі сонда. Отамалы деп атанғаны бір 
байдың Отамалы деген қойшысы болған екен. Сол бақыр күн қайырады екен-ау! 
Көкектің суығы басталған уақытта, әлгі, қойды жайылысқа шығармайық, боран 
болады. Қойдың қыстан титықтап шыққан кезі, малыңнан айрыласың десе, 
байы бір діні қатты кәпір екен. Сен тоғышарлық қып алдап отырсың деп
Отамалыны сабап-сабап қойды жайылысқа шығартады. Сол күні, құдай 
көрсетпесін, бір қатты боран басталып, тақ үш күн, үш түн соғып, бар қой ығып 
кетіп қырылыпты да, қойдан қалмаймын деп, Отамалы бақыр да үсіп өліпті. 
Көкектің суығы - «отамалы» атанғаны содан дейді. Әжең бақыр, соны біледі 
ғой, - деді Қарабас. 
Осыдан соң: «Айдың тоғамы» деген не? «Өлі араның» не мәні бар? «Қыр 
куйек» неден қойылған? Абай осыларды да сұрастырып, көп қызық әңгімелер 
есітті. Аздан соң есепшілер жайын, есепшінің тәжірибесін де сұрастырып: 
- Күн қайырып, есеп айтуға өзің қалайсың? - деді, жаңағының бәрін біліп, 
бәрін жақсы әңгіме еткен Қарабас есепшіден аман емес шығар деп ойлап еді 
Абай. 
Қарабас күліп: 


 
105 
- «Күнәң аз болса, күн есепте!» дейді екен осы күнде молла, қожа. Бірақ 
қолдан келсе, есепші болған жақсы-ақ қой. Мен құнт қылмай, құр қалып 
жүрмін. Болмаса, есепшілердің айтқаны аумай келетін жылдар болады, - деді. 
Бірқатар жол жүріп кеп, екі салт атты Қодар қорасының тұсына жетті. 
Абай, Қодар мен Қамқаның басына бұрылып құран оқып, үндемей, томсарған 
күйінде ілгері тартты. 
Анада көрген қатал суық суреттер көз алдына, дәл бүгін таңертең 
көргендей боп қайта елестеп еді. Өзінің сол күні аққан ыстық жасы, хасірет 
жасы да есіне түсті. 
Ауылға кеп түскенде Абайдың түсі үлкен кісінің түсіндей боп томсарған, 
салқын еді. 
Құлыншақ аулы әлі қыстауда екен. Күн жылынғаң кезде тамнан шығып, 
қыстау жанына кигіз үй тігіп отыратын әдет болушы еді. Қарашоқыдағы 
Құнанбай аулы сүйткенмен Құлыншақ олай етпепті. 
Өзін бала көргенмен, Құнанбай жібергенін ескеріп, Құлыншақ Абайды 
үлкен кісідей қарсы алды. Қонақтар отырып, амандасып болған соң: 
- Уай, қатын, қазан көтер мына қонаққа! - деп бұйрық етті. Құлшыншақтың 
«бес қасқа» деп атанған, бес мықты ұлы болатын. Олардан қазір Манас қана 
үйде отыр. Бұл «қасқа» десе дегендей, еңгезердей екен. Жалпақ мандайлы, нұр 
жүзді, балуан тұлғалы жас жігіт Құлыншақтың немересі еді. Үндемей отырып, 
домбырасын тыңқылдатып тартады да, қонақтарға салқын қарап қояды. 
Үйде әзір тұрған шай бар екен. Манастың келіншегі дастарқан жайып, шай 
жасай бастады. Жүзі жұқалау келген, самай шашы жып-жылтыр, қырлы мұрын, 
қара торы келіншек аса бір таза, шапшаң көрінді. Бар козғалысында әдемі 
сыпайылықпен қатар, ширақ сергектік бар. Отырған үйіне жылылық, жарастық 
бергендей келісті әйел. 
Соның кірген-шыққан қимылына қарай отырып, Абай: 
- Құлыншақ аға! - деп, сөз бастады. 
Құлыншақ Абайға қарай түсіп, үлкен сар шақшасын тырнағымен 
сыртылдата кағып отырып, бір кезде көк бұйра насыбайын екі танауына 
құшырлана тартып қойды. 
- Әкем сізге сәлем айтып еді... 
- Сәлемет болсын... 
- Айтқаны, мына жердегі Беткұдық жайы. Бұрын Борсаққа тиісті қоныс 
екен. Ақперді Борсақ қыстауын алған соң, қонысы мен өрісін тегіс алдым дейді 
ғой. Соған былтыр күздігүні қыстауға кірер алдында сіздің ауыл қоныпты. 
Бірталай отырыпты. Қазір жаз шыға: «Қорасының жаны болған соң, тағы қонып 
жүре ме? Мен ірге тигізбей, күздігүні пішенін шауып алайын деп ем, осыны 
Құлыншақ маған қиса екен! Қонбаса екен!» деп, әкеме өтініш айтыпты. 
- Е-е, Ақперді оны айтсын, ал, әкең не дейді? 
- Әкем Ақпердінің осы сөзі орайлы ғой. Құлыншақ қонбаса жақсы болар 
деп, осы сәлеммен жіберді, - деді. 
Қысылған да іркілген де жоқ. Баппенен, үлкен кісідей айтып шықты. 
Құлыншақ үндемей, басын изеңкіреп отырып мырс ете берді де: 
- Шай іш! Кәне, жақындаңдар! - деп шайға қарай қозғалды. Абай да шай 
іше бастап, Құлыншақтың жауабын күтіп отыр. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет