126
болмысы айқын Құдайға ұқсас бейнені көрді. Бұған бір күні оның шәкірттері
көздерін күмәнсіз жеткізеді. Бұл сюжет барлық дерлік синоптикалық Інжіл
-
де («Жаңа Өсиеттің» алғашқы үш кітабы осылай аталады–
ауд.
) сақталған
және болашақта христиандар үшін маңызды болды. Иисус биік тауға (қа
-
лыптасқан нұсқа бойынша бұл Галилеядағы Фавор тауы) Петр, Иақұб және
Иоанмен бірге көтеріледі де, сол жерде «көз алдарында өзгереді: Оның
жүзі күндей ағарып, Оның киімдері нұрдай жарқырап шыға келді»
152
. Сосын
Иисус қастарындағы Илия (Ілияс) және Мұсамен сөйлеседі – сәйкесінше,
олар пайғамбарлар мен Өсиет бейнесінде болды. Петр есінен танып қала
жаздайды; өзінің не айтқанын түсінбестен, осы оқиғаның естелігі ретінде
тауда үш бұта қойып кетсек жаман болмас еді деп күмілжиді. Осы сәтте тау
шыңын жарық шашқан бұлт орайды (кезінде Синай тауына түскендей) да,
бат кол
мыналарды айтады: «Бұл Менің Сүйіктім, Онда Менің Жарылқауым
бар; Оны тыңдаңдар
153
. Ғасырлар өткен соң осы көріністің қасиетті мәні
-
не ой жүгірткен христиан гректер сол кезде Иисус адамилығының түрленуі
арқылы Құдай «күштері» жарқырап көрінді деген қорытындыға келеді.
Дәл сол гректер «Иисус мұндай құдайлық «күштер» тек өзі арқылы көрі
-
нетіндігін ешқашан айтпаған» деп ескерткен. Керісінше, ол шәкірттеріне
«сенім» болса, «күш» те болатындығын тынбай еске салып отырған. «Сенім»
астарында ол барлық теологиялық талдауларды емес, ішкі көңіл-күйді -
Құдай жолына өзін толық арнау мен ашылу жолына тәрбиелеуді түсінген.
Кез келген адам өзін толығымен Құдайға тапсырса, Иисус жасағанды жа
-
сай алады. Раввиндер сияқты, Иисус, Рух сирек таңдаулыларды емес, бар
-
лық мейірбан адамдарды қолдайды деп санаған. Кейбір үзінділерде Иисус,
көптеген раввиндер сияқты, Рухтың
Достарыңызбен бөлісу: