Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет38/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

(теорияға) 
жақындайды. Филон 
Құдайды-Өзі сияқты
ешқашан тани алмай
-
тындығымызды және адам өзіне ашылған ақиқат бойынша Құдайдың мүл
-
де басқа әлемде екендігін және Оның ақылмен танылмайтындығын түсіне 
алады дегенді растайды. 
Әйтсе де мәлім болғандай, барлығы мұншалық үмітсіз де емес-ті. Филон 
бізге танылмайтын әлемге енген тұста, еркіндік пен шығармашыл күштерге 
ие болып, қуатты сезім мен бақытқа кенелгендігін баяндаған болатын. Пла
-
тон сияқты, ол да адамдар жанды аластап, материалды әлем тұзағына түскен 
деп есептейтін. Аласталған жанның Құдайға көтерілуі сөздер мен сезімдер 
арқылы болған емес. Өйткені тән жанды әлемнің қапасына тартады. Ақы
-
рында азат етілген жан рахатқа кенеліп, шексіз ақиқат көкжиектерінен асып 
жөнеледі. Құдай туралы пайымдар көп жағдайда қиялдың шығармашылық 
ойынына айналып кете беретіні айқын болды. Өз толқыныстары туралы ой
-
ланған пайғамбарлар инстинктілі түрде оларды «Құдай» деп атаған бол
-
мыспен салыстырып отырған. Филонның көрсетуінше, діни толқыныстың 
113 Abraham, 121–123.


108
шығармашылық әрекеттің басқа түрлерімен көптеген ортақ тұстары бар. 
Кей уақыттарда кітаптарымен айналысып, бір арада тұралап іші пысқанда 
кенеттен оның бойын құдайлық болмыс билеп алатын:
Мен кенеттен толып-тасып кететінмін, ойлар жапалақтаған қар си
-
яқты жауа жөнелетін, осындай Құдайлық сезім баураған кезде менің 
бойымды асау ессіздік кернейтін, әрі қарай ештеңені байқамайтын
-
мын – тұрған жерді де, адамдарды да, сол сәтті де, өзімді де, не айтып 
не жазғанымды да. Өйткені мені әсерлер, ойлар, өмір қуанышы, көзге 
тек айқын көрініс кезінде ғана шалынатын өткір елестер мен заттар
-
дың жарқын бейнесі билеп алатын
114
.
Кейіннен грек әлемімен осыншалық тығыз байланыс ұстау мүмкіндігі
-
нен еврейлер айырылып қалды. Филон өлген жылы Александрияда еврей
-
лер ереуілі басталды; барлық жерде еврейлер тарапынан көтеріліс шығу 
қаупі үдеді. Б.д.д. І ғасырда Африканың солтүстігі мен Таяу Шығысты Рим 
империясы жаулайды. Римдіктерді де эллиндік мәдениет еліктірді; олардың 
байырғы құдайларына грек пантеонынан орын табылды, ал өздері эллин
-
дік философияны таңғала қабылдады. Гректерден алмаған бір нәрсесі - ев
-
рейлерді жек көрушілік. Жалпы айтқанда, римдіктер еврейлерге зор құрмет 
көрсетті, себебі Римді жау көрген грек полистерінде еврейлерді өздері
-
не сенімді одақтас санады. Еврейлердің дініне де толық еркіндік берілді: 
израилдықтардың дінінің көнелігі баршаға мәлім еді, осының өзі-ақ құр
-
метке лайық көрінді. Еврейлер мен римдіктер арасындағы қарым-қатынас 
басқаның билігін жақтырмайтын Палестинада да жаман болмады. Б.д. І ға
-
сырында иудаизмнің Рим империясындағы жағдайы біршама тұрақтанды: 
еврейлер оның тұрғындарының оннан бір бөлігін құрады. Филон өмір сүр
-
ген Александрияда еврейлер үлесі бүкіл тұрғындардың қырық пайызынан 
кем емес еді. Рим әлемі ол дәуірде жаңа діни ұйғарымдар іздестірді; Бір 
Құдайға табынушылық идеяларына қатысты хабарлар келіп жатты, ал жер
-
114 The Migration of Abraham, 34–35.


109
гілікті құдайлар бірте-бірте күллі ғаламды қамтыған біртұтас құдіреттің 
бөлшектеріне айналып бара жатты. Римдіктерді, әсіресе, иудаизмнің биік 
адамгершілік қағидалары қызықтырды. Белгілі себептермен сүндеттелуді 
және Тәураттың барлық заңдарына бағынуды қаламағандардың біраз бөлігі 
көп ретте синагогалардың құрметті мүшелеріне айналды; мұндай сенім жо
-
лындағыларды «құдайдан қорқушылар» деп атады. Ондайлардың саны арта 
берді; тіпті Флавий императорларының бірі (кейіннен Константиннің хри
-
стиандықты қабылдағанындай) яхуди дінін қабылдаған деген жорамал да 
бар. Дегенмен, Палестинада саяси белсенділердің тобы рим билігіне ашық 
қарсылық көрсетті. Б.д. 66 жылы олар Римге қарсы көтеріліске шығады да, 
рим әскерлерінің қыспағына төрт жыл бойына шыдас береді. Билік басқа 
жерлердегі еврейлер де бас көтереді деп қауіптеніп, ереуілді қатыгездікпен 
басып тастайды. 70 жылы жаңа император Веспасианның әскері Иеруса
-
лимді басып алып, Ғибадатхананы жермен-жексен қылады, ал қаланың атын 
римше Элия Капитолина деп өзгертеді. Еврейлер бұрынғысынша тағы да 
қуғын-сүргінге ұшыратылады. 
Жаңартылған иудаизмның символына айналған Ғибадатханадан айы
-
рылу діндарлар үшін үлкен қайғы болды, бірақ диаспоралардағы гректен
-
ген қандастарынан қашан да дәстүршілдігімен ерекшеленген палестина
-
лық еврейлер ауыртпалықтарға алдын-ала қамданып үлгерген секілді. Қа
-
сиетті мекенде бірінен кейін бірі көптеген секталар пайда бола бастайды. 
Олардың әрқайсысы Иерусалимдік Ғибадатханадан бас тартады. Оссиндер 
(ессеи) мен Құмран сектасының мүшелері Ғибадатханада сатқындық пен 
азғындық жайлап тұр, сондықтан діндарлар Өлі теңіз жағасын жайлаған мо
-
нахтық рухтағы қауымға ұқсаған кішігірім топтарда өмір сүруге мәжбүр деп 
есептеді. Секта мүшелері жаңа әрі теңдесі жоқ Рух Ғибадатханасын соғуды 
армандады. Ескі құрбандық шалу ғұрыптарының орнына тазару рәсімдерін 
енгізді, шоқындыру және бірге дәмдес болу арқылы күнәларынан арылды. 
Қауым мүшелерінің пайымынша, Құдай тас ғимараттағылармен емес, Өзін 
жақсы көретіндермен жолдас болса керек. Палестинадағы еврей халқының 
арасында фарисейлер алдыңғы шептен көрінді: олар ессеилердің дүниета
-
нымын өмірден өте алыс деп есептеді. Жаңа Өсиетте фарисейлерді «мола 


110
табыттары» және даусы зор екіжүзділер деп атаған. Алайда бұл шектен 
шыққан пікірталас нәтижесі І ғасырдағы даулардан туындаған еді. Фари
-
сейлер яхудилік діни сенімнің ең сенімді қорғаушылары болды. Олар «бүкіл 
Израилға дінбасылар елі болу жазылған», Құдай Ғибадатханада ғана емес, 
ең кедей адамның лашығында да болуы керек деп санады. Олардың көзқа
-
растары бойынша, фарисейлер өздерін ресми рухани каста ретінде таныт
-
ты. Ерекше тазалық ережелерін ұстанды, ал ғұрыптарды тек үй ішіндегі қа
-
сиетті орындарда өткізді. Олар тамақты да рухани тазалықпен ішу керек 
деп есептеді. Өйткені әрбір еврей үшін дастархан Ғибадатханадағы Яхвенің 
құрбандық шалу орны сияқты болды. Мұнымен бірге, фарисейлер Құдайдың 
бар екенін күнделікті тұрмыстағы ең қарапайым ұсақ-түйектерден сезіну 
керек деді. Ендігі жерде еврейлер дінбасылар мен күрделі рәсімдерсіз, яғни 
дәнекерсіз-ақ Құдайға жақындай алатын болды. Ал күнәларынан жақын
-
дарын сүю арқылы, махаббат және ізгі істерімен тазара алды. Тәураттың 
маңызды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет