Әзілхан Нұршайықов



Pdf көрінісі
бет12/31
Дата26.09.2024
өлшемі1,98 Mb.
#205160
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар

 
Мен де ҿз-ҿзімнен ырғалып, толассыз тербелемін.
 
Бәрі аз бағасына барша санның, 
Тәж, тағы, мал мен мүлкі патша, ханның, 
– Меңтайды мәңгі құшып, сүйетұғын 
Бар екен не арманы жігіт-жанның?.. 
Мен қайта-қайта жаутаңдап Меңтайға қараймын. «Жанымның жырын 
ҧқсаңшы, жҥрегімнің тебіренісін тыңдасаңшы!» деп жалынғандай боламын.
«Мен сені екі ай кҿрмеймін. Екі кҥн кҿрмесем, есім шығатын басым, екі 
айға қалай шыдаймын, Меңтай? Сол екі айға азық боларлықтай етіп, маған 
бір рет қиыла қарасаңшы, аясаңшы мені» деп жылағандай боламын. Бҽлкім, 


Sauap.org
149 
кҿлденеңнен анықтап қараған адамға менің иегім дірілдеп, ернім кемсеңдеп 
кеткен де шығар. Бір-ақ ҽсем ҽнге елтіген жҧрттың ешқайсысы менің кҿріксіз 
бетіме кҿңіл аударған жоқ. 
Вокзал радиосы поездың жҥруіне бес минут қалғанын хабарлап, 
перронға «Саржайлау» кҥйінің екпінді ҽуенін тҿкті. 
Осы кезде қыздар мен жігіттер шыр кҿбелек айналып, етектер ҥйіріліп, 
еріндер кҥлімдеп, вагондар алды би алаңына айналып кетті. Екі-екіден 
жҧптасқан жастар аяқтарының ҧштарымен зыр қаққанда маған вокзал алды 
бірін-бірі қуалаған сансыз қҧйынға толып кеткен сияқтанды. Қан кҿбелек 
айналған сол қҧйындар кҿкке бҧраңдадай бҧралып қазір ҧшып-ҧшып, биіктеп 
самғап, алыстап кететін іспеттенді. Жомартбекпен билей жҿнелген Меңтайға 
кҿзім тҥсіп еді, екі бетінің ҧшы қызарып, екі танауы ҽсем боп делдиіп кеткен 
Меңтайдың кішкентай ҽдемі аяқтары жерден жоғарылап кҿтеріліп 
барады екен. Одан айырылып қалардай зҽрем ҧшып, «алла!» деп мен кҿзімді 
жҧмдым. Менің бақытыма қарай осы кезде кҥй аяқталды да, бауырын жазып 
кҿкке кҿтерілуге айналған аққу қайтадан жерге қонды. «Уһ!» деп ішіме терең 
бір дем тартып, ҥлгіргенімше проводниктердің тҧс- тҧстан жамырай айтқан: 
«жолдас жолаушылар, вагонға кіріңіздер!» деген ҥндері естілді. 
Перронды кернеген жаңағы «қҧйындар» тегіс вагондарға қарай лап 
қойысты.
Бізде қыздарымызды қолтықтап, вагонның тепкішегіне кҿтердік. 
Олармен асығыс қол қысыстық. Меңтай менің қолымды қаттырақ қысып, 
ҧзағырақ стайтын шығар деп ҥміттенген едім. Олай болмады, оның алақаны 
менің қолыма тиер-тиместе екінші біреу қағып ҽкетті. Осы кезде радио 
«Қараторғай» ҽнін шырқады. Оған перрондағылар қосылды, вагондағылар 
жҽне жалғады. Кҿп адамның қосыла шырқаған ҥні желді кҥнгі теңіздей 
толқып вокзал ҥстіне кҿтерілді де, кең проспектіні керней Алатауға қарай 
лықсыды. 
Келеді қара торғай қанат қағып... 
Мен дереу ілгері ҧмтылып, вагонның алдына келдім де: 
– Меңтай, сен маған ҧрыспа, дҽптеріңе бір сҿз қосып қойдым, - дедім 
дауыстап. 
Осы кезде гудок беріп, поезд қозғалды. Перроннан поезға, поездан 
перронға қарай қолдар созылды. Меңтай басын изеп, қыздарға қол бҧлғады. 
Ол басын маған изеді ме, қыздарға изеді ме, менің не дегенімді естіді ме, 
естімеді ме – айыра алмадым. Менің кҿзіме мҿлтілдеп жас келді. Оны 
ҿзгелерге кҿрсетпеу ҥшін, жылжып бара жатқан вагондарға қарап қолымды 
сермей бердім. Қол сермеп жердегілер шырқап тҧр. Вагондардың 
терезелерінен, есіктерінен қолдар бҧлғап, поездағылар шырқап барады. 
Сермелген қолдар қалықтап ҧшып бара жатқан қара торғайларға ҧқсайды. Бір 
топ қара торғай зымырай, самғай ҧшып, алысқа бет қойғандай. Бір тобы 
қалықтай кҿтеріліп, қайта айналып, келіп алғашқы орнына қонуға бет алып 
қайта тҿмендегендей.


Sauap.org
150 
Бҧлаң етіп қасымыздан соңғы вагон ҿтті. Сары жалаушасын шошайта 
ҧстаған кондуктор сан кҿздің шарасына жалғыз кіріп, бейнебір сол кҿздердің 
тҧңғиық тҥбіне сіңгендей болып, тереңдеп, батып бара жатыр. 
Радио музыкасы тынды, ҽн тоқтады. Поездың дҥрсілі бірте-бірте 
алыстай да, бҽсеңдей берді. Қалған жҧрт ҥн-тҥнсіз кері бҧрылып, вокзал 
қашасынан қалаға шығатын қақпаға қарай ағылды. Перрон той ҿткен, 
жҽрмеңкесі тараған тақыр тҿбеге ҧқсап, қҧлазып бос қалды. Сол перрондай 
болып, поездың қарасынан кҿз айырмай қалтиып жалғыз қалған менің 
кҿңілім қҧлазылды. 
– Ереке, – деді біреу ақырын, дауыстап. Бҧл Жомартбектің ҥні еді. Ол 
мен ҽскерден келген алғашқы кездегідей «ағайды» қойып, кейде осылай 
«Ереке» дейтін болған. Ҥйренісе келе басқа бірсыпыра қыздар да мені 
«Ербол» деп атауға кҿшкен. Тек Меңтай ғана «ағай» деп атайтын. Мен 
мойнымды бҧрсам, мың кісі сиярлық перронда Жомартбек екеуіміз ғана 
қалыппыз. Жомартбек менің Меңтайды қҧлай сҥйетінімді іштей тҥсінетін еді. 
Сондықтан болар, ол жақаурата сҿйледі. 
– Екі ай деген не, екі-ақ кҥндей боп ҿте шығады ҽлі, содан соң тағы да 
бас қосамыз ғой бҽріміз, – деді ол екі танауы делдеңдеп. – Жҥріңіз, жҧртта сіз 
екеуіміз ғана қалдық. 
Жомартбек мені жҧбаттым деп ойлады. Бірақ онысы жҧбату емес, 
жараның аузын тырнаумен тең болды. «Екі ай екі кҥндей боп қалай кҿрінсін, 
– деп назаландым ішімнен. –
Мен қызыққанға кҿлденеңнің қҧрығы тҥскіш келуші еді. Кҿңілім 
қҧлаған осы қызды да тағы біреу қағып кетіп, дҽт деп қалмасам жарар еді. 
Онда мен қалай ҿмір сҥремін?
Сҽлиманың шерін соғыс тҧншықтырған еді. Мҧндай келбет-кҿркі 
келісті, ақыл, парасаты мол, жаным сҥйген жақсы қыздан айырылып қалсам, 
сорлы жҥрегім ҿмір бойы, қап арқалаған қайыршыдай арман арқалап кетпей 
ме амалсыз. Мҧны ҧмыттыратын басқа жақсы қызға кездессем қҧба-қҧп, 
кездеспесем, мҥгедектей мҧңды болып қалмаймын ба ҿмір бойы. Ендеше, 
аузын буған ҿгізге ҧқсап, сегіз ай бойы неге жҥрдім ҥн-тҥнсіз? Неге 
айтпадым шынымды? Неге аяғына жығылып, «жарым бол» деп жалынбадым 
мен оған? 
Кейбіреулер қызды бір кҿргенде-ақ «Мен саған ғашықпын. Мен сенсіз 
ҿмір сҥре алмаймын» деп, жетім қозыдай қақсамай ма, жақ жаппай? 
Қҧмарлығын ғашықтыққа балап, қыр соңынан қала ма қыздың ондайлар? 
Қант салған қаптай ғып, қолма-қол жҥрегінің аузына ашып тастамай ма 
аңқайтып? Ендеше мен шын ғашықтық сырымды неге ақтармадым сонша 
кҥннің ішінде», – деп іштей еңіреп, ҿз бармағымды ҿзім шайнап, сҥйретіліп 
вокзалдың қақпасынан ҽрең шықтым. Жаным жаңағы поезда кетіп, бҧл жерде 
қҧр сҥлдерім ғана қалғандай, мең-зең кҥйде Жомартбекке ілесіп келіп 
трамвайға міндім. Трамвай Карл Маркс кҿшесімен жоғары ҿрлеп келіп
Шевченкоға қарай бҧрылған бҧрышта Жомартбек тҥсіп қалды. 


Sauap.org
151 
Қаладағы туыстарының бірінің ҥйіне кетті. Менен Жомартбектің 
жағдайы ҽлдеқайда жақсы: мынадай ҥлкен қалада ағайын-туғандары бар. 
Солардың ҥйіне барып ас ішеді, аунап-қунап қайтады. Елде ҽке-шешесі, бір 
ауданды билеп тҧрған ағасы бар. Онда барса да кҥп ете тҥседі. Ал менің 
сҥйеніш болар қалада да, ауылда да ешкімім жоқ. Сорайған соқа басым. 
Қаладағы жалғыз танысым майдандас жолдасымның соғыстан мҥгедек боп 
келген ағасының ҥйі. Кҿп балалы жҽне жалғыз кісінің пенсиясына қарап 
отырған ол ҥйге сомадай боп сопиып қашанғы бара бересің. Ҽскерден алғаш 
келгенімде паналатып, жатақханаға кҿшкенше тар ҥйінің бір бҧрышынан 
орын бергенінің ҿзіне рақмет. Тірі болсам, ағайдың ол жақсылығын ҿтермін 
ҽлі.
Трамвай салдыр-гҥлдір етіп, Никольск базарына келіп тоқтады. Осыдан 
екі сағаттай бҧрын Меңтайдың жҥгін кҿтеріп, жҧртпен таласа кҥліп мінген 
трамвайдан енді алты ай жаздай сҥзекпен ауырып, содан жаңа ғана тҧрғандай 
сҥйретіліп жалғыз тҥстім. Бағана бҧл жерде адам да кҿп, базар да қызу 
сияқты еді. Енді аялдама басында ешкім жоқ, базарға кіре беріс бергі маңда 
да ешбір жан кҿзге кҿрінбейді. Ҽшейінде жатақханадан шыға қалсаң да, 
университеттен келе жатсаң да мен мҧндалап, сары ала тон киген патшаның 
суретіне ҧқсап ҥнемі қожырайып алдында тҧратын шіркеу де жоқ; тағынан 
тайғандай, тасаланып қалыпты. 
Трамвай жолынан ҿтіп, салбырап жатақхана қақпасына қарай бет 
тҥзедім.
Ҿне бойым сал-сал. Бірнеше кҥн мас болып, мҽңгіріп қалған сияқтымын.
Басым салбырап, пҽленбай жылдан бері студенттердің аяғы таптап келе 
жатқан тақыр асфальттан кҿз алмаймын. 
Жерден бір нҽрсе кҿрсем деп ынтығатындаймын. Бірақ қиыршық тас, 
ҧлпа топырақтан басқа ештеңе кҿрінбейді. Міне қызыл кірпіштің сынығы 
жатыр. 
Бҧл сынық бағана біз жатақханадан шыққанда жол ортасында тҧрған.
Қыздармен қатар алда келе жатқан Меңтай тоқтай қалып, аяғындағы 
кішкентай ақ танкеткасының тҧмсығымен кірпішті итеріп, асфальттің шетіне 
қарай сырғытып кеткен. Содан соң сҽл бҧрылып арт жақта жҥк кҿтеріп келе 
жатқан Жомартбек екеумізге қараған. Мен оның аппақ аяқтарының қаздиып 
осы кірпіштің қасында тҧрғаның ҿз кҿзімен кҿргемін. Енді міне сол жерде де 
оның ізі жоқ. Мен ернімді тістедім. Сҥйген жаныңның ізі кҿз алдыңда неге 
сайрап жатпайды екен деп наза болдым. Тоқтап, асфальтқа еңкейіп, 
қызылкірпіштің сынығын қолыма алдым. Ҥңіліп оған да қарадым, онда да еш 
белгі жоқ. Сонда да оны қолымнан тастамадым. Біресе бҧл Меңтайдың 
танкеткасы болсашы деп ойладым. Біресе оның аяғын ҿстіп сипасам-ау 
дедім.
Алақанымдағы кесекті қайта-қайта қысып қойдым.
Бірақ ол бҧрынғы, қатты, икемсіз кҥйінде қалды. Жатақхананың сыртқы 
есігінің маңдайшасына орнатқан жаппаның тіреу ағашына қыстырып, ішке 
кірдім. Алақаныма қызыл кірпіштің қып-қызыл ҧнтағы жосадай жҧғып 


Sauap.org
152 
қалыпты. Ғашықтық ізі осы болғаны ма деп ойладым езу тартып, ҿзімді-ҿзім 
мысқылдап. 
Жоқ, мен ҿзімді-ҿзім бекерге мысқылдаппын. Ғашықтық ізі болады екен.
Бірақ ол топыраққа, тасқа тҥспейді екен. Мен оны жҥрген жолдан бекер 
іздеппін. Асфальтқа орынсыз ҥңіліп, жан-жағыма босқа жалтақтаппын. Ол із 
ҿзге жерге тҥспепті, менің жҥрегімде, ойымда қалыпты. Оны мен екінші 
этажға кҿтеріліп, дҽлізбен сҥйретіліп Меңтай бҿлмесінің алдына барғанда 
білдім. Оны мен ҿз бҿлмеме кіріп, жастығымның астында жатқан қойын 
дҽптерімді қолыма алғанда кҿрдім. 
Неге екенін білмеймін, ҿз бҿлмемнің алдынан ҿтіп, Меңтай бҿлмесінің 
есігіне бардым. 
Сол жерден қайрылғым келді. Сол жерде Меңтайдың осы бҿлмеден 
шығып бара жатқанда соңғы айтқан сҿзі ойыма оралды. Қыздар топырлап 
бҿлмеден сыртқа қарай беттеген еді. 
Олармен ілесе Жомартбек шығып бара жатты. Зайкҥл мен Меңтай есікке 
қарай аяңдады. 
Ең соңында жҥкті алып, мен шыққалы жатыр едім. Есікке бара беріп 
Зайкҥл жалт бҧрылды. 
– Ойбу, мен айнаға қарамаппын ғой, – деп жҥгіріп барып бҧрыштағы 
шифоньердің есігін ашты. Оның қақпағының ішкі жағындағы шар айнаға 
итініп, тыртысқан маңдайын, ҧйпаланған қасын сипады. – Тҧра тҧр, Меңтай, 
мен бетіме опа жағып алайын.
Меңтай қайырылып оның қасына келді. Зайкҥл жалма-жан сумкасын 
ашып, диірменшідей бҧрқыратып, бетіне ҧн жаға бастады. Мен жҥкті алып, 
дҽлізге шығып, босағада қыздарды тосып тҧрдым. 
– Меңтай, осы сен неге боянбайсың? – деген Зайкҥлдің ҥні естілді. 
Меңтай сҽл бҿгеліп (тегі ол ҽдеті бойынша ақырын бір жымиып алған 
болуы тиіс) барып жауап қатты. 
– Мен табиғатпен таласуды жҿнсіздік деп білемін. 
– Ол не деген сҿзің? 
– Адамға табиғат берген бояудың ҿзі жетіп жатыр. Оның ҥстіне бетіңе 
баттастырып бірдеңе жағу... – Меңтай ҥні ҥзіліп қалды. Мен есікке қарай 
қҧлағымды тоса тҥстім, оның сҿзінің аяғын естуге қҧмарттым. - Не десем 
екен саған? Иҽ, табиғат берген бояудың ҥстіне баттастырып бірдеңе жағу 
Рафаэльдің немесе Репиннің ғажап картиналарын жаңа бояу сҥйкеп 
жақсартамын деп ҽуре болумен пара-пар. Мен сондықтан боянбаймын, 
Зайкҥл. 
Мен бҧл сҿзді ҿзім айтқандай қуандым. Меңтай жауабының 
тапқырлығына да, оның ҿзге қыздар сияқты ешқашан боянбайтындығына да 
сҥйсіндім. «Сол керек саған, Зайкҥл», дедім ішімнен. Бірақ бҧған Зайкҥл 
қысылмады. 
– Қойшы, сен де қайдағыны соғады екенсің, - деді Зайкҥл ҿз-ҿзінен 
сықылықтай кҥліп. -


Sauap.org
153 
Бояуға не жетсін, шіркін! Ерінді қып-қызыл, қасты қап-қара етіп боянып 
шыға келгеніңде жігіттердің жаны жҽннҽмға кетпей ме? Сенін бетің ақ қой, 
опа жақпасаң да болар. Бірақ ерін мен екі беттің ҧшын қызартуың керек. 
Сонда сен ҥріп ауызға салғандай болар едің.
– Жоқ, Зайкҥл, мен сенің орнында болсам опа да ҧстамас едім, жосаға да 
жоламас едім. 
Ойға емес, опаға, бойға емес, бояуға қызыққан жігіттен не барқадар 
шығар дейсің. 
Туфли ҿкшесінің тықыры шықты. Екі қыз ашық тҧрған есіктің 
табалдырығынан аттады. 
Зайкҥлдің қоңырқай беті айран жаққандай ала қожалақ бола қалыпты.
Сонысын сҧлулық санап, кішкентай ешкі басын кекжите ҧстап, 
қасымнан ҿтті.
Мен дереу есікті қайырып, кілтін сала бастадым. Кілтті бҧрап жатып, 
Меңтайдың Зайкҥлге айтқан сҿздерін есімде қалдыруға тырыстым. 
Екі қыздың соңынан жҥгіре аяңдап, баспалдақпен тҿмен тҥсіп келе 
жатсам, тҿменгі этажда қыздар кҥтіп тҧр екен. 
– Сен ҥшеуің қоштасып шыққаннан саумысыңдар? - деді Қанипа кҿзін 
ойнақшыта, мойнын қиқаңдатып. 
– Жо-о-ға, – деді Меңтай дауысын созып. – Мына Зайкҥл айнаға қарап 
аламын деп. 
Мен Берлин қақпасының кілтін ҧстағандай масаттанып, қолымдағы 
кілтті жоғары кҿтердім. 
Қыздар бҿлмесінің алдына барғанымда кенеттен сол сҿздер ойыма тҥсті.
Ҧмытып қалмау ҥшін жазып қояйын деп, ҿз бҿлмеме келіп дҽптеріме 
ҥңілдім. Тҥні бойы отырып кҿшірген жазуларым кҿзіме оттай болып жҽне 
басылды. Бҧл да Меңтай сҿздері, соның ойлары. 
Ендеше ғашықтық ізі деген осы емес пе? Ақ қарға тҥскен қызыл тҥлкінің 
ізіндей сайрап ол кҿңілде, кҿкіректе, ойда қалады екен ғой. Ғашықтық ізін 
тек қана жҥректен іздеу керек екен ғой.
Мен осылай деп тҥйдім. 
Бҧл кезде мен жҧмыс істейтінмін. Жазуымды жазып болдым да, 
жҧмысқа барғанша кішкене тынығып алайын деп тҿсегіме жантайдым. 
Ҧйықтап қап, жҧмыстан кешігіп жҥрмейін деп жҽне ойладым. Олай деп 
ойламай қайтейін, бҧл менің ҽрең қолым жеткен қызметім ғой. Тҿсекте 
шалқамнан жатып, бҧл жҧмысқа қалай орналасқанымды есіме тҥсірдім. 
...Оған дейін мен жексенбі сайын жатақхана маңында кҿрінбей жоқ боп 
кететінмін. Қайда кетіп, не тындыратынымды бір бҿлмеде жататын 
Жомартбек те, Пернеш те, Тҿлеубек те білмейтін. Олар білмеген соң қыздар 
мҥлде сезбейді. Жҧртқа сездірмей мен жексенбі кҥні таңертең ерте Фурманов 
кҿшесіне тҥсіп алып, тҿмен қарай заулаймын. Кҿше мен темір жолдың 
тҥйіскен жерінде сексеуіл базасы бар. Жексенбі сайын оған отын тиеген 
эшелон келеді. Оны тҥсіру ҥшін базаға қосымша жҧмыс қолы қажет.


Sauap.org
154 
Мен база жҧмыскерлерімен жалғасып платформадан жерге сексеуіл 
қҧлатысамын. Темір жол жиегіне біз қҧлатқан сексеуіл тау болып ҥйіліп 
қалады. Қала тҧрғындары оны бірнеше кҥн бойы біреу есек арбамен, біреу ат 
арбамен, қолы ҧзындаулар машинамен алып кетіп жатады. Ҽркімге 
қолындағы талонына қарай отын беріледі. Кімнің қанша отын алатынында 
менің шаруам жоқ. Мен кешке еңбегім ҥшін қолыма тиген 250 килограмм 
сексеуілдің талонын білемін. 
Соны сатып, ақшасын стипендияма жалғап, бір апта бойы талшық 
етемін.
Кешке қарай жатақханаға қайтқанда екі аяғыма екі пҧт темір байланып 
қалғандай боп ҽрең қозғаламын. 
Ертеңінде де ҿн бойым ауырып, жайсыз кҥйде боламын. Содан кейін 
бірте-бірте қҧрыс- тырысым жазылып, келесі демалысқа дейін денемнің 
ауырғанын мҥлде ҧмытып кетемін.
Қыс пен кҿктемді осылай ҿткіздім. Тек жазғы емтихан болғаннан бергі 
жексенбілер ғана сабаққа ҽзірлікке кетіп қалды. Бірақ бҥгін тағы да, ҽкемнің 
ҥйіне бара жатқандай, лағып, сексеуіл базасына қарай бет қоюыма тура келді. 
Себебі сен емтиханға ҽзірленіп жатыр екен деп ҿз-ҿзінен қалтаңа кҿк тиын 
келіп тҥспейді ғой. Ал, қалтадан ақша кетсе, қарынның берекесі кетеді.
Ақшаң барда тойған қозыдай томпайып ҥнсіз жататын моп - момақан, 
қарның қалтаң қағылса ішіне қоралы қасқыр кіріп кеткендей боп, ҧлып шыға 
келетіні бар емес пе. Шҧрылдап-шуылдап, қҧрылдап-қорылдап мазаңды 
алатынын қайтерсің. Ҽсіресе, қыздардың қасында отырғанда қинайтынын 
айтсаңшы оның. Ішегін шҧрылдап, қарның кҥндей кҥркіреп жҿнелгенде 
шекеңнен тер шып-шып шығып қысыла бастайсың. Сол кезде Қанипаның:
«Ербол, ішіңе ит қамап қойғанысың? Қоя берсеңші ол байғҧсты» деп 
ҽзілдеген боп ҿз-ҿзінен сақылдап кеп кҥлетінін айтсаңшы. Қыз кҥлкісі деген 
бір жерінен от тисе барлық тҧсы бірден лап ете қалатын ашық ыдыста тҧрған 
бензин іспетті емес пе? Тек Меңтай ғана олармен қосыла кҥлмейді. Бҽлкім, 
ол мені аңғармаған болып, дайындалып отырған пҽнімізге қажетті аса бір 
керекті датаны іздегендей, дҽптер бетін парақтай береді. 
Бҥгін мен, Қанипа айтқандай, ішімдегі «қамаулы итті» босатып қоя беру 
ҥшін келе жатырмын. Келе жатып Жомартбектің бір қылығы ойыма тҥсіп 
кетеді де, ақырын мырс етіп кҥліп аламын. 
Бір бҿлмеде мен, Жомартбек, Пернеш, Тҿлеубек тҿртеуміз тҧрамыз.
Солардың менен басқа ҥшеуінің де ҥйінен азық келеді. Жомартбек 
ҥйінен келгеннің бҽрін қаладағы жақындарынікіне қалдырады. Пернешке 
бірдеңе келсе, жҧртпен бҿліп жеп тез тауысуға қҧмартады. Алғаш дҽм 
татқаннан кейін қалғанын ҿзі жесін деп, біз ҥнемі шегіншектей береміз. 
Сабақтан келе сала, оны-мҧныны сылтауратып, бҿлмеден шығып кетеміз.
Ондайда Пернеш дҽлізден бізді іздеп, соңымыздан қуып жҥреді. «Қайда 
қашып кеттіңдер? 
Келсеңдерші мынаны бҿліп жейік» деп шыр-пыры шығады. Кейде 
екеуміз оңаша қалсақ ол маған: «Ағай, мынадан бір алып жіберіңізші, жалғыз 


Sauap.org
155 
менің тамағымнан ҿтпей отыр» деп жалынады. Ал Тҿлеубектің тамағынан 
ҿте береді. Ол ешкімге дҽм де таттырмайды, жҧрттың кҿзінше теріс қарап 
алып, ҥйінен келген сары май мен жентті қара нанға жағып, кҥйсетеді де 
отырады.
Кҥн сайын сҿйтеді. Бір кҥні Тҿлеубек тҿсегінің алдында теріс қарап 
жайланып алып, қарыннан шыққан сап-сары майды нанға жағып, жаңа 
аузына тыға бергенде, жанына Жомартбек жҥгіріп барды. 
–Тҿке, мынаған да жағып жіберіңізші, жҥрегімді жалғайын, - деп 
қалжың-шыны аралас қолындағы бір жапырақ нанын тосты. 
– Жоқ, бітті, – деп Тҿлеубек дереу тҿсек астындағы қара чемоданға 
қҧлыпты салды да тастады. 
Осыдан кейін Тҿлеубек кҥндіз жҧрт кҿзінше қара чемоданға 
жоламайтын болды. Сҿйтсек ол тҥнде, біз ҧйықтағаннан кейін, ҿз тамағын ҿзі 
ҧрлап жеуге кҿшіпті. Оның бҽрін Жомартбек қу біліп жҥріпті. Бір кҥні тҥнде 
мені біреу тҿсегімнен жҧлқылап оятты. 
Сҿйтсем, Жомартбек екен. 
– О, не болды? 
– Ереке, тҧрыңыз, осы ҥйге ҧры кіріп кетті. 
– Қайдағы ҧры, не алады бҧл ҥйден? – деймін мен ештеңе тҥсінбей. 
– Жоқ, ҿзіңіз тҧрыңызшы, - деп ол болмай орнымнан тҧрғызды да, 
қараңғыда қасыма отыра қалып баяндай бастады. – Шырт ҧйқыда жатыр 
едім, еден сықыр ете тҥсіп, оянып кеттім.
Расында да біздің бҿлменің едені сықырлауық болатын. Ҽсіресе 
Тҿлеубек жатқан тҧстың тақтайы шіріген еді де, оның тҿсегіне қарай аяқ 
бассаң бажылдап қоя беретін. 
– Иҽ. 
– Басымды кҿтеріп алып едім, біреу Тҿкеңнің чемоданын тықырлатып 
жатыр екен. «Ҽй» деп қалып едім, ҧры демін ішіне тартып, еденге ҥн-тҥнсіз 
жата қалған сияқты болды. Тегі Тҿкеңнің чемоданындағы қҧрт, май, жентін 
ҧрлауға келген біреу болуы керек. 
Жомартбек сҿзінің жаны бар сияқтанды. 
– Онда Тҿлеубекті неге оятпайсың? 
– Тҿке, Тҿке! – деді Жомартбек дауыстап. – Тҿке, тҧрыңыз, қасыңызда 
ҧры жатыр. 
Тҿлеубекте ҥн жоқ. 
– Ҽне, айттым ғой, Тҿкең қатты ҧйықтап қалған. 
– Ендеше шам жақ. Пернешті оят. 
Жомартбек шам жақты. Пернеш те оянған екен. Бҽріміз анталап 
Тҿлеубектің тҿсегіне қарадық. Ол басын бҥркеп алып қаннен-қаперсіз 
ҧйықтап жатыр.
Тҿсегінің астындағы кҥні-тҥні қҧлып кетпейтін қара чемоданның аузы 
ашылып қалыпты. 
– Ҽне, айттым ғой, – деп Жомартбек баж ете тҥсіп, жҥгіріп барып 
Тҿлеубекті жҧлқылады. 


Sauap.org
156 
– Ойбай, тҧрыңыз, Тҿке, чемоданыңызға ҧры тҥсті. 
Бірақ Тҿлеубек тҧратын емес. Басын қымтап алып қҧныса тҥседі.
– Ойпырай, Тҿкеңнің ҧйқышылы-ай осы, – деп Жомартбек оның 
ҥстіндегі кҿрпені жҧлып кеп алды. Қырыққан серкештей тыртиып, Тҿлеубек 
орнынан тҧрды. Аузы қомпаң-қомпаң етеді. Алғашында ол Жомарбектің 
жҧлқылағанынан шошып кетіп, ҥні шықпай қалған екен деп ойладық. 
Сҿйтсек, аузына толтырып алған талқанды жҧта алмай қақалып тҧр 
екен.
Ауызындағы кебір талқанның жартысын ҽрең ары қарай жҿнелткен
Тҿлеубек, кҿзі аларып Жомартбекке бақшиды. 
– Сен, немене, кісінің ҿз тамағын ҿзіне жегізбейсің бе? – деді аузынан ақ 
боран бҧрқылдап. 
– Ойбай-ау, Тҿке, мен қайдан білейін сіздің ҿз асыңызды ҿзіңіз ҧрлап 
жеп жатқаныңызды, – деп Жомартбек ҿз тҿсегіне қарай шегіншектей берді. 
– Иҽ, білмегенін... 
Пернеш екеуміз теріс қарап сылқ-сылқ кҥліп жатырмыз. 
– Оллаһи, білгемін жоқ, - дейді Жомартбек міз бақпастан. Сізді ҿйтеді 
деп кім ойлаған?! 
Біз қайтадан орнымызға жаттық. Жомартбек шам ҿшіруге беттеп, сҿйлеп 
бара жатыр. 
– Біздің ауылда бір кҽнігі ҧры болған екен, - дейді ол ҿзінен ҿзі 
даурығып. –Сол кісі ҽбден қартайып, атқа мінуден қалған соң, анда-санда, 
тҥнде ҿз ҥйінің шошаласынан ет ҧрлайтын кҿрінеді. Оны айдалаға апарып, 
бақырға асып, маңайда ешкім жоқ екенін біле тҧрса да, айналасына алақ-
жҧлақ қарап отыратын болса керек. Шала піскен еттен бір асап, опыр- топыр 
отты сҿндіріп, қараңғыда бҧқпантайлап тҧра кеп қашып, ҥйіне келіп, содан 
соң екі-ҥш кҥн қатарынан рахаттанып ҧйықтайды екен. Біздің Тҿкең де 
сҿйтіп... 
– Ҽй, оттамашы ҿзің!..
Қараңғыда бір нҽрсе қабырғаға тарс ете қалды. Ҽрине, ол Тҿлеубектің 
бҧзаубас туфлиі. 
Туфли еш жеріне тимесе де Жомартбек: «Ойбай, ҿлдім!» деп баж етіп 
тҿсегіне қҧлады. Біз тағы да мырс-мырс кҥлеміз. Жомартбек те кҥліп жатыр.
Оның мҽз бола қатты кҥлгендігі сондай, тҿсегінің тот басқан шынжыры 
бірсыпыраға дейін шиық-шиық етті де тҧрды. 
Кҿшеде келе жатып мен ҿзімнен ҿзім осы оқиға есіме тҥсіп кҥлемін. 
«Ой, Жомартбек-ай, несі бар екен Тҿлеубек байғҧста?» деймін басымды 
шайқап.
Кҥлемін де, «артыңнан тым болмаса қатықсыз қара талқан келіп 
тҧрғанның ҿзі де қызық екен-ау» деп ойлаймын. Осы кезде кҿз алдыма 
Меңтай елестейді. Ол қалың кірпіктерін тҿмен тҥсіріп, «Рас» деп, ақырын 
ғана мені қҧптап бас изегендей болады. Ҽрине, рас деймін мен содан соң 
ҿзімді ҿзім қҧптағандай. Ой ойға ҧласады. Қызға ғашық болу жігіт ҿмірінің 
ғажап бір кезеңі ғой. 


Sauap.org
157 
Кейінгі ҿміріңнің реніш, қуанышы да соны сенің қалай тҥсініп, қалай 
ҿткергеніңе байланысты. Қайта оралмас, қайырылмас сол бір қымбат сҽтті 
қадірін кетірмей, адалдықпен ардақтап, ертең еске тҥсіргенде ҿзің сҥйсініп, 
ҿзге ғибрат аларлықтай етіп ҿткізгенге не жетсін, шіркін! Бірақ, сен 
сыртынан сҧқтанған кҿрікті қыз кҿңіліңе тоқ болғанымен, қарныңа қанағат 
ҽкелмейді екен. Міне, мен сондықтан таң атпай дедектеп сексеуіл базасына 
келе жатырмын. 
Бірақ бҧл жолғы келуім сҽтті болмады. Ҿйткені сексеуіл тасу ісі жазда 
тоқтап, кҥзде бір-ақ басталады екен. Біз емтиханға кіріскелі базаға бір де 
состав келмепті. Алайда отын тау-тау болып ҥйіліп жатыр. Жҧрт жазғы 
қажетін ептеп осыдан алып кете бермек. Менің мҧндағы серіктерім де 
ыдырап кетіпті.
Қалған бірен-сараны ҽркімнің есек арбасына отын тиесіп, иесінің 
мырзалығына қарай бірдеңе алатын кҿрінеді. Тҥске дейін 2-3 арба тиесіп, мен 
де он-он бес сомдай ақша таптым. Бірақ, қыстағыдай емес, жҧрт аяғы сирек. 
Қыста машина мен машина қағысып, біреуге біреу жол бермей ыю-қыю боп 
жатушы еді. Енді алматылықтар жазда от жағып, ас пісірмеуге ант 
етіскендей, тыйыла қалыпты. Мандымды ештеңе болмаған соң, мен тҥн ауа 
қайтайын деп қалаға қарай беттедім. Сексеуіл базасынан шыға берісте есек 
арбаға еріп келе жатқан Шалдуар Шалғынбаев кездесе кетті. 
– Ay, аманбысың, Қарадомалақ, ah! – деді ол мені кҿре салып, бейне 
бірредакцияның дҽлізінде тҧрғандай ҿктемсіп. 
– Сҽлеметсіз бе? 
– Е, неғып жҥрсің мҧнда? 
– Жҧртқа сексеуіл тиесейін деп келіп едім. 
– Жҥр, онда маған да тиес. 
Шалдуар мені қолтығымнан алып, кейін қарай бҧрды. Ықылас, 
ризалығымды да сҧраған жоқ. Екеуміз есек арбаға мҿлшерлеп екі жҥз елу 
килограмм сексеуіл салдық. Шалдуар қолының ҧшымен ғана қимылдайды, 
кҿбінесе маған бҧйрық берумен жҥр. 
– Ҽй, анау қуарған кҽрі сексеуілді арбадан алып таста. 
– Неге? 
– Сол. Оның орнына мынау бҧғының мҥйізіндей ербиген жасын сал. 
– Жас сексеуіл жаруға қиын болады. 
– Неге қиын болады? Балталаймыз онда. 
– Балта ҿтпейді.
– Тасқа соғамыз. 
– Тасқа ҧрғанмен тез сынбайды: кісіні электр тогы соққандай естен 
тандырып, екі қолды салдыратып тастайды. 
– Соқ ертегіні. Одан да ерініп тҧрмын десеңші. 
– Ерінетін дҽнеңесі жоқ, сал десеңіз, салып берейін. Маған бҽрібір. 
Екеуіміз сексеуіл тиеген есек арбаға ілесіп, қалаға келе жатырмыз. Есек 
иесі ҧзын сирақ бала дедектеп алда келеді. Ҽр кҿшенің бҧрылысына 
жеткенде ол артына бҧрылып, 


Sauap.org
158 
Шалдуарға айғай салады. 
– Ағай, енді қалай жҥремін? 
– Тура тарта бер, – дейді Шалғынбаев мардымсып. – Бірақ тар кҿшенің 
қиылысында осылай, тоқтап сҧрап отыр. 
– Қайта-қайта сҧратып қайтесіз? Одан да баратын жердің ҽдірісін бірден 
айтпайсыз ба? – деймін мен баланы аяп. 
– Сҧрасын, алатын ақшасын адалдап алсын, - дейдіШалдуар тҧмсығын 
кҿтеріп. 
«Шалдуар десе, шалдуарсың-ау ҿзің. Атыңды ҽкең дҽл тауып қойған 
екен» деймін мен ішімнен. Содан кейін мен ептеп Шалғынбаевтан сыр 
тартамын. 
– Шҽке, осы редакция маңынан жеңіл-желпі жҧмыс табыла ма? 
Ол бедірейіп маған қарайды. 
– Кімге? 
– Маған.
Шалғынбаев шалқалап кеп кҥлді. 
– Саған неғылған жҧмыс? Сен студентсің ғой. 
– Студент болсам да, жҧмыс істемесем болатын емес: тҧрмыс қиын боп 
барады, - дедім мен шынымды айтып. – Таңертең лекцияда болып, тҥстен 
кейін жҧмыс істер едім. Тіпті тҥннің бірсыпыра жеріне дейін істеуге де 
бейілмін. 
Тегі менің ҥнім жалынышты боп шықты-ау деймін, Шалғынбаев енді 
кҥлмеді.
Оның кҥлмегенін пайдаланып, мен ҿзімнің қыстай демалыс сайын 
жалданып, ептеп ақша тауып келгенімді айттым. 
– Ҽй, сонда сен қанша ақша таптың? – деді Шалдуар тоқтай қалып, мені 
иығымнан жҧлып, ҿзіне қаратып. 
«Ҽй», «ҿй» деп сҿйлеу, сҿйлегенде қасындағы адамын иықтан, 
желкесінен періп қалу, жҧлқып ҿзіне қарату Шалдуардың ҽдеті екен. 
Байқаусыз келе жатқан мені оң иығымнан жҧлып қалғанда қҧлап тҥсе 
жаздадым. «Мынаған не болған?» деп ойлап апалақтап оның бетіне қарап 
едім, Шалдуардың менің тҽлтіректеп барып тҥзелгенімде шаруасы жоқ, 
бедірейіп ҿз сҧрағына жауап кҥтіп тҧр екен. 
– Жексенбі сайын 20-30 сомға дейін қаратушы едім, – дедім мен 
мардымсып. – Ол кҿп ақша ғой! 
Шалдуар екі санын шапалақтап, қарқылдап кеп кҥлді. Одан соң ол мені 
тағы да иықтан періп қалып, жол шетіндегі арыққа қҧлата жаздады. 
– Кҿп ақша дейді! – деді ол ішін басып, кҥлкісін тыя алмай. – Тапқан 
екенсің кҿп ақшаны. 
– Ол кҥлкісін ҽрең басып, менімен қайта қатарласты. Тағы да мақтана 
сҿйледі. – Сенің ол «кҿп ақшаң» біздің бір кішкентай информацияның қҧны 
ғана. Сен білесің бе? – деп Шалғынбаев оң қолының бармағы мен сҧқ 
саусағын біріне-бірін жақындата ҧстап, менің кҿз алдыма тосты. - Бес 
жолдық мынадай информацияға бар ғой, бізде он сом қояды. Ал мынадай 


Sauap.org
159 
болса, -сҧқ саусақ пен бармақтың арасы алғашқыдан алшая тҥсті, – жиырма 
сом.Егер информацияның кҿлемі мынадай болса, – ол бір нҽрсені ҿлшеп 
жіберетіндей боп қарысын кҿрсетті, – алпыс сом. Білдің бе: бір қарыс 
информация жазсаң, бірден алпыс сом аласың. Ah! Бҧл газеттің бір 
нҿмерінде бір информацияның ғана шықса алатынын. Кейде бір номерде 
бірнеше информацияның шығып кетуі де ықтимал. Ол ҿзіңнің пысықтығына 
байланысты. Ал айына газеттің неше нҿмері шығатынын білесің бе? 25-26 
нҿмері шығады. Сонда бір айда орта есеппен он бес информация шығарған 
журналистің ҿзі тоғыз жҥз сомдай ақша табады. Білдің бе? Аһ! 
Шалғынбаев маған ежірейе қарап, бармағын шошайтты. Мен кҿзім 
бақырайып, басымды изедім. Тегі Шалғынбаевтың менің кҿзімді мҥлде 
ҧясынан шығарып жібергісі келді-ау деймін, сол қабағын шытыңқырап 
маңызданды да, қайтадан сҿйлеп кетті. 
– Мен ҿзім информацияны кҽсіп қылмаймын, – деді ол ҽлденеден 
жиіркенгендей танауын тыжырайтып. – Оны кҽсіп қылу тышқан аулаумен 
бірдей. Мен етектей-етектей очерктер жазамын. Сен менің бір очеркіме 
қанша гонорар қойылатынын білесің бе? Аһ! 
Мен басымды шайқаймын. Менің оны білмегеніме Шалғынбаев одан 
сайын разы бола тҥседі. 
– Білмейсің. Саған оны білу қайда? Мен бір очеркіме алты-жеті жҥз сом 
аламын! – «Ал, қалай?» дегендей, ол бетіме қарады. «Сҧмдық кҿп екен!»
деген ишарамен мен кҿзімді жҧмдым.
– Ал сен менің айына қанша гонорар табатынымды білесің бе? Аһ? 
Мен тағы да басымды шайқаймын. Шалдуар одан сайын мҽз болады. 
– Ҽр айдың аяғында мына дҿдең, – ол бармағын шошайтып, кеудесін 
тҥртті, – мың жарым – екі мың сом гонорарды қалтасына салып алып, 
талтаңдап жҥре береді. Оның ҥстіне менің ай сайын сегіз жҥз сом жалақым 
тағы бар. Енді осының бҽрін қосшы ҿзің. 
– Кҿп ақша ғой, - дедім мен. 
– Жоқ, ҿзің қосшы кҽне. 
– Екі мың ҥш жҥз - екі мың сегіз жҥздей-ау деймін. 
– Дҽл, дҽл. Кейде мына ҥшеудің ҿзі де боп кетеді, аһ! – деп ол 
бармағымен шынашағын басып тҧрып, қалған ҥш саусағын шошайтады. – 
Міне кҿп ақша қайда жатыр? Ал сен отыз сомды кҿп ақша кҿресің. 
– Рас,–деймін мен Шалғынбаевтың қаламақысынан басым айналғандай 
тҿмен қарап. - Маған айына екі-ҥш жҥз сомның жҧмысы табылса да істер 
едім. Алда жазғы каникул келе жатыр. Ол кезде жҧмыссыз бос жҥру де 
қасірет қой... 
– Ҽй, - деді Шалғынбаев ҧзаңқырап барып тоқтап тҧрған есек арбаға 
қарап, аяғын шапшаңдата басып, – біздің редакцияда екі-ҥш жҥз сомдық 
жҧмыс болмайды. Курьердің ҿзі айына тҿрт жҥз сом алады, корректорлардың 
айлығы алты жҥз, ҽдеби қызметкерлердікі сегіз жҥз. Сен сияқты шикі 
студентке ҽдеби қызметкер болу қайда. Сен корректорға да жарамайсың. 
Егер курьер болғың келсе, ертең бізге кел. Мен сені жауапты секретарға алып 


Sauap.org
160 
барайын. Кеше Нюра деген курьер қызымыз демалысқа шықпақшы боп, 
орнына кісі табылмай жатқан сияқты еді.
Біз есек арбаның қасына келдік. 
– Ҽй, былай бҧр, - деді Шалдуар есектің шылбырын ҧстаған балаға 
кҿшенің оң жағын нҧсқап. – Ыстықкҿл кҿшесіне қарай тарт. Анау, 
бҧрыштағы ҥй. 
Есек арба оңға қарай бҧрылған соң мен: 
- Ал, Шҽке, қош болыңыз. Ертең редакцияға келемін, – деп ҿз жҿніме 
кетуге ыңғайландым. 
– Ой, қайда барасың? - деді Шалдуар «ҿзіңнің есің дҧрыс па?» дегендей 
маған бажырая қарап. 
– Жатақханаға... Емтиханға ҽзірленіп жатыр едік. 
– Жатақханаға... - деді ол маған бірдеңесін ҿткізіп қойғандай қабағын 
шытып.
– Сен енді мынаны тҥсіріп бермейсің бе? 
«Асығыспын, ҿзіңіз тҥсіріп алыңыз» дегелі бір тҧрдым да, Шалдуардың 
тҥрінен қорықтым. «Мінезі тік пҽле екен, ренжіп қап, ертең жҧмысқа 
алдырмай жҥрер» деп ойлап, оның соңынан ықылассыз ілестім. Ыстықкҿл 
кҿшесі мен Гоголь кҿшесінің бҧрышындағы екі этажды ҥйдің алдындағы 
сарайдың қасына есек арбадағы сексеуілді тҥсірдім, Шалдуар ҥйіне кіріп, 
ақша алып шықты да, арбакеш баланы жҿнелтті. 
– Ҽй, неғып тҧрсың? – деді ол кетуге ыңғайланған маған қарап. – Енді 
бҧларды анау тасқа соғып жармайсың ба? – Менің қырсау қимылымды 
аңғарды ма, ол бірден бастырмалата жҿнелді. – Сен ҿзің менен ақы дҽметіп 
жҥргеннен саумысың?! Саған ақы не керек. Отыз сомды олжа кҿріп жҥрген 
сен ертең курьер боп, айына тҿрт жҥз сом алып отырсаң шекеңе тар келе ме? 
Менің саған берер ақшам сол. Ҧқтың ба? Аһ?.. 
Мына пҽле шынында да бір сҧмдықты шығарып жҥрер дедім де, ҥйіліп 
жатқан сексеуілді ҥн-тҥнсіз шетінен сҥйреп жаруға кірістім. Тасқа соғылған 
сексеуіл жігері жалаңаш қолымды жаңғыртып, ҿн бойымды электр тогы 
соққандай дip-дip еткізеді. Сонда да тістеніп, тырмысып жатырмын. «Мҧны 
ҿзім жаратынымды білгенде бағана тез сынатын шірік сексеуілді кҿбірек 
салатын едім ғой» деймін ішімнен. Бірте-бірте алақанымның терісі ойыла 
бастады. Ақыры, қолым шыдамай бара жатқан соң, жарылған сексеуілді 
аяғының ҧшымен жинастырып тҧрған Шалдуарға бҧрылдым. 
– Шҽке, жаман қолғап бірдеңе табылмас па екен? 
– Ой, сен, ҿзің... студенттің жаман қолын аяп, – деп ежірейді ол маған, 
екі қолын қалтасында ҧстап, шірене тҧрып. – Мен саған жаман қолғапты 
қайдан табамын? 
– Қол шыдамай барады, – дедім мен Шалдуардың қолғабы жоғына бейне 
бір ҿзім кінҽлідей-ақ ыржия кҥліп. 
– Онда несіне солдат боп жҥрсің, бес тал ағашты жару қолыңнан 
келмесе? Жҽ, жар да, болған соң ана сарайға ҥйіп, қҧлпын сыртынан баса сал 
да, жатақханаңа жҥре бер. 


Sauap.org
161 
Осыны айтып Шалдуар алшаңдап ҥйіне қарай кетті. 
«Жҧрт қажылы сҿйлеп, сҽл кішілік кҿрсетсең, ҿстіп иығыңа мініп 
алатыны жаман, – деймін мен ҿзімнен-ҿзім кҥйіп-пісіп. – Маған бірдеңесін 
ҿткізіп қойғандай ҽкіреңдеп, алшаңдауын. Солдатты адам емес темір деп 
ойлайды екен-ау бҧл. Кҿрер едім соғыста болсаң, сенің жаныңның қандай 
темірден соғылғанын!» Ҿстіп, іштей кҥңкілдеп қанша ҧрысқаныммен, ол кҥні
Шалдуардың бар шаруасын тап-тҧйнақтай етіп тындырып кетуіме тура 
келді. 
Ертеңінде, сағат таңертеңгі тоғыздан аса ҥкідей ҧшып редакцияға 
жеттім.
Редакция орналасқан ҥш қабат ҥйдің алдына келсем-ақ менің жҥрегімді 
ҿзгеше бір лҥпіл кернейді.
Оның сыртқы биік тас баспалдағына кҿтерілгеннің ҿзіне тау болмаса да, 
тҿбе басына шыққандай кҿңілім биіктеп сала береді. Маған редакция 
адамдарының бҽрі ерекше жаралған жан боп кҿрінеді. Олар шетінен жақсы, 
шетінен сҥйкімді сияқтанды. Шалдуар Шалғынбаевтай боп олардың 
ортасында жҥруден артық бақыт жоқ іспеттенді. Ҿстіп, редакция ҥйінің ҽр 
бҧрышына аса зор қҧрметпен қарап, дҽлізде кездескен ҽр адамына, ол мені 
елемесе де, иіле сҽлем беріп, жаңа тҥскен жас келіндей сызылып келе жатсам, 
Шалдуар машина бюросынан шығып барады екен. 
– Шҽке, – дедім оны кҿргенде ҽкемді кездестіргендей қуанып. 
Шалдуар жалт бҧрылып, қалбалаңдай ҧмтылған маған таңданғандай, 
сҥзе қарап қалды. 
– Шҽке, сҽлеметсіз бе? 
– Сені кім шақырды, аһ? - деді ол қасына келген менің қолымды да, 
сҽлемімді де алмастан. 
– Сіз бҥгін кел деп едіңіз ғой. 
– Қашан? 
– Кеше, сіздің ҥйге отын тҥсіргенде. 
Шалдуар қабағын тыржитты. 
– Отын, отын!... – деді ол ҽлденеге мені кекеткендей. – Жҧмыс жайында 
десеңші одан да. 
– Иҽ, жҧмыс жайында ғой, Шҽке. Курьер алып қойған жоқ па едіңіздер? 
Шалғынбаев менің бҧл сҧрағыма жауап бермеді.
– Жҥр, – деді ол ҿкім ҥнмен иығымнан жҧлқып қалып. Бағанағыдай 
емес, Шалдуар енді маңғаздана аяңдады. Мен сҥмеңдеп соңынан ілестім. 
Ілесе бере, оған тағы бір сҧрақ қойдым. 
– Шҽке, біз кімге барамыз? 
– Жауапты секретарға, - деді ол мойнын бҧрмастан. 
– Жауапты секретарьларыңыз кім деген кісі еді? 
– Сен білмейсің, - Шалдуар оң қолын шорт сілтеді, – жаңадан келген 
адам. Сен сияқты соғыста болған. 


Sauap.org
162 
Мен «ендеше ол кісіге кірмей-ақ қояйық» деп ҥлгіргенше болмады. 
Шалдуар «жауапты секретарь» деген жазуы бар кабинеттің есігін жҧлқып 
қағып, мені жеңімнен сҥйрей ішке кірді. 
Кабинет иесі ҥстеліне еңкейе тҥсіп, газет қарап отыр екен. 
– Осы кісі жауапты секретарь, осы кісімен сҿйлес, – деп Шалдуар мені 
ілгері итермеледі. 
Мен Шалдуар ҿзі айтып, қызметке ҿзі алдырады екен деген ҥмітпен 
келген едім. Ол, малту білмейтін адамды терең суға лақтырғандай, мені 
кабинетке кіргізе салып, ҿзі сырғып шығып кетуге ыңғайланды. Осы кезде 
жауапты секретарь басын кҿтеріп, бізге бҧрылды. Оның жҥзін кҿргенде мен 
ҿз кҿзіме ҿзім сенбеген сияқтандым. Кірпіктерім ҥсті-ҥстіне жыпылықтап 
кетті. Қасы тҥксиген, орыс ҿңдес, сабырлы ақ сары кісі. Екі кҿзі де 
бҧрынғысындай сҽл шегірлеу. Ҥстіне жай киім кигені болмаса, бҧрынғыдан 
еш ҿзгерісі жоқ: ҽскери журналист капитан Бағи Уазитовтың нақ ҿзі. 
– Бҽке! – дедім мен жауапты секретарға екі қолымды бірдей созып. 
Бҽкең де мені жазбай таныды-ау деймін. Тез орнынан тҧрып:
– Ербол, сенбісің, айналайын! – деп қҧшағын жайды. Мен Бҽкеңнің мол 
қҧшағына қалай еніп кеткенімді білмей қалдым. Ол: «Аман-есен келдің бе?» 
деп бауырына қысып, арқамнан қағып жатыр. 
– Шҥкір, Бҽке, мен былтыр келгенмін, – деймін Бҽкеңнің мені 
қҧшақтағанына кҿңілім босаңқырап, бірақ оны білдірмеуге тырысып. – Ҿзіңіз 
қашан келдіңіз? 
– Екі айдай болды. Осында бҧрынғы қызметіме орналастым. Ҿзің 
қайдасың, Ербол? 
– ҚазГУ-де, оқудамын. 
– Бҽрекелді. Ал, отыр, ҽңгімелесейік. 
– Ҽңгіменің ҥлкені осыған жҧмыс керек, – деді жаңағы мені осында 
кіргізе салып шығып кетуге ыңғайланған Шалдуар қайтадан бҧрылып келіп, 
жҽне мені қалай да қызметке орналастыруға бел байлағандай белсенділік 
білдіріп: 
– Бҧл корректорлыққа жарамайды, курьер ету керек. Ҿздеріңіз де таныс 
екенсіздер ғой. 
– Болғанда қандай! – деді Бҽкең баптай сҿйлеп. – Біз бір бҿлімде қызмет 
еткенбіз. Мен редакцияда болдым. Ерболдың ҿлең, мақалаларын газетімізде 
жиі жариялап тҧратынбыз. 
Бҽкеңнің бҧл сҿзі мені бір кҿтеріп тастады. Шалдуар «жаман студент», 
«жаман солдат» деп желкемнен тҥспей қойып еді. «Бҽлем, білші менің 
қандай солдат болғанымды» дедім ішімнен айызым қанып. Менің осы 
ойымды сезгендей Шалдуар шап ете тҥсті: 
– Бҧл ҿлең жаза алушы ма еді? – деді Бҽкеңнің сҿзіне сенбегендей.
– Бҽле, жазғанда қандай! Мҧның ҿлеңдерінің кейбір жолдары біздің 
бҿлімнің туы іспеттес боп кеткен. Бҿлім шабуылға шыққан сайын біз Ербол 
ҿлеңінің: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет