Болтаева ә. М



Pdf көрінісі
бет22/102
Дата27.09.2024
өлшемі2,94 Mb.
#205217
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   102
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ кітап

 
 
 
 
 
 
 
 
 
ІІ ТАРАУ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
2.1. Психологиялық зерттеудің түрлері мен типтері 
 
Психология ғылымындағы ең көп қолданылатын зерттеулердің негізгі үш 
түрін бөліп көрсетуге болады: 
теориялық; эмпирикалық және қолданбалы
зерттеулер. 
Эмпирия термині гректің ("empeiria"-тәжірибе) деген сөзінен шыққандығын 
білеміз. Ол бастапқыда түсінігінде екі негізгі мағынаға ие болған: а) сезім 


25 
мүшелері арқылы сыртқы ортаны қабылдаудағы адам тәжірибесі; б)экспериментке 
қарағанда, қарапайым табиғи жағдайларда жасалатын бақылау. Алайда, 
қазіргі 
уақытта ғылымда эмпирия (эмпирика) деп сезімдік тәжірибе беретіндерді ғана 
емес, ғылыми факттардың, мәліметтердің кез келген жиынтығын айтады. 
Эмпирикалық зерттеу ретінде түрлі әдіс-тәсілдермен (бақылау, өзін-өзі бақылау, 
лабораториялық және табиғи эксперимент) мәліметтерді жинайтын зерттеу 
жұмыстары қарастырылады.
Жалпы психологиялық зерттеулерді теориялық және эмпирикалық деп 
ажырату тек шартты түрде ғана мүмкін болады. Себебі, егер зерттеудің 
маңыздылығы ретінде процедуралық жағын алсақ, онда оны теориялық немесе 
эмпирикалық зерттеу ретінде, объектімен өзараәрекеттестіктегі эмпирикалық 
мәліметтер жиыны секілді құрамдас бөліктің бар немесе жоқтығы критерийі 
бойынша дәлелдеу жеңілірек. Сондай-ақ, осы мәліметтерді жинау іс-әрекеттері 
нақты ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында жасалса, онда жұмыстың 
эмпирикалық сипаты туралы айтуға болады.
Ал, егер зерттеудің маңыздылығы ретінде оның өнімділік жағын алсақ, көп 
жағдайда оны теориялық немесе эмпирикалық ретінде тек шарттылықпен 
анықтауға болады. Өйткені кез-келген зерттеуде психолог әрқашан зерттеу 
парадигмасын мен жұмыстың теориялық базасын негіздеу арқылы ғана 
эмпирикалық мәліметтерді таңдау, жинау және талдауға келеді. Басқа жағынан 
алғанда, кез-келген теориялық жұмыс жанама түрде болса да деректер ауқымына 
сүйенеді, мәліметтердің сенімділігін айқындайды және өзінің тұжырымдары мен 
қорытындыларына сүйене отырып, эмпирикалық мәліметтерді іздеу мен жинау 
әдістерін белгілі бір бағытқа бейімдейді. Осы дәлелдемелер бізге зерттеудің таза 
теориялық немесе эмпирикалық болу мүмкіндігінің әлсіздігі туралы тұжырым 
жасауға мүмкіндік береді. Керісінше, кез-келген теориялық немесе эмпирикалық 
зерттеулер өз кезегінде қолданбалы сипатқа ие бола алады. Бұл әсіресе 
зерттеулердің кезеңдеріне қатысты 
Эмпирикалық кезең

бастапқы материалдың қабылдау және өңдеуге 
байланысты зерттеулер кезеңі, ғылыми тілде сипаттайтын фактілерді жинақтау 
үрдісі, түрлі критерийлер бойынша жіктелуі және олардың арасындағы негізгі 
тәуелділіктерді анықтау.
Бұл кезеңдегі зерттеушінің міндеті:
- ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілу кезінде, оның шеңберінде ғылым 
тұрғысынан, әрбір фактіні сипаттау; 
-барлық фактілер арасынан ең көп қолданатынын таңдап алу; 
- таңдалған фактілер арасындағы қолданыстағы қарым-қатынастарды анықтау, 
олардың мәні бойынша фактілерді жіктеу. 
Теориялық кезең
- ғылыми фактілерді терең талдаумен байланысты, ғылыми 
тілмен саналанған және айқындалған құбылыстың мәніне енуі, сандық және 


26 
сапалық түрде тұжырымдалған құбылыстарға практикалық әсер ету туралы 
қағидалардің таңдалуы.
 
Ғылыми зерттеу өзінің әр бір циклінде эмпирикадан теорияға, ал теориядан 
оны тексеретін тәжірибеге жылжып отырады. Бұл процесс арнайы кезеңдер мен 
ерекше формаларға ие, оларда ғылыми білім жетіліп, сондай-ақ, ғылыми мәселені 
қою, фактілерді алу және бейнелеу, болжам құрау, жаңа ойлар арқылы теориялар 
жасап шығару және оның дәлелді жайын қалыптастыру
9

 
Сондықтан да зерттеудің шартты түрде теоретикалық және эмпирикалық 
түрлерін бөліп шығарғанмен көптеген зерттеулер теоретико–эмпирикалық сипатта 
болады.
Бұл зерттеулер өз сипатына қарай:

фундаменталды және қолданбалы;

бір пәндік және пәнаралық;

аналитикалық және кешендік түрлерін ажыратуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет