Әзілхан Нұршайықов


Сұрақ: Осы романды жазу үстінде қандай кітаптар оқыдыңыз?



Pdf көрінісі
бет27/31
Дата26.09.2024
өлшемі1,98 Mb.
#205160
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар

Сұрақ: Осы романды жазу үстінде қандай кітаптар оқыдыңыз? 
Жауап:
Жаңа кітап оқығаным жоқ. Ескіден Фадеевтің «Тас-талқаны» 
мен Ерубаевтың «Менің қҧрдастарымын» қайталап қарап шықтым. Ал 
романым ҿндіріске кеткеннен кейін қолыма бірінші алған кітабым Шыңғыс 
Айтматовтың «Ақ кемесі» болды. 
Сұрақ: Жазушылардан кімді жақсы көресіз? 
Жауап:
Классиктерді кім жақсы кҿрмейді. Ал жалпы совет 
жазушыларынан сҥйіп, сҥйсініп оқитыным А.Фадеев, М.Шолохов, М.Ҽуезов, 
Ғ.Мҥсірепов.
Сұрақ: Роман желісіндегі әр алуан махаббат линияларының бірінен 
жазушы М.Иманжановтың «Есеновтың тағдыры» дейтін әңгімесіне 
ұқсастық аңғарылады. Осы неден? 
Жауап:
Мен қазіргі қазақ жастарының ҿмірін жырлаған жазушылардан 
екі адамды ерекше бағалаймын. Олар – Саттар Ерубаев пен Мҧқан 
Иманжанов.
Біріншісін кҿре алғаным жоқ. 
Ал екіншісімен 1954 жылдың кҥзінде бірінші рет жақын танысуымның 
сҽті тҥсті. 
Қазақстан комсомолы Орталық комитетінің жолдамасымен тың 
игерушілер ҿмірінен шығарма жазуға Павлодарға келген Мҧқан 
Иманжановқа серік болып (ол кезде мен Павлодар облыстық «Қызыл ту» 
газетінің редакторы едім), тың игеруші жаңа совхоздарды араладым. Бірнеше 
кҥнге созылған сол сапарда Мҧқан менің «Шешен», «Қызыл кҿрпе», 
«Командировка» сияқты ауызша ҽңгімелерімді айтқызып, тыңдады. «Сен 
ҿзің дайын жазушы екенсің, осы айтқандарыңды қағазға тҥсір» деп кеңес 
берді. Ал қисаң «Қызыл кҿрпеңді» маған бер, мен ҽңгіме жазайын. Қимасаң 
оны да ҿзің жаз деді.
Ҽрине жақсы кҿретін жазушың қолқаласа, оның ҥстінде жазылмаған 
ҽңгімең болса, оны кім қимайды. Алыңыз дедім. Жазғандарымды Алматыға, 
тура Иманжановтың ҿзіне жіберуге жҽне уҽде еттім. Мҧқан менен алған сол 
сюжетті «Есеновтың тағдыры» деген ҽңгіме етіп, «Тыңдағылар» атты 
кітабына кіргізді. Мінеки, Иманжанов екеуміздің арамыздағы творчестволық 
достық осылай басталады. Мҧқан Иманжановтың тікелей қамқорлығымен 


Sauap.org
281 
1956 жылы «Алыстағы ауданда» деген атпен менің тҧңғыш очерктер 
жинағым жеке кітап боп басылып шықты.
Маған СССР Жазушылар одағына мҥше болып ҿту ҥшін бірінші 
рекомендацияны да Мҧқан Иманжанов берді (Серік Қирабаев екеуі). Мҧқан 
Иманжанов жалғыз менің ғана емес, ол кездегі кҿптеген жас жазушылардың 
(осы кҥнде олардың бірсыпырасы атақты жазушы болып кетті) шынайы 
қамқоршысы, адал ҧстазы болды. 
Міне, сол 1954 жылдың қарлы кҥзінде, тҥнде, ауатком председателінің 
кабинетінде қонып жатып Мҧқанға айтқан кішкентай ҽңгіме келе-келе 
кеудемді кернеп, оны ҿзім жазбасыма болмайтын кҥйге жеттім. Мҧқан 
жазған ол ҽңгіме ақыры осындай ҥлкен романға айналды. 
Романның бір линиясындағы ҧқсастық осыдан шықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет