Экстремалдық қағидасы
- зерттелетін құбылыстардың неғұрлым типтік
параметрлерін алу мақсатында экстремалдық ситуациялар жасау.
Референттілік қағидасы
- құбылыстың маңызды сезімтал белгілерін іздеу.
Бірізділік қағидасы
- зерттелетін құбылыстардың табиғаты мен фактілерді
түсіндірудегі жалпылаулардың бірізділік деңгейлерін ескеру.
Әдіс -
біріншіден оқыту, зерттеу, үйрету жолы, тәсілі; екіншіден табиғат
заңдылықтары мен құбылыстарын, қоғамды, жалпы танымды зерттеудегі
ережелер жүйесі; үшіншіден, танымда және практикада белгілі нәтижелерге
жетудің тәсілі.
Әдістеме –
әдісті жүзеге асыру тәсілдері мен операциялар (тізбектелуі және өзара
байланысы) жиынтығы, сонымен қатар ақпаратты талдау, өңдеу және жинаудың
ережелері.
“L-мәліметтер” (Lіfe record data)
– зерттеу мәліметтері адамның күнделікті
өмірдегі жүріс – тұрысын тіркеу жолымен алынады.
“Q-мәліметтер” (Questіonnaіre data)
– зерттеу мәліметтері жеке адамға
сауалнама және басқа да өзіндік бағалау әдістері арқылы зерттеу жүргізу
барысында алынады.
“T-мәліметтер” (objectіve test data)
– зерттеу мәліметтері бақыланатын
эксперименттік ситуацияларға ие объективті тесттер арқылы алынады.
Теория
(гректің theria - қарау, зерттеу) - ұғымдардың жүйесі шындықтағы
дәлелдемелер туралы сенімді ғылыми білімнің формасы. Ол қоғамдағы
заңдылықтар мен өзара қарым-қатынастардың тұтас көрінісін береді.
Аксиома (грек.ахіота)
– сенімділік арқасында, логикалық дәлелсіз қабылданатын
шынайы қағидалар;
Постулаттар (лат.postulatum)
–пайымдаулар, олардың дұрыстығы дәлелденбесе
де теория оны шынайы деп қабылдайды;
Болжам
-
психикалық құбылыстар арасындағы байланыстардың мәні мен
сипаты, объектінің құрылымы туралы ғылыми жорамалдау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |