Әзілхан Нұршайықов



Pdf көрінісі
бет18/31
Дата26.09.2024
өлшемі1,98 Mb.
#205160
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар

 


Sauap.org
210 
XIV 
Кҿлеңкесін сҥйретіп ашық кҥнде ҧзақ жортқан салт атты жолаушыға 
ҧқсап, біздің тілші деген ағайындар да кезбе келеді, – деп бастадым мен 
ҽңгімемді.
«Иҽ, бҽсе, ағайдың ҽңгімесі осылай боп келсе керек еді» деп Майра 
кҥлімдеп, қуанып қалды. Меңтай да ықыластана жымиып қойды. Олар 
кҥлгенге мен мҽз болып, ҽр сҿзімді одан сайын бейнелеп, бедерлеп айтуға 
тырыстым. – Ел кезіп, аудан аралап жҥрген кҥндердің бірінде, жолым тҥсіп, 
ҿзіміздің «Ақбота» ауылына соқтым. Жҧмабай жездем соғыстан аман-есен 
қайтқан болатын. Кешке келіп сонда тҥсіп, апайымды, жиендерімді қуантып, 
аунап -қунап жаттым да, ертеңінде Бҥркітбайға сҽлем берейін деп колхоз 
кеңсесіне бардым.
– Ассалаумағалейкҥм, - дедім председатель кабинетінің табалдырығын 
аттай бере. 
Тҿрде кҥжірейіп Бҥркітбай отыр екен. Мен бала кҥнімнен білетін кешегі 
ширақ, кірпі шаш, ҧзын бойлы, кҿзі тҧздай кҿк сары жігіт бҧл кҥнде 
ҥйелмендей сары шал болыпты. 
Иегі ілгері ҧмсынып, шошқаның кірпігі сияқты қою ақ кірпік торлаған, 
тҧзы азайғандай тҥссіз кҿк кҿздері ҿзін жҧтқалы келе жатқан жыланнан 
қорыққан тышқандай боп бҥрісіп, бҧғып қалған қарсы алдындағы 
жҧдырықтай ҽйелге тікенектей қадалып, тесірейе қалыпты. Бҥркітбай маған 
мойын да бҧрмастан, ормандағы сары аюдың табанындай балпиған кҥректей 
етжеңді алақанын, жас баланың қос жҧдырығындай қызыл мҧрнына қонған 
шыбынды қаққандай, бір сілтеп қалып: 
– Ҽй, сҽлеміңді қойшы, ҽрі, – деді. 
Бҥркітбай бҧрынғысынша жай сҿйлейді екен. Ҽр сҿзін ақпанда қҧтырып 
адам тарпыған бураның тізесіндей тегеурінмен нығарлап, нығыздай айтатын 
болыпты. 
Оның оң қол жағында, соғыста ҥлкен командирлер ғана ҧстайтын, 
қалыңдығы қылыштың қырындай сары ҽмірқан былғарыдан жасалған, иыққа 
асынатын ҧзын баулы, ҽскери сумка жатыр. Шабуылға шыққанда кей 
командирлер оған гранат, немістердің олжа пистолет – ауыр парабеллумын 
салып алатын. Бҥркітбай, шарап сауытының тығынын бҧрала сҥңгіп тесіп 
ҿткен темір бҧрандадай боп ҽйелге қаралып қалған тҥссіз кҿк кҿзін 
бҧрмастан, оң қолын сумкаға қарай созып, сипалап, оның аузын аша бастады. 
Мен мына мылқау дҥнгене сумкадан мылтық суырып алып, сорлы ҽйелді 
бҥрісіп отырған бойында басып салар ма екен деп қорықтым.
Шынында да ол сумкадан немістердің ағаш сапты гранатасы сияқты 
ҧзындау бірдеңені суырып алды. Сҿйтсем, онысы ішімдіктен босаған сида 
сауытқа толтыра салып алған, тышқанның қҧмалағы сияқты, қиыршық-
қиыршық қара бҧйра насыбай екен. Соның шошайған қағаз тығынын алып, 
сол жақ алақанының шҧңқырына бір уысқа жуық насыбайды бір-ақ салды да, 
насыбай емес, қылқ еткізіп коньяк жҧтқандай етіп, апандай аузына апарып 


Sauap.org
211 
тастап кеп жіберді. Тілінің ҧшымен екі ҧртын кезек-кезек бҧлтитып, 
тығырыққа қасқыр қуып тыққандай қҧмарлықпен, аузындағы насыбайды 
салпы ерін мен сары тістің арасына жинады да, рақаттанғандықтан екі езуі, 
ҥнсіз ырылдаған сары тҿбеттің езуіндей, жыбырлап қоя берді. Содан соң, 
сабалақ сары шашты аю басын ҽрең қозғап, солға қарай бҧрды да, кҽрі 
қойдың тісіндей мҥжіліп, тҥп жағы қарайып кеткен, ҥш жағы сап-сары сирек 
тістерінің арасынан сыздықтата, шырт еткізіп тҥкіріп қалды. Бҥркітбай 
тҥкірмек боп басын бҧрған кезде бҧрандаға ілініп, суырылып бара жатқан 
тығындай, ҽйел байғҧс орнынан кҿтеріле берді де, Бҥркітбай бері қарай қайта 
бҧрылғанда ҽйел де сылқ етіп, орнына отырды – ҿн бойын темір бҧранда 
бойлай кіріп, қозғалтпай тҧрған тығын сол кҥйінде қалды. 
Бҥркітбайдың тҥкірігі сол жақтағы ҥстелде бҧқиып бірдеңе жазып 
отырған есепшінің оң жақ бетіне шылп ете тҥсті. Есепші ыржың етіп басын 
бір кҿтерді де, бетін алақанымен сипай салды. Содан соң қағазына қайта 
бҧқиып, жағына Бҥркітбайдың тҥкірігі емес, нақ бір қҧдайдың жылы 
жаңбыры тигендей масайрап, мыңқ етпестен отыра берді. Есепші жігіт біздің 
ауылдың Тҧрсын деген баласы болатын. «Тҧрсын, тҿбеңнен қҧдай ҧрсын» 
дедім мен ішімнен оның бетіндегі Бҥркітбайдың насыбай аралас тҥкірігінің 
айғыз-айғыз ізін кҿріп тҧрып. 
Бҥркітбай рахаттана тҥкіріп тастап, қатты бауырсақ шайнағандай, аузын 
қайта-қайта малжаңдатып, тышқанның қиындай тҥйіртпек насыбайдан 
ҽлдебір ҽл алғандай боп, алдындағы ҽйелге одан сайын тесірейе қарады.
– Сендер, немене, соғыс бітті, енді Бҥркітбайдың сҿзінің бір тиын деп 
ойлайсыңдар ма? Жоқ, соғыс бітсе, соғыстан бҥлінген дҥниені қалпына 
келтіру бар. Бҧл да соғыстан кем емес. Ендеше Бҥркітбайдың бҧрынғы 
бҧйрығы – бҧйрық, оныңбҧрынғыдай, ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс! 
Біліп қойыңдар мҧны. Ертеңнен бастап ҿзің шҿпке жҧмысқа барасың. Ал 
балаң тракторға шығады. 
– Бала тҽуір боп қалды, барсын, - деді ҽйел тамағы кеберсіп, ҥш-тҿрт 
сҿзді бҿліп-бҿліп ҽрең айтып. – Ал маған екі-ҥш кҥн аял бер, Бҿке, қатты 
ауырып жҥрмін. 
Ҽйел бойындағы бар қасіретті жҥзіне жинап, Бҥркітбайға жалына 
қарады. 
– «Ауырып жҥрмін», - деп кекетті Бҥркітбай оны. – Ауырсаң– жҧмыс 
басында ҿл, білдің бе, ҥйде жатпа. Кеудеңде жаның болса, ертең сені шҿп 
басынан кҿретін болайын, білдің бе? Ал ҿйтпесең, онда менен жақсылық 
кҥтпе, білдің бе? 
Ҽйел амалсыз кҿнгендей боп, басын изеді. Содан соң ҥнсіз орнынан 
тҧрып, есікке қарай беттеді. 
– Ҽй, қатын, тоқта, – деді Бҥркітбай ҽйелге жеки ақырып. 
– Неге ҥндемей барасың: шығасың ба ҿзің жҧмысқа, жоқ па? 
– Ҿмір бойы осы колхоздың жҧмысымен кҿзіміз шығып келеді ғой, Бҽке.


Sauap.org
212 
Ауырған соң, амалсыздан бір кҥн қалып едім. Жарайды, ҿлсем, сол 
шҿбіңнің басында-ақ ҿлейін, – деді ҽйел. - Ауданға барып, дҽрігерге қаралып 
келемін бе деп едім, жібермедің ғой. Қайтейін.
Бҧл ҽйелдің кім екенін ол тоқтап, кейін бҧрылғанда бір-ақ білдім. Ері 
мен ҥлкен ҧлы соғыста ҿлген Қанша апай екен. Соғыста ҿлген ҥлкен ҧлы 
менімен тҥйедей қҧрдас еді. 
Қолындағы кенжесі біз соғысқа кеткенде кішкентай бала болатын. Сол 
есейіп, ҽжетке жарап, қаршадайынан жҧмыс істеп, шешесіне сҥйеніш болып 
жҥр деп естігенмін. 
– Сҽлеметсіз бе, Қанша апай? – дедім ҽйел председательге ақырғы 
жауабын беріп болғаннан кейін. 
Қанша апай да мені енді таныды. 
– Аманбысың, айналайын. Ербол екенсің ғой, - деп жақындап кеп 
бетімнен сҥйді. - Қашан келдің? Оқуың бітті ме, қалқам? 
– Кеше келдім, оқып жҥрмін ҽлі. 
– Нарша байғҧс қуанып, ақ тҥйенің қарны жарылып жатыр десеңші 
онда.
Жарайды, қалқам, ҥйлеріңе барып жолығамын ғой, – деп Қанша апай 
қайтадан есікке қарай беттеді. 
– Ҽй, қатын, – деді Бҥркітбай ҽйелді тағы тоқтатып. Қанша апайдың 
ҽкесі азан шақырып қойған аты Бҥркітбай ҥшін мҥлде ҿшкен сияқты, қайта-
қайта «қатын» деп атайды. – Дҽрігер сенің не теңің, жҧмысқа бара бер. Егер 
балаң ертең тракторға жанармай тасуға шықпаса, онда ауданнан мелитса 
шақыртып, айдатып жіберемін ҧлыңды. Білдің бе? 
Бҥркітбайдың бар қҧқайына тҿрт жылдан бері шарасыз кҿніп келе 
жатқан жесір ҽйел бір ауыз сҿз қарсы айтпастан, тағы да бас изеп, есіктен 
шығып кетті. 
Бҧрынғы бригадирімнің мынадай боп кеткеніне мен таң қалдым. 
Алғашында оның сҽлемімді алмағаныма ренжіп қалып едім. Артынан, ҽлгі 
сорлы ҽйелді сонша жҽбірлегенін кҿргенде оған зығырданым қайнады. 
Ҿзімді-ҿзім ҽрең ҧстап, оған, қайтадан сҽлем бердім. 
– Ау, сен қайдан жҥрсің? – деді ол сҽлемімді алған болып. Мен жҿнімді 
айтып, тілшілік куҽлігімді кҿрсеттім. 
– Е, тілші деген қалада отырмайтын ба еді, – деді ол енді мені 
мысқылдап. –Жҧрт қалаға жете алмай жҥрсе, сенің Алматыдан облыс келіп, 
облыстан ауылға шапқылап жҥргенің қызық екен. «Сары иттің басын сары 
табаққа салса, шоршып тҥседі» деген осы-ay, - деп ол ҿзінен-ҿзі рақаттанып, 
кеңкілдеп кеп кҥлді. «Сары ит – сенсің, – дегім келді оған. – Шашың да, 
қасың да, шарық табақтай бетің де сары. Сен ҿңкиген сары аюсың!» Бірақ, 
ҽдеп сақтап, жасы ҥлкен кісімен тайталаспадым. Жҿн жауап бердім. 
– Қала қайда қашар дейсіз, – дедім де қойдым. 
Бҥркітбай тағы кеңкілдеді. 


Sauap.org
213 
– «Ҿзі жақсы кісіге – бір кісілік орын бар» деген қайда? Жалпақ жҧрт 
сыйып жатқан қалаға сенің бір басыңның сыймағаны қиын екен, шырағым. 
Жарайды, жарайды, қалаға сыймасаң – дала кең. Ҿзің біл. 
«Бҧл қақпас неге менен ауылды қызғанып тҧр?» деп ойладым ішімнен. 
Оның себебін артынан білдім. 
– Ал, менде не шаруаң бар тілші болсаң? - деді Бҥркітбай арт жағынан 
оны біреу ауыздықпен шаужайлап, отырғандай, екі езуін кезек қайшылап. 
– Бірінші шаруам сізге сҽлем беру еді. Оны ҽрең орындадым. Берген 
сҽлемді алмайтын боп кетіпсіз. Екінші айтарым – колхозшы ҽйелмен 
жаңағыдай сҿйлесуіңіз дҧрыс емес. Сіз ол кісіні ҿзімнің меншікті кҥңім деп 
ойлайсыз бa? Жоқ, олай емес. Ол кісі колхоздың қожаларының бірі. 
– Оны кім айтты саған?
– Партия. 
– Маған ақыл ҥйрететін кімсің сен ҿзің? 
– Облыстық партия комитетінің тілі – «Алатау жҧлдызы» газеті 
қызметкерімін. 
Бҥркітбай булығып, ҥндей алмай қалды. Мен бҧрылдым да, 
қоштаспастан шығып кеттім. 
Ертеңінде қалаға қайтпақ болып, Тҿкешті іздеп, тҿменгі ауылға қарай 
беттеп, мектептің қасынан ҿтіп бара жаттым. 
– Аға-а-а! – деп торғайдай шырылдаған бір бала дауысы шықты 
артымнан. 
Жалт қарасам, шашы жалбыраған бір кішкентай қыз соңымнан жҥгіріп 
келеді екен. Мен тоқтап, тосып алдым. 
– Аға, сізді мҧғалім тҽтем, – деді кішкентай қыз ентігін баса алмай, – 
Сҽлима тҽтем шақырады. Ҿзі класта отыр. 
Осы кезде мектептен жамырай жҥгіріп, басқа балалар шықты. 
Мен Сҽлиманың осында мҧғалім екенін білетінмін. Бірақ барып 
жолықпаған болатынмын. 
Ҿзі шақырған соң – барайын деп мектепке қарай бҧрылдым. Колхоз 
кеңсесі мектептің дҽл қасында еді. Оның сығырайған кішкене екі терезесі 
ҽлдекімді аңдығандай боп, мектеп жаққа жҧтына, жылмия қарап, телміріп 
тҧратын. 
Бҧрынғы у-шуы кҿп орталау мектеп соғыс кезінде жабылып, бастауыш 
мектепке айналған. Оның тҧтас бір жақ жартысын колхоз алып, астық 
қоймасы етіп жібергенін естіген болатынмын. Ҿзімнің ең алғаш қанат қағып 
ҧшқан ҧям болғандықтан ба, ҽлде ҿмірлік жар болар деген ҥмітпен ең алғаш 
қҧшақтаған қызым Сҽлима ішінде отырғандықтан ба, ҽйтеуір, мектептің 
табалдырығын аттай бере жҥрегім қатты лҥпілдеп кетті. Сҽлима екеуміз ең 
алғаш рет сҥйіскен класта, мҧғалім ҥстелінің басында, есікке қырындау отыр 
екен. Оның қарсысындағы ҿзіме бала кҥнімнен таныс парталар, бҧрыш-
бҧрышы кҥшіктің қҧлағындай делдиіп, «Апырау, мынау Ербол ма?» деп, 
жапырлай маған қарасқан сияқты болды. 


Sauap.org
214 
Есіктің ашылған дыбысын естіп, Сҽлима жазып отырған журналының 
бетін жапты да, мойнын бҧрды. Класқа кірген адамның кім екенін білген соң, 
орнынан ауыр кҿтеріліп, мен ҥшін ҿзгеше бір жат қимылмен, ҥйрекше, екі 
жағына кезек теңселе басып, бері қарай аяңдады. Ол ҿзіме жақындағанда іші 
едҽуір білініп қалған екіқабат екенін аңғардым. 
Бҧрынғы аппақ беті тарғақтың жҧмыртқасындай тарғылданып, ҽр жеріне 
ҽжімге ҽсте ҧқсамайтын жалпақ, қызғылт сызықтар тартылыпты. Екіқабат 
ҽйелдің бетіне «ноқта» тҥседі деген осы екен ғой деп ойладым. Сҽлиманың 
бҧрын да бір баласы бар деп еститінмін. Ішіндегі екіншісі болар деп 
жорамалдадым. 
Сҽлима маған қол беріп амандасты. Мен де одан артыққа бармадым. 
Тарғыл бет, шартиған іш, ҥйрек аяң – бҽрі маған біртҥрлі жат та, 
жиіркеніштілеу де кҿрінді. Бірақ мҧнымды сездірмеуге тырыстым. 
Сҽлима, алдымен, ҿзі барып сҽлем бере алмай жатқанына кешірім 
сҧрады. 
– Соғыс кезінде келгеніңде де кҿре алмап едім, – деді. 
– Оқасы жоқ, Сҽлима, – дедім мен. – Ҿз халың қалай? 
– Халдың несін сҧрайсың? – деп кҥрсінді ол ҥстел жанындағы ҿз орнына 
отырып жатып.
Мен, шҽкірт сияқтанып, оның алдындағы бірінші партаға жайғастым. – 
Қара тҥнде адасып, қаңғып, елсіз шҿл далаға шығандап кеткен адамда не хал 
болушы еді? 
Мен ҥндемедім. Сҽлиманың жҥрегіндегі ескі жараның аузын тырнағым 
келмеді. Бірақ, 
Сҽлима ҿз жайын мен сҧрамай-ақ баяндай бастады. 
– Мен сені ешқашан да кінҽламаймын, – деп бастады ол сҿзін. – 
Осалдың омыртқасын омырып, беріктің белін бҥгілдіріп кеткен соғысты 
кінҽлап, жас ҿмірімді мҽңгілік ҿшпес ҿртке салып кеткен соған лағынет 
айтамын. Осалдық жасап, омырылып қалғаныма ҿкінемін, ҿзімді кінҽлаймын. 
– Осылай деді ме? Тура осылай деді ме, ағай? - деп Меңтай білегімнен 
ҧстап алды. 
– Иҽ, – деп мен басымды изедім. 
– Тҥу, ағай, қандай жақсы болған! Мен сіз Сҽлимамен кездесіп, ол тура 
осылай деп ҿз қатесін сіздің алдыңызда мойындаса деп ойлаушы едім. 
Кездескеніңіз, Сҽлиманың осылай дегені қандай жақсы болған! 
Меңтай арқасынан ҽлдебір ауыр жҥк тҥскендей, ішіне сыймай жҥрген 
осы бір мойындау сҿзін Сҽлима емес, бейнебір ҿзі айтқандай боп, масайрап, 
рақаттанып қалды. 
– Сҽлима бҧдан басқа да бірсыпыра сҿздер айтты. 
– Енді ретімен айта беріңіз, ағай. Маған ең керегі жаңағы мойындауы 
еді, –деп Меңтай қайтадан сабырлы қалпына келді.
– Ҿзімді кінҽлайтыным, – деді Сҽлима ауыр бір кҥрсініп алып, – мен 
анау Танадай тҧрақты бола алмадым. Сым қоршаудың ішінде болса да ол 
қазір сҥйгенінің қасында жҥр. Шын ғашыққа одан артық мҧрат бар ма? 


Sauap.org
215 
– Тананың қайда екенін біледі екен ғой, – деді Майра. 
– Біледі екен... 
– Ойлап қарасам, менің саған жазған соңғы хатым аққудың ақырғы 
ҽніндей бопты, Ербол, – деп Сҽлима тағы бір кҥрсініп алды. 
– Ол хат ҽлі кҥнге дейін сақтаулы, – дедім мен. Сҽлима басын изеді. 
– Онда мен шешен де, шебер де екенмін. Ақын болсам деген талап бар 
еді ғой онда кеудеде. Соның бҽрі мына сары шалдың, саңырау дҥлейдің, – 
Сҽлима мектеп сыртындағы колхоз кеңсесі жақты нҧсқады, - қалқасында 
қалды. Тҧяғы қанданып, тҧмсығы майланып, қорбаңдап жас жемтіктің 
кеудесін кеулеп жатқан кҽрі қасқырдай кҥйге жеткен соң ақын емес, ақымақ 
қылды ғой ол мені. 
– Сен ҽлі де ақынсың, Сҽлима, – дедім мен. – Мына сҿздеріңнің ҿзі 
тҿгіліп тҧрған теңеу ғой. 
– Ақындық қайда енді бізге, – деп кҥрсінді ол. - Бала-шағамен қалдық 
қой біз. Ал сен нағыз журналист боп кетіпсің, Ербол. Жазғандарыңның бҽрін 
газеттерден ҥзбестен оқып жатамын. 
– Нағыз журналист болуға ҽлі ерте ғой, - дедім мен басымды шайқап. 
Сҽлима да басын шайқады. 
– Жоқ, жоқ, рас айтамын.
Осыдан соң ол сҽл ойланып, ҥнсіз қалды да, алғашқы бастаған ҽңгімесін 
қайтадан жалғады. 
– Тағы да айтамын, Ербол, мен сені ешқашан да кінҽламаймын. Ҧл - 
жетім, жар - жесір болып, ҽр кеудеде жҥрек орнына жҧдырықтай мҧз жатқан, 
ҽр адамның кҿзінен аққан қанды жасы екі бетті қышқылдай кҥйдірген 
сҧрапыл соғыс жылдарының азабын, зардабын кім ҧмытады дейсің. Бҧл да 
сол мыңдаған жанның жҥрегінде қалған тарқамас шердің бірі ғана ғой. Оның 
ҥстіне ҿмір бойы ҿзімді кінҽлап ҿтермін дедім емес пе жаңа. 
Егер ҥнім жетсе мен бар қызға, қыз боп туар болашақ бар ҧрпаққа былай 
деп жар салар едім: «Қыздар, бай деп, бақты деп ешқашан да шалға 
шықпаңдар.
Жаның сҥйген тең қҧрбы досыңа балғын бал кҿңілмен берген уҽдеңді 
ҿлсең де бҧзба!» дер едім. Бірақ менің ҥнімді кім естиді, кімге айтамын? 
Сҿзінде тҧра алмай сорлаған, шатасып шалға шыққан Сҽлиманың ендігі сҿзі 
кімге керек, кімге дҽрі... 
– Тҥу, байғҧстың жағдайы қиын екен ғой, аяп кеттім ғой, - деді Майра.
Меңтайдың да мҿлтілдеп кҿзіне жас келген сияқтанды. Мен ҽңгімемді 
ары қарай жалғадым... 
Осы арада Сҽлима ҿксіп жылап қоя берді. Оның жылағанын кҿріп 
отырып, ҿзім де қиналдым. Бірақ, қиналғанмен менің қолымнан келер не бар?
Сҽлима ҿксігін тоқтата алмай, қайта-қайта жылай берді. Оның ендігі сҿзі 
екі ҿксік арасында айтылып қалған ҥзік- ҥзік ойлар тҥрінде жалғасты. Ол 
маған шал кҥйеуінің соғыстан соңғы бір жыл ішінде ҿзіне істеген зҽбірін 
жеткізді.


Sauap.org
216 
Бҧл ауылда Бҥркітбай етегін ашпаған жас ҽйел, ҿңі бҥтін орта жастағы 
қатын кемде-кем кҿрінеді деді. 
– Бҧл қорлыққа кҿнгенше ҿлгеннің ҿзін хош кҿрген сҽттерім де болды, 
Ербол, – деді ол тағы бір ҿксіп алып. – Алайда мезгілсіз жан шықпайды екен 
кеудеден. Ҽлі кҥнге дейін ҿлмей тірі келемін. Бірақ, тек тірі жан дегенің 
болмаса, мендегі ендігі тіршілік шамалы боп қалды бҧл кҥнде. Ҽйтеуір, бала-
шаға болған соң бой ҥйреніп, кҿндігіп кетіп бара жатырмын, теңізге 
лақтырылған бір кесек тастың су тҥбіне қарай сыбдырсыз домалағанына 
ҧқсап. 
Сҽлима кҿзінің жасын сҥртіп, сҿзін жинақтай бастады. 
– Сені терезеден кҿрген соң, шыдамай шақырттым, Ербол. Келгеніңе 
рахмет, саған шағып, ішімдегі шемен шерім біраз босап қалғандай болды... 
Осы кезде сарт етіп, класс бҿлмесінің есігі ашылды. Екеуміз де жалт 
қарадық. Тҥсі оңа бастаған кҿк кҿздері қҧтырған иттің кҿзіндей қанталап, оқ 
тиіп долырған сары аюдай қорбаңдап, Бҥркітбай кіріп келе жатыр. 
– Ҽ, екі ғашық қол ҧстасып, отырсыңдар ма сыбырласып, – деді ол 
тістене тақпақтай сҿйлеп. Содан соң Сҽлиманың қасына келді де, ҥнемі 
тершіп, быршып жҥретін жалпақ алақанымен жағынан сылп еткізіп тартып 
кеп жіберді. 
– Ҽкеңнің аузын... Сен менің қатыным екеніңді ҧмытып қалған 
боларсың тегі... 
Аюдың табанындай ауыр алақанымен Сҽлиманы беттен салып қалғанда, 
«Ойпырай, ҿлтіреді-ау мына бейшараны» деп жаным шығып, орнымнан атып 
тҧрдым. 
– Неге ҧрасың, не жазығым бар? - деді Сҽлима жылап жіберіп. 
– О, шешеңді... Міне жазығың! - деп ол ҽйелінің екінші бетінен жҽне 
тартып жіберді. –
Кет ҥйге қазір.
Менің кҿз алдым тҧманданып, ҿзімді-ҿзім ҽрең ҧстап қалдым. Оның 
ҥстіне жаумен соғысқа болмаса, мен ҿзі бала кҥнімнен ауылдың жаяу 
тҿбелесіне жоқ жанмын. Қазір қызбаланып жағасынан алсам, мына аю сары 
шалдың осы минутта шапқылап ауданға барып, «Мені тілші сабады» деп, 
ҿзін ҿтірік жаралап, жалған жала жауып, соттатып жіберуі мҥмкін. 
Сондықтан, не де болса шыдап, ернімді тістеп, ҥндемей бақтым. 
Екі бетін басып, еңкілдеп жылап, Сҽлима есікке қарай ҧмтылды. Егер 
Сҽлима екіқабат болмаса, мына дҥлей оны сабап, насыбай толы қалың ернін 
тістеніп алып, ішке тепкілейтіндей еді. 
– Мҧныңыз дҧрыс емес қой, ақсақал, – дедім мен бҧл сҽтте бар 
қолымнан келгені осы болып. 
– Мен сенен ақыл сҧрамаймын, – деді ол былш еткізіп партаға тҥкіріп. 
Содан соң есікке қарай аяңдады да, тоқтай қалып жҽне тістене сҿйледі. – 
Ҥлкен ҥйдің итаяғынан жҧғын дҽметкен бҧралқы кҥшікше ілмимей, жайыңа 
кет сен ҿзің! 


Sauap.org
217 
Маңдайымнан қара тер бҧрқ ете тҥсті. «Мҧның кеше қаладан далаға неге 
келдің деп домбытпалап отырғаны осы екен ғой. Менің ҽйелімді торып 
келдің дегені екен ғой» деп ойладым. Сары аюдың нақақ жаласына жаным 
кҥйді. 
Бҥркітбай бар ашуымен есікті тарс еткізе жауып, шығып кетті. Ол 
Сҽлима екеуміз бала кҥнімізде, оңашаланып келіп бірінші рет сҥйіскен класс 
бҿлмесін, мектептің басқа жағын қойма, ат қора етіп алғаны сияқты, абақты 
етіп, соған мені тас қып қамап кеткендей болды. 
Осылай деп мен ҥнсіз отырып қалдым. Қос қыз да бастарын шайқап, 
ауыр мҧңға батқандай болды. Енді мен ҽңгіменің аяғын тиянақтадым.
– Сол жолы Бҥркітбай Тҧтқышевқа қатты ыза болып кеткен едім. Оның 
жалғыз Сҽлимаға ғана емес, Қанша апайға кҿрсеткен жҽбірі де жадымда 
жҥрген. Қанша ыза болсам да Бҥркітбайды маған бірден жыға қою оңай емес 
қой. Ҿйткені мен, жас журналистпін ғой ҽлі. Ал Бҥркітбай болса жас аңшыға 
кездескен кҽрі қабан іспеттес. Алыстан жҽне жанды жерінен дҽл кҿздеп 
атпаса, жаралы қабан аңғал жас аңшының ҿзін де жайратып кетпей ме? 
Осыны ойладым да, мен Бҥркітбайдың Сҽлимаға байланысты арсыздықтарын 
былай қойып, оның колхозшылармен дҿрекілігін сынап, Қанша апайға 
кҿрсеткен зҽбірін баяндап газетке «Ҽй, қатын...» деген фельетон жаздым. 
Ҿйткені Сҽлима туралысын айтсам: «Бҧл менің ҽйелімнің бҧрынғы жігіті 
болатын. Сондықтан ҿштікпен жазып отыр» деп бас салар да, басқалар соған 
иланып қалар деп ойладым. Соным дҧрыс бопты. Кейіннен, аудандық партия 
комитетінде жаңағы мен жазған фельетон талқыланғанда ол шынында да 
солай деп шатыпты. Кейбіреулердің Бҥркітбайды қолдағанына қарамастан, 
бюро колхозшылармен дҿкірлігі жҽне колхоз шаруасын ақсатқаны ҥшін оған 
сҿгіс жариялапты. Егер мҧндай қылықтары қайталанса, орнынан 
алынатындығын ескертіпті. 
Осы кезде басқа бір ҥйден шығып, сары кідір тартқан ақсары ҽйел 
қасымызға келді. 
– Апа, бері жақында, мына Ербол деген балаңмен таныс. Біздің бірге 
оқитын жолдасымыз, – деді Майра ҽйелге. 
Мен орнымнан ҧшып тҧрып, басымды иіп, ҥлкен кісіге сҽлем бердім. 
– Сҽлеметсіз ба, апа? 
– Аман-есенбісің, шырағым. Кҥйлі-қуатты жҥрмісің, жаным. - Содан соң 
ҽйел қызына қарады. – Майра, қалқам-ау, тал тҥс болды. Қонақтарыңа шай 
қайнатып бермейсіндер ме? - деді.
– Қазір, қазір, апа, ҽңгімелесіп отырып қалдық, - деді Майра ақталып,
Меңтай екеуі тез орындарынан тҧрып, беседка сыртындағы қазандыққа 
қарай ҧмтылды. Ақ кофталы, қызыл юбкалы Меңтайдың сыртынан мен 
сҧқтана қарап отырып қалдым. 
Қос қыз бен қарт ана ҥшеулеп, лезде шай жасап ҽкелді. 
– Қарағым, ҽкең бар ма? – деді қарт ана маған Майра арқылы шай 
ҧсынып жатып. 
– Жоқ, апа, соғыста ҿлді. 


Sauap.org
218 
– Е, бақыр-ай, – деді ана ернін сылп еткізіп – Біздің Майраның да ҽкесі 
соғыстан қайтпады. 
– Білемін, апа. Майра айтқан болатын. 
– Шешең бар шығар? - Мен басымды шайқадым. 
– Е, бақыр-ай, – деп Майраның шешесі тағы да ернін сылп еткізді. Содан 
соң, менің ҽке- шешемнің жоқтығы ана жҥрегінің ҽлдебір қылын қозғады ма, 
білмеймін, ол бҧрынғысынан да мейірленіп, дастарқан ҥстіндегі май мен 
бауырсақты ҿз қолымен молырақ етіп, менің алдыма қарай ысырды. 
– Жеп-іш, қарағым. Тойып ал. 
– Иҽ, менің апам жақсы кісі, – деп Майра еркелеп, шешесіне басын 
сҥйеді. 
– Кімнің шешесі жаман дейсің? Баласының қасында басы қарайып 
отырған шешенің жаманы бола ма, қарағым, – деді ана шайын ҧрттай 
отырып.
Шайдан кейін Майра, Меңтай мен ҥшеуміздің ҽңгімеміз қайтадан 
жалғасты. 
– Жас баланың, ҿз туған ҽке-шешесінің нендей адамдар екенін 
білмейтіні сияқты, жас кҥнімізде бҽріміз де туған халқымыздың бойындағы 
барлық қасиеттерді тегіс біле бермейді екенбіз. Ҽсіресе, оның кемшілік 
жақтарын кҿрмейтін екенбіз, қыздар. «Халық – ана», «Халық - қаһарман», 
«Халық–данышпан» деп жҥре береміз. Онымыздың бҽрі де рас. Бірақ, жақсы 
адамның да басында кемшілігі болатыны сияқты, сол қаһарман, данышпан 
халықтың да бойында бір кінҽрат болады екен. «Жеке адамдардың 
кемшілігіне халық кінҽлі ме?» деп, екеуіңнің маған қарсы дау айтуларыңа да 
болар. Бірақ халық жеке адамдардан тҧратын болғандықтан мен олардың 
кемшілігін халықтың бойындағы мін деп отырмын. Сонда мен ҽйгілі 
академик Қаныш Сҽтбаевтай дҥниенің тҿрт бҧрышына кең танылған ҥлкен 
жазушы, ғҧлама ғалым Мҧхтар Ҽуезовтей, дҥлдҥл композиторлар Мҧқан 
Тҿлебаев пен Ахмет Жҧбановтай, бҧлбҧл ҽнші Кҥлҽш Байсейітовадай 
есімдері мҽңгі жасайтын ҧл, қыздары бар, дарынды, данышпан қазіргі қазақ 
қауымының басындағы мін – арызқорлық деп тҥйдім. Бҧған ҿзім алты жарым 
айдай яғни, 190 кҥн тілші болып, ел аралағанда еркін кҿзім жеткендей болды. 
Ҿйткені мен сол 190 кҥннің тең жарымынан артығын арыз тексерумен 
ҿткіздім. 
Бір жолы редактор шақырып алып, алыс ауданнан тҥскен арызды 
қолыма ҧстатты. 
– Ербол шырағым, осы хатты жақсылап тексеріп келші,– деді редактор. 
–Олай дейтінім мҧны жазып отырған мҧғалім адам. Бҧл кісіден колхозшы 
емес, оқыған ауыл интеллигенті боп есептелетін бҧндай адам неге арыз жаза 
береді екен, соның себебін білші. 
Хатты алып, редакцияның бір бос бҿлмесіне барып оқи бастадым. 
Қарасам дҽптердің тҿрт бетіне жазған хаттың іші бықып тҧрған қате. 
«Сауатын арызбен ашатын ағайындарым-ай» деп ішімнен тынып, хаттың 
аяғына қарасам, «Тілеуғали Рҥстемғалиев» деп қол қойыпты.


Sauap.org
219 
Аты-жҿні маған таныс адам сияқты боп кҿрінді. Соғыста дҽл осындай 
бір қаруласым болған еді, сол емес пе екен деп ойладым. Іздеп келсем соның 
нақ ҿзі боп шықты. Мен оның арызына байланысты кҿп адамдармен 
ҽңгімелестім. Аудандық партия комитетінің секретарымен де, ауатком 
председателімен де, прокурормен де, аудандық оқу бҿлімінің меңгерушісімен 
де сҿйлестім. Бҧлардан басқа адамдардың, Тілеуғалимен бірге қызмет 
істейтін мҧғалімдердің ол туралы пікірлерін тыңдадым. Олар бір ауыздан 
менің ескі досымның оңбағандығын дҽлелдеді. Солай екеніне ҿзімнің де 
кҿзім жетті. Осы кісі бір ҿзі ғана екі жылдың ішінде жоғары орындарға 
ҽркімнің ҥстінен отыз екі арыз жазыпты. 
Соның бірде-бірі расқа шықпаған. Отыз ҥшінші арызды қолыма ҧстай 
отырып, мен ескі досымның ҿзімен ҽңгімелестім. Ол бҽрін де мойындады, 
«расталмағаны рас» деді. 
– Ендеше расталмайтын арызды неге жазасыз, Тілеке? – дедім мен.
Соғыстың талай сҧрапыл кезеңдерін басымыздан бірге ҿткерген ескі дос 
болғанымызбен, ол менен 5-6 жас ҥлкен еді. Сондықтан мен оның жасының 
ҥлкендігін қҧрметтеп осылай «Тілеке» деп атадым. 
– Біреудің ҥстінен бірдеңе жазбасам, отыра алмаймын, – деп ескі досым 
шынын айтты. – Біреуді жамандамасам, ішкенім ас болмайды. Teгі қанымда 
сондай бірдеңе бар ғой деймін, – деді ол. 
Оның қанында не бар, не жоғын тексергенім жоқ, білмеймін. Ҿйткені 
мен дҽрігер емеспін. 
Бірақ журналист те дҽрігер сияқты, ол да ҿзінің тексерген ісіне диагноз 
қояды, операция жасайды – кемшіліктен қҧтылудың жҿнін кҿрсетеді. Дҽрігер 
операцияны – адамның тҽніне, журналист – жанына жасайды. Теріс 
диагнозбен жанға жасалған операция адамды ҿмір бойы мҥгедек етеді, сҿйтіп 
оны баспасҿзге деген сенімнен айырады, оған ҿштестіреді. Бҧл жалпақ 
жҧртқа жария болады. Ал тҽнге жасалған операция теріс болса – адам ҿледі, 
ештеңені білмейді, ешкімге айта алмайды. Ҿлген адам тіріге қорқынышты 
емес. Екеуінің тағы бір айырмашылығы - дҽрігер адамның бойынан кемшілік 
кҿрген сайын жаны ауырады, «бҧл сорлы мҧндай кесірге қайдан тап болды 
екен?» деп, ҿз-ҿзінен қиналады. Мен де қинала отырып, командировкадан 
қайтқаннан кейін, «Алатау жҧлдызына» «Ескі досқа хат» деген ҥлкен мақала 
жаздым. Мен сендерге соның ең соңын ғана оқып берейін, қыздар. 
Мен, арт жағымда, аң жастықтың қасында жатқан қоңыр папкаға қол 
создым. Онда менің «Алатау жҧлдызында» жарияланған барлық 
мақалаларымның қиындылары бар еді. 
Жомартбекке кҿрсетіп мақтанайын деп облыстан Алматыға ҽдейі ала 
келген едім. 
Жомартбек жоқ болғандықтан келгеннен бері беті ашылмай жатқан бҧл 
папканы, мҥмкін, Меңтай мен Майраға кҿрсетермін деп, бағана, осылай 
қарай шығарда қолтығыма қыса салғамын. Майра лып етіп, маған қол жалғап 
жіберді. Мен аталған мақаланың ең соңғы бағанасын оқи бастадым. 


Sauap.org
220 
«...Досым, сен маған алғашында дипломыңның барлығын, сауатты 
екеніңді айттың. Сол кезде алдымда жатқан сенің арызыңның соңғы бетіне 
кҿзім тҥсті менің. Онда сен былай деп жазған екенсің. 
– Рідаксиядан(!?) сҧрайтыным (?) менің осы хатмның (?) қата (?) Жер (?)
болса тузетіп (?)Жазіп (?) костын (?) қосып, ендеп (?) кҽзит бетіне 
жазуды (?) сҧраймын (?).
Тақырыбы;
«Ескіліктін Жат (?) адеттеріне (?) Жол (?) беруші бастықтар» деп (?) 
басқа теме (?) алуына (?) блоды (?). Тезрек тексерунді (?) сҧраймын. 
«Хат Жазушы» (?) мҧғалім (?) Тлеуғали (??) Рҥстемгалеев (???)». 
Сҿзіңді тыңдап, жазуыңды оқи отырып, сен ҥшін мен қызардым, досым.
Қырық шақты сҿзден ҥлкенді-кішілі жиырмадай қате жіберіпсің. 
Жазуыңнан кҿрінген сауатсыздық сол жердегі сҿзіңнен де танылып тҧрды 
сенің. 
– Мені қудалап жҥр. Сондықтан мектеп директорының жазалануын 
талап етемін, - дедің сен сҿзіңнің соңында. 
Сабақтың сапасын білу ҥшін комиссия қҧруын қудалау деп есептесең, 
онда директордікі дҧрыс, Тілеуғали. Ҿйткені, директор мектептегі оқу-тҽрбие 
жҧмысына жауап береді. Ол бар оқушысының барша пҽннен сауатты болып 
шығуын кҿздейді. Ал, сен, шала сауаттысың, сенен оқып ештеңе білмей 
шыққан баланың обалы кімге ертең? Сен осыны ойладың ба ҿзің? Ойласаң, 
олай демеген болар едің, ҽрине. 
Мен ауданнан қайтқанда сен туралы дҽнеңе жазбай-ақ қоярмын деп 
едім.
Бірақ, оным саған болысқандық болмайды екен, ескі дос. Сен тек 
ҿзімдікі жҿн деп, ҿзгенің сҿзін ҿрге бастырмайды екенсің. Қит етсе, иректеп 
арыз жазуға қҧмар кҿрінесің. Бҧл оқиға сенің ҿміріңдегі бір рет ҿткен ағаттық 
болса, мен оны елемеген де болар едім. Бірақ бҧл сенің сҥйегіңе сіңіп бара 
жатқан дерт кҿрінеді. Сондықтан мен, жҥрегім сыздай отырып, осы хатты 
жолдауға мҽжбҥр болдым саған. 
«Жалақор» деген жаман ат, Тілеуғали. Арызшылдық абырой ҽпермейді.
Ескінің бҧл жиіркенішті қалдығы жаңа ҿмірге жараспайды, коммунистік 
жаңа заман адамына лайық емес. Ҽсіресе, осы ҿмірді қорғау жолында 
қасықтай қанын, шыбындай жанын аямай жаумен кҥрескен отанның ер 
солдаты сенің бойыңа сыйымсыз іс. Ойлан осыны. 
Коллективіңмен тату бол, жолдастарыңды сыйла; орынсыз арыз айтып, 
ҿтірік жала жауып олардың тынышын алма, шырқын бҧзба. Сонда олар да 
сені қҧрметтейді. Жалқаулықтан арыл, ерінбей ізденіп, сауатыңды аш, Сонда 
сені шҽкірттерің қадірлейтін болады. Сен екеумізді майданда бір кҥні, бір 
жиналыста партияға алды. Соғыста ел ҥшін еткен ерлігіміз ҥшін партияның 
мҥшесі болдық. Ендеше екеуміз ҽрқашан ҿзгелерге ҿнеге кҿрсетуге, 
майдандағыдай тек қана алға ҧмтылуға тиіспіз, жауынгер дос. 
Мен сенің редакцияға келген хатыңды алғаш оқып, соңындағы атың мен 
фамилияңды кҿргенде қуанышымда шек болмады. Бірден сені кҿз алдыма 


Sauap.org
221 
келтіруге тырыстым. Тезірек ҿзіңмен кездесуге қҧмарттым. Бірақ, жайыңды 
кҿріп, жабырқап қайттым. Мен сені мҧндай болады деп ойламаған едім. 
Сҽлеммен сенің майдандас ескі досың. 
Ербол ЕСЕНОВ». 
– Бҧл – бір, – дедім газет қиындысын қайтадан папкаға салып жатып. – 
Бҧдан басқа да бірнеше мысал айтайын мен сендерге. Мінеки, осы екеуің 
сияқты, бір кабинетте қатар отырған, бірімен-бірі ойнап кҥліп жҥрген 
адамдардың бірінің ҥстінен бірі арыз жазғанын естідіңдер ме, сендер? Жоқ, 
естіген жоқсыңдар. Ал мен кҿрдім ондай адамдарды. 
Редакцияға бір колхоздың председателі мен орынбасарының бірін-бірі 
жамандап жазған хаты келеді. Екі хатта да: «Ол ішіп қойды, жеп қойды. 
Мемлекет мҥлкін талан-тараж етті» деген ауыр-ауыр айыптар бар. «Жазған 
қҧлда жазық жоқ» дегендей, екі етекті белге тҥріп алып, мен жҿнелдім ол 
хатты тексеруге. Аудан басшыларымен ақылдасып, адамдармен сҿйлесіп, 
тексеріп қарасам, колхозда шашау шыққан ештеңе жоқ. Бар мҥлік орнында, 
бар дҥние қалпында. 
– Ау, ақсақалдар-ау, бҧларың не? – деймін кҥйініп. 
– Мынау ҽнебір ҥлкен жиында сҿз сҿйлеп, менің атымды ҽдейі аузына 
алмай кетті. Мен соған ыза болып едім, – дейді председатель. 
– Бҧл кісі ылғи ойын-тойда ҿзі тҿрге отырып алады. Басты да ҿзі 
ҧстайды, басқаны да ҿзі таратады. Маған ҥлкен едің деп ҥстел басын бір 
билетпейді.
Мен соған ерегесіп едім, – дейді орынбасар. Сҿйтсем, орынбасар 
председательден 2-3 жас ҥлкен екен. 
Мінеки, ол екеуінің арыздасқандағы ҽңгімелерінің тҥрі осы. 
– Екеуіңіз де ҥлкен адамсыздар, менің ҽкемдей кісісіздер, – деймін мен 
оларға қынжылып. 
– Екеуіңізге менің ҿнеге айтуым келіспейді де. Бірақ осыларыңыз ел-
жҧрт, естір қҧлақтан ҧят емес пе?! 
– Қояйық, қояйық. 
– Жаңылдық, жаңылдық, – дейді олар, мен, бейнебір, ол кететіндей 
апалақтап. 
– Шаршадыңдар ма, қыздар? 
– Жоқ-жоқ, айта беріңіз, ағай, – дейді Майра мен Меңтай жарыса ҥн 
қатып, тағы да тыңдауға ынталанып. 
– Тоқсандағы ҿлмелі шал жазған тағы бір арыздың қызық хикаясын 
айтайын да, бҧл ҽңгімені доғарайын біржола.
– Иҽ, қызық емес, қасірет қой бҧл, - дейді Майра. Майра мақҧлдап, бас 
изеймін де, қызып алған мен тағы да сҿйлей жҿнелемін. 
Іргелес қатар отырған екі ауылдың бірінің тоқсандағы шалы екінші 
ауылдың алпыстағы шалының ҥстінен арыз жазып, былай деп кҿрсетіпті: 
..Ҥшбу, жоғарыда аталған Ҽлімбай шал, аруағымызды қорлап, 
атамыздың бейітіне қол тигізді. Соны тексеріп, атамыздың аруағын қорлаған 
кісіні жазалауды сҧраймыз...» 


Sauap.org
222 
– Иҽ, тҥуһ, – деді Майра қабағын шытып. – Ол соншама, Қозы Кҿрпеш 
пен Баян сҧлудың бейіті ме екен қол тигізбейтін? 
– Тексере келгенімде, – дедім мен, - мҽселе мынадай боп шықты. Арыз 
жазған тоқсандағы шалдың арғы аталары білікті кісі болса керек. 
Ауылдарының шетінде соған орнатылған бір жақ бҥйірі қҧлаған ескі зират 
тҧрады екен. Кҿрші отырған екінші ауылдың қарты Ҽлімбай деген кісі бір 
кҥні сол зираттың қҧлаған жерін қайтадан қалап, бҧрынғыдай етіп, 
жақсартып, тҥзеп қояды. Тоқсандағы шал осыған ашуланады. 
– Ҽлімбайды неге кінҽлайсыз? – деймін мен оған. 
– Атамыздың бейітіне қол тигізді. 
– Атаңыз қадірсіз кісі ме еді? 
– Жоқ, қадірлі болатын. 
– Онда Ҽлімбайдың атаңыздың қҧлап жатқан бейітін тҥзеткені дҧрыс 
емес пе? 
– Жоқ, теріс. 
– Неге.
– Ҿйткені ол біздің атамыз. 
– Онда зиратты ҿзіңіз тҥзетейін деп жҥр ме едіңіз? 
– Жоқ, менің оған халым жоқ, Ҽлімбайдай жас емеспін. 
– Жас болмасаңыз зираттың тҥзетілгеніне қуанбайсыз ба қайта? 
– Жоқ, қуанбаймын. 
– Неге? 
– Ол біздің атамыздың зираты. Оны тҥзетсек біз тҥзеуіміз керек. Тҥзете 
алмасақ, бҿтен ешкімнің қолы тиюге тиіс емес!.. 
Міне мҧны алжыған шалдың сандырағы ғана деп, ешбір мҽн бермеуге де 
болар еді. Бірақ, дҽл осы штрихта жоғарыда айтқан кінҽрҽттің, ескі 
психологиялық элементтері жатыр. Ол кінҽрҽт, ол дерт – арызқорлық, ауылға 
бҿлінушілік. Мен халқымыз осы жаман дерттен арылса екен деп арман 
етемін. Ең жоқ дегенде болашақ ҧрпаққа осы дерт жҧқпаса екен деймін. Қҧр 
арманмен іс бітпейді. Арманды жҥзеге асыру ҥшін аянбай кҥресу керек. Жан-
жақты кҥрес қажет. Мен журналист, сендер мҧғалім болып, бҽріміз бір ҥнмен 
осы тілектің ҧранын жас ҧрпақтың қҧлағына қҧюға тиістіміз! Мен осылай 
деп ойлаймын, қыздар. 
– И-иҽ, ағай-ай, жақсы айттыңыз-ау, - деді Майра менің сҿзіме 
сҥйсінгендей болып. 
Меңтай да, Майра екеумізді қҧптағандай, бас изеді де: 
– Жалақорларға жаза қолданылса, шен-лауазымына қарамай ҽшкерелеп, 
халық алдында қарабет етсе – тоқталар еді бҧл пҽле.
Екі қыз маған қарады. Мен де басымды изедім оларға. Содан соң 
ҥшеуміз де, ҽрқайсымыз іштен ойланғандай боп, біраз ҥнсіз отырдық. Менің 
есіме профессор Ҽуенов тҥсті. 
– Мҧхит ағай қалай, қыздар? – деп сҧрадым келгелі ол кісіні 
кҿрмегенімді айтып. 


Sauap.org
223 
– Жақсы, – деді Майра. – Сізді лекцияға келген сайын сҧрап қояды. 
«Ерболдан хабар бар ма, Жомартбек?» дейді. «Ол облыстық газетте тілші боп 
ел кезіп жҥр» деп жауап береді Жомартбек. Оған Мҧхит аға риза боп қалады. 
«Бҽле, жас жігіттің ҿмір кҿргені жақсы. Ол соғыстың сҧрапылын белуардан 
кешіп келген азамат. Енді ел ҿміріне қансын. Ербол сияқты жігіттерге 
ҿмірдің ҿзі университет.
Кҿрерсіңдер, Ербол ҥлкен журналист болады ҽлі» дейді Мҧхит аға. Біз,
Меңтай екеуміз, асыл ағаның сізді мақтай айтқан бҧл сҿзіне тҿбеміз 
кҿкке жеткендей боп қуанып қаламыз. Рас, қой, Меңтай. - Меңтай сабырмен 
бас изеді. 
– Рахмет, – деп мен оларға анада, осы екеуін іздеп театрға барғанда, 
Мҧхит ағай маған алдыңғы қатардан орын ал деп ақша бергенін, бірақ мен ол 
ақшаға билет ала алмағанымды, кейін, облысқа кеткенде, жол қаражатына 
жҧмсағанымды айттым. 
– Соны алмауым керек еді, алғаным ҧят болды-ау деп осы кҥнге дейін 
ойлаймын. Бірақ, ҥлкен кісі ҿзі ҧсынып тҧрғаннан кейін алмауды тағы ерсі 
кҿрдім. 
– Иҽ, оның несі бар? Тҽбҽрік қой, қайта жақсы болады, – деді Майра. 
– Ол кҥні Мҧхит ағаның залда сізді қолтықтап, ҽңгіме шертіп жҥргенін 
біз де кҿргенбіз.
Мҧхит ағай қандай ҽңгіме айтты деп сізден сҧрағалы бҧрышта тосып 
тҧрған едік. 
– Иҽ, иҽ, сонда. Енді сол ақшаны Мҧхит ағаға қалай қайырып берсем деп 
жҥрмін. 
– Қойыңыз, ол кісі ренжір, – деді Майра. 
– Неге? Егер мен студент боп қайтарып берсем, ол кісі ренжір еді. Ал 
қазір мен журналистпін, жас интеллигентпін ғой. 
– Жоқ, тҽбҽрік болады, оны қозғамаңыз, - деп Майра ҥзілді-кесілді кесім 
айтты. 
– Ал енді не қалды айтылмаған онда, – деп қос қызға кезек қарадым. – 
Бҥгін мен сондай мақтаншақ боп кеткен сияқтымын. Кҿңіліме келгеннің 
бҽрін кідірмей ақтарып жатырмын. 
Ол сендерді сағынғандығымнан болар, қыздар. Кешірім етіңдер. 
– Жо-жоқ, бҽрі де жақсы, ағай, – деді Майра бҽйек болып. 
– Сіз келгенге жанымыз жасап қалды. Иҽ, айта беріңіз, тағы да айтыңыз. 
– Онда, мынау менің «Алатау жҧлдызында» осында жҥрерде 
жарияланған ең соңғы мақалам еді, – дедім папкамды қайтадан ашып, оның 
ішінен тҧтас газет нҿмерін суырып. – Махаббат туралы. Енді соны оқиық. 
Тарихы мынадай. Бір жігіттің уҽделескен қызы басқа біреуге тҧрмысқа 
шығып кетеді.
Соған назаланып жігіт редакцияға: «Осы ма еді, ей қалқа, берген сертің» 
деген мақала жолдады. Мақала газетке басылып, оған кҿптеген пікірлер 
келді. Сол хаттарды қорытындылау маған тапсырылған еді. Мен бірнеше кҥн 


Sauap.org
224 
ойланып, толғанып жҥріп осы мақаланы жаздым. Майра, сен оқисың ба, мен 
оқиын ба?– дедім газеттің ішкі бетін ашып жатып.
– Ҽкеліңіз, ағай, мен оқиын. Сіз бағанадан бері ҽңгіме айта-айта 
шаршаған боларсыз. 
Мен газетті Майраға бердім. Ол, тамағын бір қырнап алып, мақаланың 
басына кҿз жҥгіртті. 
– «Ербол Есенов, жас журналист», – деп Майра алдымен мақала 
тақырыбының ҥстіңгі, оң жақ шекесіне бадырайта жазылған менің аты-
жҿнімді айтып, сҽл тыныс жасады да, содан соң судыратып, тҿмендегі 
мақаланы оқи жҿнелді. 
"АЛТЫН ДІҢГЕК" 
«Алатау жҧлдызы» газетінің осы жылғы 12 майдағы санында «Осы ма 
еді, ей қалқа, берген сертің?..» деген тақырыпта мақала жарияланды. Бҧдан 
кейін газет бетінде бірнеше дҥркін оқырман сол мақалаға байланысты ҿз 
пікірлерін ортаға салды. 
Аталған мақалада да, оған байланысты кҿтерілген ҽңгімеде де адам 
жанының ең сҧлу, ең асыл сезімі, жас ғҧмырдың жалынды ҽні – махаббат 
мҽселесі сҿз болды. Махаббат деген не? Махаббаттың басты шарты қайсы?
Тек сҧлулық ҥшін ғана сҥюге бола ма? Алған жарыңның мҥсіні 
кҿкейдегі мҧратына сай келмесе не істеу қажет? «Бір кҿргеннен ғашық болу» 
деген рас па? Екі адам бірін-бірі кҿрместен ғашық бола ала ма? Махаббаттың 
жауы не?
Тҧрақсыздық қайдан туады? Сезімді тҧрақты етіп қалай тҽрбиелеу 
керек? –міне, осы жайлар едҽуір талқыға тҥсті. Кҿп оқырманның бірі ретінде 
менің де бір ҽңгімеге ат салысуыма тура келді. 
Газеттегі мақалаларды оқып шыққаннан кейін менің ойыма сонау 
жайлауда жатқан бір қарт шопан айтқан сҿз тҥсті. Социалистік Еңбек Ері 
Ілияш Қызырбаевпен ҽңгімелесіп отырғанымызда, бір реті кеп қалған тҧста, 
мен Ілекеңнен «Махаббат деген не ҿзі?» деп сҧрадым. Қарт шопан қой бағуға 
байланысты емес бҧл сҧраққа да ойланып жауап береді. 
– Ол – ҽр ҥйдің алтын діңгегі ғой, шырақтарым, – деді. 
– Сонда кемпір мен шал сіздерде де махаббат бар ма? – деді менімен 
бірге келген жас зоотехник Ілекеңе бҽйбішесі Ақнҧрды нҧсқай ҽзілдеп. 
– Осы сен кҥннің нешеу екенін білесің бе? – осылай деп, Ілекең 
зоотехник жігітке қарсы сҧрақ қойды. 
– Білемін, аспанда жалғыз ғана кҥн бар. 
– Жоқ, - деді шопан бурыл басын шайқап, - кҥн екеу, оның бірі кҿкте 
болса, бірі жҥректе. 
Жҥректегінің аты – махаббат. Махаббат мекендемеген жҥрек қысты кҥні 
қар астында қалған қараңғы ҥймен тең. 
Ілекең ҿзіне сҧрақ қойған жігітті осылай жеңіп кетті. Біз шопанның 
тапқырлығына мҽз боп, қҧттықтап, кезек-кезек қолын алдық. 
«Махаббат деген не?» деген сҧраққа газет бетінде бір мҽселені 
талқылауға атсалысқан жҧрттың бҽрі жауап берді. Бҧл жҿнінде даналардың 


Sauap.org
225 
да, данышпандардың да айтқандары кҿп. Бҧл сҧраққа шопанның да берген 
жауабы орынды. Ҿйткені... «қанша бас болса, сонша ақыл болады, демек, 
сонша жҥрек, соншама махаббат болады» (Л.Толстой). Осыдан екі мың жыл 
бҧрын Рим ақыны Тибулл махаббатты «тҽтті жҧмбақ» деп атаса керек. 
Шығыстың бір бҧлбҧлы атақты Хафиз ақын оны «мҽлімсіз сҽт» депті. 
Мҽселе махаббатты кімнің қалай атағанында емес. Ҽңгіме адам жҥрегінің 
осы қымбат қазынасын қадірлей білуде ғой.
Газетте жарияланған мақалаларға қарағанда кейбір жастардың 
махаббатқа жеңіл-желпі қарайтыны байқалады. Мҧның ҿзі олардың махаббат 
мҧраты не екенін алдын ала ойлап, бажайлап, саралап алмайтындықтарынан 
болуға тиіс. Махаббаттың алдында, жазда алыстан кҿзге шалынған таудай 
мҧнартып, ҽрқашан екі мақсат тҧратыны аян. Оның бірі табиғи тілек те, 
екіншісі сана мҧраты болмақ. Табиғи тілек дегеніміз ҧрық, ҧрпақ қалдыру 
жҿніндегі соқыр сезімнің жетегі екені тҥсінікті. Ол қыз бен жігіттің бір-біріне 
қызығып, қҧмартуы тҥрінде білінеді, нҽпсіге тіреледі. Ал, сана мҧраты 
жігіттің қыздан немесе қыздың жігіттерден ҿзімен ойы тең, ақылы сай, бір-
бірінің қуаныш-реніштеріне ҿмір бойы ортақ болысып, мҧң шағып, сыр 
шертіп, шер айтысатын, жанымен жаны ҥндес адам іздеуі, бірін-бірі шексіз 
сҥйетін жан тауып, соған қосылып, қосылған соң бірін-бірі ҿле- ҿлгенше 
қадірлеп, қҧрметтеп ҿтуге ҧмтылуы. «Кімнің жаны махаббаттан тҽн 
лҽззҽтімен қоса рухани лҽззат алуға ҧмтылса, тек соны ғана адам деп 
бағалаймыз» дейтін Бальзак сҿзінің мҽні айқындала тҥседі. 
Қыз қҧмар жігіттің (немесе керісінше) желҿкпе, жеңілтек, қызыққыш, 
қҧмартқыш келетіні ежелден белгілі жай. Ондай адамдардың қысқа қызық, 
шолақ шаттыққа аңсарлары ауып тҧрады да, бара-бара нҽпсінің қҧлына 
айналады. Ондай жандар ҿздерінің осы нҽпсі қҧмарлығын ҿзгеге махаббат 
деп ҧсынады. Бірақ шынайы махаббат пен қҧмарлықтың екеуі екі басқа.
Қҧмарлық кҿбіне аңшыға тҽн қасиет. Аңшы кҿрген аңын қҧтқармауға 
тырысады. Ол кҿк ала қанат ҥйректі сҥйгеніне емес, соған оғының тигеніне 
разы болады. 
Аңшыға шолақ сҽттің қуанышы ғана қажет. Ал махаббат мҽңгілік 
қуаныштың туын ҧстайды. 
Кей қыздар махаббаттың басты шарты сҧлулық деп тҥсінеді. Неғҧрлым 
жігіттерге сҧлу боп кҿрінсем, соғҧрлым махаббатта жолым болады деп 
есептейді. Сондықтан ондайлар бетін бояп, қасын кҥзеп, кірпігін «ҧзартып», 
ернін қызартып ҽлек болады. Жақында трамвайда сондай бір қара кҿз қызды 
кҿрдім. Қасты қырып, оның орнына бір сызық қара бояу тартыпты. Сол 
бояуды кҿзінің қҧйрығына да жағып, оны жҽне «ҧзартып» қойыпты. 
Бетіндегі баттасқан бояуды былай қойғанда, қасының орны мен кҿзінің 
қҧйрығынан қатарласа сызылған жаңағы екі жіңішке сызық кҿлденең адамға 
жыланның айыр тіліндей танылып, сҥйкімсіз ҽсер етеді. Қыздың онда 
шаруасы жоқ, «Мен сҧлумын, маған сҧқтана қараңдар» дегендей жағын 
таянып, орындықта сіресіп отыр. Оның қасына қарт ана келіп, тҥрегеп тҧрды.


Sauap.org
226 
Қыз кішілік жасап, ҥлкенге орын берер деп ойлап едім, бірақ ҿйту оның 
кҽперіне де келмеді. Біреу қызға қолын созып, қасындағы кассадан билет 
жыртып ҽперуді ҿтінді. Сҧлу адам сыпайы болуға міндетті еместей-ақ, ол міз 
бақпастан теріс айналып, терезеге қарап кетті. 
Мҧндай қызға қандай жігіттің ғашық боларына таң қаласың. Табиғаттың 
ҿз бояуы бойында тҧрған уыздай жас қыздың орта қол артель жасап 
шығарған қайдағы бір жасанды бояуды жағып, сҧлу боп кҿрінуге тырысуы 
келіспейді-ақ. Кҿп қыздардың ішін сҧлуламай, тек сыртын сҧлулауға 
тырысуы ҿкінішті.
Қыз қанша боянғанымен саналы жігіт оған салғаннан қҧлап тҥспесе 
керек қой. Қызға ажары ҥшін ғана емес, адамгершілігі ҥшін ғашық болмай 
ма?
Ғашық адам сҥйгенінің бойынан сҧлулықтан басқа да асыл қасиеттер 
іздейді.
Ол қасиеттер: ақылдылық, адамгершілік, сыпайылық, сыйластық, еңбек 
сҥйгіштік болса керек. Жалқау қызға жан жоламауға, еріншек қызды ер 
алмауға тиіс. Мҧның растығына кҿптеген мысалдар бар. Қай қыз жҧмысты 
жақсы істесе, жҧмысшы жігіт соған ҧмтылады. Қай қыз сабақ жақсы оқыса, 
студент жігіт соған қырындайды. Нашар оқитын қыз ҿзін сҥйікті етіп 
кҿрсетуге тырысады. Жігітті де қыз танауы ҥшін емес, таланты ҥшін сҥйеді. 
Еріншек жігітке ешкім қарамайды. Ендеше махаббаттың басты шарты 
сҧлулық емес. Бҧл арада алғашқы мақалада айтылатын Кҥлҽш деген 
қарындастың Жомарт деген жігітті «тҥр-тҧлғасы ҥшін сҥйемін» дегеніне 
қосылуға болмайды. Сҧлулық жоғарыда аталған ғашық болуға қажетті 
шарттардың бірі ғана. Сҧлу деп қазақта кҿрікті ҽйелді айтады. Ал кҿркінің 
ҥстіне ақыл-парасаты мол ҽйелді ару деп атайды. Ҿмірде сҧлу кҿп те, ару аз.
Ауыз ҽдебиетінде ару бейнесінде Қҧртқа, Қарашаш, Меңдісҧлу сияқты 
қыздар ғана суреттеледі. Кейбір жігіттер «мен пҽленшеге бір кҿргеннен 
ғашық болдым» деп соғады, ал «бір кҿргеннен ғашық болу» ешбір қисынға 
келмейді. Бір кҿргенде қыздың ҧнауы немесе оның жігіт қиялындағы ҿзі 
мҧрат еткен ҽйел бейнесіне бір жері (беті, аузы, кҿзі, мҧрны, шашы, т.б.) 
ҧқсауы ықтимал. Сол ҧқсастық жігіт жҥрегіндегі қҧмарлық сезімін лап 
еткізеді де, ол енді қыздың қалған қасиеттерін ҿз ойындағыдай етіп, қиялмен 
жобалай жҿнеледі. Осыны ол «бір кҿргеннен ғашық болдым» деп тҥсінеді. 
Бҧл шындық емес. Ҿйткені, бір кҿрінген қыздың басындағы қасиеттер оған 
қараған жігіттің кҿңіліндегі бейнеге қаншалықты ҧқсайтынын бірнеше 
кҿргеннен кейін ғана анықтауға, сонда оның кҿп белгілері сҽйкес 
келмейтініне кҿз жеткізуге болады. 
Ҧлы Отан соғысына дейінгі біздің ауыл бозбалаларының кҿпшілігінің 
арманы аққҧба ҿңді, ақжҥзді жар еді. Ҿйткені онда ҽйел жҿніндегі біздің 
мҧратымыз фольклордан, ақындардың ҿлеңдерінен қалыптасты. Біз ҥшін ол 
кезде дҥниедегі ең сҧлу ҽйел Қыз Жібек болатын. 
Ал, қиссада ол былай суреттелетін: 
Қыз Жібектің ақтығы 


Sauap.org
227 
Наурыздың ақша қарындай...
Кҿкейде қалыптасқан осы бір жақсы жар мҧратын Абайдың «Білектей 
арқасына ҿрген бҧрым», Ақан серінің «Аққҧба қатын алсаң бойы сҧңғақ» 
дейтін ҿлеңдері жҽне толықтыра тҥсті. Сҿйтіп олар танадай жалтылдаған 
қара кҿзді, қардай аппақ қызға ынтықты, сондай жарға қолымыз жетсе деп 
арман етті. Соғыстан кейін олардың бірсыпырасы жар сҥйді. 
Бірақ кҿбінің кҿңілдегі мҧраты алған ҽйелдерінің мҥсінімен ҥйлескен 
жоқ: «наурыздың ақша қарындай» ақ қыз орнына қара торы, бидай ҿнді, 
қызыл шырайлы, ақ сары, шикіл сары келіншектерге ие боп шыға келісті. 
Тіпті олардың бойлары да ҽртҥрлі: сҧңғақ, орта, тҽпелтек; кҿздері де ҽр тҥсті: 
қоңыр, шегір, кҿк болды. Енді олар мҧраттарын алған жарларының мҥсініне 
лайықтап қайта қалыптастырды. Осы арада олар ҿздерінің бҧрынғы 
мҧраттарының мол пішілген киімдей олпы-солпысын да кҿрді, кемшілігін де 
білді. Егер жарыңның жаны жақсы, адамгершілігі биік болса, оның «ақтығы 
наурыздың ақша қарындай», ал кҿзі «аласы аз, қара» боп келуінің тіпті де 
қажеті жоқ екенін ҧқты. Менің қҧрдастарымның балалықпен тағы бір 
білмегендері жарымыздың бойы Ақан айтқандай сҧңғақ болса деп армандауы 
болыпты. Енді қарасақ олардың бҽрінің ҿз бойлары орта, тҽпелтек, бҽкене 
екен. Ал ҿзің тапал, жарың биік болса, онда қандай жарастық болмақ? 
Жігіттер оны да байқамапты. (Ҽрине, ҿмірде ҧзынды-қысқалы боп та 
жҧптаса береді. Бҧл қосылушы екі адамның кҿңіл жарастығына байланысты). 
Махаббатты ҿзенге емес, кҿлге емес, тек қана теңізге теңестіруге 
болады.
Теңіз сияқты мҧның да бетінде тулаған толқындар жҥреді, тҥбінде 
ғажайып сырлы тереңдік жатады. 
Адамның жыныстық соқыр сезімінен туған сусыма жҥйрік тілек 
толқынға ҧқсаса, шын санадан шыққан жан тебірентер жақсы мҧрат, асыл 
арман тізбегі махаббаттың тереңдігін танытады. «Бір кҿргеннен ғашық болу» 
деген сҿз де сол «толқын» іспеттес, ол тҽн қҧмарлығынан туған жалт етпе 
сезім ғана.
Алғашқы лап еткен сҽтте оның кҥшті боп кҿрінуі де ықтимал. Бірақ 
бҧған қарап алданып қалуға болмайды. Тҽн қҧмарлығы алдамшы, ҿткінші, 
тҧрақсыз сезім. Онда шынайы махаббатқа лайық тереңдік жоқ. «Бір 
кҿргеннен ғашық болдым» дегеннің ҿзі-ақ ол сезімнің таяздығын танытады, 
кҿре сала соны қҧшуға қҧмартқан жҥгенсіз ҧшқыр тілекті кҿрсетеді. Теңізді 
бірінші рет кҿрген адам оның суының ащы немесе тҧщы екенін, астында не 
барын бірден білмейді. Мҧны теңізге тҥсіп кҿріп, тҥбіне талай сҥңгіген адам 
ғана айта алады. Сол сияқты бір кҿргеннен адамның бойындағы барлық 
адамгершілік қасиетін аңғаруға болмайды. Оны анықтамаған соң ғашық болу 
да мҥмкін емес. Ендеше «Сізді бір кҿргеннен ғашық болдым» деген сҿзге 
сенудің орны жоқ. Олай деп оңай «олжа» тапқысы келген қу жігіттер мен 
шын сезімнен хабары жоқ жасҿспірім бейкҥнҽ қыздар ғана айтуы ықтимал. 
Сонымен, «бір кҿргеннен ғашық болу» деген ҧшқары сҿз. Бір кҿргеннен 
тек қана ҧнатуға, қызығуға, қҧмартуға болады «Қҧмарту – ғашықтық емес. 


Sauap.org
228 
Адам жек кҿре тҧрып та қҧмарта береді» (Ф.Достоевский). Ал, бірсыпыра 
жастар бірін-бірі ҧната сала: «Бітті, біз ғашықпыз!» деп есептейді. Сҿйтіп, 
қолма-қол сҥйісіп, сҥйкенісіп жібереді. Кҿзді ашып- жҧмғанша, ерлі-зайыпты 
боп та шыға келеді. Олар мҧның шынайы сезім емес екенін артынан 
аңғарады.
Содан соң бір-бірімен айтысып, ажырасып ҽлек болады. Мҧндай кҥйге 
душар болмас ҥшін жастар тез қауышуға қҧмартпауы керек. Ҧзақ сҿйлесіп, 
сыйласып, сырласып, ҽбден біліскеннен кейін шын сҥйетініне, бірігіп 
жарасты ҿмір кешетіндеріне анық сеніскеннен соң ғана бір-біріне лҽззат 
қҧшақтарын ашса абзал. Кіршіксіз таза махаббаттың тҽттілігі де сол болмақ. 
Қыздар бос кҥйеу тапқанына емес, дос кҥйеу тапқанына қуануы қажет. 
Жігіттер кино, театрға бірге баратын жол серік қана емес, жан серік тапса 
ғана бақытты.
Осылай жҧптасып, зайыптылық ҿмірдің алтын босағасы - достық пен 
махаббатты берік ҧстаған берекелі семьяны ғана кҿрші ҧнатады, қоғам 
қҧптайды. 
Махаббат ҧшқыны дананың да, даңғойдың да жҥрегіне тҥседі. 
Біріншісінің жҥрегіне тҥскен ҧшқын махаббаттың маздаған мҽңгілік отын 
тҧтатады; соңғысына тҥскені – мҧз ҥстіне лақтырған қызыл шоққа ҧқсайды. 
Шын махаббаттың шырғалаңы да болады. 
Махаббат мҽңгілік болуы ҥшін, оның оты ҿшпеу ҥшін оған жҧп боп 
қосылған екі жақ кезек «тамыздық» тастап отыруы парыз. Мҧның ҿзге ешбір 
математикалық формуласы жоқ. Махаббатта бір-ақ формула бар, ол –
тҧрақтылық. 
Махаббаттың да досы мен қасы бар. Досы: ҧят, ар. Осы ҥшеуін 
ренжітпей ҿзіне сенімді серік еткен махаббат қана зайыптылық заңына берік 
болады. Қасы: ашу, қызғаныш, кикілжің, қоржаң, осылардың ҽзҽзілі - арақ. 
Жас жҧбайлардың бірін-бірі сҥйіп қосылуымен іс бітпейді. Олар 
қосылғаннан кейін де ҿз махаббатын гҥлдей мҽпелей беруі тиіс. Сҥйіктісін 
қуантуға тырысу, соны риза етерлік бір нҽрсе істеуге ҧмтылып отыру – 
мҽпелеудің бір тҥрі осы. Сҥйгеніңнің кҿңілін қалдырмау ҥшін оның тілегін 
мҥлтіксіз орындау да ғанибет. 
Сайып келгенде ҽр адам – ҿз махаббатының бағбаны. Солып қалмауы 
ҥшін қай гҥлге қашан су қҧю керектігін бҧлжытпай білетін бағбан тҽрізді, 
адамда ҿз махаббатының ҥнемі жайқалып тҧруына тынбастан жағдай жасап 
отыруы тиіс. Бҧл ҥшін ерлі-зайыптылардың ҽрқашанда бір-біріне 
қҧштарлығы, шексіз сенімі, ҽлдеқалай іште бас кҿтерген қызғанышты сыртқа 
шығармай сабырмен жеңуі, ағат айтылған сҿздерді кек тҧтпауы, 
мейірімділігі, ҿзара қалтқысыз қамқорлығы, сыйластығы, ашуын тежеп, 
нҽпсіні тыйып ҧстауы қажет. Бір сҿзбен айтқанда, "сезімдерін тҽртіппен 
ҧстай білген зайыптардың махаббаты ешқашан ҿшпек емес. Бҧл арада атақты 
Абайдың: «Болмаса, мінезінің жат кесегі, майысқан бейне гҥлдей 
толықсыған, кем емес алтын тақтан жар тҿсегі» деген сҿздерін ҽрқашан да 


Sauap.org
229 
есте ҧстay абзал. Сонда ғана ерлі-зайыптылар арасындағы жарасты махаббат 
ҥйге нҧр, ҧяға кҿрік береді, тҧрмысқа ажар, кҿңілге ap орнатады. 
Мен мақаламды шопан қарттың сҿзімен бастаған едім. Сол сҿзбен 
аяқтағым келеді. 
«Махаббат – ҽр ҥйдің алтын діңгегі» деген болатын Ілекең. Бҧл ҿте 
орынды айтылған даналық сҿз. Ҿйткені діңгек болмаса ҥй тҿбесі ортасына 
шҿгеді, қҧлайды. Мен Ілекеңнің сҿзін қайталап, ҽрбір жас семьяның алтын 
діңгегі ҽрқашан да берік болсын деп тілеймін. 
Ҽр ҥйдің ортасында нҧр шаша жарқыраған алтын діңгектер болсын 
деймін». 
– Тҥу, жҥрегім, лҥпілдеп кетті ғой, – деді Майра газетті маған қайырып 
беріп жатып. – Ағай, ҿзіңіз мҥлде ҿзгеріп, есейіп кеткен сияқтысыз. 
– Ел кҿріп, ҿмірмен араласқан соң солай болады да, – деді Меңтай, – 
адам ысылмай ма? 
– Иҽ, дегенмен ағай алғашқы ҽскерден келгендегідей, біздің бҽрімізден 
жасқанып тҧратын ҧяң жігіт емес, енді бҽрімізге ақыл айтатын нағыз 
байсалды кісіге айналған. Жалғыз жастардың ғана емес, мен мына 
мақалалардан жҧрт қамын ойлайтын ҥлкен азамат ҥнін де аңғарып отырмын, 
Меңтай. 
– Тҥу, қойыңдаршы, - дедім мен қыздардың мақтауынан қысылып. – 
Мен баяғы қалпымдамын. Ештеңем де ҿзгергем жоқ. Ал енді кешкіріп 
барады.
Жаңағы ҽңгіменің жалғасы немесе аяғы іспетті бір кішкентай ғана 
ҽңгіме айтайын да, кетейін мен.
– Иҽ, айтыңыз, ағай, - деп Майра тағы да тыңдауға дайындалып, жағын 
таянып отыра қалды. 
– Жаңағы Майра оқыған мақалада жайлауда Ілияш Қызырбаев деген 
қарт шопанмен кездестім дедім ғой. Ол кҥні Ілекең бізді босатпады. Қонақ 
етіп, ҿз ҿмірінен кҿп хикаялар шертті. Июнь айының ҽсем кешінде далаға 
тҿсек салдырып, Ілекең, жас зоотехник, мен ҥшеуміз далаға жаттық. Ҧзақ 
сҿйлесіп, ҽңгіме аяқталғаннан кейін ҧйқы тыныштығы туды. 
Менің кҿзім жаңа ілініп бара жатыр еді. Ілекең менен жасырғандай боп, 
жас зоотехникпен кҥбірлесе бастады. «Бҧлар не сҿйлесер екен?» деп 
ҧйықтаған боп жатып, мен олардың ҿзара кҥңкіліне қҧлақты салдым: 
– Келінмен қайтадан жарастың ба, балам? – деді Ілекең жігітке. 
– Жоқ, Ілеке, ана оқиғадан кейін қайтып жібимін? 
– Сҧлу ҽйел бақтан ҥзіп алған бір шоқ гҥл сияқты ғой, шырағым. Гҥлді 
кімнің иіскегісі келмейді. Сҧғанақ біреу сен бейқам тҧрғанда қолыңдағы 
кҿтерген гҥліңді бір иіскеп қалса, сол ҥшін сен оны лақтырып тастай аласың 
ба? 
– Бір емес, ҥш иіскесе қайтем, Ҽлеке-ау. 
– Гҥлің жақсы болса, оның жҧпар иісі мың иіскесең де жойылмайды. Бір 
рет немесе, ҿзің айтқандай, ҥш рет иіскеді деп, мың рет лҽззат алар хош иісті 
гҥліңді лақтырып тастағаның жҿн бе, балам? 


Sauap.org
230 
– Біреу мҧрнына тақаған гҥлді қалай иіскеймін, Ілеке-ау? 
– Сен оны ешкім иіскеді деп ойлама. Тек қана ҿзім иіскеп жатырмын, 
бҧл тек менің ғана гҥлім деп ойла. Сонда ештеңе де етпейді. 
– Бҧл ҿзіңді-ҿзің алдау ғой.
– Адам ҿзін-ҿзі алдамайды, балам. Адам ҿзіне-ҿзі басу айтып, 
бақытсыздықтан сақтанады. 
Келіннің бауырында алтын айдар ҧлың бар. Оның бір білместігін 
кешіруің керек, шырағым. Адам бір адасқан жерінен екінші рет ҿмірі 
адаспайды. 
– Ҿзім де жақсы кҿремін оны, қимаймын. 
– Онда ҿзіңді де, оны да қинама, балам. Ал ҧйықтай бер енді. 
Жігіт тҥні бойы дҿңбекшіп ҧйықтай алмай шықты. Таңертең екеуміз 
аттанып кеттік. Жігіт жолда сырын айтты. «Енді ҽйеліммен қосыламын!» 
деді. 
Осылай деп ҽңгімемді аяқтадым да, мен екі қызға кезек қарап, ҿзімнен-
ҿзім ыржиып кҥлдім. Майра бірдеңені сезгендей, жымиып тҿмен қарады. 
– Иҽ, ал бҧдан шығатын қорытынды не? – деді содан соң. 
– Ақсақалдікі дҧрыс қой! – дедім мен тағы да ҿз-ҿзімнен қысыла кҥліп. 
Шал мен жігіттің сонау жайлаудағы, жҧлдызды тҥндегі осы диалогы 
арқылы, соған астарлап, бҧл менің Меңтайға оларды іздеп келген 
мақсатымның тҥйінін айтқаным еді. 
Бірақ Меңтай ештеңе ҧқпағандай, ҥнсіз қалды. 
Кҥн бата екі қыз мені шығарып салмақ болып, автобус тоқтайтын жерге 
ертіп ҽкелді. 
– Тҥу, ағай, келгеніңіз қандай жақсы болды? – деді Меңтай кетерде 
маған ризалығын жеткізіп. – Кҿп рақмет. Сіз менің кеудеме керемет бір кҥш 
қҧйып, жігер бергендей болдыңыз. Соңғы кезде жігіттердің ешқайсысын 
кҿргім, кҿздеріне тҥскім келмеуші еді.Ал бағана сізді кҿргенде, неге екенін 
білмеймін, бірден қуанып кеттім.
– Ол Ербол ағайды ҿзіңнің туған ағаңдай кҿретіндіктен ғой, Меңтай, - 
деді Майра сҽл жымиып астарлай сҿйлеп. 
– Рас, содан болар, - деді Меңтай Майраны бірден қостап, тағы да оның 
сҿзінің астарын ҧқпағандай қалып кҿрсетіп. – Мен қиналған шақта, сіздің бір 
айтқан сҿзіңіз кҿңіліме медеу боп, қайрат берді, ағай. Сіз ол не сҿз екенін 
білесіз бе? 
– Қайдан білейін, Меңтай, мен солдаттан келгелі кҿп сҿйледім ғой, – деп 
кҥлдім мен. – Тҿрт жыл жаумен ҥнсіз соғысқан кҥндердің есесін қайтардым 
білем. 
– Есіңізде ме, сіз былай дегенсіз: «Адам ҿз басына тҥскеннің бҽріне 
кҿнуге де тиіс, оны кҿтеруге де міндетті. Ҿйтпесе оның несі адам?!» Осы 
сҿзіңіз ҿмір бойы жанды жанитын жануыштай боп, кҿкірегімде қалды. Сіз 
бҧл сҿзді біздің бҿлмеде, «Қызыл кҿрпені» шығарған кҥні айтып едіңіз. 
Менің де есіме тҥсті. Ол кҥні Одиссей мен Пенелопа жайында ҽңгіме 
болған.


Sauap.org
231 
Сол кҥні Меңтай ҿтініп маған Сҽлима оқиғасын айттырған. 
Автобус келіп, мен қыздармен қоштастым. Меңтайдың қолын ҧстағанда 
жҥрегім аузыма тығылардай лҥпілдеп қоя берді. Ол: «Тағы ештеңе бітпеді 
ме?» деп, зар қаққандай болды. 
Елжіреп Меңтайдың бетіне телмірдім. Ол тҿмен қарап кетті: Автобус 
мені екі қыздан айырып, Алматыға қарай ала қашты. 
Бҧл кҥні мен ештеңе бітіре алмадым. Меңтайдың хал-жайын біліп, егер 
ол шын бос болса, тағы да сҿз айтсам деген ойым орындалмастан қалды.
Орындалмағанымен оны кҿргеніме мҽз болып, толассыз, тоқтаусыз 
сҿйлей бердім. Сҧрағандарының бҽріне жауап та қайырдым. Меңтай толық 
етіп айтыңызшы дегеннен кейін ҽр ҽңгімені бҥге-шігесіне дейін қалдырмай 
тҽптіштеп баяндадым. Мақтанып кеттім бе, масайрап кеттім бе, білмеймін, 
қыза келе облыстық газетте жарияланған мақалаларыма дейін кҿрсеттім. 
Осынымның бҽрі орынсыз болғанын тҥнде, Калинин кҿшесіндегі 
жатақхананың отыз жетінші бҿлмесінде жатқанда бір-ақ пайымдадым. Кҥні 
бойы мас болып, енді ғана есімді жиғандай кҥй кештім. «Апырау, неге 
ҿсіттім? Неге кҿкіп ҧзақ кҥнге жақ жаппай сҿйлей бердім? Одан да Меңтайға 
оны ҽлі кҥнге дейін сҥйетінімді неге айтпадым? Айтып тҧрып, «адал жарың 
болайын, енді мені ҿмірлік серігің ет» деп неге жалынбадым оған?» – деп 
ҿзіме-ҿзім ҧрыстым. «Жоқ, оны айтуға мҥмкіндік болды ма?» - деп ҿзімді-
ҿзім жҽне ақтадым. – «Ағай, басыңыздан кешкеннің бҽрін бҥгінгі кҥнге дейін 
толық айтып беріңізші» деп Меңтай қиылғанда мен қалай ҥнсіз отырамын.
Оның ҥстіне Майра да маңымыздан шықпай қойды. Сҿйтіп бір ҽңгімеге 
бір ҽңгіме жалғасты. Тоғыз айдың оқиғасын тоғыз сағатта айтып шығу оңай 
ма?
Ҽлі де айтылмаған талай сҿздер қалды...» 
«Талай сҿздер қалды, талай сҿздер қалды»... – деймін біраздан кейін 
ҿзімді-ҿзім қайтадан ажуалап. – Сен «сҿз, сҿз» деп ҽлі жҥрсің. Ал майданнан 
сенімен қатар қайтқан жігіттер келе сала ҥйленісіп алды. Олардың қазір бір-
екіден балалары да бар. Баса-кҿктер батылдығың жоқ боп, сҥйгеніңді тек 
қана сырттай қызықтай берсең – ҿмір бойы қу тізеңді қҧшақтап ҿтерсің 
сен...» 
«Ҥйлену оңай, ҥй болу қиын ғой, – деймін мен белгілі нақылшы 
Мҽлімнің сҿзін қайталап, тағы да ақталып. – Сомадай жігіт боп, сҿз айтып 
тҧрсаң саған да біреу тиер-ау. Тҽн де табыса беретін болар. Бірақ, алдымен 
адамның жаны ҥйлесуі абзал ғой. Жаны ҥйлескен жандар ғана жақсы ҿмір 
сҥріп, қызықты кҥндер кешпек. Ал, жан жарасымы махаббат болса, 
біріншісінің сынынан сҥрінбегенім аян. Енді екіншісінен де сҥрінбесем 
деймін. Ол ҥшін ҿзім сҥйген, ҿзімді сҥйген жанды ғана жар етуім керек! Ол – 
Меңтай ғана...
Бірақ, «батыл емессің» дегенің рас. Батыл болсам баяғыда, соғыста 
жҥргенде, Сҽлимаға: «Басқа ешкімге барма, тек қана мені тос!» деп кесіп 
айтпайтын ба едім. Батыл болсам баяғыда Меңтай: «ҿзіңіз айтыңызшы: таста 


Sauap.org
232 
деңізші ол жігітті, бҧз деңізші уҽдеңді – бҧзып-ақ кетейін» деп толқып 
тҧрғанда, «Таста! Бҧз!» демейтін бе едім... Жарайды, енді ҿйтпеймін. 
Ертең қайтадан барамын. Барамын да Меңтайға бірден ҿзімнің оны ҽлі 
кҥнге дейін сҥйетінімді айтамын! Содан соң оған: «жарым бол» деп тікелей 
тілек білдіремін! Бірден осылай деймін!..» 
Ертеңінде мен Бҥргенге тағы да таңертең келдім. Ауылдың орта 
тҧсындағы кешегі кҿк терезелі тоқал ҥйдің тҧсына тақасам, отау ҥй іспеттес 
дҿңгелек беседкада оңаша отырған Майра мен Меңтайды кҿрдім. Олар да 
мені жандарына жақындағанда бір-ақ білді. 
Майраның сҿз арасында «иҽ, иҽ» дей беретін ҽдеті болушы еді. Бір 
нҽрсеге таңданып, иҽ қуанғанда аузына сҿз тҥспесе, оның «иҽсі» мҥлде 
кҿбейіп кететін. 
– Иҽ, иҽ, ҿзіңіз де сҽлеметсіз бе? Иҽ, иҽ, келіп қалдыңыз ба? Иҽ, иҽ, 
тҿрлетіңіз, – деді мені орнынан тҧрып, беседка баспалдағында қарсы алған 
Майра. 
– Иҽ, иҽ, келіп қалдым, - дедім мен оған ҽзілдеп. 
– Иҽ, иҽ, келетініңізді білгенбіз, – деді Майра кҥліп, Меңтайға қарай 
жҥзін бҧрып. 
Баспалдаққа аяғымды сала беріп, мен де тез Меңтайға қарадым. Беседка 
ортасындағы дҿңгелек ҥстел жанына тҿрт қабаттап салынған шҽйі кҿрпе 
ҥстінде оң қолымен жер тіреп, сол қолымен кешегі қызыл юбканың етегін 
тізесінен тҿмен тҥсіре қымтап, бір жамбастай отырған Меңтай, менің тағы да 
келгеніме сенер-сенбесін білмегендей, неге келгенімді таба алмай 
дағдарғандай, дҿңгелек қара кҿздерін таңдана кең ашып, босаға жаққа 
бақырая қарап қалған екен. Мен беседканың соңғы сҽкісін аттай бергенімде 
ол лып етіп орнынан тҧрды. Оның алғашында сҽл қуқылдау кҿрінген ақ 
бетіне лап етіп қызыл бояу жайылғаны байқалды. Бірақ қыз ішіндегі 
толқынды тез басып, таңданарлық ештеңе болмағандай қалыппен маған 
қарай қолын созды. 
– Ағай, сҽлеметсіз бе? 
Екі қыз қол алысқаннан кейін мені беседканың тҿріне қарай икемдеді. 
– Иҽ, таңертеңгі шайымызды жаңа ғана ішіп болып, енді жинайық деп 
жатыр едік,– деді Майра едендегі ҥлкен қара таба ішіндегі кҥлдің ҥстінде 
тҧрған шойын шҽйнекке еңкейе беріп. – Иҽ, сҽл кешіксеңіз–жамандап жҥреді 
екенсіз дейтін едік. Иҽ, шай жиналмай келгеніңізге қарағанда, бізді 
жақсыламасаңыз да, жамандамайтыныңызды білдік. Иҽ, оған да шҥкіршілік. 
– О не дегенің, Майра, – дедім мен кҥліп. – Сендерді жамандаған 
жігіттің жаны шықсын дер едім. Бірақ мақтаған кісінің де мҽз болмайтынын 
байқағанбыз. 
– Иҽ, ҽй, осы сіздің тіліңіз-ай, - деді Майра сықылықтай кҥліп. - Кҥліп 
тҧрып: «бҧл қайтер екен?» дегендей, кҿзінің қиығын Меңтайға тастады. 
Меңтай сҽл жымиды да, ҥстел ҥстіндегі бос шыны аяқтарды бір жерге 
жиыстыра бастады. 
– Майра, мен ҥшін шай қоймай-ақ қой. 


Sauap.org
233 
Оған қарап «рақмет» деген ишара білдіріп, кеудемді бастым. 
– Иҽ, таңертеңгі шайыңызды ішіп пе едіңіз? 
– Іштім, – дедім мен ҽлі оразамды ашпасам да.
– Иҽ, асығыс па едіңіз? 
– Асығыспын, - дедім тағы да бас иіп. 
– Онда от ала келген боларсыз? – деді Майра басын шалқайта тҥсіп, 
сақылдай кҥліп. 
– Рас, от ала келдім, – дедім мен неге екенін білмеймін бетімді Меңтайға 
қарай бҧрып. 
Меңтай қолына бос шыныаяқтың бірін ҧстап, тҥрегеп тҧр еді. Мен: «Рас, 
от ала келдім» деп оған қарай бҧрылғанда, қыздың ақ жҥзін тағы да лап етіп 
қызыл жалын шалған іспеттенді. Осы кезде қызыл юбка, ақ кофта киген 
Меңтай маған маздай жанып, лаулап тҧрған ҿшпес оттың ҿзі сияқты боп 
танылды. 
– Иҽ, онда, асығыс болсаңыз,– деді Майра шайнекті қайтадан орнына 
қойып жатып, – нан ауыз тиіңіз, кейін келіншегіңіз тастап кетпеуі ҥшін. 
Осылай деп Майра тағы да сықылықтап кҥліп алды. 
– Ауыз тиейін, – дедім мен ҥстел ҥстіндегі бауырсаққа қолымды созып. 
–Кейін, тастаса тастап-ақ кетсін, ҿз жамандығымнан онда. Бірақ бҥгін қолым 
жетсе екен соған, – деп мен де кҥліп, бір бауырсақты аузыма тастап кеп 
жібердім. 
– Иҽ, бауырсаққа бапандай кҿрінесіз, жететін шығарсыз оған да, – деп 
Майра тағы да кҥлді. 
– Енді қайтейін, «таз ашуын тырнадан алады» деген бар ғой, – дедім мен 
ҧялған тек тҧрмастың кебін танытып. 
Бҧған Майра екеуіміз қосыла кҥлдік.
– Иҽ, сіз асығыс болсаңыз, мен де асығыспын, – деп Майра кетуге 
ыңғайланды. - Кешеден бері апам басым ауырады, жҥрегім шаншыды деп 
мазасызданып жҥр. Менің сол кісіні дҽрігерге кҿрсетіп, дҽрі-дҽрмек алып 
беруім керек. 
– Жҥректің дҽрісі маған да керек еді, – дедім мен Майраға ҽзілдеп. 
– Иҽ, біліп тҧрмын, – деді Майра да ҽзілге ҽзілмен жауап қатып. – Сізді 
мына Меңтайға тапсырамын. Сізге керекті дҽрі-дҽрмекті тауып, біз келгенше 
емдеп қояр деп ойлаймын. 
– Бҧл кісі менен дҽрі сҧрап келмеген шығар, – деді де, Меңтай тоқтап 
қалды.
«Бҧл сҿзді бекер айттым-ау» дегендей боп, ҿз-ҿзінен қызарып тҿмен 
қарады. 
– Дҽрі сҧрамаса, дҽнемең кетпес. Біз келгенше ағайды ертіп, ҿзен басына 
барып қайт. 
Ағайға ауылдың айналасын кҿрсет. Кҿктҿбенің басына ертіп бар, - деп 
Майра қҧрбысына шегелей тапсырды да, ҿзі шапшаң аяңдап ҥйге қарай 
жҿнелді. 


Sauap.org
234 
– Сіздің уақытыңыз бар ма еді? – деді Меңтай Майра ҥйге кіргеннен 
кейін. 
– Бар. 
– Онда, қаласаңыз мен сізге ауылдың айналасын кҿрсетейін. 
...Біз аяңдап Бҥрген ҿзенінің жағасына келдік. Айғай-шуды кҿбейтіп, ақ 
кҿбік атқылап ҿз- ҿзінен лепіріп жатқан таяз ҿзенге біраз ҥнсіз қарап тҧрдық. 
– Тау ҿзені кҿпіріп кеп сҿйлейтін мақтаншақ, даңғой адамға ҧқсайды, - 
дедім мен. – Қарашы: суы тізеге жетпейді, шуы жер жарады. 
Меңтай мені қҧптап, бас изеді. 
– Рас. Дала ҿзені лықсып, ҥнсіз ағады. Суы да терең болады ғой, – деді 
ол.
Осыдан кейін біз гҥлді ҿзекті қуалап, Кҿктҿбеге қарай беттедік. 
– Мен сізді ешқашан да кҿрмейтін шығармын деп ойлаушы едім, – деді 
біраз жҥрген соң Меңтай. 
– Неге? 
– Білмеймін... 
– Онда мені ойлаған екенсің ғой? 
– Ойладым, кҿп ойладым. Сіз туралы ешқашан да ойламайын деп ҿзіме-
ҿзім талай рет ант еттім. Бірақ соның артынша қалай ойлап кеткенімді ҿзім 
де білмей қалып жҥрдім. 
Мен Меңтайдың қолын уысыма алып, қҧшырлана қыстым. Меңтай 
қолын тартып алмады, тіпті ауырсынған да белгі бермеді. Енді мен оның 
қолын алақанымнан шығармадым. 
– Ал мен сені бір кҥн де ойымнан шығарған жоқпын, Меңтай. 
– Сенемін. 
– Тоғыз ай сенен аулақ болу менің махаббатымды ҿсірмесе, ҿшірген 
жоқ.
Мен сені сол қалпымда сҥйемін! Осыған сенесің бе? 
– Сенемін. Бірақ... 
Меңтай аппақ, жҧп-жҧмыр мойнын сҽл солға қарай бҧрыңқырап, ҥнсіз 
қалды. 
– Бірақ дегенің не? – дедім мен сыбырлай ҥн қатып. 
– Бірақ... – Меңтай ар жағын тағы да айтқысы келмегендей, ернін 
тістеледі де, тез босатып жіберді. Қалпына келген томпақ ерін тістегенге 
запы болғандай, бір дір етіп барып, қайта ашылды. – Бірақ менің сақинам 
сынып, сабағым ҥзіліп қалды ғой... 
– Меңтай тағы да ернін тістеледі. - Кейін бетке шіркеу болар... 
Меңтайдың тамағына жас кеп тығылғанын аңғардым. Жаным онымен 
қоса қиналып, не істерімді білмей, қабағымды шытып, мен де ернімді 
тістелей бердім. Бірақ ол лықып келіп қалған кҿз жасын тез тоқтатып тастады 
да, сабырмен сҿзін аяқтады. 
– Жақсы жардан жан ауыртар сҿз естіп отыру азап болар... 


Sauap.org
235 
– Жоқ, жоқ, – дедім мен ҿз ҥніме ҿзім не бола алмай қыстыға сҿйлеп, – 
мен сені соғыстан келген кҥні бірінші рет кҿрген кҥйімде қабылдаймын. Сен 
сол кҥйіңдесің, сол қалпындасың, Меңтай! Сенің ештеңең ҿзгерген жоқ... 
Меңтай ақырын ғана басын шайқады. Менің одан сайын дегбірім қашты.
Оны қалай жҧбатарымды білмей, жаным кҥйзелді. Тістеніп, жан-жағыма 
қарап пиджагімнің ҿңірін жҧлмаладым. Осының бҽріне сол кінҽлідей-ақ, 
біржола жҧлып алардай боп, қайта-қайта тҥймемді жҧлқыладым. 
– Сҿзіме сенбесең, ҿзіме сенесің бе? – дедім екі танауым қусырылып. 
Меңтай бетіме қарап, ақырын ғана басын изеді. Тегі менің екі кҿзім 
қҧрық кҿріп, қҧйрығын тігіп алып, шығандап қашқан қашағанның кҿзіндей 
долырып кеткен болуы тиіс. 
Меңтай тез екі қолын бірдей кҿтеріп, бетімді сипады. Осы кезде мен 
алқымын бҧғалдырық қысқан асаудай жуаси бастағанымды білдім. 
– Сенемін! Сенемін! – деп Меңтай бетімді сипап тҧрып екі рет 
қайталады. –Дегенмен, бірде болмаса бірде кҿңілге келіп жҥрмесе дегенім 
ғой.
– Келмейді, келмейді! – дедім мен басымды шайқап. Осылай деп мен
Меңтайды қҧшағыма алып, бетінен, кҿзінен, маңдайынан, иегінен 
аймалап сҥйе бастадым. Ол қарсылық білдірмеді. Бар ықыласымен бауырыма 
кіре тҥсіп, ақ тамақ, қызыл ерін, жҧмыр мойнының мен қалаған жерін ерніме 
тоса, екі кҿзін шарт жҧмып алып, шалқая берді. Біз тҿбесінде тҧрған Кҿктҿбе 
теңселіп кеткендей болды. Ол бізді, махаббаттың бесігі болып, тербей 
жҿнелген сияқтанды. 
Осы сҽттен бастан мен уақыттың мҿлшерін білуден қалдым. Меңтайдың 
маңында жҥрсем маған шығыстан сарғайып таң атса-ақ болды, кҿзді ашып-
жҧмғанша батыстан тҥнеріп тҿңірекке тҥн шҿге бастайтын тҽрізденді.
Ҽшейінде, аяғын тҽй-тҽй басып, жҥк жағалаған баладай боп, аспанда 
кҥні бойы мҿңгелеп жҥріп алатын кҥн енді гҥрс етіп стволдан шыға сала дҥрс 
етіп кҿздеген жерге барып жарылатын танктың снарядынан да ҧшқыр боп 
кетті. 
Сол сияқты тҥн де, электр қырықтықпен қырқылған қара қойдың жабағы 
жҥніндей боп, лезде еңсеріледі де қалады. Ал мен Меңтайдың қасынан сҽл 
ҧзап шықсам-ақ ҽлгісағат жҥрмейді, кҥн бедірейіп бір жерден қозғалмайды, 
тҧншықтырып, туырлықтай тҧтасып жатып алады. Еркектің таңын атырып, 
кҥнін шығаратын, кҥндізін кҿрікті, тҥнін тҽтті ететін, жақында жҥрсе жаныңа 
қанат беріп, алыста жҥрсе аңсататын, жҧлдызын оңнан туғызып, еңбегін 
жемісті ететін сҥйген жар екен ғой, шіркін! - деген ой осы кезде келді маған. 
Сонымен біз Майраның ҥйіне кешке қарай бір-ақ оралдық. Меңтай:
«Апамнан ҧят болды- ау. Мені қайда кетті деп іздейді-ау» деп, жеткенше 
қысылып келді. 
Майраның шешесі шынында да Меңтайды кҥтіп отыр екен.
– Қарағым, қайда жҥрсің? Қарның ашып қалды ғой, – деді ол есіктен 
аттай берген 


Sauap.org
236 
Меңтайды қҧшағын жая қарсы алып. Содан соң оны шҿп еткізіп 
маңдайынан сҥйді. 
– Сҽлеметсіз бе aпa? – дедім мен, кемпір Меңтайдың бетінен сҥйіп бола 
берген кезде. 
– Сҽлемет пе, қалқам, – деп ол бҧрылып менің бетіме қарады. – Кешегі 
баламысың? Е, жоғары шық, шырағым. 
– Апа, ҿзіңіз қалайсыз, тҽуірсіз бе? - деді Меңтай. 
– Тҽуірмін, қалқам, тҽуірмін. Осы дҽрігерлердің бір салауаты бар. Ҥйде 
қанша ыңқыл- сыңқыл болып ауырып жҥрсем де, қҧдайдың қҧдіреті, дҽрігер 
алдына барғанда жазыламын да кетемін. Бҥгін де сҿйттім. Бағана, тҥсте, 
берген дҽрісін ішіп, ағыл-тегіл терлеп келіп. Енді мҥлде жазылып кеттім. 
– Бҽле, жақсы болған екен, апа, - деді Меңтай кемпірді қҧшақтап. 
– Ойбай-ау, мен ҿзімнің ауруымды айтып, сарнап тҧрып алыппын-ау, - 
деді кемпір тез орнынан қозғалып. – Сендерге деп ҽлгінде бір май шайқатып 
қойып едім. Майра келгенше нанға жағып, соны жей тҧрыңдар. Майра қазір 
келеді, сиыр қайырып келуге кетті. 
Мейірбан ана батар кҥннің соңғы сҽулесі мол тҿгіліп тҧрған тҿргі бҿлме 
ішіндегі дҿңгелек ҥстелге дастарқан жайып, Меңтай екеуіміздің алдымызға 
ас қойды. 
– Осыны аужал қыла тҧрыңдар, қарақтарым. Мен қазір тез сиыр сауып, 
ыстық ас жасап беремін.
– Апам сондай ғажап кісі, – деді Меңтай. – Мен бҧл кісіні осында келген 
кҥннен бастап, ҿз шешемдей кҿріп кеттім. 
Есік қайтадан ашылды. 
– И-иҽ, екі ғашық, қол ҧстасып келдіңдер ме? – деп жҥре сҿйлеп келе 
жатқан Майраның ҥні естілді. - Иҽ, отқа келген кісінің отыз ауыз сҿзі бар 
деуші еді. Сіздің сҿзіңіз одан кҿбірек болды-ау деймін. 
Бҧл Майраның мені таңертеңгі айтқан асығыспын деген сҿзіме орай 
қағытқаны еді. Менің кҿңіліме келмесін дегендіктен болар ол «отқа келген 
қатынның отыз ауыз сҿзі бар» деген халық мақалын сҽл ҿзгертіп, 
«қатынның» дегеннің орнына осылай, «кісінің» деп айтты. 
– Майра-ау, ол отына жҽне келген кісісіне байланысты шығар, – дедім 
мен кҥліп. 
– Ҽрине, менің Меңтайым отыз ауыз сҿз айтып, бықсытып бақырға 
салып ала жҿнелетін ауыл-ҥйдің арзан оты емес. Бҧл – алыстағыны кҥйдіріп, 
жақындағыны жандыратын, жаманды естен тандыратын, жақсының қҧмарын 
қандыратын, ҿзгеше от. 
– Рас, Майра-ау, ҿзің ақын болып кетіпсің ғой, - дедім мен. 
– И-иҽ, неге ақын болмайын: арманым орындалып, айтқаным келген 
болса. –Осылай екілене сҿйлеген Майра шапшаң Меңтайға бҧрылды. – Иҽ, 
ал, айт жылдам, тура солай болды ма? 
Меңтай жымиып, жайлап қайта-қайта басын изей берді. Майра дҿңгелек 
ҥстел басында отырған Меңтайға шапшаң еңкейіп, оның екі бетінен кезек 
шҿп еткізіп екі сҥйді де қапсыра қҧшақтап орнынан тҧрды.


Sauap.org
237 
– Иҽ, ей, тҧрсаңшы, жарылып кетпей неғып отырсың?– деп ол Меңтайды 
шыр кҿбелек айналдырды. – Иҽ, айтпап па едім мен саған Ербол сені шексіз 
сҥйеді, ал шын сҥйген адам ештеңеге қарамайды деп. Иҽ, айттым ба? – Кҿзін 
бір ашып, бір жҧма тҥсіп, Меңтай тағы да бас изеді. - Иҽ, мен саған қысты 
кҥні-ақ ана сҧмпайың «қатын алдым» деп кеткеннен кейін, айтпап па едім 
Ерболды іздейік, осыны айтып хат жазайық деп. Сен без-без етіп болдың ба 
сонда? – Майра енді Меңтайдың дауысына сала сҿйледі. – «Жо, жоқ. Ағай 
мен ҥшін оқуын тастап кетті. Ендігі біреумен танысып та қойған шығар. Оны 
бҧзуға болмайды. Мен не болсам, ол болайын. Бірақ ол кісінің бақытты 
болуын тілеймін!» деп еңіреп жылап жатып алдың. Аш кҥзендей бҥгіліп бір 
жҧма бойы тҿсектен тҧрмадың. Иҽ, сонда мен саған айттым емес пе: ағайың 
сияқты адамдар тез таныса бермейді. Ондай кісі танысының бҽріне табына да 
бермейді. Шынында, оның айналасында отыз шақты қыз оқыдық.
Солардың ішінен жалғыз саған ғана ықыласы ауды. Сенен кҥдер ҥзгенде 
ҿзгемізге кҿз ілместен кете барды. Басқаны былай қойғанда қақылдаған 
Қанипа мен мҥйізі қарағайдай Зайкҥлге де қараған жоқ, ағайдың бақытты 
болуын тілеймін дейсің. Мен айтайын саған: Ербол ешқашан да сенсіз 
бақытты болмайды, сен онсыз ҿмір сҥре алмайсың! Иҽ, осылай дедім бе? 
Дедім. Иҽ, енді сҥй қазір ғашығыңның бетінен. Осы менің кҿзімше сҥй! 
Меңтай кҥліп, екеуінің қасында тҥрегеп тҧрған маған қарай қолын 
созды.
Мен, магнит тартқан бҥркеншікті шегедей лып етіп, қыздың қасына 
бардым.
Ол мені сҥймекші боп жатыр еді. Жібектей созылған Меңтайдың баяу 
қимылына шыдамадым білем, бас салып оны ҿзім сҥйе бастадым. 
Майра сақылдап кеп кҥле жҿнелді. 
– Иҽ, апырай, кҿніңіз кеуіп қалған екен сіздің, – деді ол кҥлкісін тыя 
алмай. -Тҧра тҧрыңыз, енді сізді мына қыз сҥйсін.
Отқа тақаған балауыз шамдай қызып, балқи бастаған мен ҽрең 
тоқтадым-ау деймін. Сол кезде Меңтай келіп бар ықылас, махаббатын 
танытып, дірілдеген ыстық ернін ерніме тақағанда теміршінің электр 
дҽнекерлегішінің тҧмсығы тиген кесек қорғасындай еріп, елжіреп бара 
жатқанымды сездім.
–Жарайды, болды, болды, - деді Майра тағы кҥліп. - Бір жабыссаң 
айырылмайды екенсің ғой ҿзің. 
– Енді қайтейін, сҥй деген соң сҥюдің жҿні осы екен деп жатқаным да, – 
деп Меңтай да қымсына кҥлді. 
– Сен ҿзің жаңағылардың бҽрін тегіс айттың ба? Айтты ма? - деп Майра 
кҥлкісін тыйғаннан кейін Меңтай екеумізге кезек қарады. 
Меңтай басын изеді. 
– Кҥні бойы арамызда айтылмаған жыр, ашылмаған сыр қалмаған 
сияқты, – дедім мен. 


Sauap.org
238 
– Бҽсе, ҿзіңіз айтыңызшы. Ҽйтпесе мынаның қуанғанынан тіл-аузы 
байланып қалыпты. - Майра Меңтайды нҧсқап, тағы да сақылдап кҥліп алды. 
– Енді сізді «ағай» дегенін қойды ма? 
– Қойды, - дедім мен кҥліп. 
– Бір, – деп Майра сол қолының шынашағын бҥкті. – «Сіз» дегенін 
қойды ма? 
– Қойды. Бірақ бҧған бірнеше рет репетиция жасауға тура келді. 
Ҧмытып кетіп, қайта- қайта «сіз» дей береді. 
– Ҽйтеуір сізді «сен» деуге тілі келді ғой. 
– Келді.
– Екі, – деп Майра аты жоқ саусағын бҥкті. Содан соң ол «ҥндемеңіз» 
дегендей ишара жасап, маған ақырын кҿзін қысып қойды. – Дҧрыс. Ал енді 
сізге Меңтай: «жаным, сҽулем!» деді ме? 
– Жоқ, – дедім мен басымды шайқап. 
– Ендеше соны айтқызу керек, – деп Майра бҧрыштағы биік ҥстел 
жанындағы жайдақ орындықтан атып тҧрды. – Айт, Меңтай. 
Меңтай оның бҧйрығын екі етпеді. Жерде қатар отырған менің қолымды 
ҧстап: 
– Жаным! Сҽулем! – деді ҥздіге ҥн қатып. 
Маған сол арада дҥниеде Меңтай аузынан шыққан осы екі сҿзден тҽтті, 
осы екі сҿзден кҥшті ештеңе жоқ сияқты боп кҿрінді. 
– Қой, Майра, сыртқа шығып, апама кҿмектесейік, – деп Меңтай тез 
орнынан тҧрды. 
– Иҽ, сіз де жҥріңіз, - деді Майра не қыздармен бірге сыртқа 
шығарымды, не ҥйде қаларымды білмей қипақтап қалған маған. – Меңтай 
сиыр сауады, сіз бҧзау ҧстайсыз. 
Осыны айтып Майра тағы да кҥлді. Сырттай сабырлы кҿрінетін, 
орынсыз кҿп те сҿйлей бермейтін Майра бҥгін адам танығысыз боп ҿзгеріп 
кеткен сияқтанады. Ҽртҥрлі ҽзіл, кҥлкісімен Меңтай екеуміздің жанымызды 
қытықтап, кҥміс қоңыраудай сылдыраумен болды. 
Біз бірімізді-біріміз жетектеп, сақылдай кҥліп, сыбырлай сҿйлеп сыртқа 
шықсақ,
Майраның апасы сиырды сауып болып қойыпты. Беседкаға таяу тҧрған 
кірпіштен қаланған кішкене мҧржалы қазандық басында кешкі тамағын 
тҥсіріп жатыр екен. 
– Майраш, тҿргі ҥйге шам жақтың ба! – деді ол қыздарының дауысын 
естіп. 
Біз ҥйде ҽңгімемен отырып байқамаппыз. Кҥн ҽлдеқашан батып, кҿшеге 
қараңғылық ҥйіріле бастапты. 
– Қазір, апа. – Майра бізге қарай бҧрылды. – Бҽлҽй, сізге бҧзау ҧстатып, 
Меңтайға бір сиыр саудырып кҿрейін деп едім, болмағанын қарашы... 
Майра тағы да ҿз-ҿзінен сақылдай кҥліп, ішке қарай жҿнелді. Біз де 
қайта кірдік. Майра ондық шамды жағып, биік ҥстелдің ҥстіне қойды. 


Sauap.org
239 
– Майра, мына орындықты дҿңгелек ҥстелге жақындатып, шамды ҥстіне 
қояйық. Сонда жарығырақ болады, – деді Меңтай бір қолымен шамды, бір 
қолымен орындықты алып жатып. 
– Жарайды, жарайды, - деп Майра енді ыдыс-аяқтарды сылдырата 
бастады.
– Иҽ, жігітім аузын таба алмай қала ма деп жаның шығып барады ғой 
тегі... 
Майраның езуі кҥлкіден жиылмады. Бір сҿз айтып – бір, екі сҿз айтып – 
екі кҥледі. Кҥле жҥріп тамақ ішетін тарелкаларды ҥстел жанына жайғастыра 
бастады. Шам жақындағаннан кейін дҿңгелек ҥстелдің ҥсті бҧрынғыдан 
бетер жарықтала тҥсті... «Меңтайдың мҧнысы қандай оңды болды?» деп 
ойладым мен ішімнен. Тек ҥстел басы ғана емес, Меңтайдың ҽр сҿзі, ҽр 
қимылынан жаныма жарық тарап, жҥрегіме нҧр кіріп жатқан сияқты боп 
кҿрінді маған. 
– Ҽлде, сіз... Ереке, - деді Майра маған қарап. Ол бҧрынғыша «ағай» 
дейін деді де, олай атамай «Ереке» деді. – Иҽ, ала кҿлеңкеде аузыңызды таба 
алмайтын ба едіңіз?
– Майра, мен ҿз аузымды қараңғыда да таба аламын, – дедім жымиып.
Ҿзімше тауып айттым деп ойлап, іштей рақаттанып қалдым. 
Майра бҧған сақылдап кҥлді. Бір толқын кҥлкісі толастай бергенде 
екіншісі басталды. 
Содан кейін жалаңаш білегімен кҿзінің жасын сҥртіп, кҥлкісін тыйды. 
– Ҽй, қайдан білейін, қараңғыда табатын кісі жарықта адаспаса керек 
еді. 
Майраның ҥсті-ҥстіне толқындата неге ҧзақ кҥлгенін мен енді ғана 
аңғардым.
Ол менің батылсыздығымды, бостығымды ажуалап тҧр екен. Ол 
Майраның:
«Батыл болсаң Меңтайға баяғыда қолың жететін еді» дегені екен. Мен 
оны бірден мойындадым да: 
– Иҽ, оның да рас, Майра, - дедім. Майра тағы да кҥлді. 
– Ҽй, Ереке-ай, қандай адал, ақкҿңілсіз. Шындықтың шеті шықса, 
шынжыр торға шырмалғандай боп қалатыныңыз тағы бар-ау сіздің. Біздің 
мына қыздың кҿкейін тесіп жҥрген де осы адалдығыңыз ғой, шіркін! 
Меңтай ҥндеген жоқ. Тек қасында тҥрегеп тҧрған Майраның бір 
иығынан қҧшақтап, оның маңдайынан қақ жарған қос бҧрымды ҧзын шашын 
қайта -қайта сипалай берді. 
– Екеуіңе бір тарелка қояйын ба? – деді Майра иығын қҧшақтап тҧрған 
Меңтайға мойнын бҧрып. 
Меңтай кҿзін жыпықтатып, басын изеді. 
– Бір қасық берейін бе? - Меңтай тағы да бас шҧлғыды. 
– Айттым ғой мынау бҥгін тіл-жағынан біржола айырылып қалған деп...
Майра тағы да сықылықтап кеп кҥлді. Қыз жҥрген жер қызықсыз, 
кҥлкісізболмайды ғой. 


Sauap.org
240 
Дегенмен Майра бҥгін бірнеше қыздың кҥлкісін бір ҿзі міндетіне алған 
сияқты болды. 
Оның ҥстіне Майраның бҧл жағдайы кҥлгенінен кҥлімсіреуі кҿп Меңтай 
мен ешқашан қарқылдап қатты кҥлмейтін менің қасымда ерекше білініп 
тҧрды.
Алайда Майраның кҥлкісі адал досқа деген ақжҥректен ақтарылып 
жатқан асыл қазына екенін біліп, біз де оны іштей қосыла қҧптауда едік. 
– Балалар, ҥстелді жасадыңдар ма? - деп дауыстады осы кезде бір нҽрсе 
кҿтеріп сырттан кіріп келе жатқан Майраның шешесі. 
– Дайын, апа, – деп Майра мен Меңтай қосыла жауап қатты. 
Майраның апасы буы бҧрқыраған бір тегене ыстық асты ҥстел қасына 
ҽкеп қойды. Ҿзі соның жанына жайғасты да, қызының қолынан бір-бірлеп 
тарелка алып, бҽрімізге бҿліп қҧя бастады. Абзал ананың қолымен ақ сҥтке 
жасалған кеспе кҿже Меңтай екеуміз ақтілеумен табысқан алғашқы кҥні 
аузымызға алған асыл асымыз болды. 
– Ішіңдер, қарақтарым. Нанмен қосып ішіңдер, – деп шешеміз бҽйек 
болып жатыр. Содан соң маған қарай бҧрылды. – Қарағым, сен азаматсың 
ғой, тауысып іш. Келгенің жақсы болды, айналайын. Сенің тҿбең 
кҿрінгеннен бері мына екі баламның ажары кіріп, адам болып қалды. 
– Иҽ, ажары ғана емес, мына қызыңыздың кеудесіне жаны кіріп, жақсы 
болып қалды, апа, – деп Майра ҿзінен жоғарырақта, маған тақау отырған 
Меңтайды нҧсқады. Шешесі басын кҿтеріп қызына қарады. Меңтай «тыныш 
отыр» деген ишара жасап, Майраны ақырын жеңінен тартқылады. Бірақ оған 
Майра тоқтамады. – Меңтай мен мына отырған балаңыз екеуі бір-біріне Қыз 
Жібек пен Тҿлегендей ғашық болатын. Араларына бір Тҧмажан деген 
Бекежан тҥсіп, мына балаң оқуын тастап, былтыр басқа қалаға кетіп қалған. 
Дҥниеде Бекежандар оңушы ма еді, ол Меңтайдың оқу бітіруін тоспай, басқа 
біреуге ҥйленіп қойыпты. Сҿйтіп мына аңқау қызыңды алдап кетіпті. Иҽ, 
кеткені жақсы болды сол сҧмпайының! – Бҧл тҧста Майраның жазық 
маңдайы шытынып, кеудесін ыза кернегендей дауысы дірілдеп шықты. –
Мына балаң оны білмей ана жақта жҥре берген. Ал қызың ҧялып, оны 
айтпаған. Сонымен андағы Ербол балаң жазғы оқуға келе жатып, жолда бір 
жерде жаңағы сҧмпайымен – Бекежанмен кездеседі. Содан бар жайды біледі. 
Білген соң Меңтайды іздеп кеше осында келеді. Иҽ, апа, мына қызың, – ол 
қолымен Меңтайды бҥйірінен тҥртті, бҥгін бҧрынғы Меңтай емес.
Тҿлегеніне қосылған Қыз Жібек боп отыр қазір. Ал, қҧттықта, апа, 
балаларыңды. 
– Алда, қарақтарым-ай! Алда, айналайындар-ай! Бақытты болыңдар 
ендеше!
Босағаларың берік, ҥбірлі-шҥбірлі болыңдар, қалқаларым, – деп 
Майраның шешесі қапелімде аузына тҥскен тілегін айтып, ақ батасын берді. 
–Келіңдерші, қарақтарым, екеуіңнің де беттеріңнен сҥйейін, – деп орнынан 
тҧрды. Біз де қоса кҿтерілдік. Екі беті қып-қызыл боп кеткен Меңтай тҿмен 
қарап, ілбіп басып, Майраның анасына қарай аяңдады. Ана оны айқара 


Sauap.org
241 
қҧшақтап, бауырына басып, қайта-қайта шашынан иіскеді. Содан соң 
маңдайынан сҥйді де: – Қосағыңмен қоса ағар, ботам! - деді. 
– Айтқаныңыз келсін, апа, – деген ҥш сҿзді даусы дірілдеп ҽрең айтты 
да, Меңтай Майраның анасын тез қайта қҧшақтап, солқылдап жылап қоя 
берді.
Оған қосылып, ана да кҿзіне жас алды. Меңтай жылағанға мен қоса 
қиналып, ернімді тістелей бастадым. 
Ішіміздегі міз бақпаған Майра ғана болды.
– И-иҽ, несіне жылайсың? Қуанғаныңа кҿрінсін! – деді ол қҧрбысын 
сыртынан қҧшақтап, анасының бауырынан ажыратып жатып. Содан соң 
маған қарап, кҿзін бір қысып қойды. 
– Қуанған да, қорыққан да бір деген ғой, қайтсын жыламай,– деді 
Майраның шешесі басындағы орамалының ҧшымен ҿз кҿзінің жасын сҥртіп 
жатып. –Бҽлкім, анасы есіне тҥскен болар. Ол байғҧс тірі болса, ҿз қолынан 
ҧзатар еді ғой бҥгін. – Осы сҿздерді айтып болған соң ана қҧшағын жайып 
маған бҧрылды. 
– Кел, балам. 
Аналық қҧшағын кең жайып тҧрған бҧл мейірбан кісі менің де ҿз 
шешеме ҧқсап кетті. 
Мені де алдымен тҿсіне басып, сонсоң екі қолын екі иығыма салып, 
тебірене сҿз сҿйледі. 
– Сен де – жалғыз екенсің, балам. – «Жалқылығым жадыңда екен-ау» 
деп ойладым ішімнен. - Жалғыздың жан жолдасы – ары мен жары болады.
Ендеше, қалқам, жарыңды жаныңмен тең ҧста, жаныңды арыңмен тең 
ҧста.
Сен сенімді серік болсаң, Меңтайым мейірімді жар бола алады саған.
Жерден шыққан жетім қыз алдым деме, шырағым. 
Ақылды қызға – ана кҿп, аяулы жанға - пана кҿп. Мен жалғыз Майраның 
ғана емес, Меңтайдың да анасымын, қарағым... 
– Иҽ, біздің апам боздатты біржола,- деді Майра Меңтайдың кҿз жасын 
қҧрғатып жатып. 
Ҽзіз ана ҿз сҿзін одан ҽрі жалғастыра берді. 
– Ендеше сен қҧрсағымнан шықпаса да, қҧшағымнан шыққан баламды 
алғалы тҧрсың міне. Еркектің бақыты да, тақыты да – жақсы жар болады, 
шырағым. Саған айтар ақыл, берер кеңесім, қарағым: ҿзіңді тапқан анаңды 
сыйласаң – анау адал жарыңды сыйла. Сенің де анаң бір кезде осындай жас 
келін боп тҥсіп, жанҧшырып жҥріп сені дҥниеге келтірген. 
Ана болғаннан кейін дана болған. Адамның екінші қымбаты– арыңды 
қадірлесең – жарыңды қадірле, қарағым. Мына бҥлдіршіндей Меңтайымды 
жарым деп қана емес, жаным деп қабылда, қалқам. – Осы арада ана бір 
тоқтап, тыныс алды да, сҿзін аяқтады. - Бҧны Жетісудың бір бейтаныс 
кемпірінің сҿзі емес, ҿзіңнің туған шешеңнің ҿсиеті деп ҧқ, балам! 


Sauap.org
242 
Осылай деп ана менің де маңдайымнан сҥйді. Ананың сҿздері менің де 
сай -сҥйегімді сырқыратты, Меңтай кҿзінен тағы да ҥнсіз жас сорғалады. Бҧл 
тҧста Майра да босады. 
Мҧнысын білдірмеу ҥшін ол Меңтайды уата жҥріп, оның бетін ҥнсіз 
аймалай берді. 
Жҥрегім елжірей тҧрып мен осынау шҥйкедей кемпірдің шешендігіне, 
даналығына таң қалдым. Менің Флобер, Бальзак, Тургенев, Горький 
кітаптарын айлар бойы ақтарып, алтын тапқандай қуана қойын дҽптеріме 
кҿшіріп алатын асыл сҿздерімді бҧл кісі бір ғана сҽтте тҥйдек-тҥйдегімен 
тҿкті де салды. Осы ҥйдегі кешеден бері ең елемеген адамым да осы кісі еді. 
Кеше келгенде «Сҽлеметсіз бе, апа» деп сҽлем беріп, кетерде «Сау болыңыз, 
апа» деп қоштасқаннан басқа жылы ҧшырап, бір ауыз сҿйлескемін жоқ. 
Менің есіл-дертім екі қызда, Меңтайда болды. Солар не айт десе, соны 
айтып, осы бҿлмеде патефондай сайрадым да отырдым. Олар кҥлген сайын 
мен ҽңгімемді соза бердім. Оларды кҥлдіре тҥскім, қуанта тҥскім келді. 
Сонда мҽсісінің ҧшымен басып, есікті сықырлатпай ашып, кіріп-шығып 
жҥрген осы кісі кҿлеңке іспетті ғана боп кҿрініп еді маған. Кітап қадірлегіш, 
ҿткен данышпандарды сыйлағыш мен екі кҥн бойы қасымдағы тірі дананы 
елемеппін -ау. 
«Ана болған – дана болады» деген сҿзі қандай жақсы еді апамның. Жо-
жоқ, жалғыз бҧл емес, жаңағы айтқан бар сҿзі маржан ғой тізіліп тҧрған. Кеш 
менің білместігімді, данышпан ана. Мен ішпей маспын ғой бҧл кҥндері. Mac 
кісі не білуші еді, не аңғарушы еді. Соны ескер, абзал ана. Ҽрине, мен мҧны 
ауызша айтқаным жоқ. Оймен айттым. 
Ҿйткені мен ҥндемей отырып, іштей сҿйлеуге ғана шешенмін ғой. Ал 
ауызша айтқан бар сҿзім мынау ғана болды. 
– Алдияр ана, айтқаныңызды орындаймын! - деп бас иіп, ант еткендей 
оң тіземді бҥктім. 
Бҧл менің анаға деген ризалығым еді. Бҧл жҽне Меңтайға ризалығымнан 
айтылған сҿз болатын. Осы аз сҿздің ҿзін ҽрең айттым. Ҿйткені мен ҿзімнің 
тебінгідей ҥлкен еріндеріме ие бола алмай қалдым. Ол, жылаған жас баланың 
ерніндей боп, кемсеңдеп кетті. 
Майра жҥгіріп кеп мені қолтығымнан кҿтерді. 
– Иҽ, не боп кетті ҿзі. Жҧрт қуанады екен десе, – деп ол ҿз-ҿзінен 
кҥбірлеп жҥр. 
– Қуаныш деген осы ғой, кҥнім, – деді ана енді камзолының қалтасынан 
орамалын алып, кҿзін сҥртіп жатып. – Қуаныш тек кҥлкімен ғана келмейді. 
Ол тек бала басынан кешіретін тҽтті қуаныш қана. Азаппен келетін ащы 
қуаныш та болады. Нағыз қуаныш һҽмҽнда жанды қинап, жҥректі сыздатып, 
жылата келеді ғой, қарағым. Ең қайырлы қуаныш та сол болады. 
– Иҽ, апам бҥгін философ болып кетіпті, – деп Майра бізді орнымызға 
жайғастыра бастады. – Отырыңызшы, Ереке. Отырсаңшы, Меңтай.


Sauap.org
243 
– «Былайсоп-мылайсобыңның» не екенін білмеймін, қалқам, – деді ана 
қызы орнына отырған соң. – Соғыс кезінде соқаға жеккен сиырды «соп!» 
дейтінбіз.
Менің білетінім осы ғана. Ендігі білетінім – ертең ел-жҧртты жинап, той 
жаса, балам. 
– Иҽ, жасаймыз, – деп Майра кҥлімдеп кетті. 
– Ертең ана ақ бҧзауына айырбастап колхоздан бір семіз қой ал. Жиырма
жылдан бері осы колхоздың ыстығына кҥйіп, суығына тоңып келеміз ғой.
Соғысқа кеткенше ҽкең де табан аудармай жҧмыс істеген. Берер бір 
малын. 
– Береді, апа, береді, – деп Майра алақанын шапалақтап. 
– Берсе, солай ет, ботам, – деп ана орнынан кҿтерілді. Ол тегенені, 
Майра мен Меңтай ыдыс-аяқты жинап алып, ауыз ҥйге ҽкетті. 
Тҿргі бҿлмеде оңаша қалған мен ҿз-ҿзімнен отырып тағы да тебірендім. 
Ері соғыста ҿлген, жалғыз қызын медеу етіп, кҥнделікті еңбегімен кҥн кҿріп 
отырған жесір ҽйелдің мынадай мырзалығына жҽне таң қалдым. Алты аласы, 
бес бересісі жоқ біреуге той жасап, жалғыз бҧзауын сойып бермек.
Неткен дарқандық десеңші бҧл! Бҥгін біреуге той жасап, ертең ҿздері аш 
отыруға бейіл ғой бҧл ел. Жоқ, Меңтай екеуміз бҧзауды сойдыртпаспыз. Ал 
алда-жалда айтқанымызға кҿнбесе, екі есе ғып ҿтерміз бҧл жақсылықты. 
Жалғыз Майраның ғана емес, ҥшеуміздің бірдей ортақ анамыз етіп 
алармыз бҧл кісіні! 
Мен осыны ойлап отырғанда тҿргі ҥйге Майра кірді. 
– Біз Меңтай екеуміз де кҥнде беседкаға жатушы едік, – деді ол 
орындықтағы шамды алып, биік ҥстелдің ҥстіне апара жатып. – Ҥй ыстық. 
Сізге тҿсекті қайда салайық?
– Ҥйдің тҿбесіне жатуға бола ма? – дедім мен. Менің бҥгінгі кҿңіл кҥйім 
не ҥйдің тҿбесіне, не таудың тҿбесіне жатуды керек қылғандай еді. 
– Болады. Онда мен сізге тҿсекті тҿбеге салайын, – деп Майра тҿр жақта 
жинаулы тҧрған жҥкті бҧза бастады. 
Орнымнан ҧшып тҧрып, мен де оған кҿмектесуге кірістім. Мен 
текеметті, Майра кҿрпе- жастықты кҿтеріп екеуміз сыртқа қарай беттедік. 
Меңтай ауыз бҿлмедегі биік ағаш тҿсекті бҧзып жатыр екен. – Меңтай, – деді 
Майра шығып бара жатып, – сен андағы, апамның тҿсегін салып болғаннан 
кейін ҿзіміздің тҿсек-орынды беседкаға апара бер. 
– Жарайды, Майра. 
Бҧл екі сҿз маған ғажап музыка, асқақ ҽндей боп білінді. Сол ҽн мен 
музыка жаныма қанат бітіріп, жайраңдап далаға шықсам, ай сҥттей жарық, 
ауа қымыздай тҽтті екен. Кеудемді кере дем алып, қабырғаға сҥйеулі тҧрған 
саты ағаштың орта беліне дейін кҿтерілдім де, текеметті жоғары шығардым. 
Одан соң жерде тҧрған Майраның қолындағы кҿрпе- жастықты алып, тҿсекті 
ҿзім салып аламын деп, оны қоя бердім. Маған алаңдамай, олардың тезірек 
беседкаға жайғасуын тіледім. 


Sauap.org
244 
XV 
Майра маған бір кҿрпе мен бір жастық жҽне ҧзыншақ келген қҧрақ 
кҿрпеше беріпті. 
Соғыстан соңғы дҥниеге тапшы кез еді ғой ол. Қҧрақ кҿрпешені текемет 
ҥстінен тҿсеуге ҽрі простыня орнына бергенге ҧқсайды. Тҿсекті тез салуын 
салып алғаныммен, тыншығып жата алмадым. Текеметке киімшең қҧлаған 
бойыммен, ҿлі тигендей дҿңбекшіп, біресе он жамбасыма, біресе сол 
жамбасыма аударыла беремін. Кейде тҿмен домалап, ҥй ҥстіне қаулап ҿскен 
алабота, кҿк қурайды сытырлата сындырып, аунай кеп жҿнелемін. Тҿбедегі 
шҿпті ат аунағандай етіп жапырамын да, одан соң қайтадан орныма 
ораламын. Біраздан кейін киімімді шешіндім де, тек трусишең ғана кҥйде 
қалдым. Содан соң аюмен алысқандай боп екі иығымнан демалып, екі 
танауым делдеңдеп біраз шалқамнан жаттым. 
Сҿйтіп, жҧрт аяғы басылып, ел ҧйқыға кеткенше ҿз-ҿзімнен аласҧрумен
болдым. Ҽлден уақытта жолбарыстай ырғып орнымнан тҧрдым да, біреу 
кҿріп қоятындай еңкеңдеп, бір басып, екі басып сатының қасына келдім.
Беседка жаққа кҿз салып едім, қыздардың жайбарақат ҧйықтап 
жатқандары аңғарылды. Сатыдан тҥсе салып, жҥгіріп қастарына барсам, 
Майра басын бҥркеп алған екен. Қою қара шашы ақ жастыққа шашылып, 
шалқасынан жатқан Меңтайды кҿргенде ҥстіне қҧлап тҥсе жаздадым. Буын-
буыным қалтырап, тынысым тарыла тҥсіп, Меңтайды еңкейіп ернінен 
сҥйдім. Ол тез кҿзін ашып алды да, мені қос қолымен бетімнен сипап, 
мойнымнан қҧшақтады. 
Мен дегбірім кетіп, оны тез орнынан тҧрғызбақ болып, екі қолынан 
тарттым.
Меңтай кеудесін кҿтеріп отырды да, Майра жаққа қарап, маған екі 
саусағын кҿрсетіп, ерніне басты. Онысы: «Ақырын, Майра оянып кетеді» 
дегені деп ҧқтым. Мен оған саусағыммен беседканы нҧсқап, одан соң ҥйдің 
ҥстін кҿрсеттім. Оным: «жҥр, ҥйдің тҿбесіне барып жатайық» дегенім еді. Ол 
орнынан тҧрып, ҥндеместен соңыма ілесті. Беседкадан шыққаннан кейін 
екеуміз қол ҧстасып, сатыға қарай жҿнелдік. Жҧқа, шолақ ішкҿйлегінен екі 
тізесі жарқ-жарқ кҿрініп, ақ мҽрмҽрдай мойын, кеудесі айға шағылысып, 
қалың, қою, ҧзын қара шашы ту сыртын қара мақпалдай қымтаған
Меңтайдың сахнаға шыққан бишідей аяғының ҧшынан лыпып басып 
қасымда келе жатқанын кҿргенде менің жҥрегім жарылардай боп дҥрс-дҥрс 
соқты. 
Ҥйдің ҥстіне шыққаннан кейін Меңтай тҿсек ҥстіне келіп, демін ішіне 
тартып дымы қҧрығандай боп, шоқиып отыра кетті. Сол тҧста кҿкте 
қайырған қыранның тегеурінінен тайсалақтап, діріл қағып, жан ҧшырып тегіс 
жерде шалқасынан қҧлаған қызыл тҥлкінің ҥстіне жарқ етіп, нажағай 
соққандай болды. Ерінді ерін тауып, бір-бірінен шырын сорып, бал жҧтысқан 
тойымсыз, тынымсыз, толассыз бір сҽт туды. 


Sauap.org
245 
Меңтай екеуміз қҧшақтасып, жалаңаш денеміз сҥйіскен екі еріндей 
жабысып, кҿрпе астында ҥн-тҥнсіз ҧзақ жаттық. Бҧл кҥн ыстықта ҧзақ жол 
жҥріп, қаны кеуіп шаршап, қаталап келіп, алдынан кездескен мҿлдір бҧлаққа 
бас қойған адамның алғашқы алған рахатынан кейінгі тапқан тынысы тҽрізді 
шақ еді. Қатты шҿлдеген адамның сусыны қанушы ма еді? Менің тағы да 
шҿл қандыру ҽрекетіне кіріскім келді. Осы кезде Меңтай мені сҽл бҿгеп, бір 
нҽрсе сҧрағысы келгендей ыңғай білдірді. 
– Сіз... сен менен жиіркенген жоқсың ба? – деді ол. 
– Жоқ. 
– Жиіркенбейсің бе? 
– Жоқ. 
– Ҿмір бойы ма? 
– Иҽ... 
Осы кезде менің денемнің Меңтай жақ жартысы дір ете қалғандай 
болды.
Діріл тез қайталап, бірден жиілей тҥсті. Сҿйтсем, Меңтай ҿксіп, жылап 
жатыр екен. Оны неден ренжітіп алдым деп мен жаным шыға бҽйек болып, 
асты-ҥстіне тҥстім.
– Не болды, жаным? 
– Жай, ҽшейін. 
– Ҽшейін емес қой, айтшы, қуатым, – дедім мен жалынып. 
– Ҽшейін, – деді Меңтай ҥстіміздегі кҿрпенің шетіне кҿзін сҥртіп. 
– Айтшы, сҽулем, – дедім оның ащы жас шыққан екі кҿзінен, аузынан 
тынбастан сҥйіп. – 
Айтшы, қуатым. 
– Жай, ҽшейін дедім ғой... Сен болмасаң, мені кім бағалар еді? Ҿзегіне 
қҧрт тҥскен алмаға кім қолын созар еді?... деп... Ҽшейін соған... 
Меңтайдың неге жылағанын енді білдім. Тезірек оны жҧбатуға асықтым. 
– Қойшы, қалқам, оны ойламашы, – дедім тағы да толассыз сҥйіп жатып. 
– Ол бір сҽт тҥнде кҿрген жаман тҥс сияқты болып, ҿтті де кетті емес пе.
Ойламашы соны. Сен бітеу тҧрған, бҧзылмаған ең тҽтті алмасың, 
жаным. 
– Мен сіздей... сендей кісіге лайық емеспін-ау, тең емеспін-ау деп 
ойлаймын. 
– Жоқ, лайықсың! Сен менен артықсың, сҽулем! 
Меңтай біраз ҥнсіз жатты. 
– Жарайды, сенің кҿңіліңе келмесе болды маған, – деп ол мені ыстық 
ернімен аймалап, жҧмсақ алақанымен жанымды сҥйсіндіре жауырынымды 
сипады. 
– Келмейді, келмейді, қуатым! Сенші маған. Келмейді ешқашан да! 
Ешқашан да! Мен сені осылай қҧшып жатқаныма бақыттымын, қуатым, 
қызығым, ҿмірім, ҿзегім!..
– Айналайын, кҿкетайым! – деді Меңтай «айналайын» деген сҿзді жанды 
еріте созып айтып. 


Sauap.org
246 
Айлы тҥнде айдай жарымның ашық жатқан аппақ кеудесіне тағы да 
қҧмарта кҿз тіктім. 
Ҧлы даналар жасаған жан лҽззаты – жалаңаш ҽйел бейнелері кҿз алдыма 
елестеді сол сҽт. 
Гойяның биік тҿсекте шалқалай сҧлап, топ-томпақ қос анары қызықтыра 
кҿз тартып, ҿзіңе маужырай қараған бҧраң бел жалаңаш Махасын кҿргендей 
тамсандым. Енді бір сҽт Тицианның қою қолаң шашын уыздай денесіне шҽлі 
етіп жамылып, жҧмыр білегі, қос анары, ҥлбіреген ақ тамағы ғана ашық 
қалған жанды еріткен жас сҧлу Мария Магдалинасы мен ақ санын айқара 
ашып тастап, сабыры сарқылып жатқан Данаясының бір сҽт Рубенстің оң 
иығына жалт бҧрылып, ҽлденеге қҧмарта қарап қалған сымбатты 
Вирсавиясының қасында тҧрғандай сҧқтандым. 
– Айналайын, – деді осы кезде Меңтай даусын соза сҿйлеп, 
жалынғандай болып, – қарамашы тесіліп, қойшы, кҿкем. Ҧяламын. Біреу 
кҿріп қояды. 
– Кім кҿреді? Ешкім де кҿрмейді, – деймін мен оны кеудесіндегі 
тырсиған ақ алмасынан аймалап. 
– Ҽне, ай кҿріп тҧр, – деді Меңтай кҥліп, қытығы келіп. 
– Ай кҿрсе, кҿре берсін. 
– Ол айналасына айтады. 
– Айтса, айта берсін. 
– Жҧлдыздар кҿріп қойды. Олар жер жҥзіне жаяды.
– Жайса, жая берсін. 
Дҥниеде ҽйелдің тҽнінен тҽтті, оның тҧлғасынан сҧлу ештеңе жоқ 
шығар, –деп ойладым мен Меңтайдың ақ денесін кҿрпемен қайтадан қымтап 
жатып.
– Ҽйелдің асыл тҽніне тҽнті болу – еркектік тіршіліктің тҥйіні шығар деп 
тҥйдім мен онда. Бірақ ешбір картина менің Меңтайымның сымбатын бере 
алмайды. Барлық Венералар да, Данаялар да, Мариялар да, Вирсавиялар да 
Меңтайдың шеніне келмейді. Ҿйткені бҧл ешкім кҿрмейтін менің ҿз 
картинам, ҿз дҥнием, ҿз байлығым, ҿз бақытым! Міне, мен Меңтайды 
бауырыма басып ішімнен осылай деп жаттым. «Меңтай – менің ҿз картинам, 
ҿз дҥнием, ҿз байлығым, ҿз бақытым!» деп мың мҽрте қайталадым. 
Ҽйел мҥсінінің сҧлулығын қыл қаламмен жырлап ҿткен ҧлы даналар 
қалдырған Эрмитаж қабырғаларындағы бір кҿрген адамның ешқашан есінен 
кетпес мҽңгілік ғажап картиналардай болып, сол бір тҥн, жарық ай, жалаңаш
Меңтай кҥні бҥгінге дейін менің кҿз алдымда қалды. Сол жолы мен 
сҧлулықтың шын сырын ҧқтым. Ҽйел сымбаты, ҽсіресе оның жалаңаш мҥсіні 
дҥниедегі ең қуатты кҥш екенін тҥсіндім. Ҽйел тҽні еркектер ҥшін магнитпен 
пара-пар екенін білдім. Жалаңаш ҽйелді жау да жеңе алмас-ау деп ойладым. 
Бҧл сабақты маған сол тҥн, сол сҽт берді. Ол тҥн маған дҥниеде ең бір 
ҧлы сабақтың алғашқы ҽліппесі болды. 
Мен шалқамнан жатырмын. Меңтай бір қырындап, мені қҧшақтап алған.
Мен оны мойнынан қысып, екінші қолыммен қолын сипап жатырмын.


Sauap.org
247 
Аспанда асыға ай дҿңгелеп барады. Одан ҽріректе, менің Меңтайымның 
жҥзін кҿруге таласқандай боп, жҧлдыздар жапырласады. Олар бір-бірімен 
жарыса жымыңдасады. Содан соң: «Сен қандай бақыттысың!» деп маған бас 
изегендей болады. «Иҽ, мен бақыттымын! – деймін жҧлдыздарға кҥбірлеп. – 
Менің бақытыма сендердің де сандарың жетпейді!»
Ҿстіп Меңтайды қҧшақтап, жҧлдыздармен сҿйлесіп жатып, мен 
соншама бір ғажап, рақат теңізінің тҥбіне қарай шым батып бара жатқан 
сияқтандым. 
Таңертең Меңтай ерте тҧрып, мені қайта-қайта сҥйді. Содан соң 
беседкадағы Майраның қасына кетті. Мен жалғыз қалдым. Бҧл жолғы 
жалғыздығымды мен басқаша сезіндім. Ҥй ҥстінде бір ҿзім оңаша 
болғаныммен, Меңтай кҿзге кҿрінбей қасымда жатқан тҽрізденді. 
Ол да оңаша емес, қасына мені алып жатыр деп ойладым. 
Кҿкжиектен дҿңгелеп кҥн шығып келе жатты. Жалғыз жатып мен 
кҥбірлеп кҥнмен сҿйлестім, сыбырлап желмен сҿйлестім. Оларға да ҿз 
бақытымды айттым. 
Бір кезде ҥйден шелегін салдыратып, сиыр саууға Майраның анасы 
шықты.
Мен киініп ҥй тҿбесінен тҥсіп, абзал анаға сҽлем бердім. 
– Армысыз, анам! 
– Бар бол, балам. Ҧйқың келмесе, ҿзенге бар, – деді ол. 
– Бҥрген! Бҥрген, мен бақыттымын, – дедім, ҿзен жағасына келіп 
айқайлап. 
Одан соң аяңдап гҥлді ҿзекке тҥстім. 
– Гҥлдер, гҥлдер! Мені қҧттықтаңдар! Мен сендердей гҥл қҧшақтадым, 
мҽңгі қҧштым! – дедім оларға. 
Гҥлдер қуана қҧттықтап, бастарын изесті. Содан соң мен Кҿктҿбеге 
кҿтерілдім. 
– Мен бақыттымын! – дедім тҿбе басында тҧрып дауыстап. Маған 
алыстағы таулар ҥн қосты. Олар: «Мен бақыттымын! Мен бақыттымын!» деп 
жаңғыра жауап қатты.
Маған Бҥрген ҿзені шалқып жатқан дария, Кҿктҿбе асқар тау сияқты боп 
кҿрінді. Мен дҥниенің тҿріне шығып, тҿбесінде тҧрғандай сезіндім ҿзімді. 
Иҽ, сол кҥні кешке Майра болмастан той жасады. Ауыл жиналды. 
Махаббат гимні – «жар- жар» айтылды, ҽндер шырқалды. Ауыл адамдары 
Меңтай екеумізге ақ жҥректерінен шыққан адал тілектерін айтысты. Шарап 
жоқ, шатақ жоқ шаршы ғана жиын жасадық ҿзімізше. 
Ертеңінде Меңтай, Майра, мен ҥшеуміз қалаға келдік. Жатақханаға 
кірсек маған деген тілдей ашық хат жатыр. Оқып жіберсем, былай деп 
жазылыпты. 
«Ербол! Сен бізге аса қажетсің. Тез келіп, маған жолық. Б.Уазитов». 
– Мені редакция іздеп жатыр. Барамыз ба, қыздар? – дедім неге екенін 
білмесем де ҿз- ҿзімнен қуанып. 
– Барайық, – деді олар бірден. 


Sauap.org
248 
Базардың қасына келіп, трамвайға отырдық. Одан кейін біраз жаяулап 
редакцияға бардық. Жол бойы мен жақ жаппастан сҿйлесумен болдым.
Қыздар кҥлумен болды. 
Қыздар тосып сыртта қалды. Мен ішке кірдім. 
– Ҽ, келдің бе, Ербол? – деді жауапты секретарь мені кҿріп. - Сҽлеметсің 
бе?
Хал қалай? 
Сессияң бітті ме? 
– Бітті. 
– Оқуыңды қашан тауысасың? 
– Енді бір он шақты айдан кейін. 
– Бізде бір орын босады. Сені қызметке алсақ деп ойлап едік. Қалай 
кҿресің?
– Ақылдасып кеп артынан айтайын. Кімнің орны? 
– Шалғынбаевтың орны. 
Менің кҿзім бақырайып кетті. 
– Ол қайда? Неғып кетті? 
– Басқа жҧмысқа ауысты. Газетте істеуге қабілеті жетіңкіремеді. Оның 
ҥстіне мақтаншақ, даңғой, ішкіш адам болып шықты. Ал ҿз шешіміңді айт 
кҽне. 
«Апырай, Шҽкем-ай, – дедім мен ішімнен. – «Аһ!» деп ҿзіңнен-ҿзің 
сиыр қайырғандай болып отырушы едің. «Тіркемелі» жҥз елу грамм тҥбіне 
жеткен екен ғой, тегі». 
– Қазір, семьяммен ақылдасайын, Бҽке, – дедім содан соң. 
– Семьялы болып па едің? Қҧтты болсын, – деді жауапты секретарь. – 
Семьялы болсаң осы қызметке кіргенің жҿн болар. 
Жҥгіріп есік алдына шықсам, Меңтай мен Майра кҥтіп тҧр екен. 
– Иҽ, неге шақырыпты? – деді Майра. 
– Бізге қызметке кел дейді. 
– Иҽ, сіз не дедіңіз? 
– Семьяммен ақылдасайын, – дедім. Майра мҽз боп кҥлді. 
– Ал, семьясы, айт, – деді Меңтайға бҧрылып. 
– Оқу бар ғой, – деді Меңтай. 
– Қалған бір курсты жҧмыс істеп жҥріп-ақ бітірмеймін бе? 
– Ана жақтағы жҧмысыңды қайтесің?
– Оны тастаймын. Редакция ол жақтан ҿзі босатып алады. 
– Қайдам, ҿзіңе ауыр болып жҥрмесе? 
– Жоқ, тҥсейін. Менің арманым нағыз журналист болу емес пе? Ол ҥшін 
осы газетте жҧмыс істеуім керек. Оның ҥстіне қызмет істесем екеуміздің де 
жағдайымыз жақсарады. 
– Ҿзің біл. Бірақ маған осыдан артық еш жағдайдың керегі жоқ, Ербол. 
Мен қандай қиындық болса да шыдаймын ғой. 


Sauap.org
249 
Сол кҥні маған Ербол Есенов республикалық газеттің ҽдеби қызметкері 
болып тағайындалсын деген бҧйрық берілді. Тағдыр менің сҥйген қызымды 
да, сҥйікті қызметімді, осылай, бір-ақ кҥнде қолыма ҧстатты. 
Сонымен, не керек, нағыз бақытты жан мен болдым. Меңтай екеуміз
Мичурин кҿшесінен оңаша бҿлме жалдап алдық. Мен Меңтай дегенде, 
ол мен дегенде ішкен асымызды жерге қоятын болдық. Біріміз жоқта біріміз 
бір ҧрттам су ішпейтінбіз, тамағымыздан ҿтпейтін. 
Мен жҧмыстан, ол сабақтан босасақ-ақ болды, екеуміз бір-бірімізге 
қарай ҧмтылатынбыз. 
Жылдам жетіп, жолығысқанша асығатынбыз. 
Біздің кішкентай бҿлмеміз бҥкіл курс студенттерінің орталығына 
айналды.
Олар, ҽсіресе, демалыс кҥндері біздің ҥйден шықпайтын. Шай ішетін, 
шарап тататын. Ҿте-мҿте Жомартбек пен Майра біздің ҥйге жиі келетін. 
– Екеуің қосылсаңшы, – дейтінбіз біз оларға ҽзілдеп. 
– Менің қосылғым-ақ келеді-ау, – дейтін ондайда Жомартбек кҥліп. - 
Бірақ мына Майра мен сенен ҥш жас ҥлкенмін, апаңмын деп болмайды. 
Осылай деп Жомартбек кҥлкісін тыя қояды да, моп-момақан болып, Меңтай 
екеумізге кезек қарайды. Содан соң: – Апасын алушы ма еді жҧрт? – деп 
сҧрайды. 
Бҽріміз қыран кҥлкі боламыз. Майра Жомартбекті тҿмпештеп, екі 
қҧлағынан кезек жҧлады. 
– Ойбай, апатай, алмайын, апатай, – деп Жомартбек бақырып, ҥйді 
басына кҿтереді. 
Бҧған да кҿзімізден жас аққанша кҥлісіп, мҽз боламыз. 
Кейде Зайкҥл келеді. Келеді де ол біздің ескі-қҧсқы базарынан сатып 
алған жаман диванымызға жалп етіп отыра кетеді. Содан соң, бір аяқты бір 
аяқтың ҥстіне салып, юбканың етегін кейін серпіп жіберіп екі аяқтың санын 
жарқырата жалаңаштап тастайды да, сҿзге кіріседі. 
– Ҿз курсында оқитын қыз бен жігіттің оңаша ҥйі болып, аяқты кҿсіліп 
тастап отыру – қандай рақат, – дейді ол мардымсып. 
Жомартбек оған дҥрсе қоя береді. 
– Ҽй, ҽй, Зайкҥл, – дейді ол қабағын тҥйіп. – Сен Кербез ағайыңның 
алдында отырған жоқсың, жап етегіңді. 
– Ҿй, осының ҿзі мҽдениетсіз, – дейді Зайкҥл міз бақпай, бетін 
тыжырайтып.
– Қызға кісі ҿстіп дҿкір сҿйлей ме екен? 
Жомартбек қарқылдап кҥліп жібереді. 
– Е, немене, қыз емес дегің келе ме, - дейді Зайкҥл басын қақшита ҧстап. 
–Менің мына Меңтай сияқты кҥйеуім бар ма? Жоқ. Ендеше не керек саған?
Артта қалғансың. Мен саған жолда жатсаң қарамас едім. 
Меңтай тез орнынан тҧрып, Зайкҥлдің қасына барады.


Sauap.org
250 
– Қойшы, Зайкҥл. Жомартбектің қалжыңына несіне ашуланасың, – дейді 
оны қҧшақтай арқасынан қағып. – Қарның ашты ма? Жҧмыртқа қуырып 
берейін бе? 
– Сҿйтші, Меңтай, – дейді Зайкҥл Жомартбекпен ҧрысып отырғанын 
бірден ҧмытып. – Ішім ҧлып барады. Мен қуырған жҧмыртқаны сондай 
жақсы кҿремін, Меңтай. – Содан соң Меңтайдың қҧлағына сыбырлайды. –
Шарабың бар ма? 
– Сендік бірдеңе табылады, – дейді Меңтай тез Зайкҥлді тамақтандыру 
қамына кірісіп. 
Біраздан кейін мен Меңтай пісірген жҧмыртқаны табасымен кҿтеріп, 
шыжылдатып ҽкеп ҥстелдің ҥстіне қойдым. Меңтай біреулерден қалған 
шараптың аузын ашты. 
– Зайкҥл, жалғыз ішесің бе? Жомартбек басын шайқап отыр ғой. 
– Жоқ, мен Ерболмен қағыстырып ішемін, – дейді Зайкҥл шарапты 
жҧтпай жатып, сықылықтай кҥліп. 
– Мен мҧны ішпеймін. 
– Неге? 
– Менің шарабым басқа. 
Зайкҥл алдындағы стаканды сырғыта салды. 
– Ендеше мен де ішпеймін. Сендер тҽуір шараптарыңды ҿздерің ішіп, 
маған біреуден қалған жаманын беріп отырсыңдар. 
Мен кҥлдім.
– Менің шарабым, шербетім мінеки, – деп қасымда бейқам отырған
Меңтайдың бетінен сҥйіп кеп алдым. 
– Кҥн сайын ішесің, кҥнде мас боласың, ҽ? – деді Жомартбек желпініп. 
– Иҽ. 
Зайкҥл сықылықтай кҥліп, стаканға қайтадан қолын созды. 
– Олай болса, ішемін. 
– Ербол, Зайкҥлмен соғысып ішсеңші, – деп Меңтай маған да қҧйды. 
– Ендеше маған да тамыз, – деп Жомартбек те стакан тосты. – Бҽрібір 
Ербол Зайкҥл екеумізге басқа шарап-шербетінен татырмайды. 
Зайкҥл орта стакан шарапты бір-ақ қағып салды да, кҥлді кеп. 
– О не, Зайкҥл? – деді Жомартбек бҧрылып. 
– Менің шарабым басқа дегенде мҧның ҿзі оңаша ішіп жҥрген бҽлзамы 
бар екен десем. 
Мен бір мықтының ҥйінен ішкемін ондай бҽлзамды. Бірақ оның сауыты 
қыздың беліндей жіп-жіңішке болады екен. – Осы арада Зайкҥл кҿзінің 
қиығымен Меңтайға қарап қойды. – Ал, мына Ерболдың бҽлзамының 
сауыты... – Зайкҥл одан сайын сықылықтады. 
– Аузын кенеппен тығындап қоятын қойшылардың карелин сауытына 
ҧқсай ма, қалай, Жомартбек? 
Меңтай қызарып кетті, бірақ ҥндемеді. Іші білініп, жҥріс-тҧрысы 
ауырлап қалған жарымды сҿккені маған да ҧнамады. Жомартбек те теріс 
айналып кетті.


Sauap.org
251 
– Ҽй, ҽй, ҿкпелеп қалдыңдар ма? – деді Зайкҥл бірден кҥлкісін тыйып. – 
Мен қалжыңдап айтамын. 
– Мен қалжыңды білмейді дейсің бе, Зайкҥл, –деді Меңтай. 
– Алаңдамай тамағыңды ішіп ал. 
– Сенің осы ешкімге ренжімейтін мінезің ҥшін жақсы кҿремін, Меңтай, 
– деді Зайкҥл шанышқыны қайтадан қолына алып. – Менің бір ауыз 
қалжыңымды кҿтере алмай мына екеуі торсиды да қалды. Ойпырай, биыл 
госэкзамен келе жатыр ғой. 
– Зайкҥл қолына алған шанышқысын қайтадан тастай салды. 
– Анау кітапты кҿріп ойыма тҥсіп кетті. 
– Бір тілде бірыңғай таза сҿйлеуге болмай ма осы? – деп Жомартбек 
Зайкҥлге тағы тиісті. 
– Ҿзім орысша араластыра сҿйлегенді сҥйемін. 
– Ҿйткені сен Чеховтың «қарындасысың» ғой... 
– Онда жҧмысың болмасын. Араластырып сҿйлесең ең жоқ дегенде екі 
тілді білетінің білінеді. Маған жҧрт Сағынова орысшаға да, қазақшаға да 
судай екен деп тҥсінсе болды, басқаның керегі жоқ. 
– Оның атын кҿзбояу дейді. 
– Ҽй, болса бола берсін! Меңтай басын шайқады. 
– Ол жҿн емес қой, Зайкҥл. 
– Ҿзіңе не ҧнаса – сол жҿн, басқанікі не керек, – деп Зайкҥл шанышқыға
қайтадан қол созды.
– «Адасқанның – алды жҿн, арты – соқпақ», – деп Жомартбек ақырын 
ҽндетіп қойды. 
– Осы кітапты кҿрсем бар ғой, – деді Зайкҥл жҧмыртқадан тағы бір асап 
жатып, этажеркадағы кітаптарға кҿзі тҥсіп кетіп, – аза бойым қаза болады.
Кітапты жек кҿретіндігімнен бе қайдан білейін. Ҽнеукҥні тҥсімде бар 
ғой, Меңтай, бар кітап жиылып мені сабап жҥр. Мынау Жомартбектей 
шілмиген жҧп-жҧқа «Логиканың» ҿзі жҧдырығын тҥйіп ентелеп келе жатыр. 
Тҥсте кітаппен тҿбелескен не болады екен осы? Білесің бе, Меңтай? – 
Меңтай басын шайқады. – Ендеше мен емтиханда қҧлап қалатын шығармын 
деп жорыдым. 
– Сен қҧласаң, мен мҧрнымды кесіп берейін, – дейді Жомартбек 
қуланып. 
– Керегі жоқ мҧрныңның. Бірақ қалай қҧламаймын тҿрт жыл оқығаннан 
тҥйірдей ештеңе жоқ басымда. Сенесіңдер ме осыған? 
Біз ҥшін жауапты Жомартбек берді. 
– Сенеміз. Бірақ сендей сҧлу қызға жасаған жар болады, Зайкҥл. 
Зайкҥл мақтанып, қуанып қалды. 
– Табиғат ҽділ ғой, шіркін, – деді ол. – Ой бермей, маған ҿң бергенін 
айтсаңшы! – Ҥстел шетіндегі айнаны алып, басын қисаңдатып бетіне тосты. -
Мынандай ҿңі бар кісіге ойдың керегі не? Ҽһ? 
– «Айнаның қарсы алдына маймыл барып», – дейді тағы да Жомартбек 
ҽндетіп, бірақ «маймыл» деген сҿзді Зайкҥлге естіртпей міңгірлей айтып. – 


Sauap.org
252 
Жаман болсаң да, жас болғанға не жетсін, Зайкҥл. 
Біз бҽріміз ду кҥлеміз. Сҿйтіп Зайкҥл кетеді. Одан соң ҿзгелер келеді. 
Кҥлкі кҥлкіге жалғасады.
Осылай базар болып тҧрған алтын отауымыздың шаңырағы бір-ақ 
кҥнде, ойламаған жерде, салдыр-кҥлдір етіп ортасына тҥсті... Ғапу етіңіздер, 
мен бҧл ҽңгімені ҽлі кҥнге дейін тебіренбей, кҿзіме жас алмай айта 
алмаймын... Ол кҥндерде еңірегенде етегім толатын еді... Одан бері жиырма 
жылдай уақыт ҿтті. Бірақ, бҽр-бҽрі ҽлі кҥнге дейін кҿз алдымда сайрап тҧр... 
Иҽ, қай жерге келіп едім? Қазір... Қазір... Бір кҥні тҥнде Меңтай ішім ауырды 
деді. Ол былай болды. 
Мен ол кҥні кҥндіз редакцияның тығыз тапсырмасымен бір заводқа 
барып келіп, кешке мақала жазып отырдым. Ҥстелдің екінші басында Меңтай 
болашақ бҿпемізге деп кҿйлек пішіп ҽбігерленіп жатты. 
– Ербол деймін, – деді бір кезде Меңтай. 
– Ay, – дедім мен тез қағаздан басымды кҿтеріп. 
– Ҿстіп, тігісін сыртына қаратып тепши берсем, бола ма? 
– Болады, болады, Меңтай. 
Осыдан кейін екеуміз де ҿз шаруамызды істеп отыра бердік. 
– Ербол деймін, – деді бір кезде тағы да Меңтай. 
– Ay, Меңтай. 
– Сенің иткҿйлегің болды ма? 
– Болған шығар. 
– Менікі де болған шығар, – деді Меңтай басын изеп. - Бірақ біз ғой 
шешеміздің оны қалай тіккенін білмейміз. 
– Ҽрине, білмейміз.
– Иткҿйлегін екеуміздің осылай ақылдасып отырып тіккенімізді біздің 
бҿпеміз де білмейтін болады ғой ҽлі, иҽ, Ербол? 
– Қайдан білсін ол тентек... 
– Ой, ішім, – деп Меңтай ішін баса қалды осы кезде. Мен орнымнан 
ҧшып тҧрып, оны арқасынан қҧшақтадым. 
– Ербол-ай, бҥріп ҽкетіп барады, енді қайттім? – деді ол маңдайынан тер 
бҧрқ ете тҥсіп. 
Менің де жаным шығып кете жаздады. 
– Қазір, қазір, жедел жҽрдем шақырайын, – дедім сасқалақтап. 
Меңтай басын изеді. Мен жанҧшырып кҿшеге шығып, автоматтан жедел 
жҽрдемге телефон соқтым. Кҿп кешікпей жедел жҽрдем машинасы келіп, мен 
Меңтайды перзентханаға алып бардым. Мен қиналмасын деп перзентханаға 
жеткенше ол тістеніп дыбыс шығармауға тырысты. Барысымен сестралар 
«ай-тҥйге» қаратпастан, ішке қарай ала жҿнелді. «Кетпеңіз» деп біреуі маған 
ескертіп те кетті. Осы қазір келіншегімді босандырып, баламды ҽкеп қолыма 
қҧшақтатады екен деп, оған едҽуір дҽмеленіп қалдым. 
Бір кезде қолына тҥйіншек ҧстап, жаңағы сестралардың бірі шықты. 
– Алыңыз, – деп ол тҥйіншекті маған ҧсынды. 
– Мҧныңыз не? – дедім мен шошып кетіп, шегіншектей кейін сырғып. 


Sauap.org
253 
– Ҽйеліңіздің киімі. 
– Ҽйелім қайда? 
Сестра кҥлді.
– Қорықпаңыз, жігітім, ҽйеліңіз осында қалады. Киімін ҥйге алып 
қайтасыз.
Босанғаннан кейін бір аптадан соң киімдерін қайта алып келіп, 
ҽйеліңізді де, балаңызды да ҥйіңізге алып кетесіз, – деп тыныштандырды ол. 
«Аузыңызға май!» дедім мен ішімнен. Содан соң Меңтайдың киімін 
қҧшақтап ҥйге қайттым. Ҥйге жеткенше денемнің дірілі қалмады. «Апырай, 
мына киімін қайтарып беретіндері жаман ырым екен!» дей бердім ішімнен.
Сонда неге жаманға жорыдым екен деген ой маған кҥні бҥгінге дейін 
келеді.
Ҽрине, ол ойлағандықтан да емес қой. Ҽшейін қҧр далбаса ғой менікі.
Сонымен, не керек, мен сондағы Меңтайдың киімін қҧшақтаған бойда 
қалдым ғой ақыры... 
Меңтай перзентханада тҿрт кҥн болды. Ҥш кҥн бойы кҥніне ҥш pет 
барып, терезеден кҿріп кетіп жҥрдім. Ол екінші этаждағы палатада болатын. 
Мен «Меңтай!» деп дауыстаймын келе сала асығып. Ол менің ҥнімді ести 
сала тҿсегінен тҥсіп, терезенің жанына келеді. Сҿзіміз бір-бірімізге жҿнді 
естілмейді. Содан кейін екеуміз сақау кісідей ымдаса бастаймыз. 
Мен тҿменде тҧрып оған, суға батып бара жатқан кісіге ҧқсап, қайта-
қайта иек қағамын. 
Оным – «жайың қалай?» дегенім. Меңтай балаша жымиып, басын 
изейді. Ол – «тҥсіндім» дегені. Содан соң аурухананың олпы-солпы ақ 
кҿйлегінің сыртынан кеудесін басады да, алақанын жайқайды. Онысы – 
«қорықпа, мен ҥшін алаң болма» дегені. Сҿйтеді де, екі кҿзін ботаның 
кҿзіндей мҿлдірете кең ашып, маған қарайды. Сҧқ саусағымен қайта-қайта 
мені нҧсқайды.
Онысы – «ҿзің қалайсың?» дегені. Мен бас изеймін де, екі қолымның 
басын тҿмен салбыратып жіберіп, кезек кҿтеріп, саусақтарымды 
жыбырлатамын.
Оным «Кешегі мақаламды машинкаға бастырдым» дегенім. Меңтай 
тҥсініп, қайта-қайта басын изейді. Сонсоң мен сҧқ саусағымды кҿрсетемін. 
Мҧным – «Мақаламды редактор оқып, «жақсы» деп айтты» дегенім. Солай 
тҥсініп, Меңтай да қайта-қайта бас изейді. Мен тағы да ишара жасап, 
қолымды сілтеп, кҿше жақты нҧсқаймын. Оным – «мақала баспаханаға 
терілуге кетті» деген сҿзім. Меңтай алақанын шапалақтайды. 
Тағы бір барғанымда Меңтай «Маған тамақ ҽкелме, ҿзін іш» деп 
ымдады.
Бір кҥні кешке екі қолын жастық етіп, соған қисайтып басын қойды. 
Онысы – «Маған алаңдамай, жақсылап ҧйықта» дегені еді. Бірде қолын 
тҿбесінен аса созып, ҿзі жоғары қарады. Онысы «Ҧзынбала» - Жомартбек 
келіп кетті дегені деп ҧқтым. Ҿйткені Жомартбек: «Енді жеңгем болдың, 
маған ат қой» деп болмағаннан кейін кейде Меңтай саған қойған атым деп 


Sauap.org
254 
оны Ҧзынбала деп атайтын. Бір жолы ол бас бармағы мен сҧқ саусағын 
дҿңгелектеп кҿзіне апарды да, екі саусағын кҿрсетті. Онысы – «тостаған кҿз 
Майра бҥгін екі рет келіп кетті» дегені болатын. 
Тҿртінші кҥні тҥсте (таңертең де келіп, Меңтайды кҿріп кеткен 
болатынмын) жҥгіріп келіп, таныс терезенің тҥбінен «Меңтай!» деп 
дауыстадым. Терезе алдына ешкім келмеді. 
Тағы да «Меңтай!» деп айқайладым. Бҧл жолы ҿз дауысымнан ҿзім 
шошып кеттім. 
Дауысым палатаға да ҥрейлі естілді-ау деймін, терезе алдына орта 
жастағықазақ ҽйелі жетіп келді. Келді де, мені кҿре салып кейін қашты. Тҧла 
бойым шіміркеніп, не болғанымды білмей кеттім. Тағы да «Меңтай-а-ай!» 
деп айқайлап жібердім. Бҧл жолғы ҥнім перзентхана маңын ғана емес, бҥкіл 
Алматыны, барша Алатау аясын басыма кҿтере шыққан жан дауысымдай еді.
Іштен ақ халат киген қартаң сестра жҥгіріп шығып, тез-тез бірдеңе деп, 
мені қолтықтап ішке қарай алып кетті.
Мен сіздерге бҧдан кейінгісін айтпай-ақ қояйын. Оны тар есікті, мҧз 
еденді мҽйітхананың тас тҿсегінен қалай кҿргенімді, асыл жарды ҿлі туған 
перзентімен бірге қалай қиып қара жердің қҧшағына бергенімізді айтуға 
дҽтім шыдамайды. 
Меңтайды қойғаннан кейін ҥшінші кҥні ҥйге жас орыс ҽйелі бас сҧқты. 
– Сіз Есенов боласыз ба? – деп сҧрады менен. 
– Иҽ, Есеновпін. 
Алдымен ҽйел сіздің қайғыңызға ортақпын деп маған кҿңіл айтты. 
Содан соң ҿзінің перзентхана сестраларының бірі екенін білдіріп, қалтасынан 
қол басындай дҽптер шығарды. Тани кеттім. Бҧл менің Меңтай перзентханаға 
тҥскен кҥннің ертеңінде апарып берген дҽптерім болатын. 
– Осы дҽптерді зайыбыңыз сіздің ҿз қолыңызға тапсырыңыз деп аманат 
етіп еді маған. 
Ҽйелдің қолынан дҽптерді алып, денем дірілдеп бірінші бетін аштым.
Меңтайдың маржандай жазуы кҿзіме оттай басылды. Бірінші бетке ол 
былай орысша жазыпты: 
«Улица Мичурина, 65, Есенову Ерболу, лично». 
Ағыл-тегіл тағы жыладым. Кҿлденең жҧртқа жақсы кҿрген жарынан 
айырылған еркектің еңірегенін естуден ауыр жай жоқ екенін сонда білдім.
Жан-жарынан айырылған еркектің сҽбидей қорғансыз, сақау, 
саңыраудай бейшара боп қалатынын сонда ҧқтым. Содан кейін ол дҽптер 
менің бойтҧмарым болды. Оның беттеріндегі жазулар, тыныс белгілері – 
ҥтір, нҥктесіне дейін, тасқа қашалған Орхон-Енисей жазуындай болып, менің 
жҥрегімде мҽңгі жатталып қалды. Мен сіздерге соны оқып берейін де, 
ҽңгімемді аяқтайын енді.
Ал тыңдаңыздар. Азғантай ғана ҿзі де. 
«Ербол, жаным Ербол! 
Ҿткен тҥнде, сен мені перзентханаға ҽкеп салып қайтып кеткеннен кейін 
маған осында ҿліп қалатын шығармын деген ой келді. Мен ҿлсем де, бала 


Sauap.org
255 
ҿлмесе екен деп тіледім. Атын ҿзің қой. Сен не деп қойсаң, мен соған 
ризамын, менімен келістім деп есепте. Бҧл – менің болашаққа жолдаған 
сҽлем хатым болады ғой сонда, иҽ, «Мамаң аты кім?» десе, «Метай» дейді 
ғой ол тілі шыққан соң. Ол мені айтқаны ғой. Сонда сен кҥлесің де, кҥрсініп 
мені еске аласың ғой. 
Жо-жоқ, бҧл жай ой ғой, Ербол. Мҥмкін, мен ҿлмейтін шығармын. 
Бірақ: «Ҿлетін адам ажалын сезінетін сияқты» деп сен ҿзің айтушы едің ғой. 
Мен де бірдеңені сеземін бе, қайдан білейін. Сезбегенім жақсы болар еді. 
Бҽлкім, бҧл сені шексіз сҥйетіндігімнен шығар. Сенен ажырамасам екен 
деген тілегім ҿзінен-ҿзі ҥрейге ҧласатын болар. Сҥйген жҥрек – дірілшіл, 
кҥйген кҿңіл – ырымшыл келетін шығар тегі. 
* * * 
Ерболым менің! 
Мен тағы да қорқынышты ойлар ойладым. Адамдар бірін-бірі сҥйеді. 
Содан соң біреуі ҿліп, саудыраған сҥйек болып, жер астында қалады. Ол 
ештеңені де білмейді, сезбейді. 
Ештеңеге қиналмайды, ойламайды. Бірақ бар салмақ, бар ауыртпалық 
тірі қалғанға тҥседі ғой. Жаман, арсыз жар есепті тіршілігін жасай жатар. 
Адал жарға ауыр тиеді-ау жалғыздық. Шіркін, шын сҥйіспеншілікпен 
қосылған жандар ҿлмейтін болсашы! Жоқ, мҧным табиғат заңына қайшы 
болар. Онда, ондай адамдар ҧзақ жасайтын болсашы ең болмаса! 
Бірақ мен ҿлсем де ҿлмейтін шығармын деп ойлаймын тағы да. Ҿйткені 
мен ішімнен шығатын бала да жҽне сенің жҥрегіңде ҿмір сҥремін ғой. Сонда 
ол менің ҿлмегенім емес пе? Солай емес пе, Ербол? Солай деші, жаным, 
кҿкетайым!.. 
Мен саған бҧл жолдарды тек ішім ауырмасын деп қана жазып отырмын, 
Ербол. Сені ойлап сен туралы жаза бастасам-ақ, ішімнің ауырғаны қоя қояды. 
Тегі іштегі тентек ҽкесін сыйлайтын болуы керек. Кҿрдің бе міне ҽкенің 
беделі қандай болатынын! 
* * * 
Айналайын, кҿкетайым! 
Сен менің осы сҿздерімді жақсы кҿресің ғой. Сен естісін деп мен мҧнда 
осы екі сҿзді ҽлденеше рет айттым. Естідің бе ?.. 
Ойпырай, ішім ҽкетіп барады... Уһ, бҧрап-бҧрап ҽрең басылды-ay, 
ҽйтеуір.
Дҽрігерлер мерзімінен бҧрын келген толғақ дейді. Ол неге мерзімінен 
бҧрын келеді екен ?.. 
Не айтайын деп едім саған? Иҽ, жаңа есіме тҥсті. Ҧнжырғаңды тҥсірмей, 
уақытында шашыңды алдырып, ҽрқашанда умаждалмаған таза киім киініп 
жҥр, қуатым. Жҧрт сенің ішіңе ҥңілмейді, сыртыңа қарайды. Жаның жадау, 
жағаң жамау болса, соған сҥйсінетіндер де шығады. Ешкімге таба болмай, тік 
жҥр, жаным, жарай ма? Арақ ішпе, керегі жоқ. Ҿзің де қҧмар емессің ғой.


Sauap.org
256 
Ҿзіміз ішпей ҥлгі кҿрсетсек, кейін балаларымыз да ішпес еді деп 
ойлаймын, ішпесе деп тілеймін! Менің еркіме салса – бҥкіл болашақ ҧрпақ 
атымен арақ ішпесе екен деймін. Капитализмнің қалдығы дегеннің ең 
зҧлымы – осы арақ.
Біздің қоғамымыздың ішкі жауы да осы. Ендеше арақты қҧрту керек, 
ҿмірден аластау керек оны. 
Арақ бар жерде, меніңше, ешбір мораль заңы, ол қандай асыл сҿздерден 
тізіліп, алтын ҽріппен жазылса да жҥзеге аспайды, Ербол. Дҥниеде су, сҥт, 
шай, қымыз, лимонадқа жететін не бар, шіркін. Адамды желіктірмейтін 
момын сҧйық осылардың ҿзі жақсы. 
«Момын сҧйық» дегенім кісі сияқты боп кетті, иҽ, Ербол. Бҧл – бейнелеп 
сҿйлеуді сенен ҥйренгенім болу керек. 
Сен менен не ҥйрендің? Ештеңе ҥйренген жоқ шығарсың деп ойлаймын. 
Ал мен сенен кҿп нҽрсе ҥйрендім ғой, кҥнім. Кісіні алаламауды, адамды 
арына қарап қҧрметтеуді, ҿз ойыңды кҥмілжімей ашық айтуды, 
қайырымдылықты, басқаларға болысқыштықты, біреудің ішіндегі жан 
ауруын білдірмей біліп ала қоюды – осының бҽрін сенен ҥйрендім, Ербол. 
Нағыз ҿмірдің ҿзін сен ҥйреттің маған! Сенсің менің мҽңгілік ҧстазым! 
* * * 
Біздің палатада бір артистің ҽйелі жатыр. Сен білесің, Ербол ол артисті, 
«Отеллода» Яго боп ойнайды. Ҽйелі алтыншы балаға босаныпты.
Босанғанына бір айдан асса да осында жатқан кҿрінеді. 
– Апай, мҧнда неге жатырсыз ҥйге қайтпай? – деп сҧрадым кеше одан. 
– Ой, шырағым-ай, тамағы жақсы, тыныш жерде жата беру керек қой, – 
деді ол. – Осында оңалып алған жақсы. Бҧлар бір апта ҿткен соң-ақ 
шығарамыз деп қодыраңдай береді. Aл, ҽдісін тапсаң – шығара алмайды. 
Алғашында «тҧмау тиді, басым ауырады» дедім. Соңғы бес кҥн бойына 
«температурамен» жатырмын. 
– Ыстығыңыз жоғары ма?– деппін одан аңқау басым. 
Ҽйел кҥлді. 
– Ҽңгіме сол ыстығымның жоқтығында ғой, – деді ол. – Ыстығымды 
ҿлшеуге термометр бергенде сестраның кҿзін ала берiп, жіңішке жағын 
одеялаға ысып-ысып жіберемін. Кейде – 37, кейде – 38 боп шыға келеді. 
Олар сенеді.
Кейін сен де сҿйт. 
Мен жағамды ҧстадым. 
– Апай, алдағаныңыз дҧрыс емес қой, – деп басымды шайқадым. 
Жо-жоқ. Мен ешқашанда ҿйте алмаймын, Ербол. Перзентханаға келгелі 
тҧтқынға тҥскендеймін мен. Осында "Ҿзіңсіз ҿткен ҥш кҥн (бҥгін ҥшінші 
кҥн) ҥш жылдай боп кҿрінді маған. Мен босанғаннан кейін бір кҥн де 
қалмаймын мҧнда. Мені босана салысымен дҽрігерден сҧрап алып кет, 
Ербол. Жарай ма, қуатым, жарай ма? 


Sauap.org
257 
* * * 
Жҧрт кҥйеулеріне еркелетіп aт қойып жатады ғой осы: Қҧрманғалиды –
Қҧрмаш, Уатайды – Уаш деп. Мен сені ҽлі бір peт еркелетіп атамаппын ғой, 
жаным. Бҥгіннен бастап Ертай деп еркелетейінші сені. Ертайым менің! 
Сенің халық қамын, мемлекет мҥддесін ойлайтын ҥлкен журналист 
болғаныңды кҿрсем деп арман етуші едім іштей. Бағана ҿзің ҽкеп 
бергенгазетте басылған «Жҧмысшы мҥддесі» деген мақалаңды оқып, тҿбем 
кҿкке жеткендей боп қалды бҥгін. Редакторың мақтаса, мақтағандай екен! 
Бірақ сен оған мақтанып кетпе, кҥнім. (Мақтанбайтыныңды білем ғой, 
ҽншейін айтамын, оған ҿкпелеп қалма. Жарай ма?) 
Айтпақшы, бҥгін майдың 5-і екен ғой. Сен ҽкеп берген газеттен кҿріп 
есіме тҥсті. Сені баспасҿз кҥнімен қҧттықтаймын. Одан кейін бҥрсігҥні 
болатын радио кҥнімен, одан соң Жеңіс кҥнімен қҧттықтаймын. Жалғыз мен 
ғана емес, «Папама менен де сҽлем айт!» деп бҥйірімді тепкілеп жатыр мына 
тентегің. Оның да сҽлемін қабыл ал! 
Айтпақшы, Ертай, сен барып деканатқа айт – мені перзентханада жатыр 
деп мемлекеттік емтиханға кіргізбей қойып жҥрмесін. Менің «Ҽдебиеттегі 
еңбекші ҽйелдер бейнесі» деген тақырыпқа жазған диплом жҧмысымның да 
дайын екенін айт. Ҿзің білесің, осыған дейін бір кҥн сабақтан қалған жоқпын 
ғой мен. Мемлекеттік емтихан тапсыруға қалайда кҥйім келеді. Қалайда 
менің биыл қҧрбыларыммен бірге диплом алуым керек. Мектепке жолдама 
алып, класқа кіріп, «Сҽлеметпісіңдер, балалар. Мен сендердің мҧғаліміңмін» 
деп жас ҧландардың алдында жымия кҥліп тҧрсам, арманым болмас еді, 
дҥние-ай!.. 
Ойпырау, мынау Сҽлемхат тағы да тынышсыздана бастады ғой... Мен 
осыны Сҽлемхат, Сҽлемхат дей беремін. Тҥбінде Сҽлемхат атанып кетіп 
жҥрмесін осы тентегіміз. Мен бҧл тентегіңді қандай болса екен деп 
ойлайтынымды білесің бе сен? Ҧл болса – саған, қыз болса – маған тартса 
екен деймін. Бірақ ҧл болса да, қыз болса да ақыры, адамгершілігі сендей 
болса екен! Ал саған тағы да Сҽлемхаттан сҽлем, папасы. 
* * * 
Адал дос адамға медеу де, демеу де, мақтаныш та, мереке де ғой, шіркін!
Біздің Майра сондай ғой. Жаны қалмай жҥр байғҧстың біз ҥшін. Бағана 
келіп:
«Баланы уайымдама, босанған соң апама бақтырамыз. Апам ҿзіме ҽкем 
беріңдер деп айтты» деп кетті. Апамды ҽуре қылмаспыз. Солардың сырттай 
жасап жатқан қамқорлығына жаның ериді. Оның артынан ҿзіңнің «кешкі 
кҿлеңкең» – Жомартбек келді. (Сен екеуің біріңді-бірің жеңе алмай-ақ 
келесіңдер қажасып. Сен оны кешкі кҿлеңкем деп атасаң, ол сені ҿзімнің 
тҥскі кҿлеңкем деп шыға келеді. Ҽйтеуір қисындырып, бір нҽрсені таба 
қояды.) Бір газетті бала етіп ҽлпештеп, «іңга-іңга» деп мені мазақтап кетті 
терезе сыртынан. Мейлі, мазақтаса мазақтай берсін. Ертең ҿзі келіншек алып, 
балалы болғанда кҿрерміз оның ҽуселесін. 


Sauap.org
258 
* * * 
Бҧл кҥнделікті мен жай, ҽшейін, ермек ҥшін жазып жҥрмін, папатай.
Сҽлемхатың баж етіп бақырып жерге тҥскеннен кейін ҿзіңе беріп 
жіберемін мҧны. Кейін дос-жарандарға оқып, тҧңғышымыздың дҥниеге 
қалай келгенін айтып, осы кҥндерді еске алып кҥліп отыратын болармыз ҽлі. 
Соған жазсын, соған жеткізсін! Иҽ, папатай...» 


Sauap.org
259 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет