Әзілхан Нұршайықов


Сұрақ: Сіз ақынсыз ба? Әлде жас кезіңізде өлең жаздыңыз ба?



Pdf көрінісі
бет21/31
Дата26.09.2024
өлшемі1,98 Mb.
#205160
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар

Сұрақ: Сіз ақынсыз ба? Әлде жас кезіңізде өлең жаздыңыз ба? 
Жауап:
Мен бала кҥнімде ҿлеңге қҧмар болдым. Мектепке барғанша 
елден ескі дастандарды кҿп тыңдадым. Хат танығаннан кейін «Батырлар 
жырының» бірін қалдырмай жаттап алдым. Соларға қарап ҿзімнің де ҿлең 
шығарғым келді. 
Сҿйтіп жҥргенде соғыс басталды. Алматыға ҽскерге келдім. Бір кҥні 
кешке (1941 жылы желтоқсанда) бҽрімізді тездетіп сапқа тҧрғызды. 
Командир алға келіп: 
– Майдандағы 8-гвардиялық дивизияны толықтыруға кім барады? Екі 
адым алға шығыңдар, – деді. 
Денесі тҿртбақтау келген, жҧмыскер пішіндес жас жігіт шығып, бізге 
қасқая қарсы қарап тҧрды. Қапелімде одан басқа ешкім шықпады. Мен 
шықтым, шыға сала жігіттерге қарсы қарап тҧрып, ҿлеңдетіп қоя бердім: 
– Біз жеңеміз, ӛйткені ісіміз ақ. 
Барлық адам баласы бізбенен жақ. 
Дүниеге зұлымдық үстем болып, 
Тұрмақ емес, әділдік жеңуі хақ! 
Әділ ісіміз үшін шығыңдар, азаматтар, алға!
– дедім. 
– Жарайсың! – деп тҿртбақ жігіт қолымды қысты. – Ҿлеңді ҿзің 
шығардың ба? 
– Ҿзім шығардым.
Сол-ақ екен, біздің оң жақ, сол жағымыздағы жігіттер кернеп кетті. 
Сапқа бірге тізілген екі артдивизионнан керегі 80 адам екен, 100 адам 
шығыппыз.
Жиырма адам артық деп командир бірсыпыра адамды кейінге қалдырды.
Мені де сол жиырманың ішіне қосты. 
– Сен ақын екенсің. Ақын бригадаға да керек. Соғысқа бҧлардан сҽл 
кейінірек барамыз, – деді. 
– Қҧп! 
Майданға барамын деп саптың алдына алдымен шығып, жігіттерге 
қасқая қарап тҧрған жігіт Тҿлеген Тоқтаров еді. Кейіннен Тоқтаровқа Совет 
Одағының Батыры атағы берілгені туралы хабарды естігенде: «Апырай, 
сонда Тҿлегенмен бірге қалсам, мен де батыр болар ма едім?!» – деген ой 
келді.


Sauap.org
265 
Ол менің албырттығым еді. Ҽйтпесе екінің бірі ер бола бермейді ғой. 
Сонымен мен майданға бару ҥшін жаңадан жасақталып жатқан бригаданың 
қҧрамында қалдым. Ҿзім бала кҥнімнен елгезек, ширақ едім. Екі кҥнде 
ефрейтор атандым. Кҿп ҧзамай кіші сержант боп шыға келдім. Бҽрінен де 
жақсысы бҧрын «Лениншіл жасқа» бір конвертке салып он ҿлең жіберсем, 
соның бірде-біреуі басылмайтын еді. Енді бригада газетінде бҧрқырап менің 
ҿлеңдерім шығатын болды. Бҧрын бір ауыз ҿлең шығарғанға ҿзімді ақынмын 
деп санап жҥрген басым бригада газетінің бетінде «Кіші сержант 
Ҽ.Нҧршайықов» деген атпен жиі жариялана бастаған соң ҿзімді едҽуір ҥлкен 
ақынмын-ау деп ойладым. Соғысқа барғаннан кейін ҧзақ ҿлеңмен бригада 
атынан «Атамыз Жамбыл ақынға» деген хат жаздым. Менің осы ҿлеңім мен 
оған берген Жамбылдың «Жҥз жасаған жҥректен» деген жауабы екеуі қатар 
«Социалистік Қазақстанда» шықты. 
Соғыс бітті. Бірден Алматыға келіп, университетке тҥстім. «Социалистік 
Қазақстан», «Лениншіл жасқа» ҿлеңдерімді апардым. Ешқайсысы баспады. 
«Мынауың бықып тҧрған фольклор кҿрінеді. Фольклордың заманы ҿткен, 
шырағым. Бҧл тҥріңменен ешқашанда ақын шықпайды» десті. Бҧрынғымның 
барлығы бос ҽурешілік екеніне сонда ғана кҿзім жетті. Сҿйтіп, албырт, жас 
кездегі ақылсыздығымнан ақын бола жаздап, аз-ақ қалдым. 
Осыдан кейін ҿлеңмен ҥзілді-кесілді қош айтысып, журналистік жолға 
біржола бет тҥзедім. Прозаның ауылы жаққа да алыстан кҿз салып жҥрдім.
Ал поэзия, алғашында уҽдесін беріп, ҥміттендіріп, басқа біреуге кҥйеуге 
шығып кеткен қыздай болып, кҿңілімнен де, кҿкейімнен де біржола алыстап 
кетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет