134
көптеген ортақ қыры бар: Барлық буддалар Абсолютпен бірігетіндіктен, әр
адамның міндеті де осы болып табылады.
Филиппийлік шіркеуге үндеуінде Павел бірінші христиандық гимн сана
-
латын сөздерді айтады. Онда бірқатар маңызды мәселелер көтерілген. Ең
алдымен апостол дінге жаңа кірушілерге Иисус
сынды өзін құрбан етуге
дайын болулары керектігін түсіндіреді:
Ол, Құдай бейнесі бола тұра, өзін ешқашан Құдайға теңемеген;
Бірақ Өзін-Өзі төмендетті, құл бейнесін қабылдап, адамға ұқсатыл
-
ды да, бейнесі
адам сияқты болды;
Өліміне дейін де, өлім кезінде де момақан болып өзін кішік етті.
Сондықтан Құдай Оны жоғары алып, Оған ең жоғары дәреже берді,
Иисус
аты аталғанда аспандағы, жердегі және тозақтағылардың
барлығы бағынсын,
Және әр тілде Иисус Құдайдың Әке Құдай даңқы үшін тірілгендігі
уағыздалсын
168
.
Бұл гимнде алғашқы христиандар арасында Иисустың «Құдайда» о
бастан барын, кейіннен ғана «өзін-өзі жою»
(кенозис)
арқылы адам болға
-
нын, яғни бодхисаттвалар сияқты қарапайым адамдармен азаптарын бөлі
-
суге шешім қабылдағаны бейнеленген. Христты
YHVH-
пен
бірге мәңгі бар
Құдайдың екінші Жүзі деп қабылдауға Павелдің ойлау жүйесі иудаизмге
бейімделгендіктен бара қоймады.
Гимн мәтінінде айтылғандай, аспанға
көтерілгенен кейін де Иисус Құдайдан ажыратылып көрсетілген және
Құдай оны ұлықтап,
Кириос
атағын бергенімен, Оған қатысты алғанда Ии
-
сус төмен деңгейде орналасқан.
Бұл есімді Христос өзі алмаған, бұл есім
оған «Әке Құдайдың даңқы» үшін берілген. Шамамен қырық жылдан кейін,
100 ж. шамасында дәл осы тұжырымды Иоанн Інжілінің авторы қайталай
-
ды. Кіріспесінде ол «басында Құдайда» болып, жарату құралына айналған
Сөз (
логос
) туралы баяндайды: «Барлығы сол арқылы бола бастады, Онсыз
168
Фил
. 2:6–11.
135
қазір болып жатқанның бәрі де болмас еді»
169
.
Достарыңызбен бөлісу: