Сенің Қ амқор ағ АҢ Сенің ҚАМҚор ағАҢ Аслан Орақбаев



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата24.09.2024
өлшемі1,37 Mb.
#205035
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сенің Қамқор Ағаң

Сенің қамқор ағаң
АЛҒЫ СӨЗ
Өмір арнасында уақыт зымырап аға береді екен адам 
өзіне қажет өмірлік кеңестерге, өзінен алдын шырғалаң 
ғұмырдың шыңы мен құзына куә болған жолы үлкен, 
жасы ұлық алдыңғы буынның тәжірибе негізінде жинал-
ған тәлім-тәрбиесіне мұқтаждық сезіне берері сөзсіз.
Өрлеуі мен шыңырауы көп өмір барысында, әсіресе, 
жас буын өкілдері өмірлік тәжірибе негізінде жинақтал-
ған сондай ақыл-кеңестер мен бағыт-бағдарға таянуы 
керек. Ондай нәрселер қайнаған өмірдің қаймағы іспет-
тес, естіген адамға майдай жағып, ойы мен бойына тез 
сіңіріледі. Өйткені, олар шынайы, ал шынайылық қашан 
да адамға тез жұғып, жүрегіне орнығады. 
Ол нәрселердің бәрі ойдан тоқылған емес, өмір жолында 
жинақталған, електен өтіп, сан рет сұрыпталған дүние 
болғандықтан өміршең келеді. Жас буынға алдағы өмір 
жолын айқын ұқтырып, саналы адам, кемел тұлға болуға 
тәрбиелейді. Соның ішінде, жақының айтқан ақыл алысқа 
жетелейді. Себебі, ол өзгешеліктен емес, кібірліктен де 
емес, жанашырлықтан туындаған алтын кеңес.
Әсіресе, ағаның ініге, қарындасқа айтатын кеңестері 
қазіргі қоғамда бәрімізге, ерекше айтқанда өрлеп өсіп 
келе жатқан жас буынға ауадай қажет. Балалық өмірдің 
ауласынан аттап жасөспірімдіктің ауласына аяқ басқан 


Аслан Орақбаев
8
жас буын өкілдеріне өздері көрмеген, үйренбеген, ой-
шұқыры белгісіз әлемде бағдар боларлық дүние жасау 
заман талабы. 
Міне, қолыңыздағы «Сенің қамқор ағаң» кітабы сізге 
бағдар, жаңа өмір белесінде бұлыңғыр жолыңызды 
жарық, мақсатыңызды айқын қылатын шамшырақ. Мұн-
дағы жазылған дүние сізді өмірде алданып қалмауға, 
өткінші өтірікке берілмеуге үндеп, шынайылыққа тәр-
биелейді. Өмірдегі кез келген жағдай практикада болған 
оқиғалармен өрбітіле баяндалып, одан арылудың, керек 
жағдайда шығудың жолдары баяндалған.
Автор, еңбекті жазу барысында дәстүрлі діни құнды-
лықтарды заманға сай талқылап, жетік жеткізе білген. 
Мұндай әдіс дәстүрлі діни құндылықтарды жастар бойы-
на заманауи түрде сіңдіруге септігін тигізеді. Кітаптың 
өмірде орын алған, автор басынан кешкен оқиғалармен 
өрнектелуі оқырманға одан сайын әсер етпей қоймайды.
А.Орақбаев кітапсүйер қауымға бұдан алдыңғы 
«Мүмкіндік» кітабымен де танымал. Ал бұл жолғы еңбегі 
шынайы жанашырлықтан, қазақ жастарына деген мейі-
рімінен туындаған туынды екені анық байқалады.
Кітап әрбір жастың жақын серігіне айналып, қазақ 
қоғамына, соның ішінде жастар аудиториясына дәстүрлі 
діни құндылықтарға негізделген заманауи жаңа рух, 
ерекше леп береріне сенімдіміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет