139
дәстүрмен байланысты сездіреді. Ал тұрақтылық қашан да тыныштық әке
-
летінін біледі. Ғибадатанаға келушілер уағызшыдан тамаша жаңа ой күтпей
-
ді, тек іштегі қызметтің әдеттегі тәртібінің өзгеруін жіті қадағалайды. Кейінгі
антиканың пұтқа табынушылары да шамамен дәл осындай болды. Оларға
аталары сыйынған құдайларға сыйыну ұнайды. Көне салттар өзіндік болмыс
сезімін туғызды, жергілікті дәстүрлерді күшейтті, ертеңгі күн бүгінгіден жа
-
ман болмайтындығына кепілдік берді. Өркениет жетістіктері әлжуаз көрінді,
ал адамның шығармашылығының жемісін сақтауға көмек беретін қорғаушы
құдайлардан бас тарту кез келген жетістікке қауіп төндірді. Әкелер мен ата
-
лардың сеніміне қай жағынан болмасын қайшы болатын кез келген культке
сезіктене қарады. Осылайша христиандықтың екі жақтан кемшілігі білінді:
оның иудаизмдегідей құрмет туғызарлық мыңжылдық тарихы жоқ еді; әр
-
кім көзімен көріп, бағасын беретін пұтқа табынушылықтағыдай еліктірер
рәсімдері де болмады. Бұдан басқа жаңа дін астарында үлкен қатер бүгіп
жатты. Христиандар біздің Құдай - жалғыз, қалғандары ойдан шығарылған
деген талаптар қойды. Рим биографы Гай Светонийге (70–160 жж.) христи
-
андық иррационалды және әдеттен тыс секта ретінде танылды:
Достарыңызбен бөлісу: