124
аспанның қақ айырылғанын және Рух пен Оған қонғалы келе жатқан көгер
-
шінді көреді. Сол кезде аспаннан дауыс естілді: «Сен Менің Сүйікті Ұлым
-
сың, Сенде Менің ізгі көңілім бар»
146
. Иоанн алдында Мессия тұрғандығын
бірден түсінеді. Осыдан кейін Марк бірден Иисустың Галилеяның қалалары
мен өлкелерін аралап, уағыздарында «Уақыт келді және Құдай Патшалығы
жақындады» деп айтқаны туралы әңгімесіне көшеді
147
.
Мессия Иисустың шын мінезі туралы дау көптен бері созылып келеді.
Соған қарағанда, Інжілге оның өз аузымен айтқандарының аз ғана бөлігі
енген; оның үстіне кейіннен, Иисус өлген соң апостол Павел салдырған шір
-
кеулерде көптеген мәтіндерге өзгеріс енгізілген болатын. Әйтсе де мәтін
-
дердегі кейбір жерлер Иисустың өмірі мен ілімінің иудаистік сипаты болға
-
нын растайды. Галилеяда керемет жасаушылар қарапайым адамдар болған
-
дығы белгілі. Иисус сияқты олар да қайыр сұрады, уағыз айтты, ауруларды
емдеді және жындарды қуды. Христ секілді, осы әулие галилеялықтардың
да әдетте көптеген шәкірттері болған. Кейбіреулер Павел секілді, Иисус та
Гиллель мектебінің фарисейі болған деп жорамалдайды. Павелдің өзі хри
-
стиандықты қабылдар алдында фарисей болғандығын айтып кеткен, – ол
тіпті раввин Гамлилдің аяқ жағында отырған деген мәліметтер де бар
148
. Ии
-
сустың көзқарастары шынымен де фарисейлердің пікірлеріне жанасады: ол
қайырымдылық, сүйіспеншілік пен мейірімділік
Достарыңызбен бөлісу: