117
Сенің қамқор ағаң
Сол үшін «қатал ұстаймын» деп нәзік гүлдің сабағын өз
қолдарыңызбен сындырып алудан сақ болыңыз! Қызы-
ңыз бен қарындасыңыздан
жылуыңыз бен махаббаты-
ңызды аямаңыз. Олар нәзік құмыра секілді. Егер оны
қатты ұстасаңыз, сындырып алуыңыз әбден мүмкін. Оны
аялаңыз! Оған жұмсақ болыңыз!
Құрметті қарындасым!
Әкеңнің батып айта алмаған,
ағаңның белгілі бір себептермен ашылып ескерте алма-
ған мәселелерін қозғағалы отырмын. Ендеше, құлақ түр!
Күнәһар, жеңіл жүрісті әйелге ешкім үйленгісі кел-
мейді. Кейде пәк қызды үйленуге
уәде беріп, басын ай-
налдыратын еркектер де болады. Егер ол оған күнә іс
істеуге қарсылық танытпайтын болса,
онда қалағанын
алғаннан кейін тастап кетеді де, өзіне жар етіп басқа
пәк қызды алуы мүмкін. Себебі ол өз үйінің
иесі және
қыздарының анасы азғын әйел болғанын қаламайды.
Қолында ойыншық қылып, сұп-сұлу ажарлы әйелмен
өзінің бір сәттік құмарын қандыратын күнәһар еркектің
өзі
ары таза, абыройлы қызға үйленгісі келеді.
Отбасы құруға деген сұраныстың азаюы қыздарға да
тікелей байланысты екені анық. Егер жеңіл ойлы қыздар
болмағанда, неке институты бұрынғыша өзекті болар ма
еді? Неге ізгі ниетті қыздар бұл мәселемен күреспейді?
Әлде сіздер де үміт үздіңіздер ме? Еркектерге қарағанда,
сіздер бұл іспен айналысуға лайықсыздар ғой. Сондай-ақ,
жақсы нәтижелерге қол жеткізе аласыздар, себебі сіздер
әйелдердің тілін жақсы түсінесіздер, қажетті дүниені
қалай жеткізуді білесіздер.
Аслан Орақбаев
118
Бүгінгі күні әрбір қыз
баласы өзіне жар таба алмай
жүр, себебі жас жігіттерде дос қыздарының арасында
нәпсілік қажеттіліктерін өтеп,
әйелдің орнын уақытша
баса алатындары бар. Барлық елде осындай жағдай орын
алуда деп ойлаймын...
Достарыңызбен бөлісу: