СУБМӘДЕНИЕТТІҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӘСЕРІ
689
санасының «құранды» (мозаичная) санаға айналып бара жатқанын айтып кеткен болатын.
Ол құранды сананың қалыптасуына көбінде БАҚ-тың әсері болып жатқанын да айтқан:
«Қазір адамдардың
білімі мен танымы кездейсоқ, бір-біріне байланыссыз бөліктерден
құралады. Ол тұлғаның санасына өз әсерін тигізбей қоймайды»// Расында да, адам
ойындағы, санасындағы шашыраңқылық оның тілінен де көрінеді. Қазір жастардың
арасында
өз ойының бас-аяғын құрап, жинақтап айта алмау, талдау жасай алмау секілді
жағдайлар жиі ұшырасады.
Аталғандар белгілі бір әлеуметтік топ деңгейіндегі ауызша сөз мәдениетінің
қалыптасуына әсер ететін макродеңгейдегі
факторлар болса, одан тыс жеке тұлғаның
ауызша сөз мәдениетіне ықпал ететін микродеңгейдегі факторлар да бар. Олардың
біріншісіне субмәдениетті атай аламыз.
Субмәдениет
(лат. sub — төменгі, нем. kultur —
мәдениет) – ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді
білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік
құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады.
Қазіргі жағдайда
субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда болып, сол
мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын
әртүрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.
Қазіргі қоғамда жастардың ауызша сөйлеу тіліне, әлеуметтанушы ғалымдардың пікірінше,
көптеген субмәдениеттің ықпалы көрінеді. Олардың ішінде ең
ірілері ретінде белгілі бір
музыка ағымына, әртүрлі қызығушылықтарға байланыстыларын атауға болады.
Субмәдени орта – қоғамнан шеткері жастардың әлеуметтік белсенді алаңы. Батысқа,
өзге де елдерге қызығу арқылы кең еніп жатқан бұл бейформалды бірлестіктерге ең көп
қызығатын – жастар. Нағыз тұлғалық қабілеттері қалыптасып, дамитын жеткіншекке
СУБМӘДЕНИЕТТІҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӘСЕРІ
690
субмәдени бірлестіктер тілдің тұлғаға және оның тіл тазалығына, тіл анықтағына, сөз
мәдениетіне, сөйлеу әрекетіне кері әсер етіп жатыр. Осы субмәдени орта (5-кестеде
көрсетілгендей) сол ортаға мүше адамның бойында бірнеше құндылықты қасиеттерді
қалыптастырады, бұл құндылықтардың кестеде көрсетілгендей жағымды жағын да, теріс
жағын да көре аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: