Әзілхан Нұршайықов


Сұрақ: Романда Меңтай неге трагедиялық түрге ұшыратылды?



Pdf көрінісі
бет24/31
Дата26.09.2024
өлшемі1,98 Mb.
#205160
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар

Сұрақ: Романда Меңтай неге трагедиялық түрге ұшыратылды? 
Оны тым болмаса тірі қалдыруға болмайтын ба еді? 
Жауап:
Меңтайдың басынан кешкен трагедиялық жағдай бірнешеу. 
Алдымен кішкентай кҥнінде ҽкесі ҿлді. Одан соң соғыста жалғыз ағасы қаза 
тапты. Оның кҥйігіне шыдай алмай шешесі қайтыс болды. Бҧл соғыс 
кезіндегі соғыстың тақсіретін тартқан ҽр жанҧяға тҽн қасиеттер болатын. 
Халықтың қалын ортасынан шыққан қыз болғандықтан, ҽрине, Меңтай да 
сол азаптардан ҿтуге тиіс еді. Байқауымша, бҧл жағына оқырмандар қарсы 
емес, дҽнеңе демейді. Бҧдан басқа Меңтай ҧшыраған тағы екі трагедиялық 
хал бар: бірі оның Тҧмажанның торына тҥсіп қалуы, екіншісі ҿлімі. Кҿп 
жҧрт, ҽсіресе, Меңтайдың ҿліміне ҿкінеді. Меңтайды ҿлімге кҽрі де, жас та 
қимайды. Кҿп жастар Меңтай ҿлімін жылап отырып оқығандарын жазады.
Ал Павлодар облысының Майқайың поселкесінде тҧратын пенсионер 
қарт Кҽрібай Уайысов бҧл туралы ҿз хатында былай дейді: «Жолдас Ҽзілхан 
Нҧршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» деген романын тҥгел 
оқып шықтым. Жақсы жазылған. Менің сіздерге хат жазып отырған себебім, 
романға сын айту емес, Меңтай ҿлімінің қайғылы екенін айту. Сондай абзал 
жаратылған адамның ҿлді деген жерін оқығанда не болып кеткенімді ҿзім де 
білмеймін. Жҥрегім ҽлсіреп, сасқанымнан дҽрі ішіппін».
Немесе Қызылорда облысының Жаңақорған станциясының тҧрғыны 
Қылышбек Бейсекеев былай деп жазады: «Ҿмірімде қолыма қалам ҧстап, 
шығарма талдап немесе пікір айтып кҿрген жоқ едім. Ҽзілхан 
Нҧршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» деген романын оқып, қатты 
толғаныс ҥстінде қалдым. Мейлі, Меңтай ҿлді дейік (жоқ, «ҿлді» деуге ауыз 
бармайды: оны ҿлді дегенше ҽлгі батырдың жолдасы болмай кеткір 
Тҧмажанды ҿлтіру керек еді). Бірақ «ҿлгеннің артынан ҿлмек жоқ» деген бар 
емес пе? Ендеше Ерболдың содан бергі ҿмірінен оқушыға екі-ҥш бет қана 
хабар беруге болар еді ғой. Сосынғы бір айтарым: біздің ауылда осы 
кітаптың ішіндегі «Апамның айтқандары» деген нақылдарды қойын 
кітаптарына кҿшіріп алған адамдарды кҿрдім. Бҧл да Меңтайды 
сыйлағандықтың белгісі деп білдім».
Мінеки, оқырмандардың пікірі - Меңтайдың тағдыры туралы екі ҧдай: 
біреулер ҿлгенін дҧрыс кҿреді, біреулер тірі қалдыру керек еді деседі. Бірақ 
қанша қиналып, қынжылғандарымен кҿпшілік оқырмандар оның ҿлгенін 
дҧрыс санайды. 
Шынымды айтсам, мен Меңтайды «ҿлтіремін» деп ойлаған жоқ едім.
Алғашқы жоспарымда Меңтай Ерболмен қосылмайтын, Тҧмажан опасыз 
боп шыққаннан кейін басқа біреумен тҧрмыс қҧрып кететін. Содан жиырма 
жыл ҿткеннен кейін Жоғарғы Советтің сессиясы кезінде депутат Меңтай мен 
журналист Ербол екеуі астанада кездесетін. Бірақ «Татьяна менің еркімнен 
тыс ерге шығып кетті» деп Пушкин айтқандай, Меңтай да менің еркімсіз 
Ерболға шықты, онымен аз уақыт қана тҽтті дҽурен сҥріп, дҥниеден қайтты. 
Меңтайдың кҥйін кешіп, осы кҥні тірі жҥргендер де бар ҿмірде. Ендеше 
оны романдағыдай қайғылы халге ҧшыратпауға да болатын еді. Бірақ 


Sauap.org
270 
романның мазмҧнын «Меңтай жақсы қыз еді. Алғашында адасты. Артынан 
бақытты болды» деген сҿздерге ғана сыйдырсақ оқушы соған иланар ма еді?
Иланбауы мҥмкін. Ҿйткені ҿмірде екінің бірі бақытты бола бере ме? 
Қазір ғашықтарға ешбір бҿгет жоқ: заман дҧрыс, заң ҽділ дегенімізбен, 
ҽлденелер бҿгет болып, ҽркім ҽртҥрлі себеппен арманда кетіп жатпай ма? 
Романда Заман мен Тана мақсаттарына жетіп, бақытты болады. Оның 
ҥстіне Ербол мен Меңтайды бақытты етіп қойсам, тым тҽтті болып кетпей 
ме? Міне, осындай толғаныс ҥстінде Меңтайды трагедиялық халге жеткізу 
жайында еміс-еміс ой келді. Оған мынадай бір себеп те болды. 
Бҧл роман жазылмас бҧрын, газетте қызмет істейтін журналист кезімде 
бір жас ҽйелдің редакцияға жазған хатын тексере бардым. Аупартком 
кабинеттерінің бірінде арыз иесімен ҽңгімелестім. Қазірдің ҿзінде уыздай 
ҿңді келіншектің қыз кезінде керемет сҧлу болғаны аңғарылады. Келіншек 
кҿзінің жасын сығып тастап, сҧрақтарыма жауап берді. Ол ҿзі облыстық 
қалалардың бірінде жоғары оқу орнын бітіріпті. Кҿрікті қызға кҿз салғыштар 
кҿп болмай ма? Бҧған да солай болыпты. Соған мастанып, бҧл ешкімге 
қарамай қояды. 
«Бҧйырмаған қызға бҧғалық тҥспейді» дегендей, ешкімді кҿзіне ілмей, 
ойнақтап жҥре береді. Ҽсіресе жҧпыны жігіт қызға кҿп жалынады. Киімің 
нашар, бойың тапал деп қыз ол жігітті де маңына жолатпай қояды. Сҿйтіп 
жҥргенде қыз институтты бітіруге айналады. 
Бір кҥні кештен бірге қайтқан екі жігіт қызды шығарып салмақ болып 
келе жатып, алдап бір ҥйге кіргізеді де, екіншісі есікті сырттан кілттеп, кетіп 
қалады. Тағамы, шарабы жасаулы тҧрған йен ҥйде ҽлсіз қыз еңгезердей 
жігітпен екі кҥн оңаша қалуға мҽжбҥр болады. Сҿйтіп сақтығынан 
айырылған қыз пҽктігінен айырылады – арамза жігіттердің шығарып саламыз 
дегеніне жҥре берген сорлы бала осылайша опасыздың олжасына айналады. 
Бҧл оқиғадан кейін қыз институтты тауысып, дипломын алып, ҥн -тҥнсіз 
қызметке жҿнеледі де, барған жерінде бірінші сҿз айтқан жігітке тҧрмысқа 
шығады да кетеді. Бірақ шыққан жігіті мінезсіз болып кездеседі. 
– Пҽктіктен айырылғаннан кейін ақтығың адыра қалады екен, ағай, – 
деді келіншек тағы да ҿксіп жылап алып. – Кҥйеуім мас болған сайын мені 
балағаттап: «Сен маған келгенде қыз емес болатынсың» деп кінҽлайтын, 
тіпті, қол жҧмсап, ҧратын болды. Осылай да осылай, зорлыққа душар болдым 
деп талай рет жалынып, жылап, шынымды айттым. Бірақ оған кҥйеуім 
сенбеді. Сенің бҧрын ғашықтарың болған, пҽктігіңді солардың біріне 
сыйлағансың деп, ол ҿз сҿзін айтатын болды. Кей кҥндері ҥйге қонбайтынды 
шығарды.Кҥйеуім – жоғары білімді зоотехник. Алғашында оқыған жігіт қой, 
ескі салттардың жҿн- жосығына мҽн бермейтін шығар деп ойладым. Оған 
уҽдемді берсем де, ҧрлық қылған кісідей, ҿмірлік жан-жарыма ақаусыз жете 
алмағаныма қиналып, қысылған едім. Ақыры ойлағанымдай болып шықты.
Сҿйтсем оқыған жігіттердің ҿздері-ақ студент кҥндерінде кҿрікті қыз 
кездессе, 
қызыл 
кҿрген 
қарғадай 
шуласып, 
таласып, 
тҿбелесіп 
жҥргендерімен, кейін ҥйленген кездерінде алған қыздарының сызаты жоқ


Sauap.org
271 
шыныдай мҿлдірлігін талап етеді екен. Алған қыздары кҿңіліндегідей боп 
шыққан жігіттер қуана қҧжыңдап, алтын тапқандай мақтанышын сездіріп 
жҥрсе, ондай болмағандар ҿз-ҿзінен тҧнжырап, суық тигендей шытынай 
беретінін байқадым. Тегі, кҥйеуім мені сҥймейтін шығар, шын сҥйген адам 
ондайға қарамау керек қой деп те ойладым. Қайдан білейін. Осыны кҥздің 
кҥніндей тҧнжыратпай, біржола ажырасып кетсем бе деп те оқталдым. Ерден 
шыққан ҽйелден ешкім пҽктік талап етпейді ғой. Дҽм жазса тағы біреуге 
қосылармын дедім. Бірақ олай етуге елден ҧялдым, ҿзім оқытып жҥрген 
шҽкірт балалардан қысылдым. «Пҽленше мҧғалім кҥйеуінен ажырасып 
кетіпті» деген қаңқу сҿзден қорықтым. Ҿстіп дел-сал болып жҥргенімде бір 
кҥні тҥнде кҥйеуім мас боп, менің бала кҥндегі жолдасым деп ҥйге бҿтен 
біреуді ертіп келді. Оған тҿсек салдырып, маған соның қасына жат деп 
итермеледі. «Бҧл маған келген кезде қыз емес болатын, бҥгін сен қойнына 
жатып шық» деп оған ыржалақтады. Мен жерге кіріп кете жаздадым. Бҧл 
қорлықты кҿргенше ҿлейін деп, қыстың аязында киімсіз далаға қаштым. 
Содан ҥсініп, ҥш ай ауруханада жаттым. Жақында ғана жазылып шықтым. 
Шынымды айтсам, жынданудың сҽл-ақ алдында қалдым, ағай. Тағы да 
сол ҥйде тҧрып жатырмын. Кҥйеуімнің бетіне кісі екен деп қарағым 
келмейді. Бір столдың басында басымыз тҥйіспейді. Ол ҿз тамағын ҿзі істеп 
ішеді, мен де ҿз бетіммен тіршілік етемін. Ортамызда жалғыз бала бар. 
Екеумізді бір ошақтың басында ҧстап отырған дҽнекер сол ғана. Ҽйтпесе 
сырт бҥтін болғанымен, іш тҥтін. Осылай деп келіншек тҿмен қарап, сҽл 
ҥнсіз отырды да, ҽңгімесін қайта жалғап кетті. 
– Жас кҥнде, қыз кезімізде, кҿбіміздің кҿзімізді шел қаптап жҥреді екен, 
ағай. Бір жігіттің бойы аласа, екіншісінің ҿңі сиықсыз – бҧлар «Ландыш», 
бізге «Венера» керек деп, ҿзімізге адал серік болар жақсы жігіттерді 
аяғымыздың астында жатса да аңдамайды екенбіз. Бҧрын институтта 
жҥргенде группадағы жігіттердің бҽрі мені сыйлайтын еді.
Олар менің атымды Гҥлім демей, ылғи Ақгҥлім деп атаушы еді. Енді 
міне ақ гҥл емес, қара гҥл болдым. Жер ҥстінде қҧр сҥлдерім жҥргені 
болмаса, кейде ҿзімді тірі ҿлік, тірі аруаққа санаймын. Қызмет, бала, жора-
жолдас – бҽрі алданыш қой. Бірақ ҽйелдің шын бақыты осылардың ҥстінде 
ҿмірлік жан-жарының жақсы болуында екен. 
Мінеки, ағай, ҿмірім осы менің. Ауруханада жатып, жаным қиналғанда 
редакцияға хат жазғанмын. Бір адам жіберсеңіздер бар қайғы-сырымды 
айтамын дегенмін. Келгеніңізге рахмет. Бірақ ҿзімді-ҿзім ҽшкерелеп, жҧртқа 
жайып қайтемін деген тағы бір ойға тоқтадым. Сізден ҿтініш, менің 
кҥйеуіммен оңаша сҿйлесіп, осының бҽрін айтыңыз. Алдымен арақ ішкенді 
қой деңіз. Бар бҽле содан басталады. Осыған уҽдеңді берсең мен сені 
масқаралап, газетке жазбаймын деңіз. Ол осыған кҿнсе, газетке жазбай-ақ 
қоюыңызды сҧраймын». 
Ҽрине, мен келіншектің кҥйеуімен де сҿйлестім. Ол уҽдесін берді. Бірақ 
осы оқиға менің есімде сақталып қалды. Мінеки, романдағы Меңтайдың 
тағдырын немен тындыру керек деп толғанғанда бҧл жай ойыма оралды.


Sauap.org
272 
Келіншектің сонда айтқан: «Тегі, кҥйеуім мені сҥймейтін шығар, шын 
сҥйген адам ондайға қарамауы керек қой деп ойладым» деген сҿзі бір 
шындықтың шетін аңғартқандай болды. Меңтайды Ерболға қосу туралы ой 
осыдан туды.
Ал халқымыз ежелден ҧлын адал, қызын пҽк етіп ҿсірген. Ҿйткені пҽктік 
жас 
жҧбайлардың 
бір-біріне 
болашақ 
қадір-қҧрметінің, 
достық-
сыйластығының, риясыз берілгендігінің басы деп білген. Ендеше біз ҿз 
ҧрпағымызды aтa-бабамыздың бҥгінгі моральға жақын келетін осы дҽстҥрі 
негізінде неге тҽрбиелемейміз? Осы мақсат ҥшін қимасам да, қиналсам да, 
оқушы жан-тҽнімен жақсы кҿрген ақылды ару Меңтайды қҧрбан еттім. Бҧл 
«қаталдығым» ҥшін оқырман қауымнан кешірім ҿтінемін. 
Бҧл арада менің ҧзақ жыл очеркист болғаным да кінҽлі ме деп 
ойлаймын.
Ҿйткені очеркист ҿмірде болған оқиғаны ғана суреттейді, фактіні ғана 
шамалайды. Тегі, менің ескі кҽсібіме тартып, Меңтай басынан ҿткен 
трагедиялық халді ҿмірде шын болған оқиғаға негіздеп жіберуім де ықтимал. 
Қалай дегенмен де мен автор ретінде Меңтайға разымын. Ҿзі ҿлсе де 
кҿңіліндегі сабағын беріп тынды. Адалдықтың, адамгершіліктің, достықтың, 
асыл жардың ҽнін ҿзінше шырқап ҿтті. Менің жақсылығымнан ҥлгі алыңдар, 
қатемді қайталамаңдар деп кетті. Ол ҿзінің қоғамшыл, кҿпшіл ісімен, ҽділ 
адалдығымен ҽр оқырманның кҿңілінде қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет