«Алға қарыс бассаң бас!
Sauap.org
163
Сүйем кейін шегінбе!
– Әдет жоқ ондай тегіңде!»
– деген жолдарын ҥнемі газеттің шпигеліне
беретінбіз. Шалдуар басын шайқады да:
– Мынадан ҿлең шығады дегенге ешқашан сенбес едім, аһ,– деп мені
бҥйірден тҥртіп қалып, сақылдап кеп кҥлді.
Жауапты секретарь сҿзін қайтадан жалғады.
– Оның ҥстіне мен Ерболға соғыстан аман келіп, осы орында отырғаным
ҥшін тікелей қарыздар кісімін, – деді ол Шалдуардың парықсыз кҥлкісінің
тоқталуын тоспай. – Бҧл бақандай ҥш журналисті тікелей ажалдан алып
қалған.
Шалдуар бҧған да сенбегендей боп, маған қарады да, басын шайқады.
Жауапты секретарь ҥш журналистің алғы шепке келіп, маған
жолыққанын, біздің позициямызды жау атқылап, бір снарядтың жер ҥй
алдына келіп ысылдап жатып алғанын Шалғынбаевқа таратып айтып
жатпады.
– Ербол, сен Нығмет Елеусізовтің қазір қайда екенін білесің бе? – деді
маған бҧрылып.
– Жоқ.
– Бҽле, ол қазір С. қаласында, облыстық газет редакторының
орынбасары. Ал капитан Рыжовтың қайда екенінен хабарын бар ма?
– Жоқ.
– Ол Москваның бір баспасына орналасыпты. Мен хат алып тҧрамын.
Бір хатында сені сҧрапты.
– Апырай, ҽ, - деймін мен қуанған ҥстіне қуанып.
Уазитов енді менің жайыма ойысты.
– Сен студентсің ғой, – деді ойлана отырып. – Ҽрине, қоса қызмет
істемесең, болмайды қазір. Ал саған не жҧмыс тауып берсек екен?
Ол қарсысында тҥрегеп тҧрған Шалғынбаевқа қарады.
– Е, мҧны Нюраның орнына кешкі курьер ете салыңыз, ah,– деді
Шалдуар жҧлып алғандай. – Бҧған сол да жетеді.
– Иҽ, – дедім мен басымды изеп.
– Жоқ, мен Ерболға тҥпкілікті жҧмыс болса деп отырмын. Курьерлікті
қойшы, Ербол тҥбінде біздің белді қызметкерлеріміздің бірі болуға тиіс.
Бірақ қазір сол уақытша курьерліктен басқа бос орын жоқ.
– Мен курьер-ақ болайын, Бҽке, – дедім осы бар қызметтен айырылып
қалмайын дегендей асығып. - Қазір емтихан ҿткізіп жатырмыз, ҿзі кешкі
жҧмыс болса, маған қолайлысы осы сияқты.
– Жарайды, ҽзірше осыған орналаса тҧр. Ар жағын тағы кҿре жатармыз,
– деп жауапты секретарь маған бір жапырақ қағаз ҧсынды. – Арыз жаз:
уақытша курьер етіп алуды сҧраймын деп қолыңды қой. Кешкі алтыда
қызметке кел.
– Айттым, орналастырдым. Аһ! Ал енді неғыл дейсің? Аһ! – деді
Шалдуар жауапты секретарьдан шыққаннан кейін маған шірене қарап. - Сен
менің бҧл жақсылығымды ҧмытпа.
Sauap.org
164
– Рахмет, Шҽке, ҧмытпаймын, – дедім мен оған асыға бас изеп.
Мінеки, осыдан жиырма шақты кҥн бҧрын мен қызметке осылай
орналасқан едім. Кҥн сайын кешкі алтыда редакцияға барамын. Тҥнгі он бір-
он екіде жҧмысымды бітіріп, жатақханаға қайтамын. Алғашында «курьер»
деген сҿздің мҽнісін жҿнді біліңкіремей де жҥрдім. Сҿйтсем, редакция мен
баспахана арасына қағаз тасушы кісіні осылай деп атайды екен. Редакцияда
екі курьер бар. Кҥндізгі курьер Даниловна дейтін қартаң ҽйел. Кешкі алтыға
дейін редакциядан баспаханаға қағазды ол тасиды, кешке ол жҧмысқа мен
кірісемін. Біздің таситынымыз редакция бҿлімдерінің кҥн сайын газетке
басылуға даярлайтын мақалалары. Соны жиналған сайын топтап
секретариаттан алып, баспаханаға апарып тастаймыз. Цех бастығы курьерден
келген мақалаларды қол қойып алады да, дереу линотиписткаларға бҿліп
береді. Олар алдарында тҧрған пианино тҽріздес машиналарға –
линотиптерге отыра қалып, мақала сҿздерін қорғасынға кҿшіреді. Осылайша
екі курьердің кҥні бойы кезектесіп баспаханаға тасыған қағаздары ертеңінде
газет болып шығып, оқушылардың қолына жетеді.
Маған редакция да, баспахана да қызық. Кҥн сайын екеуінің де
жҧмысын жайын ақырындап тҥсіне тҥстім. Тҥсінгеннен кейін ҿзімді қатар
жатқан қос кҿлдің айдынына кезек сҥңгитін қоңыр ҥйрекке теңедім.
Редакцияның негізгі мақалалары баспаханаға кҿбіне кҥндіз жҿнелтіледі
екен.
Кешке кҥндіз ҥлгермеген азын-аулақ мақала, кҿбінесе алдағы
нҿмерлерде басылуға тиіс запас материалдар тасылады. Анда-санда ТАСС-
тан келген тығыз мақалалар болады.
Аударылғаннан кейін баспаханаға соларды жеткіземін.
Қалай дегенде кешкі курьердің бос уақыты кҿп болатын. Ондай сҽттерді
бос жібермей, мен оңаша кабинеттердің біріне кіріп алып емтиханға
ҽзірленетінмін. Ал емтихан ҿткізген кҥндері Даниловна апайдың қуанышына
жҧмысқа бірер сағат ерте де шығатынмын. Елпек атқа кімнің мінгісі
келмейді.
Қалған жҧмысын Даниловна да маған тастай салады. Қызмет аяғында
қайта басылған мақаланы салыстырып асығып отырған бҿлім меңгерушісі де
маған жалынады.
– Ербол, сен мынаны тыңдай қойшы, мен оқып тастайын.
– Ербол, сен мынаны оқып жіберші, мен оригиналға қарап отырайын, –
дейді.
Ең алдымен мені машинистка Бибіш апай жҧмсайды.
Мен баспалдақтан кҿтеріле бергенде машбюроның ашық тҧрған есігінен
тҿрде отырған апайдың кҿзі мені шалып қалады да, тартпасын аша бастайды.
– Сҽлеметсіздер ме? – деймін машбюроның ашық есігінен басымды
сҧғып.
– Айналайын, менің Ербол бауырым елгезек қой. Маған тҿменнен барып
бір папирос ҽкеп бере қойшы, - деп Бибіш апай бірден ақшасын ҧсынады. –
Осы шарша-а-ап ҿлейін деп отырмын, бҥгін жҧмыс сондай кҿп болды.
Sauap.org
165
Мен кҥліп бас изеймін де, редакцияның астындағы буфеттен бір пачка
«Прибой» ҽкеп беремін. Оған апай мҽз боп қалады.
– Ой, тілеуіңді бергір. Ой, бір жақсы келіншек алып, кҿсегің кҿгергір! –
деп батаны ҥсті- ҥстіне жаудыртады.
Апай жақсы келіншек жайын айтқанда мен ҿз-ҿзімнен қызарып кетемін.
Кҿз алдыма бірден Меңтай елестейді. Менің оған ғашықтығымды осы апай
бейне бір біліп отырғандай боп кҿрінеді. Ҿстіп жҥріп оқу жылын да
аяқтадым.
* * *
Енді бҥгіннен бастап дайындалатын емтихан жоқ. Қыздар да
ауылдарына кетті. Бір бҿлмеде қалған Жомартбек екеуміз ғана болсақ, оның
кешке дейін келу-келмеуі екі талай.
Ол да ертең не бҥрсігҥндері еліне қайтпақшы. Бҽлкім, ол қазір билет
алудың қамында жҥрген болар. Сондықтан мен сағаттың алты болуын
кҥтпей, бҥгін жҧмысқа кҥндегіден ерте бардым.
– Ербол, ой, Ербол, - деді Бибіш апай менің тҿбем баспалдақтан
кҿрінісімен-ақ. – Жылдамырақ жҥрші, айналайын.
Апайдың темекісі таусылып отыр екен. Қазір тартпасын ашып,
сумкасын ақтара бастайды деп ойладым ішімнен.
– Сҽлеметсіздер ме? Жайма, Би-апай?
Апай кҥліп жіберді.
– Темекіге жҧмсайды екен деп қалдың ба? Темекім бар, қалқам. Осы
қазір ғана сені жауапты секретарь іздеп отыр еді. Соған бара қойшы тез.
Саған жаңа жҧмыс бергілері келіп отырған сияқты.
Салып отырып жауапты секратардың кабинетіне барсам, Бҽкең жалғыз
отыр екен.
– Қал қалай, Ербол? – деді ол сҽлемдескеннен кейін.
– Қал жақсы, емтиханды бітірдік.
– Каникулде қайда болмақ ойың бар: осында қаласың ба? Ҽлде бір жаққа
барасың ба?
– Осында қаламын, қайда барамын? – дедім мен. – Ауылға қайтайын
десем, арлы-берлі жҥруге қаражат керек.
– Онда биыл жаздай бізде корректор боп істей тҧрсаң қайтеді?
– Істеймін.
– Ертең бір кешкі корректор демалысқа шығушы еді. Соның орнын
саған ҧстап отырмын.
Келесі айда тағы біреуі шығады, оның орнын жҽне сен басасың, – деді
Бҽкең сабырлы, қамқор кҿңілмен.
– Кҥндіз ҧйқың қанғаннан кейін маған келіп жҥр. Ҽнеугідей емес, қолың
босады ғой. Мен сені енді завод, фабрикаларға жіберіп, хабар,
корреспонденциялар жаздырамын. Бҧл да қосымша қаражат болады.
– Рахмет, Бҽке.
Sauap.org
166
– Бара-бара мақала, очеркпен де айналысарсың. Сҿйтіп екеуіміз сенің
қолыңнан жазу келетіндігін осындағы жҧртқа дҽлелдейтін боламыз.
Мен басымды изедім.
– Онда мен сені ертеңнен бастап корректор қызметін атқарады деп
бҧйрық бердіремін.
Сҿйтіп мен сол кҥннен бастап екі ай корректор болдым. Екі айда
«Е.Есенов» деп қолым қойылып, газетте 6-7 рет хабар, корреспонденциям
шықты. Газет айына екі рет қаламақы, екі рет жалақы береді екен. Студенттің
айына бір рет берілетін стипендиясындай емес, бір айда қолына тҿрт рет
ақша ҧстаудың ҿзі маған ересен байлық сияқты боп кҿрінді. Оның ҥстіне
Уазитов ағай менің хабарларыма студенттік жайымды есептеп, ҥнемі
кҿтеріңкі қаламақы қойып отырыпты. Оны қаламақы алған сайын
Шалдуардың бас шайқауынан білдім. Мен қаламақы немесе жалақы алып
шықсам-ақ алдымнан Шалғынбаев тап бола кетеді.
– Ҽй, Қарадомалақ, ақша алдың ба? Аһ! – дейді.
– Алдым, – деймін мен арсалаңдап.
– Ҽкел санайық, – дейді ол қолын созып.
Мен жаңа ғана кассирден санап алып, кҿнетоз гимнастеркамның омырау
қалтасына екі бҥктеп салып қойған ақшаны қайта суырамын. Шалғынбаев
оны уыстап алады да, мені оңашалау жерге қарай бастайды. Содан соң ол
жайланып отырып менің ақшамды санай бастайды. Санайды да:
– Кҿп, - деп басын шайқайды.
– Неге?–деймін мен ҿз-ҿзімнен қысылып. Ол бухгалтерияға айтып,
ақшамның жартысын қайтадан алдырып қоятындай боп кҿрінеді.
Сасқалақтап, Шалдуардың бетіне жалтақ- жалтақ қараймын.
– Кҿп деген соң кҿп! – дейді ол ақшаны маған қайырмай, уыстап ҧстап
тҧрып.
Мен бір оның қолынан суырып ҽкететіндей, будыраған қағаз ақшаның
уысынан шығып тҧрған шетін бармағымен басып қояды. Сонсоң мені тергей
бастайды.
– Сен бҧл жартыда неше хабар жаздың?
– Екеу.
– Ҽне, айттым ғой. Екі хабарға мҧнша ақша тиісті емес. Бҧрын бізге аз
қойылатын.
– Мен қайдан білейін, – деймін Шалдуардың алдында қылмыс
жасағандай қысылып.
– Сен білмейсің, мен саған білген соң айтып тҧрмын, аһ! – дейді ол
маңғазданып.
Бір жолы, Шалдуардың осындай тергеуінен кейін, мен одан:
– Ҿзіңіз қанша алдыңыз? – деп сҧрадым ақырын ғана. Ол басын
шайқады.
– Бҧл жолы мен ештеңе алғаным жоқ. Қазір ҿзі очеркке лайық материал
жоқ, - деп қабағын шытты.
Sauap.org
167
Мен одан сайын қысылдым. Бейнебір Шалдуарға тиісті ақшаны ҿзім
алып қойғандай қуыстандым. Мені бҧл қиындықтан Шалдуардың ҿзі
шығарды.
– Ал енді бҥгін ішпейміз бе? Аһ? - деді ол менің ақшамды ҧстаған оң
қолын жоғары кҿтеріп.
Мен басымды изедім.
– Жҥріңіз, Шҽке, сіз ішіңіз, менің ішпейтінімді ҿзіңіз білесіз ғой.
Бҧлай дейтінім курьерлік жалақымның алғашқы жартысын алғанымда
дҽл осылай
Шалдуар кездесе кеткен. Сонда да ол менің аз ақшамды қолына алып,
ерні жыбырлап санап шығып, «ал енді ішпейміз бе?» деген. Мен оны кҿше
бҧрышындағы кҿк будканың біріне ертіп барып, екі жҥз грамм арақ
ҽпергенмін. Одан кейін де жалақы, қаламақы алған сайын Шалдуар менен
міндетті тҥрде екі жҥз грамм ішпесе аузы қисайып кететіндей боп ҽдеттеніп
алған. Сол кездесулерде менің жарытып ішпейтініме оның кҿзі жеткен.
– Бҧл сенің нешінші қаламақың? – деді Шалдуар ақшаны ҿзіме қайтарып
беріп жатып.
– Ҥшінші ғой, Шҽке.
– А, солай ма? Сен де ҥшінші рет қаламақы алып жібердің бе, ей? - Ол
қарқылдай кҥліп, ҽдеті бойынша арқамнан қойып кеп қалды. Ыңқ ете тҥскен
менің аузымды аштырмастан тағы да ҿзі сҿйлеп кетті. – Онда былай болсын.
Ҥшінші қаламақыны жақсылап жуумыз керек. Бҽріміз де сҿйткенбіз. Ҽйда
жҥр, кҿк базардағы шайханаға барамыз.
Мен бҧрынғы ҽдет бойынша Шалғынбаевты кҿшелердегі кҿк
будкалардың бірінен сыйлап қайтарармын деп ойлап едім. Ол мені
дедектетіп, кҿкбазардағы шайханадан бір-ақ шығарды. Ҥстелге отыра сала,
даяшыны шақырып, ҿзі заказ берді.
– Жҥз елу грамм арақ – деді ол даяшының қолындағы қағазын иегімен
ымдап, оған тез жаз дегендей ишара білдіріп.
– Шҽке, екі жҥз грамм ішіңіз, – дедім оның кҥнделікті мҿлшерін
тҧспалдап қалған мен.
– Жоқ, ҿзімнің есебім бар, – деді Шалғынбаев, - жҥз елу, жаздыңыз ба?
Аһ? Жазсаңыз, оған ҥш рет дунган кеспесін қосыңыз.
«Біз екеу емеспіз бе, ҥш кеспе деп осы кісі қателесіп айтты ма» деп
ойлап, оның бетіне қарадым. Менің ойымды ҧққандай Шалдуар: «Ҥш кеспе
деп жаздыңыз ба? Ҥшеу деп жазыңыз» деп жҽне екі рет қайталады. «Бҽлкім
тағы біреу келетін шығар, ҥшінші кеспені соған алып отырған болар» деп
тҥйдім де, ҥндемедім.
Заказ алған даяшы кухняның тесігіне қарай кетіп бара жатыр еді,
Шалғынбаев қайтадан баж ете тҥсті.
– Тоқта, тоқта, бері кел, – деді даяшыға қолын ҥсті-ҥстіне сермеп. -
Тіркемесі қалып қойыпты ғой, тіркеме қосыңыз.
Sauap.org
168
Даяшы ҥстел шетіне еңкейіп, қағазына жҽне бірдеңе тҥртіп алды.
«Мҧның тіркемесі не нҽрсе, қымбат бірдеңе емес пе екен?» деп қыпылдап
отыр едім,
Шалдуар маған қарады.
– Ҽй, сен, тым болмаса бір кружка сыра ішсеңші, ah!
– Бір саптыаяқ ішсем, ішейін, – дедім мен.
Кетіп бара жатқан даяшыны Шалдуар тағы тоқтатты.
– Тағы бір кружка сыра қосыңыз, – деді ол мойнын созып. – Қостыңыз
ба? Енді ҽкеле беріңіз, тез ҽкеліңіз.
– Жаңағы бір тіркеме дегеніңіз не? – дедім мен Шалғынбаевқа.
Шалдуар сақылдап кҥліп, мені бҥйірімнен тағы бір періп қалды.
– Соны білмейсің бе?
– Менің білетінім машинаға тіркеп, сҥйретіп жҥретін бір нҽрселер
сияқты еді. Мҽселен, зеңбірек сҥйреткен машинасы...
– Е, оны білсең болды, – деді Шалдуар сҿзімді аяқтатпай. Шалдуар тегі
ҿзі ғана сҿйлеуді жақсы кҿретін. Ҽсіресе ол менің сҿзімді кез келген жерден
қиып кетіп, шірік жіптей ҥзе салатын да, ҿзі сҿйлей жҿнелетін. - Бҧл да сол
сияқты: жҥз елу грамм арақ – машина, бір кружка сыра соған тіркеме.
– Ал егер арақ жҥз елу емес, жҥз грамм болса ше?
– Онда бір кружка сыра тіркеме бола алмайды.
– Неге?
– Сол. – Ол менің бетіме білгішсініп, бажырая қарады.
– Жҥз грамм арақ, бір кружка сыраны тарта алмайды. Тҥсінікті ме енді?
Ah?
Мен басымды шайқадым.
– Сен топассың, – деді ол бетіме бедірейген кҥйі. - Тҥсінігің нашар,
ҧғымың жоқ. Сондықтан сенен мына мен сияқты жҥйрік журналист
шықпайды. Сенікі ет пен терінің арасындағы желік сияқты бірдеңе.
Майданда бір нҽрселерді шатпақтаған болуың керек. Уазитов сол ҥшін сені
кҿкке кҿтере мақтайды. Меніңше, сенде ешбір талант жоқ.
Мен не дерімді білмей, қызарақтап кҥле бердім. Осы кезде қасымызға
даяшы келіп, біз сҧраған ас-суды подноспен ҽкеп алдымызға қойды.
– Кеспенің біреуін, сыраның бірін ал, – деді Шалғынбаев.
Мен айтқанын істедім. Содан соң сол кеспенің бірін ҿз алдына
жақындатты да, екінші тарелкадағыны соның ҥстіне тҿңкере салды. Қара
бҧрыш пен ҧсақ тҧзды мол етіп септі де, асықпай араластырды.
– Дунган кеспесін жаным жақсы кҿреді, аһ! - деді ол. – Сондықтан мен
бір жегенде оның екеуін осылай бір табаққа саламын да, бірақ жеймін. Ал,
сыраңды кҿтер. Кҿбігі кҿпіршіген қырлы шыны саптыаяқтың қҧлағынан
ҧстадым. Шалғынбаев бҥйірлі келген қырлы стаканға кеңірдектете қҧйылған
араққа, асқа телмірген иттей еміне қарап, жҧтқыншағын секең еткізіп бір
жҧтынып алды. Содан соң, біреу алдынан ала қашатындай, шап беріп қос
қолдап ҧстап, діріл қаққан стаканды жыбырлай жҿнелген ерніне тез тақап,
қылқылдатып жҧта бастады. Стаканды басына кҿтеріп болып, қабағын
Sauap.org
169
шытты да, дереу сыраға қол созды. Одан қылқылдатып екі жҧтымын жҽне
ҧрттап жіберді. Осыдан кейін ол терлеп-тепшіп кеспеге бас қойды. Шалдуар
қасықпен қопара кҿтеріп, қауып асап, асты да тез жейді екен. Мен шектей
шҧбатылған ҧзын кеспенің бір-екеуін сораптан жҧтып ҥлгіргенше, ол ҿз
табағын қопарыптастады. Шанышқы мен қасықты бос табаққа салып,
ҥстелдің жиегіне қарай сырғытып жіберді де, саптыаяқта қалған сырасына
қол созды. Қол созып жатып, ҽрірек ҥстелдерде отырғандардың бірімен бас
изеп амандасты.
– Ҽй, сен менің кіммен амандасқанымды кҿріп қой, – деді ол мені
бҥйірден нҧқып. -Таяуда ҽскерден босаған ақын жігіт. Ҿзі арақты ҿкіртіп
ішеді. Аһ!
Мен жолдасын нҧсқаған жаққа бҧрылдым. «Арақты ҿкіртіп ішетін»
қызыл шырайлы келген еңгезердей жігіт екен. «Болса болар» дедім ішімнен.
– Ҽй, сен мына сыраға қарашы, – деді Шалдуар саптыаяғын кҿтере
ҧстап. –Осының тҥсі қандай?
– Қоңыр емес пе?
– Жоқ, таба алмадың. Жақсы ішетін бір журналист мҧны былай деп
суреттеген:
Тобылғы торы сыраны
Толқыта ішер кҥн қайда?
Тостаған кҿз қыздарды
Толықси қуар кҥн қайда?
«Тобылғы торы сыра» дегені жақсы теңеу емес пе, ah! Ғажап тауып
айтқан?
Ah! - осылай деп Шалдуар қалған сыраны басына бір-ақ кҿтерді.
– Тобылғының тҥсін торы демеуші еді ғой, - дедім мен серігім
саптыаяғын ҥстелге қойғаннан кейін. – Қызыл тобылғы десе керек еді. Торы
деген сҿз тек жылқыға ғана айтылмай ма? Егер арақтың дҽмін аюдай ақырған
ащы дей келіп, сыраны торы жылқыдай жуас десе бір сҽрі емес пе?
– Жоқ, сен тҥк білмейсің, тобылғының да тҥсі торы, - деді ол маған бет
бақтырмай. - Жоқ сен оны қой. – Шалдуар білегімнен қысып ҧстап алды. –
Енді мен тобылғы торы сырадан ішемін бе? АҺ!
– Ҿзіңіз білесіз.
– Жоқ, сен оны қой. Мен сыра ішемін бе? Aх!
– Ішіңіз.
Кҿзі кілегейленіп, ол маған тесірейе қарады.
– Жаңағыдай, тіркеме қылып ішемін ғой? АҺ!
– Ҿз жайыңызға қараңыз.
– Жоқ, менің жайымды неғыласың, енді бір тіркеме жҥргіземін бе мен?
Aх!
Шалдуардың тағы да дҽметіп отырғаны белгілі болды. Осы жолғы
қаламақымды қосып, киім алып кисем деген есебім бар еді. Ол ойым жҥзеге
аспауға айналды. Ішімнен қынжылсам да, мен оған ақшам азайып қалады дей
алмадым. Амалсыз бас изедім.
Sauap.org
170
Шалғынбаев дереу даяшыны шақырып алды да, қайтадан заказ берді.
– Жҥз елу тіркемесімен... – Ол тез маған бҧрылды. - Сен ішесің бе?
– Жоқ, - деп мен безек болдым.
– Дҧңған кеспесін жейсің бе?
– Жоқ, жоқ, ҽбден тойдым.
– Онда, - деді Шалдуар даяшыға қарап, екі саусағын кҿрсетіп, - екі рет
дҧңған кеспесін ҽкел.
Менің бір апта ішетін тамағымды мынаның бір жолы ішіп кеткелі
отырғанына ішім ашыды. Ендігҽрі шайханаға келмеспін деп ҿзіме ҿзім ант та
бердім. Сол екі арада Шалдуар қҧлағынан кҥн кҿрінетін бір арық адамға
орнынан тҧрып, кеудесін басып, бас иді. Биске шақырылған ҽншінің
сахнаның екінші шетінде нотасын реттеп жайбарақат отырған пианисті
орнынан тҧрғызып ҿзімен қоса кҿпке бас идіретіні сияқты, Шалдуар
тҧқырайып кеспе жеп жатқан мені иығымнан жҧлқылап, шайнаңдатып,
орнымнан тҧрғызды.
– Ағаңа сҽлем бер.
Мен аузымдағымды ҽрең жҧтып, жаңағы Шалғынбаевша оң қолымен
кеудемді басып, жҧқа қҧлақ кісіге қарап бас идім. Ол менің сҽлемімді керек
етпеді-ау деймін, ары бҧрылып кетті.
– Бҧл кісі кім еді? – дедім Шалдуарға ілесе мен де орныма отыра беріп.
– Білмейсің бе?
– Жоқ.
– Мҽссаған! Бҧл атақты ақын ғой. - Шалғынбаев оның қай ақын екенін
айтпастан, бірден мінездеме бере жҿнелді. – Жасында мықтап ішкен кісі.
Кҽрі тарлан сыр берместен ҽлі сол шабысымен сілтеп келеді. Айтпақшы, сен
білесің бе? Аһ?
Тамаққа ҧмтыла берген мені ол тағы да бҥйірімнен тҥйіп қалды. Мен
қасығымды қайта орнына қойып, Шалғынбаевқа қарадым.
– Жазушылар Одағы осы кҿк базардың іргесінде ғой. Aх! Тҥсте олар осы
шайханадан келіп тамақ ішеді. Екеуміз сҽл кешігіп келдік, ҽйтпесе мен саған
олардың небір жайсаңын кҿрсететін едім. Сен маған жазушылар ас ішетін
жерге ҽкелгенім ҥшін жҽне анадай екі ақынды кҿрсеткенім ҥшін рахмет айт.
Аһ! Мен сені ана кҽрі тарланның ҿзімен қол ҧстастырып таныстырайын ба?
Аһ? Бірақ оған ана... не... - деп Шалдуар оң қолының суық саусағы мен
бармағын бір-біріне шапшаңдата ҥйкеп-ҥйкеп жіберді. – Ана... нетіп... тағы
да ақша шығаруың керек. Аһ!
Мен кҥліп, басымды шайқадым.
– Шҽке, рахмет. Мен ҿзге емес, осы сіздің ҿзіңізбен танысқаныма
бақыттымын!..
Осы кезде жҥз елу грамм араққа бір саптыаяқ сыра, екі тарелка кеспесін
«тіркеп» даяшы жетті. Шалдуар, алғашқысындай, кеспені бір табаққа
қопарып алды да, босаған ыдысты сырғыта салды. Содан соң араққа қолын
созып жатып маған:
Sauap.org
171
– Сен барып, даяшыға ақшасын тҿлеп кел, - деп бҧйырды. Мен
даяшымен есептесіп қайтып оралсам, қырлы стакан босап, табақ
тақырланыңқырап қалған екен. Шалғынбаев терлеп-тепшіп, қызара бҿртіп
кетіпті. Табақ тҥбінде қалған асты сыпырып-сиырып бір-ақ асады да:
– Сен жақсысың! Aх! - деді ол маған бҧрылып. Содан соң қабырғамнан
тағы да бір қойып кеп қалды. – Рас айтамын. Сен жақсысың деймін!
– Мақтағаныңызға рахмет, Шҽке, – дедім мен ыржия кҥліп, бҥйірімді
сипалап.
Шалдуардың ҿзімді мақтап ҧрғанының ҽсерінен бе, білмеймін, бҧл жолы
бҥйірім бҧрынғыдан аз ауырған сияқтанды. Осы арада: «Бҽлҽй, жаңа ақшам
кҿп кетті деп бҧған бекер ренжіген екенмін» деп те ойладым. Егер емеурін
білдірсе сол сҽтте мен оған енді бір «тіркеме» алып беруге де бейіл едім.
Бірақ Шалдуар, ҿз шамасын біледі-ау деймін, бірден орнынан тҧрды.
– Кеттік.
Есік алдына шыққан соң Шалғынбаев екі сҿзге келген жоқ. Маған қолын
сілтеді де:
– Ал сен кете бер, енді керегің жоқ. Aх! - деді. Содан соң кҿңілдене
аяңдап ҿз жҿнімен кетті.
Осыдан кейін бір кҥні жауапты секретарға жолықтым.
– Қалың қалай? – деді ол.
– Жақсы.
– Қаламақы алып жҥрсің бе?
– Алып жҥрмін, бірақ сіз маған кҿп қойып жҥрген жоқсыз ба.
– Неге олай деп ойлайсың?
– Шалдуар мен қаламақы алған сайын «саған кҿп қойыпты» деп басын
шайқайды.
– Содан соң?
– Содан соң «мҧны мҿлшерлі қалыпқа келтірейік, жҥр шайханаға» дейді.
Жауапты секретар қалың қасы тҥксиіп, тҿмен қарады да, ҥстелінің
тартпасын ашты. Одан бір папка суырып, мені қасына шақырды.
– Мынау қаламақы шкаласы, – деді ол папканың бетін ашып. Мҧнда
қандай мақалаға қанша сом қойылатыны кҿрсетілген. Міне, мынау сен
жазған хабарларға қойылатын баға.
Осыған қарап ҿткен жартыда жазған мақалаңның саны мен оған
қойылатын қаламақы мҿлшерін есептеп кҿрші.
Мен ернім жыбырлап, іштен есептеуге кірістім.
– Дҧрыс па екен?
– Дҧрыс сияқты.
– Ендеше Шалдуар шатаспасын! Бҧл қаламақы дегеннің ҿзі қып-қызыл
саясат. Мен сені қанша жақсы кҿргеніммен, тиісті мҿлшерден артық ақша
қоя алмаймын. Ҿйткені, ол менің ҿз ақшам емес қой. Тҥсінікті ме, Ербол.
Мен басымды изедім.
– Бҽсе, арқамнан ауыр жҥк тҥскендей болды ғой, – дедім іштей қуанып.
Sauap.org
172
Кҥн сайын жҥгіріп жҧмысқа барып, ай сайын ақша тауып жҥрсем де,
мен бҧл екі ай бойы ҿзімді қараңғы қапаста қалғандай сезіндім. Жатақханаға
келсем де, жҧмысқа барсам да бір нҽрсемді, аса бір қымбат затымды
жоғалтқандай боп, іштей алаңдаумен, елегізумен болдым. Кейде жеген тамақ,
жҧтқан суымды да ҧнатпай қалатын сҽттер кездесті. Осының бҽрі маңымда
Меңтайдың жоқтығынан еді. Осы кҥйім Меңтайға арналған ҥшінші ҿлең боп
жҽне қағазға тҥсті. Менің оған арнаған ең соңғы ҿлеңім де осы болды. Ол
мынау еді:
Достарыңызбен бөлісу: |