9
Сенің қамқор ағаң
ХОШ ИІС
Жақын адамыңызбен барынша сыпайы болыңыз,
ол кісі де дәл өзіңіздей өмірді бірінші рет сүріп жатыр.
Кейде терең тыныс алып, шығар деміммен ішімдегі
барлық нәрседен арылғым келеді. Сөйтіп, келесі алатын
деммен жақсы көретін жандардың хош иісін жүрегіме
жеткізуді қалаймын.
Жақсы адамдардың иісі де көңілге дем беріп, жүрекке
жайлылық сыйлайды. Кішкене сәби де анасының иісі
мұрнына
барғанда тыныштық тауып, өзін қауіпсіз сезі-
неді емес пе?
Сол себепті Жақып пайғамбар өзге ұлдары «Жүсіптің
киімі» деп қанды матаны әкеліп бергенде: «Мен Жүсіп
баламның иісін сезіп тұрған жоқпын!», - деген еді...
Өзіңізге жақын жандардың өзі ғана емес, иісі де өзіңіз
үшін қаншалықты құнды екенін сезініп жатырсыз ба?
Біз де кішкентай кезімізде анамыз бір жаққа кетіп, ол
кісіні сағынғанда иісі сіңген киімін құшырлана иіскеген
емес пе едік?
Мүмкін, анамыз да бізді оқуға шығарып салып, сарғая
сағынғанда үйдегі киімдерімізді көзіне жас алып иіскеген
болар...
115
Сенің қамқор ағаң
ӘКЕНІҢ НАСИХАТЫ
Кез келген жанашыр әке
қызына былай деп насихат
айтар еді: «Егер еркектер қасқыр, ал әйелдер олардың
олжасы екенін білсең, сен де қасқырды көрген қой
секілді қашар едің. Егер еркектердің ұры тәріздес екенін
білсең, онда сен де ұрыдан
қорыққан сараң бай секілді
сақтанушы едің».
Бірақ, қасқырға қойдың еті ғана қажет болса, еркек-
ке сенен әлдеқайда артық нәрсе керек. Ал, оның саған
жасайтын зұлымдығы қойдың өлімінен де жаман. Ол
сендегі ең бағалы нәрсені алып кетпек. Ол – кез-келген
әйелді асқақтататын,
оның абыройын биіктететін, адам-
дығының негізі болып саналатын – пәктігің. Еркектің
қыздың пәктігін құртуы – қасқыр шапқан қойдың өлімі-
нен жүз есе бетер.
Қыз балаға қарап тұрып, оның жалаңаш күйін елестете
көзімен шешіндірмейтін еркектер жоқтың қасы. Ешқа-
шан еркек кіндіктіні жақсы ниетпен араласады деп жақын
досыңдай көріп, оған тек пейілің мен тәрбиең керек
дегеніне сенбеу керек. Бұның бәрі – жалған.
Егер сен жас жігіттердің өзара әңгімесін естісең, зәрең
ұшар еді. Олардың жанарындағы кез келген күлкі және
саған айтқан жылы сөздері, саған көрсеткен қызметі
Аслан
Орақбаев
116
басқа емес – қалауына жетудің әзірлігі немесе өздері де
соны түсінбестен, соған қарай қадам басуы.
Бірақ, одан кейін не болмақ? Қарындасым, ойланып
көрші. Өткінші ләззаттан кейін ол жай ғана сені ұмытып
кетеді. Ал, сен жападан жалғыз бармақ тістеп қаласың.
Аз уақыт өткен соң, ол әдеттегі мақсатымен басқа
жеңілтек қызды іздеп кетеді. Одан соң барлық қиындық
саған қалады: жүктіліктің
ауыр кезеңдері, жан дүниең-
нің мазасыздығы мен төгілген арың...
Әділетсіз қоғам еркекті «жас жігіт қателесті, қатесін
түсінді» деп кешіреді. Ал сені ақтамайды. Сен болсаң, бар
өміріңді осы басылған таңбамен, масқарамен өткізесің.
Егер сен алғашқы кездесуде-ақ өзіңнің қаталдығыңды
көрсете одан жанарыңды алып,
парасаттылығыңды паш
етсең, онда ол сен қойған барьерден өте алмас еді. Осы-
лай істер болсаң, ешбір бұзық ойлының саған арамдық
жасауға батылы бармайды, ал егер ол әділ, игі жан болса,
онда өкініп, сенің қолыңды рұқсат етілген жолмен сұрау-
ға келер еді».
Бұл сөздерді аялап өсіріп отырған қызына, мәпелеп
бағып отырған гүліне жанашырлықпен кез келген әке не-
месе аға айтуы керек. Өкінішке орай, ер-азаматтарымыз
осы
секілді насихаттарды айтса да, оны шектен шыққан
қаталдықпен жеткізуде.
Достарыңызбен бөлісу: