Аслан Орақбаев
120
де болсын, бақыттың кілті ерлерде емес, сенің қолыңда.
Қаласаң, сен өзіңді түзетесің, ал сенің адалдығың, тәр-
биең, инабатталығың бүкіл
қоғамның жақсаруына әке-
леді. Саған амандық пен Алланың мейірімі болсын!
Бұл әлем біздің қыздарымызды «заманауи қоғамға»
сай болу үшін дене-бітімі белгілі бір формада, ал еріндері
әдемі болып көріну үшін «бір қалыпта болу керек» деп
үйретеді. Шаштары мен кірпіктері жоғары деңгейде, сөм-
келері киімдеріне үйлесімді болу керек дейді. Қажет бол-
са, инъекция салып, операция
жасауды қалыпты жағдай
көреді. Әр айда мыңдаған ақшаны әшекей-бұйымдарға
құртуды «өзіңді жақсы көру» деген лозунгпен әдемілеп
ұсынады.
Менің көкейімдегі сұрақ – осы нәрсеге осыншама уа-
қыт пен күш жұмсасақ та, неге айнадағы түріміз өзімізге
әлі ұнамайды? Неге адамдар бізді қандай болсақ, сол қал-
пымызда қабылдамайды?
Сонымен қатар неге адамдар
еш нәрсеге қарамастан, өздерін бақытсыз сезінеді?
Достарыңызбен бөлісу: