Болтаева ә. М



Pdf көрінісі
бет25/102
Дата27.09.2024
өлшемі2,94 Mb.
#205217
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   102
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ кітап

Зерттеу мәселесі.
Кез-келген психологиялық зерттеудің бастапқы негізі -
мәселелік жайт болып табылады. Осыған орай жалпы зерттеу мәселелерін 2-
түрге бөліп қарастыруға болады. 
1) Әлеуметтік мәселе - бұл тұрмыстық әлеуметтік қарама-қайшылықтар
және оларды шеттету үшін, мақсатқа бағытталған әрекеттерді ұйымдастыруды 
талап етеді. 
2) Ғылыми мәселе - бұл «знания о незнаний» жағдайы. Бұл арада,
біржағынан, қоғамның қажеттіліктері мен оның теориялық практикалық
ұйымдастырылуы арасындағы қайшылықтар, ал екінші жағынан, осы
әрекеттерді жүзеге асырудың жолдары мен құралдарын білмеуден туындайды. 
Аталған екі мәселені шешу қашанда нақты мақсаттар мен міндеттерде
шешуге жетуге бағытталады.
Зерттеу объектісі
- бұл зерттеу бағытталатын құбылыс немесе процесс
болып табылады. Нақты психологиялық зерттеуде объект ретінде психикалық
шындық, тұлға, адамдар арасындағы қарым –қатынас т.б. жағдайлар
алынады. Объектіге қойылар негізгі талап - ол белгілі-бір мәселеге, яғни
қарама-қайшылыққа ие болу керек.
Зерттеу пәні
- тікелей зерттеу жүргізу аймағы болып табылады.
Қолданбалы психологиялық зерттеу пәні теориялық тұрғыдан оңай болып
көрінгенімен, практикада өте күрделі болып табылады. Нақты ғылыми-
психологиялық зерттеуде кейде зерттеу объектісі мен пәнін анықтау қиынға
соғады.
Нақты қолданбалы-психологиялық зерттеудің объекті мен пәнін анықтау
кезеңінде объектіні алдын-ала жүйелік талдау міндетті шаралардың бірі
болып табылады. Оның мақсаты - объектінің жүйе ретіндегі сыртқы және ішкі
байланыстары мен барлық комплексті жан-жақты ашу арқылы гипотетикалық
үлгісін жасау. Зерттеудің гипотетикалық үлгісі концептуалды деп аталады.
Сонымен қатар, ғылыми-психологиялық зерттеу жүргізуде оның ұғымдық
және терминдік аппараты, яғни зерттеу тілін өңдеудің маңызды мәні бар. 
Мұндағы басты ерекшелік - негізгі ұғымдарды талқылау маңыздылығы болып
табылады. 


29 
Психология ғылымындағы эмпирикалық зерттеудің объектісі көбіне жеке 
тұлғамен қатар түрлі әлеуметтік-демографиялық белгілер бойынша
ажыратылатын адамдардың көлемді жиыны болып табылатыны белгілі. Соның
нәтижесінде белгілі-бір құбылысты зерттеу кезінде осы көлемді жиынның
барлығын бірдей зерттеу жүргізу қиынға соғады.
Сондықтан да, ғылыми мәселені зерттеу жұмысын бастамас бұрын,
зерттеуші өзі болашақта зерттеу жүргізетін объектіні барлық жағынан
біртұтас бейнелейтін объектілер тобын іріктеп алады. Мұның нәтижесінде
іріктеп алынған таңдау тобына жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері
бас жиынға тән болып есептеледі, яғни таңдау тобы - бас жиынның
эксперименттік үлгісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет