94
білім алу және жоғарғы оқуға түсуде әйелдердің ер адамдарға қарағанда озық болуына
қарамастан, қызметке алу мәселесі көтерілген кезде әйелдер теңсіздікпен бетпе-бет келеді.
Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметіне сәйкес көптеген елдерде әйелдер ерлермен
бірдей дипломға ие болғанымен, кеңселерге қызметке алынбайды.
Бұл елдердің барлығында
кеңседе жұмыс істейтін қызметкерлердің 80 пайызын ерлер құрайды. Гендерлік теңдік
тұрғысынан жағдайы нашар саналатын елдерде ерлер әйелдерге қарағанда кем дегенде үш есе
көбірек жұмыс күші ретінде қызмет етуде. Сонымен қатар осы елдердегі жұмыс істейтін
әйелдердің басым бөлігі ерлерге қарағанда айтарлықтай мөлшерде төмен жалақы алады.
Мысалы, Ливанда ерлер жылына 26 мың доллардан астам табыс тапса, әйелдердің бір жылдық
жалақысы тек 7106 долларды құрайды. (243 сөз)
6. Мәтіннен берілген сөздердің синонимін табыңыз.
а. қабылданбайды-____________________
в. ахуал-___________________
[2]
7. Мәтіннен берілген сөздердің антонимін табыңыз.
а. теңдік-___________________
в. жоғары-___________________
[2]
8-9. Сөйлемдерді берілген
сөзден бастап, мағынасын сақтап, өз сөзіңізбен жазыңыз.
А. Чадта бастауыш мектепті бітірген қыз балалардың тек 55 пайызы ғана орта мектепке бару
үшін тіркеледі.
Орта мектепке____________________________________________________________
[1]
В. Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметіне сәйкес,
көптеген елдерде әйелдер
ерлермен бірдей дипломға ие болғанымен, кеңселерге қызметке алынбайды.
Көптеген_________________________________________________________________
[1]
10. Мәтінді берілген аспектілер бойынша талдаңыз (әр аспект үшін 1 балл беріледі).
Талдау аспектілері
Дәлелдеме
Мақсатты аудиториясы
Детальді ақпарат
Оқырманға әсері
Автор позициясы
[4]
Жазылым
Екі
сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Сөз көлемі: 100-150. Өз жауабыңызды тиісті
стильге, жанрға келтіріңіз.
[10]
1) «Көші – қон мәселелері» деген тақырыпта эссе жазыңыздар. Шылауларды қолданыңыздар.
2) «Мен Қазақстанның болашағына үлес қосамын» эссе жазыңыздар. Шылауларды
қолданыңыздар.
3) Сізді не толғандырады ? Тақырыбын
өзіңіз қойып , шағын эссе жазыңыздар.