бхакти
ді
өте жоғары бағалайды, өйткені осы тәртіп ұмытыла жаздаған көп
-
теген терең ақиқаттарды сақтап қалды. Көкірек көзі ашылған тұста Будданың
нирванада қалып қойғысы келгенін еске түсірейік; бірақ азап шегіп жатқан
адамзатқа деген жанашырлық оны біздің әлемде өз Жолын уағыздап, тағы
қырық жыл қалуға итермелейді. Бірақ б.д.д І ғасырда буддалық монахтар
мұны ұмытқанға ұқсайды: олар өздерін әлемнен жырақта ұстап, нирванаға
жетуге ұмтылды. Оның үстіне монахтардың өмір салты өзінің қиындықта
-
рымен қорқынышты болды; көпшілік қолдарынан келмейтінін сезді. Б.д. І
ғасырында буддалық қаһарманның жаңа типі –
бодхисаттва
пайда болды;
ол да Буддаға еліктеп, басқаларды құтқару үшін өз бостандығын құрбан
-
дыққа шалып, нирванадан бас тартады.
Бодхисаттва
адамдарды азаптан
құтқару үшін өзін қайта тууларға қияды. Б.д.д. І ғасыр соңында құрасты
-
рылған «Праджня-парамита-сутрада» («Кемел даналық туралы уағыздар»)
түсіндірілгендей,
бодхисаттвалар
129
...жеке нирванаға ұмтылмайды. Керісінше, олар болмыс әлемінде
көптеген азаптар көрді, бұрынғысынша жоғары көзін ашуға қол жет
-
кізу үшін туулар мен өлімдерден қорықпайды. Олар әлем игілігі үшін,
әлемдегі азапты азайту үшін, әлемге жандары ашыған соң қалып отыр.
Олар: «Біз әлемге қорған боламыз; әлемнің тыныштық орны боламыз;
әлемнің соңғы жұбанышы боламыз; осы әлемнің аралына, жарық көзі
-
не айналамыз, құтқаратын жолды нұсқайтын осы әлемде ұстаз бола
-
мыз деп шешім қабылдады»
155
.
Мұнымен қоса,
бодхисаттва
қайырымдылықтың таусылмас қайнар көзі
-
не ие және руханияты аз адамдарға көмектеседі.
Бодхисаттва
ға
сыйына
-
тындар келесі өмірінде буддалық мифологиядағы аспан жәннаттарының
бірі – көкірек көзін ашатын әлемге баруға мүмкіндік алады.
Қасиетті мәтіндер мұндай идеяларды қаз-қалпынша қабылдаудың қа
-
жеті жоқтығын тынымсыз ескертеді. Олардың әдеттегі логика мен жерде
-
гі құбылыстарға еш қатысы жоқ; олар көзге ілінбейтін ақиқаттарға тұнып
тұрған символдар ғана. Б.д. ІІ ғасырының басында «бостық» мектебінің не
-
гізін салушы философ Нагарджуна парадокстар мен диалектикалық әдісті
қолдана отырып, қарапайым түсіндірме тілдің қауқарсыздығын көрсетеді.
Оның ойынша, соңғы ақиқаттарды медитация арқылы интуитивті тануға бо
-
лады. Тіпті буддалық ілімді шартты қабылдаған жөн: ол әдеттегі адам тілімен
берілгендіктен, Будда жолдаулар жеткізген шынайылықты толық түсіндіріп
бере алмайды. Осы философияны қабылдаған буддистер бізді қоршаған дү
-
ниенің барлығы иллюзия (бізде, Батыста, оларды идеалистер деп атар еді)
дегенге сене бастайды. Бүкіл болмыстың киелі негізі болған Абсолют де
-
геніміз – бостық, ештеңе, бейболмыссыздық, өйткені қарапайым сөз мағы
-
насымен беріле алмайды. Әрине, осы «бостықты» нирванамен теңестірді.
Гаутаманы қосқанда, әр будда нирванаға жетеді; бұдан шығатыны, қандай
да бір түрленудің нәтижесінде ол нирвана
болады
да, Абсолютпен тұтасып
кетеді. Осылайша, нирванаға ұмтылған кез келген адам буддалармен теңе
-
луді көксейді.
155 Astasahasrika 15:293 in Edward Conze, Buddhism: its Essense and Development (Oxford, 1959), p. 125.
130
Буддалар мен бодхисаттваларға сыйыну -
бхактидің
христиандықтағы
Иисусқа деген сенімге өте ұқсайтынын оңай байқауға болады. Басқасын
қоспағанда, осы тәсілдің өзі будда сенімін кең бұқараға қолайлы етті (Па
-
велдің иудаизмді пұтқа табынушыларға қолжетімді етуді армандағанын
еске алайық). Дәл осындай жолмен индуизмде де
бхакти
идеясы дами
бастайды; онда алдымен екі үлкен ведалық құдайға – Шива мен Вишнуға
сыйынуды бастайды. Елге танымал пұтқа табынушылық упанишадтардың
философиялық ұстанымдарынан тағы да күштірек болып шығады. Уақыт
өте келе индуистер Брахма, Шива мен Вишну түрінде өздерінің Үштігін де
құрады. Бұлар біртұтас және танылмайтын ақиқаттың үш символы немесе
аспектілері санала бастайды.
Бәлкім, Құдайлық құпияны жақсылық пен жамандықтың, өсімталдық
пен өнімсіздіктің, жасампаздық пен жойымпаздықтың құдайы – Шива бей
-
несінде елестеткен дұрыс болар. Белгілі аңыз бойынша, Шива – ұлы йог;
ол діндарларға медитация арқылы Құдайды жеке танып-түйсінуге көмек
-
теседі. Вишну әдетте мейірімді және шат-шадыман. Ол көбіне адамдарға
неше алуан кейіпте немесе
аватар
түрінде көрінеді. Солардың ішіндегі ең
әйгілісі – текті отбасыдан шығып, бақташылардың тәрбиесінде өскен Криш
-
на. Ел арасында кең тараған аңыздар оның бойжеткендермен сауық-сайран
құрғанын әсірелеп баяндайды; бұл ретте Құдай бізге Сүйікті Жан тұрпатын
танытады. Бірақ басқа бір жолы Вишну-Кришна Арджуна ханзаданы өзінің
сұрықсыз жүзімен үрейлендіреді:
О, Құдайым, сенің тәніңнен құдайларды және көптеген түрлі тір
-
шілік иесін – лотос-тағында отырған ғарыштық жаратушы, билеуші
Брахманы, барлық данышпандар мен құдайлық азғырушы әзәзілдерді
көріп тұрмын
156
.
Кришна өз денесіне қандай да бір кереметтің күшімен бәрін сыйғызып
алған; оның басы да, соңы да жоқ, өзі бүкіл кеңістікті қаусырған және бар
-
156
Бхагавад
-
гита
, 11:15.
Пер
.
Б
.
Смирнова
.
131
лық құдайды: «ұлыған дауылдардың құдайларын, күн құдайларын, жарқын
жүзді құдайлар мен ғұрып құдайларын» қамтыған.
157
Мұның үстіне, ол –
«адамның шаршамайтын рухы», яғни адамилықтың мәні
158
. Оған барлығы
теңізге асыққан өзен немесе отқа құмартқан көбелек сынды алып-ұшып
ұмтылады. Бұл үрейлі көріністен Арджунаның өне бойы дірілдеп, безек
қағады; ақырында ол есінен танып қала жаздайды.
Достарыңызбен бөлісу: |