Әзілхан Нұршайықов



Pdf көрінісі
бет14/31
Дата26.09.2024
өлшемі1,98 Mb.
#205160
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар

Күн күңгірт, түн қараңғы ай болса да
Келмес ұйқы жақсы орын, жай болса да. 
Күншығыс жоқтай болып кӛрінеді, 
Тӛрт бұрышты тӛңіректің сай болса да. 
Күн шығып тұрса-дағы түк кӛрмеймін, 
Айналам қараңғыдай қол сермеймін. 
Сәулесін аспандағы ай мен күннің, 
Меңтайдың ақ жүзіне теңгермеймін.
Жұтуға ауадағы жайсыз аса, 
Сӛйтпек пе әлде кӛңіл жабырқаса? 
Қайдан тәтті болмақшы ауа шіркін, 
Меңтайдың дем-лебізі қосылмаса. 
Іздеумен елегізіп қысылдым сан. 
Тән терлеп, жүрек жүдеп, қиналды жан. 
Күн – күңгірт, ай – қараңғы, ауа – ауыр 
Меңтайдың бұл маңайда жоқтығынан!.. 
Онымен жаз ҿтті. Кҥзде, оңтҥстікке қарай бет тҥзеген тырналардай 
тізіліп, Алматыға лек- легімен студенттер қайтты. Ҽр жақтан, алыстан келіп, 
ҿзінің ҥйреншікті кҿліне қонған аққудай сыланып отыз қыз ҿзіміздің отыз 
ҥшінші аудиторияға жиналды. Меңтайды кҿріп, менде ес қалған жоқ. Ҿзіме 
онша назар аударып, жақын тартпаса да, бар бейілім соған ауды. Оның 
аудиторияға кіріп-шыққаны, жҥрген жҥрісі, сҿйлеген сҿзі, кҥлген кҥлісі – 
бҽрі маған қуаныш болды. Енді маған кҥн де кҥлімдеді, ай да жарқырады, ауа 
да жақсарды. 
Сары алтынның буына масайғандай, кҿңілім кҿтеріліп, кҿзім кҥлімдеп, 
мҽз болдым да қалдым. Сҿйтіп жҥріп, сентябрдің ҿткенін де аңғармаппын. 
Бҧл кҥнде мен бҧрынғыша Меңтайдың қасына отырмаймын. Жҧрттың 
кҿзі тҥсіп, сҿзі кҿбейгеннен кейін, оның ҥстіне ҿзімнің оған деген 
қҧмарлығым артқан соң, амалсыз қоныс аударғандай боп, арт жаққа, 
Жомартбектің қасына кеткенмін. Қазір Меңтай мен Майра жҧптасып, екеуі 
бірге отырып, бірге жҥретін болған. Ол екеуі сияқты, курстағы еркек кіндікті 
екеуміздің де жҧбымыз жазылмайтын.
Бір кҥні, октябрдің аяқ кезінде, Жомартбек екеуміз сабақтан қайтып 
жатақханаға жаңа ғана кірген едік. Жомартбек дереу шай ҽкелуге кетті. Оның 
артынан іле-шала ентіге жҥгіріп бҿлмеге Тана келді. Терезе алдында тҧрған 


Sauap.org
173 
менің қасыма ҽзер жетті де, мойнымнан бас салып қҧшақтай алып, еңірей 
жылап қоя берді. Мен шошып кеттім. Ҿне бойым қалтырап, не істерімді, не 
дерімді білмей қалдым. Қыз байғҧстың қҧшағы ажырайтын емес. 
– Жыламашы, тоқташы не болды, Тана? – дедім мен ҥрпиіп. 
Қыз тоқтап, сҽл сабыр тҧтып, сҿз бастамақ боп кҿзін сҥртті. Сҿйтті де: 
– Заман... Заман... – деп, ар жағын айта алмай, қайтадан кемсеңдеп, ағыл-
тегіл боп жҽне жылады. 
Тана «Заман» деп менің досым, ҿзінің ҿлген серігін айтып тҧр ма? - деп 
бір ойладым. - Ҽлде «Заман» деп дҽуірді айтып, басына тҥскен тағы бір 
мҧңын шаққалы келді ме екен? – деп тағы да дағдардым. 
Бір кезде қыз есін жиды. 
– Сҥйінші, Ербол, Заман тірі екен! – деді бір жылап, бір кҥліп. – Досың 
тірі екен, сенің!.. 
Мен сенерімді де, сенбесімді де білмедім. Тҿбе шашым тікірейіп, ҿне 
бойым тҥршігіп кеткендей болды. Ҿйткені осы байғҧс бала ой соқты боп 
кеткен жоқ па екен деген кҥдік келді маған. 
Сонымды сезгендей қыз басын шайқап, безек қақты. 
– Рас, рас, Ербол айналайын, қуатым. Илан менің сҿзіме, илан! - деп 
Тана тез ридикюлін аша бастады. Одан бір конверт шығарып, конверттің 
ішінен екі хат суырып алды. – Мынау Заманның біздің ҥйге жазған хаты
мынау менің сіңлімнің маған жолдағаны.
Мен жалма-жан, саусақтарым дірілдеп, Заманның хаты деген қағазды 
аша бастадым. Рас, Заманның жазуы, соның ҿз қолтаңбасы. Хаттың басына 
бір қарап, дереу аяғына кҿз жҥгірттім: «1946 жыл, 15 сентябрь» деп 
жазылыпты.
Содан соң мен бас салып Тананы шҿпілдетіп сҥйе бастадым. Осыдан нақ 
екі жыл бҧрын бір тҿсекте жатып, Тананың бетінен сҥйіп, кҿзінен аққан 
қайғылы жасын қоса жҧтып едім. Енді міне оның бетінен екінші рет сҥйіп, 
кҿзіндегі қуаныш жасын қоса сіміріп тҧрмын. Екеуміз біріміздің бетімізді 
біріміз тыным таппай шҿпілдете сҥйісіп жатырмыз. 
Бір кезде дедек қағып Жомартбек келді. Сҥйісіп жатқан екеуімізді кҿріп 
ол, таңданғандай боп сҽл тҧрды да, қолындағы шайнекті еденге қоя салып, 
жҥгіріп келіп, екеуміздің бетімізден кезек сҥйе бастады. 
– Сен неге сҥйесің Тананы? - деймін мен Жомартбекке қуана кҥліп. 
– Сен сҥйген соң сҥйіп жатырмын. Ал сен неге сҥйесің? 
– Онда себеп бар. Жарайды, сен Тананы қыз болған соң сҥйдің дейік. Ал 
менде нең бар? 
– Сен Тананы сҥйген соң, ол сені сҥйді. Ҿзің мен сҥйсем, Тана да мені 
сҥйе ме деп дҽметіп жатырмын, - деді Жомартбек шімірікпестен. 
Ҥшеуіміз де кҥлдік. Содан кейін: 
–Ендеше сені де сҥйейін, бауырым, – деп Тана Жомартбектің оң бетінен 
шҿп еткізді. 
– Мына бетім ҿкпелеп қалады, мҧны да сҥйіңіз, – деп Жомартбек дереу 
Танаға екінші бетін тосты. 


Sauap.org
174 
Тана Жомартбектің сол жақ бетінен тағы да сҥйді. Тағы да ду кҥлдік. 
Осыдан соң ғана есімізді жиғандай болып, хаттарды қайта оқыдық.Сҿйтсек, 
1943 жылы Заман ҿлмепті. Ол ротасымен қоршауда қалады. Қоршауды бҧзып 
шығамыз деп тҥнде шептегі немістерге шабуыл жасағанда Заман ауыр 
жаралы боп, жау қолына тҥседі. Ротаның жартысы аман- есен ҿзіміздің жаққа 
ҿтеді. Ол тҧтқындар лагерінде болады. Бірнеше рет қашуға талаптанып, қолға 
тҥсіп қалады. Ақыры, 1945 жылы майда ҽскери тҧтқындармен бірге біздің 
қолға ҿтіп, кейін сотталады. Содан бері Орал тауында шахтада жҧмыс 
істейтін кҿрінеді. Заман хатының соңында ҿздерінің Свердловск қаласының 
солтҥстік-батыс жағында сексен шақырымдай жердегі Билимбай деген 
жҧмысшы поселкесінде тҧратынын айтып, ҽдірісін кҿрсетіпті. Келем деген 
кісі алдымен Свердловскіге жетсе, одан кейінгісі қиын емес – біздің 
рудниктің кен тасыған машиналары ағылып жатады депті.
Ҽрине, ол ешкімге де, Танаға да кел демеген, бірақ ерікті ҿзіне тастаған. 
Ол қалай дегенмен де, уақыты бітіп босағанша, біраз қиындық кҿруге тура 
келетінін ескерткен. Ал хатының ең соңында былай депті: «Соғыстан кімдер 
тірі қалды? Ербол аман оралды ма? Кҿрсең менен кҿп-кҿп сҽлем айт. 
Ҽдірісімді бер». 
Сонымен Жомартбек, Тана, мен ҥшеуіміз ҥстел ҥстіне жайып жібердік 
те, картаға ҥңілдік. 
Ары қарап, бері қарап ақыры, Орталық Оралдан Свердловскіні таптық 
та, оның маңынан Билимбайды іздедік. 
– Осы Билимбай дегеніміз картаға тҥсетін жер аты емес, Заман ағайдың 
пҽтерде тҧрған ҥйінің иесі боп жҥрмесін, – деді Жомартбек кҥлдіріп. 
– Расында да ҿзі қазақ атына ҧқсас екен, – деді Тана бір жылап, бір 
кҥліп.
Тана жылаған кезінде кҿзінен кҿк маржан домаласа, кҥлгенде аузынан 
ақ маржан шашылған секілденеді. 
– Бҽлкім башқҧрт жері болар, – деймін мен оларға ҿз жорамалымды 
айтып.
– Бҽсе, – деді бір кезде Жомартбек масаттанып, – бала кезімде 
бірсыпыра б... жесем керек еді. – Осылай деп ол сҧқ саусағын шошайтып 
картаға тіреді. 
– Ой, ой, Жомартбек, байқа, картаны тесіп жібересің, – дедім мен оған 
кҥлместен, жымимастан, кҿзімді бақырайтқан болып. – Сенің саусағың 
саусақ емес, шеге екенін білмейтін бе едің? – Жомартбектің саусақтары 
шегедей салалы, ҧзын болатын. Оның саусағы бҥйіріне тиіп кеткен 
қыздардың қайсысы болса да баж ете қалатын. Ҽсіресе Зайкҥл: «Ҽй, Ҽй, 
Жомартбек, тіліңді қалай сҧқсаң, олай сҧқ, бірақ ана шегелеріңді ары ҽкет» 
деп безек қағатын. - Бірақ мақтауыңа ҽбден болады.
Бала кҥніңде б...-ны кҿп жесең, ҽрине, табасың. Жарайды, саусағыңды 
тарт енді. 
– «Б» деген немене, витамин бе? – деді Тана да мырс етіп. 
Жомартбек тез саусағын ала қоймады. 


Sauap.org
175 
– Немене, сен «б...» дегенге ананы айтып тҧрсың ғой, – деді ол маған 
бҧрылып. Қазақта кімде-кім бала кҥнінде ҿз кҽкейін кҿп жесе, ҿскенде сол 
кҿргіш болады деген ҽзіл сҿз бар емес пе. Менің де ойыма келгені сол еді,
Жомартбектің де «ананы» деп тҧрғаны сол. -Оны жесең, ҿзің жеген 
шығарсың. Ал мен бала кҥнімде кҥріш ботқаны кҿп жегенмін. Ал ботқа 
жегеннің кҿзі кҿргіш болады дейтін ҥлкендер. 
– Біздің жақта кҥрішті жасық ас деп есептейді. Сенің кҿреген боп 
жҥргенің кҥріштен емес шығар, – дедім мен кҥліп. Тана да кҥлді. Басын 
шайқап, Жомартбектің ҿзі де қосылды. 
Кҥлкіміз тыйылғаннан кейін Жомартбек картадан саусағын кҿтерді.
Билимбай картада расында да бар екен. Оған кҿзіміз тҥсіп, ҽрқайсымыз 
ҿз ауылымыздың тҿбесін кҿргендей, қуанысып қалдық.
– Ал енді не істеймін мен? – деді Тана менің бетіме шыдамсыздана 
қарап. -Сенімен ақылдасуға келдім. Хатты кеше алғамын, бҥгін сабаққа да 
барғамын жоқ. 
Мен ойланып қалдым. 
– Заман ҿлді деп хабар келгелі екі жылдан асты. Басқа сҿз беріп қойған 
ешкімің жоқ па еді? - дедім тҿмен қараңқырай кҥбірлеп. 
Қыз жылап жіберді. 
– Ербол-ау, Заманның аты ойымда тҧрғанда, мен кімге қараушы едім. 
Оның аты мҽңгі менің жанымда, жҥрегімде, жадымда емес пе? 
Осылай деп қыз кҿзінің жасын қайтадан сҥртті. Мен кҥліп, ҽзілге 
айналдырдым. 
– Маған да қарамас па едің, Тана? – дедім. 
– Иҽ, саған да, - деді қыз да кҥліп. – Бірақ Заман болмаса, саған қарауым 
мҥмкін еді. 
– Рақмет, Тана,– дедім мен қызды шашынан сипап. – Ендеше сенің 
Билимбайға баруың керек болар. Қыз қуанып, орнынан атып тҧрды. 
– Ҿзім де осы қорытындыға келіп едім, Ербол, – деді ол тҥрегеп тҧрып 
мені иығымнан қҧшақтап. 
– Ойбай, бҧл мҽселеден мені де шет қалдырмаңыз, – деп Жомартбек 
орнынан ҧшып тҧрып, Танаға ол да иығын тосты. Тана оны да қҧшақтады. 
– Тҥу, рақаттанып қалдым ғой, шашымнан бір сипап жіберіңізші. – Тана 
Жомартбекті шашынан сипап, басын бауырына қысып босатты. – Осында 
отыз қыздың ортасында отырмыз, Ербол екеуіміз. Бірде-бірінің дҽл сіздей 
шарапаты тиген емес бізге. Ербол Меңтайға неге қҧмар десем, қыздың 
сипағаны жақсы болады екен ғой, шіркін! 
Ҥшеуміз де ду кҥлдік. Кҥлкі тынған соң Жомартбек байсалды қалпына 
келді де, Танаға қарады. 
– Оқуыңызды қайтесіз, Тана? – деп сҧрады. 
– Тастаймын, – деді Тана бірден. – Заманым ана жақта ауыр жҧмыста 
жҥргенде оқу, қызық маған не керек? Барамын, қасында боламын. Ол отқа 
кҥйсе – бірге жанамын, ол су тҥбіне кетсе - бірге батамын! 


Sauap.org
176 
Мен Тананың тҥрінен шын ғашықтың шешімін таныдым. Таныдым да: 
«Ер екенсің ғой, айналайын!» деп іштей қҧптадым. 
Ары талқылап, бері талқылап ақыры біз мынаған келістік. ЖенПИ берсе 
Тана екінші курсын бітіргені жайында анықтама алады. Бермесе – жҥре 
береді, артынан жібереміз. 
Ҿйткені ол, документтерін ала кетсе, Свердлов оқу орындарының біріне 
тҥсіп, Заманға жақын жерге орналасады. Ал, анықтаманы аттестатымен қоса 
кейін жіберсек, онда ол сондағы бір институтта сырттан оқитын болады.
Сексен шақырым жерде институт болса, оны бітіріп алудың не 
қиындығы бар?! 
Одан кейінгі мҽселе қаражат жайына тірелді. Менің жазда курьер, 
корректор болып тапқан екі мың сомдай ақшам болатын. Тананың 
қаражатына сол жарайды деп есептедім. 
«Ҽттең бір 7–8 мың сом болса, жақсы болар еді», – деп ҿзімнен ҿзім 
кіжіндім. Бірақ, қара табан студенттің қҧр кіжінгенінен не шығады?! Жоққа 
жҥйрік жетпегенде, ол қалай жетсін. 
–Қашан жҥресің? – дедім мен содан соң.
– Ҧшарға қанатым жоқ, Ербол. Тез жҥрсем, тез жетсем, тезірек кҿрсем 
екен! –деп қамықты Тана. 
Мен тығып жҥрген бар ақшамды алып, ескі ақшаның кезі ғой онда
қобыратып, Тананың ридикюліне салып бердім. 
– Апырай, Ербол-ай, – деді Тана тағы да тамағына жас тығылып, – мен 
сенің адал дос екеніңді білгенмен, мынадай мырза екеніңді білмейтін едім... 
Мен бҧл сҿзді де ҽзілге айналдырып жіберуге тырыстым. 
– Жолдасың жомарт болса, сен қалай сараң боларсың, – дедім кҥліп, 
Жомартбекті нҧсқап. 
Жомартбек менің осы сҿзімді пайдаланып, тез жҽп ете тҥсті. 
– Мҧны сіз жалғыз Ерболдың бергені деп ойламаңыз, Тана,– деді ол 
қутыңдап. - Бҧл сіздің жолыңызға Ербол екеуміздің қосқанымыз. 
– Рақмет. Бҧл еңбектеріңді тірі болсам ҧмытпаспын да, ҿтемей жҽне 
тынбаспын! 
– Ҽрине, сіздің екі есе ғып ҿтейтініңізге мен шҥбҽланбаймын, – деді 
Жомартбек қуақыланып. 
– Ҽкел, қолыңды, бауырым, - деді Тана кҥліп, екі кҿзі оттай жайнап, – 
осы еңбектеріңді ҥш есе ғып ҿтейтініме ант етемін! 
Мен баж ете қалдым. 
– Қой, Тана. Жомартбек қалжыңдап тҧр. Бҧным саған қарыз емес, 
достық қарызының титімдей тҿлеуі ғана болар бҧл. Ана қарызынан кейінгі 
ҿмірде ҿтелмес ҥлкен қарыз достық қарызы екенін білесің ғой ҿзің. Бҧл, 
ҽшейін, жол қаражаты болсын дегенім. Бала боп кеткенбісің, қайдағыны 
айтып.
Мен ашуланған болып аузымды бҧлтиттым. 
– Айналайын, айналайын, қалқам, - деді ол тағы жылап, ашуланбашы 
маған. 


Sauap.org
177 
Тана бір аптаның орайында қалайда жҥрмек болды. Жомартбек екеуміз 
билет алып, шығарып салуға уҽделестік. 
Ертеңінде бҧл оқиға бҥкіл біздің курсқа тарады. Жомартбек менің анада, 
емтихан кезінде, 
Тана туралы айтқан ҽңгімемнің шын екендігін, Тананың жігіті, менің 
досым Заманның ҿлмей тірі боп шыққанын, соны естіп Тананың ЖенПИ-дегі 
оқуын тастап, Оралға жҥргелі жатқанын, менің алдағы базарда костюм, 
пальто, аяқкиім сатып аламын деп жинап отырған ақшамды бір тиынына 
дейін қалдырмай Тананың ридикюліне салып бергенімді бірін қалдырмай 
қыздарға айтып қойыпты. Қыздардың бҽрі, танаулары делдеңдеп, дҥрлігіп 
алыпты. 
– Рас па, ағай? 
– Шын ба Жомартбектің айтып жҥргені? – деп менен бірінен соң бірі 
сҧрасады. 
– Алла-ай, не деген кҥшті махаббат! – дейді Зайкҥл жағасын ҧстап. – Бҧл 
заманда да мҧндай махаббат болады екен ғой. Мен ойлаушы едім махаббат 
анау Қыз Жібек, Баян сҧлулармен біткен шығар деп. 
– Иҽ, неге сен олай деп ойлайсың, – деп Майра шап ете тҥсті оған. – 
Махаббат мҽңгілік, ол ешқашанда ҿшпейді деп оқыған жоқсың ба? 
Ендеше ҽр заманның ҿз махаббаты, ҿз Қыз Жібегі болады. 
– Бірақ мен махаббат бар екен деп сонау Оралдағы тҧтқын адамға 
тҿбеңнен алтын қҧямын десе де бармас едім, қыздар,– деді Зайкҥл иығын 
қиқаңдатып.
– Ол – сен ғой, Зайкҥл, – деді Меңтай кҿзін алысқа қадап, қатты ойлана 
отырып. 
– Сонда сен барар ма едің? – деп Зайкҥл шап ете қалды оған. 
– Мен ғашық емеспін, - деді Меңтай бҧрылып. – Ал шын сҥйіп, 
уҽделескен кісім болса, ҽрине, барар едім. «Рас, шын сҥйіп, уҽделескен кісісі 
болса Меңтай сҿзсіз барар еді» деп ойладым мен де ішімнен. 
– Жоқ, Зайкҥл, сен барасың. Баратыныңды ҿзің байқамай отырсың, - деді
Қанипа қасқа тісін ақситып, кҿзін қҧйқылжыта кҥлімдеп. – Тҿбеңнен 
алтын қҧямын десе, неге бармайсың, барасың, ҽрине. Ҿйткені, - Қанипа бҧл 
тҧста дауысын да қҧбылтып жіберді, – ол алтын ғой... 
Қыздар ду кҥлісті. Зайкҥлдің ҿзі де кҥлді. 
– Қайдан білейін, – деді ол басын шайқап, - онда барып та қалуым 
мҥмкін-ау.
- Бірақ ол бҧл ойына табан тіремей жатып, тез жалт бҧрылды. – Ҽй, алыс 
қой, бара алмайтын шығармын. Айдаладағы Орал тауы тҧрғай, мына тҧрған
Қордай тауының етегіндегі ауылыма барып келуге де қиынсынамын. 
Жомартбек ҽндетіп қоя берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет