93
арасындағы байланысы), функционалдығы (өзара әрекеттестік
байланыстарының тығыздығы) туралы болжамдаулар.
Түсіндіруші болжам
- зерттелетін объекті
мен құбылыстардың себеп-
салдарлық тәуелділіктері туралы болжамдар. Бұл болжамдар эксперименттік
тексеруді қажет етеді.
Прогноздық болжам
- зерттелетін объектінің даму заңдылықтары мен
тенденцияларын ашып көрсетуге бағытталған болжам.
Статистикалық болжам
- математикалық статистика түрінде
параметрлер
арасында байланысты орнатады.
Нөлдік болжам (Н
0
)
-
бұл өлшеніп отырған екі құбылыстың, параметрлердің
арасында өзарабайланыстың немесе айырмашылықтың
жоқтығы туралы
болжам.
Алтьтернативті болжам (Н
1
)
- салыстырылып отырған екі белгінің
арасында өзарабайланыстың немесе жеткілікті айырмашылықтың бар болуы
туралы болжам. Бұл болжамды кейде эксперименттік
жұмыс болжамы деп
аталады.
Концептуализация процедурасы
- зерттеудің әлеуметтік тапсырыстан нақты
зерттеу объектісіне ауысуы болып табылады. Концептуализация
процедурасы
төмендегі жағдайларды: зерттеу мәселесін, мақсатын,
міндетін, объектісін,
таңдау тобын негіздеу, яғни зерттеудің концептуалды
сызбасын нақтылауға
мүмкіндік береді.
Танымдық процедура
-
бұл зерттеудің ішкі міндеттерін қою мен осыған
сәйкес бірқатар танымдық нәтижелерді алуға дейінгі аралықты қамтиды.
Объективтендіру процедурасы
- алғашқы эмпирикалық мәліметтерді, яғни,
жаңа, бастапқы мәліметтерді ғылыми-теоретикалық және қолданбалық
нәтижелерге айналдырудағы кезең. Бұл процедура
осы жаңа білімдердің
ғылыми білімдер жүйесіндегі орнын, күнделікті өмірлік тәжірибеде пайдалану
тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: