154
Алғашқы жалғыздықтың алғашқы екі эманациясын Плотин Құдайлық деп
санады. Өйткені дәл солар адамдарға Құдай болмысын тануға және оған
қатысты болуға мүмкіндік береді. Бұл эманациялар Алғашқы жалғыздықпен
қосылып, Құдайлық Үштікті құрайды; бұл идея біздің қазіргі Үштік туралы
түсінігімізге ұқсайды. Бірінші эманация, Ум
(нус),
Плотин жүйесінде платон
-
дық идеялардың патшалығына сәйкес келді. Ум арқылы Алғашқы жалғыз
-
дықтың қарапайымдылығы интуитивті деңгейде, тікелей білім арқылы бол
-
са да, қолжетімді болады. Бұл мүлде азап ойлардың, ұзақ пайымдаулардың
нәтижесінда алынатын білімдер емес. Бұл білім тікелей, белгілі бір затты
қабылдайтын сезім ағзаларының таңданысына ұқсайды. Жалғыздан Умның
шыққанындай, Умнан шығатын жанның
Достарыңызбен бөлісу: